Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді


Тараптардың құқықтары мен міндеттері



бет31/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Айырбас шартында әрбір тарап өзі беретін заттың сатушысы, ол алатын затының сатып алушысы болып келеді. Сонымен қатар, шарт еркіндігінің қағидаты тараптарға өзіне қолайлы құқықтар мен міндеттерді тандауға мүмкіншілік береді. Сондықтан айырбас шартында бір тараптын екіншісіне қарағанда құқығынан міндетінің көп болуына шек қойылмайды. Бірақ, бұл айырбас қатынастарының түпкі негізіне айтарлықтай әсер етпеуі керек. Айырбас қатынасынын мәнісі, яғни бір тауардың орнына өзгесі берілуінің талабы мызғымас болып келеді.
Шарттың әрбір тарабы тиісінше шығындалады, бұл оның тауарын берумен және қарсы қанағаттануды қабылдаумен байланысты болады. Айырбасталатын тауарлардың саны, сапасы, түр түрі жөне де жиынтылығы туралы жағдайлар сатып алу-сату туралы жалпы ережелер бойынша анықталады. Егер шарт кәсіпкерлік болса, онда тараптар оған өнім тапасыру туралы ереже қолданылатынын қарастыруы мүмкін. Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бір-біріне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берілетін тауардың бағасынан кем тауарды беруге міндеттенген тарап, тауар беру міндетін орындауға дейін немесе одан кейін бағадағы айырманы төлеуге тиіс. Азамат жер учаскесі мемлекеттік қажеттілігіне алынуына байланысты өз тұрғын үйін бұзуға берген кезде сол азаматқа ерекшелік жасалады. Егер тұрғын үй орнына берілген үйдің құны алғашқысынан қымбат болса, оның бағасының айырмасы меншік иесінен алынбайды.
Тараптар айырбастайтын тауарларды бір мезгілде беруге міндетті. Түсініспеушіліктер туындағанда Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 286-бабының ережелері қолданылуы керек, қарсы міндеттемелер бір мезгілде орындалуы тиіс деп танылады. Міңдеттеменің орындалу мерзімі әдет-ғұрыптармен заңнамада немесе шартта тікелей көрсетілсе, олар әртүрлі мерзімде орындалады.
Айырбас шарты бойынша тараптардың меншік құқығы (шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтары) олардың әрқайсысының шарт бойынша міндеттемелігі орындағаннан кейін пайда болады. Бұл норма диспозитивті және тараптармен өзгертілуі мүмкін, сонымен бірге тауар өткілзу кезінде мүліктің кездейсоқ бүлінуі немесе жойылуы қаупі туралы мәселе жеке шешілуі мүмкін.
Егер заңнамамен немесе шартпен өзгеше көзделмесе айырбас шартында әрбір тарап үшінші тұлғалардын кезкелген құқықтарынан тыс тауарды беруге міндетті. Осы міндетті орындамаған жағдайда бір тарап екінші тарапқа тауарды қайтаруға міндетті. Тауарды өз күйінде қайтару мүмкін болмаса, оның құнын қайтаруы тиіс. Бұл шараны қолдану мүдделері бұзылған тараптың қарауына байланысты болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет