1.3. Телжан Шонанұлының тіл білімі саласына қосқан үлесі
“Ана тілі халық болып жарияланғаннан бері жан дүниесінің айнасы: өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құрымайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірінің, қысқасы, жанның барлық толқындарын тұқымнан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы – сол халықтың тілі”, – деген болатын Ж.Аймауытов. Ана тілі арқылы жас ұрпақтың бойына халқының қадір – қасиеті дариды. Ана тілі – ата бабамыздың көнеден қалған көзі, ең қасиеті мұрасы, аманаты болып табылады. «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып қалса, қандай қиындық күйге түсер еді», - деп жазды А.Байтұрсынұлы [8; 16].
«Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құрымайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірінің қысқасы жанның барлық толқындарын, тұқымнан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы – сол халықтың тілі», - деп пікір айтты Ж.Аймауытов [9; 12].
Жалпы қазақ баларының ана тілінде сауат ашу мәселесі ХІХ ғасырдың өзінде-ақ ептеп орын ала бастағаны, соған сәйкес шәкірттерді қазақ тілінде сауаттандырудың амал-тәсілдері, жолдары тұрғысындағы пікірлердің де қозғалысқа енгені байқалмайды емес. Ендеше, қазақ балалары ана тілінде сауаттандырудың жолдары жөнінде алғашқы әдістемелік тұжырымдар айтушыларды Ы.Алтынсариннан бастасақ, бұл тізімге белгілі дәрежеде А.Б.Аленторов, А.В.Васильевтерді де қосуға болады. Бұлай дейтін себебіміз, А.В.Васильев “Букварь для киргизов” делінген әліппесіндегі ұсынған әдістемелік хатында: “Үздік орыс педагогтары балаларды, халықты оқытуда ана тіліне зор маңыз берді, олардың пікірінше, мемлекеттік тілді табысты меңгеру ана тіліндегі негізінде жүзеге асуы керек – деген секілді сауаттандыру ісін жүзеге асыруда сүйенер әдістемелік ойлары мен қағидалары да бар” [10; 125].
Жас ұрпақтың тұлғалық бейнесіне ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұра сабақтастығын сақтаудың, туған тіл тұғыры екендігін көрсету мақсатында тіл мәдениетін көтерудің зәрулігі барған сайын айқындала түсуде.
Т.Шонанұлының ана тілінің қамқоршысы, іс-жүзінде жанашыры болғандығын әр еңбегінен-ақ байқауға болады. “Ғалымдардың салиқалы байыптауынша, тіл мәдени даму мен халықты сақтаудың маңызды шарттарының бірі болып саналады. Тіл болмаса – халық, біріншіден өзінің ұлттық бейнесін жоғалтуға, екіншіден, мәдени құлдырауға ұшырайды. Тілсіз, сөзсіз ақыл мен ойды қозғай алмайсың. Ал ой-санасыз адамның хайуаннан айырмасы аз”, - деген жүрек жарды ойлары біздің пікірімізді дәлелдей түседі [11; 3].
Т.Шонанұлы еңбектерінің тақырыптары сан алуан. Оның 1930 жылы жазған “Самоучитель казахского языка для русских” атты әдістемелік құралы қазақ тілінің теориялық және практикалық бөлімдерін қамтыса, “Емле кеңесінің қорытындысы” атты мақаласында, тіл мәселесі ойлары нақты баяндалады [12;13].
“Кеңестің тағы бір көзге көрінерлік жұмысы қазақ тілінің келешегімен санасады. Біздің тілімізде әзір шұбарлық болмай келді. Сондықтан, арасы үш мың шақырым жердегі қазақтар бірін-бірі бір ауыл адамындай түсініп келеді. Емлесіз тіліміздің айқын заңдарына құрылған соң тіліміздің өткен өмір, бұл күнгі күй келешегі толық еске алынған соң мұнан былай да әдебиет тіліміз халық тілінен қашықтамайды деп сенеміз” – деп үлкен сенім білдіреді [13; 5].
Т.Шонанұлы білім беру, сауат ашу майданында тек бастауыш мектеп оқушыларына арнап қана оқулықтар жазумен шектеліп қалған жоқ, сонымен қатар ересектерге, қазақ тілін үйренуші өзге ұлт өкілдеріне арнап көптеген оқу құралдарын, зерттеу еңбектерін де жарыққа шығарған ғалым. Оның ішінде “Шала сауатты ересектер үшін оқу құралы”, “Самоучитель қазахского языка для русских”, “Орыстар үшін қазақша әліппе”, “Қазақ тілінің оқу құралы”, “Учебник казахского языка для взрослых” деген еңбектері бүгінге дейін өзінің мәнін, маңызын жоғалтпаған. Өз тарапымыздан Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорынан “Самоучитель казахского языка для русских” (Казиз. Кзыл-Орда, 1930г.), “Учебник казахского языка для взрослых” (Кзыл-Орда, 1936г.) деген тағы да басқа еңбектері бар. Өз жерінде өгей баладай күй кешкен ана тіліміздің мәртебесі көтеріліп, мемлекеттік тіл ретінде заң жүзінде бекітіліп, тіл мәселесі батыл қарастырылып, жатқан бүгінгі күні де бұл еңбектердің маңызы зор.
1997 жылы шілденің 11 күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев бекіткен «Тіл туралы Заңында» тілдерді қолдаудың құқықтық негіздері, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін, жағдай жасау жөніндегі міндеттері белгіленді. Осы заңның жалпы ережелер деп аталатын тарауының “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі” атты төрт бабында – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы”, - деп көрсетілген [14; 1].
Мемлекеттің тіл жөніндегі қамқорлығы атты І тараудың 6 бабында: «Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызу жөнінде қамқорлық жасайды», - деп көрсетілген [14;2].
Сондықтан, Т.Шонанұлының “Самоучитель казахского языка для русских”, “Учебник казахского языка для взрослых” деп аталатын бұдан жарты ғасыр астам уақыт бұрын жазылған еңбектерінің бүгінгі таңдағы маңызын айтпаса да түсінікті. Осы лайықты өз бағытында кәдеге асыру, пайдалану, бүгінгі күн талаптарының бірі болса керек.
Кешеуілдеп өссе де, бірден күрт көтерілген ғылым саласында халықтың қақ ортасынан шыққан аса таланты азаматтарымыз аз болған жоқ. Солардың бірі Т.Шонанұлы мен Қ.Жұбанұлы. Ұлы ғалымдар Қазақстан астанасындағы үлкен ғылым ордасында ұстаздық етіп, елге танымал болумен қатар, халық ағарту, тіл білім саласында түрлі терминологиялық комиссияларға, баспасөз бетіндегі пікір сайыстарға белсене араласып өздерін беделді педагог-ғалым ретінде танытып отырған.
Т.Шонананұлы негізінен оқулықтарды бастауыш кластарға, жаңа сауаттанып жүрген ересектерге және 1923 жылдан кейін мемлекеттік тіл ретінде оқи бастаған ұлт өкілдеріне арнаса, Қ.Жұбанұлы қазақ тілін зерттеумен бірге, мектепке арналған бағдарламалар жасап, оқулығын жазған және қазақ тілін оқыту әдістемесін жақсартуға үлкен мақсат қойды [15; 207].
30-шы жылдар Т.Шонанұлы үшін қажымай-талмай еңбек істейтін кезең болды. Кезек күттірмейтін, жедел істеп бітіруге тиісті міндеттер алфавит, орфография тағы да басқа жұмыстар – бірі де өмір талабына сай істелуге тиісті қауырт жұмыстар. Сол кездегі оқу құралдарының сапасының нашар болу себептері туралы Халық -ағарту Комиссары Т.Жүргенов арнайы мақала жазып, онда ІІ класқа арналған оқулықтың авторы І.Кеңесбаевты сынады. Т.Шонанұлының сол кездегі шыққан мектеп оқулығы жөнінде “Тіл білдіру емес, тіл бүлдіру” деген сын мақаласы жарияланды [16;2].
“Оқулық – жүрдім- бардымның жұмысы емес, өте жауапты жұмыс. Қазіргі ғылымымыздың түп қазығы сол оқулық болу керек. Оның ғылыми назарын жастар жақсы білу үшін тіліміздің қалыптасқан заңдылықтарын айқындап алуға тиіспіз. Оларды жақсы білмей, жақсы оқулық жазу мүмкін емес”, - деп жазды Т.Шонанұлы [16; 2].
Екі ғұлама ғалымның тоғысқан жері Т.Шонанұлы шет тілдерден енген сөздердің жазылуын мәселе етіп және араб жазуынан латын жазуына көшу науқанының басында жүрсе, қазақ жазуы, емлесі, термині саласында профессор Қ.Жұбанұлының – ғылыми еңбектерінің мәні өз алдына бір төбе. Оның жазу, емле, термин жайындағы зерттеулер, пікір ұсыныстары халық ағарту ісі мен жалпы мәдениетіміздің мұнан былайғы дамуына мол шарапатын тигізеді.
Т.Шонанұлы ана тілінің қамқоршысы, іс-жүзінде жанашыры болғандығын әр еңбегінен-ақ байқайтын болсақ, Қ.Жұбанұлы да ана тілінің ғылыми әдістемесін жасау жолында, әдеби тілімізді жетілдірудің көкейкесті проблемалары жайында да елеулі істер тындырды. Ғалым Т.Шонанұлы “ана тілінің маңызды құрылымдық элементтерінің бірі – буынды білмейінше ана тілі сабағынан нәтиже шықпақ емес” деген ғылыми дұрыс қорытынды жасайды [17;5].
Ғалымның тіл білімі саласындағы ғылыми мұралары сан алуан әрі көлемді және бәрі кезінде баспа жүзін көрген, жеке кітап болып басылып шыққан.
«…Тіл –мәдени өркендеудің басты факторы. Тіл жоқ жерде халық, біріншіден, ұлттық бет-бейнесінен айырылып қалады, екіншіден, рухани, мәдени тозғындауға ұшырайды. Тілсіз, сөзсіз ақыл мен ойды қозғай алмайсың. Ал ой-санасыз сөз жоқ. Яғни, сөйлей білмесе, адамның хайуаннан айырмасы аз». Бұл - Телжан қаламынан туған пікір.
Көрнекті лингвисттің қаламынан туған оқулықтардың ұзын отыздан асады, ал мұның сыртында баспа жүзін көрген, газет-журналдарда басылған жүзге тарта ғылыми мақалалар және бар. Шонанұлы ана тілін оқыту жүйесін бір ізге, жүйеге қою мақсатын көздеп, түрлі-түрлі әдістемелік еңбектер де жазған адам. Ол «Жаңалыққа жетекші», «Диаграммалар – қандай болады?» атты кітаптарды жазып шығарды. Сонымен бірге , орыстарға қазақ тілін үйрету әдісі жайында, ересекетерді сауаттандыру жолдары жөнінде көлемді мақалалар қалдырды.
Т.Шонанұлының көрсетуінде ана тілі халықтың рухани қасиеттерінің ең жақсы білдірушісі ғана емес, сонымен бірге ең жақсы жетекші, үйретуші. Тілді меңгеру арқылы дыбыстар, олардың үйлесімі мен түрін өзгерту ғана қабылданбайды, оған қоса сансыз ұғымдар, көзқарастар, сезімдер, көркем образдар қабылданады. Сондықтан, білім беру адамның табиғи дамуына сәйкес келетін, оны мейлінше алғыр, түсінгіш ететін, оның жан-жақты жетілуіне жәрдемдесетін ана тілінде жүзеге асырылуы қажет.
Сөз құрғақ болмас үшін ғалым өзге тілді үйрену барысында ана тілінде бекіген ұғымдар, бейнелер мен өзге тілде қайта қалыптасушы түсініктер арасында қайшылықтар туындайтыны жайлы фактілер келтіріп: «екі тіл білетін және шаһарлармен араласып қалған кісілердің тілінде шұбарлық бар», - деп дәлелдейді. Ана тілін этностық ерекшеліктерді сақтаудың және жеткіншек ұрпақтық өзіндік санасын дамытудың кепілі деп білген ғалым, мұндай жағдайдың өзі қашанда аяқсыздыққа, толық жетілмеушілікке алып келетіндігін дұрыс байқаған. Алайда, өзі араб, парсы сөздерін шеберлікпен және аса сауатты қолдана білген ол өзге тілдерді үйренуге қарсы емес. Көптеген тілдерді жеткілікті дәрежеде игеру, оның көрсетуінде, білімнің толығуына, кеңеюіне, ауызша және бейнелі, анық сөйлеудің дамуына ықпал етеді.
Тілді, оның көмегі арқылы халықтар мәдениетін оқып білу, үйрену сол не өзге мәдениеттегі ең үздікті және жақсыны қабылдау үшін керек. Бұл айтылғандардан білім беру мазмұнында халықтық дәстүрлер мен әлеуметтік – мәдени құндылықтарды бейнелеудің маңыздылығы жөнінде қорытынды келіп шығады. Ғалым-әдіскер Телжан Шонанұлының тіл мәселесі туралы айтқан ой-пікірлерінің бүгінгі таңда да маңыздылығы белгілі болып отыр. Ол, әсіресе, ұлттық мектептердің болашағына үлкен үміт, зор сеніммен қарады, оның ойынша ұлттық мектептерде балаларға білім ана тілінде беріліп қана қоймай, балалар төл мәдени және рухани мұралар арқылы қазақ халқының құнды салт-дәстүрлерін, мінез-құлқы мен психологиясын, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін ықыласпен меңгереді. Ұлтжанды, намысы биік, өр мінезді, қазақы жанды азамат етіп тәрбиелеуге ықпал ететінін айтудан жалықпады. Телжан Шонанұлының пікірінше, балалардың сауатын ана тілінде ашып, әсіресе алғашқы үш жылда оларды ана тілінде оқыту керек, өйткені, ана тілі жас баланың ойлау жүйесінің тез дамуымен қатар, оның сана сезімінің жетілуіне де ықпалын тигізеді.
“Тіл болмаса халық, біріншіден, өзінің ұлттық бейнесін жоғалтады, екіншіден, мәдени құлдырауға ұшырайды” - деді ол [18].
Ана тіліміздің мектепте жеке пəн ретінде оқытылумен байланысты туындаған қажеттілікті өтеген Т.Шонанұлының бұл еңбектерін, негізінен, төрт топқа бөліп, жіктеуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |