Зерттеу нысаны – Телжан Шонанұлының лингвистикалық мұрасы.
Зерттеу пәні – Телжан Шонанұлының педагогикалық, ағартушылық идеялары.
Зерттеу жұмысының мақсаты – Телжан Шонанұлының педагогикалық, ағартушылық идеяларын, лингвистикалық еңбектерін анықтау және жүйеге келтіру.
Зерттеудің міндеттері: Телжан Шонанұлы мұрасындағы ғылыми-педагогикалық, ағартушылық идеялар жүйесін анықтау.
Телжан Шонанұлының лингвистикалық еңбектерін жинақтап, талдау.
Телжан Шонанұлы туралы зерттеушілердің еңбектерін, ой-пікірлерін жүйелеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер Телжан Шонанұлы мұрасындағы педагогикалық идеяларды жүйеге келтіріп, тағылымдық мүмкіндіктерін негіздеп, бүгінгі мектептің тұтас педагогикалық процесіне енгізіп қолданса, онда адамзаттың құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық сана-сезімді жоғары, иманжүзді, адамгершілік мінез-құлық қасиеттерін бойына жинақтаған жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік туындайды.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша мұрағат құжаттарын, лингвистикалық және тарихи-педагогикалық әдебиеттерді талдау, әр түрлі ғылым саласында еңбектерге талдау, салыстыру, озық тәжірибелерді меңгеру мен облыстық кітапханалардағы кітаптар мен қолжазбалар материалдарын, мұрағат деректерін талдау бойынша сараланды. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: педагогика, лингвистика ғылымдарының, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидаларға сүйене отырып, тарихи жүйелілікті сабақтастыру, сонымен қатар орта ғасырлық ғұламалар мен ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғасыр ағартушыларының идеялары жатады.
Зерттеу көздері:Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы (1999), Тіл туралы Заң (1997), облыстық ғылыми кітапханасының материалдары, Телжан Шонанұлының педагогикалық еңбектері туралы тарихи деректер, ғылыми зерттеулер, мерзімдік басылым ақпараттары.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:Телжан Шонанұлының тіл білімі саласы бойынша маңызды теориялық және практикалық мәселелердің дамуына Т.Шонанұлының қосқан үлесі айқындалды.