441-бап. Кредиткесатылған тауарға ақы төлеу Шартта сатып алушыға тауар берiлген соң белгiлi бiр уақыттан кейiн оған ақы төлеу (тауарды кредитке сату) көзделген жағдайларда сатып алушы ақыны шартта көзделген мерзiмде, ал егер шартта мерзiм көзделмесе, осы Кодекстiң 277-бабына сәйкес белгiленген мерзiмде төлеуге тиiс.
Сатушы тауар беру жөнiндегi мiндеттi орындамаған жағдайда осы Кодекстiң 284-бабында көзделген ережелер қолданылады.
Тауарды алған сатып алушы оның ақысын төлеу мiндетiн шартта белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайларда сатушы берiлген тауарға ақы төлеудi немесе ақы төленбеген тауарларды қайтаруды талап етуге құқылы.
Сатып алушы берiлген тауарға ақы төлеу жөнiндегi мiндетiн шартта белгiленген мерзiмде орындамаған және осы Кодекс пен шартта өзгеше көзделмеген жағдайларда мерзiмi өткiзiлген сомаға осы Кодекстiң 353-бабына сәйкес, сатып алушы тауарға ақы төлеуге тиiс болған күннен бастап, оның тауарға ақы төлеген күнiне дейiн тұрақсыздық айыбы төленуге тиiс.
4. Шартта сатушының тауар берген күнiнен бастап, тауардың бағасына сәйкес келетiн сомаға сатып алушының тұрақсыздық айыбын төлеу мiндетi көзделуi мүмкiн.
Кредитке тауар сату оның сатылған күнiнде қолданылған бағасы бойынша жүргiзiледi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, кредитке сатылған тауардың бағасында кейiннен жасалған өзгерiс қайта есеп айырысуға әкеп соқпайды.
442-бап. Тауарды кредитке сату кезiнде төлемдi бөлiп-бөлiп төлеу Тауарды кредитке сату туралы шартта төлемдi бөлiп-бөлiп төлеу көзделуi мүмкiн.
Егер сатып алу-сату шартында басқа да елеулi талаптармен қатар, баға, төлемдердiң тәртiбi, мерзiмi мен мөлшерi көрсетiлсе, төлемдi бөлiп-бөлiп төлеу талабымен тауарды кредитке сату туралы шарт жасалған болып есептеледi.
2. Сатып алушы бөлiп-бөлiп төлеу арқылы сатылған тауар үшiн кезектi төлемдi шартта белгiленген мерзiмде төлемесе, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы, сатып алушыдан алған төлем сомасы тауар бағасының жартысынан асатып жағдайларды қоспағанда, шартты орындаудан бас тартуға және сатылған тауардың қайтарылуын талап етуге құқылы.