Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді



бет19/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Байланысты:
Сатып алу шарты

439-бап. Тауарға ақы төлеу

    1. Егер шарт пен заң актiлерi талаптарынан бағаны белгiлi бiр мерзiмде төлеу мiндетi туындамаса, сатып алушы оны өзiне тауар немесе сол тауарға арналған тауарға билiк ету құжаттары берiлгеннен кейiн кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.

    2. Егер шартта берiлген тауар ақысын бөлiп-бөлiп төлеу көзделмесе, сатушыға сатып алушы берiлген тауардың толық бағасы мөлшерiндегi соманы төлеуге мiндеттi.

    1. Егер сатып алушы шартқа сәйкес берiлген тауарға ақы төлемесе, сатушы одан тауар ақысын төлеудi және басқа бiреудiң ақшасын пайдаланғаны үшiн тұрақсыздық айыбын төлеудi талап етуге құқылы (осы Кодекстiң 353-бабы).

    2. Егер сатып алушы шартты бұза отырып, тауарды қабылдаудан және оған ақы төлеуден бас тартса, сатушы өз таңдауы бойынша тауарға ақы төлеудi талап етуге не шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
      5. Сатушы шартқа сәйкес сатып алушыға ақы төленбеген тауарлардан басқа да тауарлар беруге мiндеттi болған жағдайларда, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, ол бұрын берiлген барлық тауарларға ақы толық төленгенге дейiн сол тауарларды берудi тоқтата тұруға құқылы.

440-бап. Тауарға алдын ала ақы төлеу

    1. Шартта сатушы тауарды бергенге дейiн бағасын толық немесе iшiнара төлеу (алдын ала төлеу) жөнiнде сатып алушының мiндетi көзделген жағдайларда сатып алушы ақыны шартта көзделген мерзiмде, ал егер шартта мерзiм көзделмесе, осы Кодекстiң 277-бабына сәйкес белгiленген мерзiмде төлеуге тиiс.

    2. Сатып алушы тауарға алдын ала ақы төлеу жөнiнде шартта көзделген мiндеттi орындамаған жағдайда осы Кодекстiң 284-бабында көзделген ережелер қолданылады.

    3. Алдын ала төленетiн ақы сомасын алған сатушы өзiнiң тауар беру жөнiндегi мiндетiн белгiленген мерзiмде (осы Кодекстiң 409-бабы) орындамаған жағдайларда сатып алушы одан ақы төленген тауарды берудi немесе сатушы бермеген тауар үшiн алдын ала төленген ақы сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.

4. Сатушы ақысы алдын ала төленген тауарды беру жөнiндегi мiндетiн орындамаған және сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмеген жағдайда осы Кодекстiң 353-бабына сәйкес тауар беру жүргiзiлуге тиiс болған күннен бастап сатып алушыға тауар беретiн немесе оның алдын ала төлеген сомасы қайтарылатын күнге дейiн алдын ала төленген ақы сомасына тұрақсыздық айыбы төленуге тиiс. Шартта сатушының осы соманы алған күннен бастап алдын ала ақы төлеу сомасына тұрақсыздық айыбын төлеу мiндетi көзделуi мүмкiн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет