Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді



бет30/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Айырбас шартынын элементтері. Шарттың тараптары болып азаматтар, занды тұлғалар танылады. Айырбас шартының ерекшелігі, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністердің осы шарттарды жасасу мүмкіншілігі өте төмен болып келеді. Бірақ, аталған көзқарас даулы болып көрінгенмен айырбас қатынастарында мемлекеттің қатысу мүмкіндігіне көңіл аудару қажет. Бұл жерде мәселе азаматтардын меншігіндегі тұрғын үйлерді, жер учаскелерін мемлекет қажеттілігіне алу жағдайына қатысты көтеріледі. Тұрғын үй аталған жағдайға байланысты алынатын болса, меншік иесінің таңдауына сәйкес, оған жабдықталған тұрғын үй беріледі немесе тұрғын үйдің нарықтық бағасына сәйкес өтемақы төленеді Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 15-бабы). Мемлекет алдымен азаматгың тұрғын үйіне меншік құқығына иеленеді, сонан соң оған өз қарауы бойынша билік етеді. Біз көріп отырғанымыз тұрғын үй иелерінен тандау мүмкіншілігі беріледі, олар айырбас жасаймыз десе жасайды, жасамаймыз (өтемақы аламыз) десе жасамайды. Содан соң, олар айырбас жағдайларын анықтаса алады, тұрғын үй қандай болатыны, қай жерде болатыны туралы. Айырбас қатынастарына мемлекеттік ұйымдар, қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің қатысуына олардың балансында тұрған мүлікке шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы көлемінде шектеу қойылған.
Айырбас шартының бағасы тараптардың әрқайсысы беретін мүліктің құнымен анықталады. Жалпы ерекше сәйкес, айырбасталатын мүліктің құны тең деп танылады Айырбасталатын мүліктің (заттардың) құнының айқын теңсіздігі орын алса ғана теңсіз айырбас туралы айтуға болады. Мәміле нотариатты рәсімделетін болса, онда бұл жағдай нотариатта мәміленің жарамдылығы жөнінде белгілі бір күдік тудыруы қажет.
Заттар бағасының бір-бірінен елеулі айырмашылығы болса, парасат ойға негізделсек, осыған қатысты келіспеушілікті құқығы бұзылатын тарап айту керек екенін танимыз. Ал, айырбасталатын мүлік бағасының айырмашылығы аз болса, заттардың құнының теңдігі туралы презумпцияны қолдану керек (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 502-бап 1-тармақ). Айырбас шарты бойынша бағасы ақшалай көрсетілмеуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет