Диплом жұмысы тақырыбы: ТҮркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы


Қазақ пен түрік әдебиетіндегі айтыстың ішкі (жанрлық) түрлері



бет25/32
Дата24.01.2023
өлшемі0,52 Mb.
#62709
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Байланысты:
stud.kz-38836

2.2 Қазақ пен түрік әдебиетіндегі айтыстың ішкі (жанрлық) түрлері
Той-домалақта, аста, дүбірлі жиындарда өтетін айтыс өнері қазақ қоғамында айрықша бір орынға ие құндылық. Осыған байланысты дәстүрлі айтыстың тарихи жетілу, толысу барысында бірнеше түрлері пайда болды.
Қазақ сөз өнерінің білгірі М.Әуезов «Айтыстың бірінші түрі – әдет-салт айтысы. Бұл көпшілік болып, топ-топқа бөлініп айтысу. Екіншісі – ақындар айтысы болады. Халық ақындарының жіктеуі бойынша, ақындар айтысының барлық тобы, сыртқы көлеміне қарай, түр ерекшелігіне қарай, екі жікке бөлінеді. Бұның біріншісі – түре айтыс, екіншісі – сүре айтыс. Түре айтыс бір-бір ауыз өлеңмен қысқа, шапшаң жауаптасып отыратын, көбінше, ақындармен қатар, жалпы көпшілік қолданатын, жалпылық түр. Сүре айтыс – тек суырып салма, өлеңге әбден төселген, ысылған нағыз ақындардың әр кезекте ұзақ сөйлеп, көп жыр төгіп, көсіле жырлайтын түрі болады», – деп жазады [44, 235-б.].
Айтыстың табиғи дамуына және тақырыбына, көркемдік ерекшеліктеріне қарай төмендегідей түрлерге жіктелетінін кейінгі зерттеушілер де бірауыздан саралап, ғылымда дәлелдеген:
1. Әдет-ғұрып айтысы: а)Бәдік, ә) Өлі мен тірінің айтысы, б) Жар-жар, в) Қыз бен жігіт қайымдасулары г) Қағысулар үлгісіндегі айтыстар.
2. Ақындар айтысы: а) Ру айтысы, ә) Жұмбақ айтыс, б) Діни айтыс, в) Жазба айтыс, г) Қазіргі күнгі айтыстар (Телевизиялық айтыс).
Әдет-ғұрып айтысы көптеген түркі текті халықтарда бар, шынында мұнда қандай бір салтты орындау үшін, жиналған қауым (топ) өлеңді қосалқы құрал ретінде пайдаланады. Яғни, бұл кәсіби өнер деңгейіне жеткен ақындар айтысы емес, тек қана салтпен синкретті тұрған айтыс өнерінің байырғы бастау көзі десе болады. Бұл туралы М.Әуезов «Ондай айтыстардың өлең сөздері де көбінше ауыздан-ауызға көшіп жүретін жаттанды сөздер болады. Сондықтан, әдет-салт айтыстарында «жеңу», «жеңілу» сияқты қорытындылар болмайды. Және өзге өнер жарысының айтысындай бір жаққа екінші жақтың жол беруі, бәйге тартуы болмайды», – деп жазады [8].
Қазақ ауыз әдебиетіндегі салт жырларының ішіндегі ең маңызды түрлерінің бірі – «Бәдік». Бәдік термині, кейбір зертеушілерге сүйенетін болсақ «бәд» түбірінен шыққан. Жындану, көтерілу түсінігіне үндес келген бұл сөздерден безік және безгек сөздеріне ұқсастығы жорамалдануда. «Диуани лұғат ат-Түрікте» безік (діріл), безгек (діріл), безітті (дірілдетті) деген мағынада сөздер бар, қыпшақ түрікшесінде безгек «ауруы ұстаған безгек сияқты» деген мағынада. Құмық-балқар түрікшесінде беззек (безгек, жалын). Қарашай түрікшесінде безгек (от, ыстық, безгек), қырғыз түрікшесінде бұл сөз безгек түрінде таралған. Ал қазақ түрікшесінде болса безгек сөзі безгек түсінігіне келеді [45, 66-б.].
Безгек, беззек немесе безик сөздерінің ауысуымен келген «бәдік» қазақта басында емдеу мақсаты ретінде айтылған дуа сөздерінің бірі ретінде пайда болған. Бұл туралы белгілі ғалым Б.Абылқасымов былайша қорытынды жасаған: «Фольклор туралы еңбектерде «бәдік» сөзі екі түрлі ұғымда қолданылады екен: а) мал ауруының аты ретінде; ә) өлең (айтыс) түрі ретінде.
Сондай-ақ бәдік қызметі жөнінде үш түрлі көзқарас қалыптасқаны байқалады:1.Бәдікпен малды емдеген; 2.Бәдікпен адамды емдеген; 3.Бәдікпен малды да, адамды да емдеген... Бәдіктің диалогқа құрылған мәтіндерінде айтыстағыдай қыз, жігіттің есімі аталмайды, сол арқылы ол айтыстан ерекшеленеді де. Бәдіктегі қыз бен жігіт өнер жарыстыратын тұлғалар емес, дәстүрлі ғұрыпты орындаушылар ғана. Олардың аузынан шығатын сөз де ақындардыкіндей қолма-қол ойдан шығарылатын, суырып салынатын өнер дүниесі емес, көбінше даяр үлгілер, бұрыннан қалыптасқан шумақтар болады. Магиялы саналатындықтан жұртқа белгілі бәдік сөздерін бүтіндей өзгертіп жіберуге жол жоқ, керісінше, әртүрлі дайын сұлбалар мен сораптарға мол орын беріледі. [46, Б. 163-169].
Қазақта байырғы замандағы бәдік өлең айтып емдеу түрі болғанымен уақыт өте келе кейінірек жастардың ауыл кешінде жиналып, осы үлгі негізінде жыр айту, көңіл көтеру рәсіміне айналғанын ғалымдар жазады. Мұндай бәдік түрінде ауру ортаға алынып, жиналғандар екіге айырылады. Осылайша бір-біріне қарсы өлеңдер айта бастайды. Бұл жердегі мақсат ауруды қуу болғандықтан айтылған өлеңдердің соңғы сөздері «көш, көш» деп бітеді. Мысалы:
Бәдік- бәдік деседі,
Бәдік желдей еседі.
Асқар-асқар тауларға,
Ағыны қатты суларға,
Айнала соққан құйынға,
«Ай, көш!» - десе көшеді,
Ай, көш!

Көшер болсаң ай, бәдік, Мекеге көш,


Кемпір миын мүжіген шекеге көш.
Көш айласын білмесең мен айтайын,
Қойдан қойға жүгірген текеге көш.
Ай, көш! [47, Б.8-9].
Бәдік көне магиялық салттан бастау алғанымен айтыс жанрының қалыптасуын да игі әсерін тигізген маңызды бір орны бар. Сол себептен де зерттеушілер оны бір ауыздан айтыс өлеңдерінің бір бөлігі, көне бір түрі ретінде қабылдап келеді. Мысалы:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет