Диплом ной работы. В первом разделе дипломной работы дана теоретическая характеристика рынка финансовых услуг банка и пути его расширения. Во втором аналитическом разделе на основе годовой финансовой отчетности ао «Евразийский банк»


Банктің қаржылық қызмет көрсету нарығы және оны кеңейту жолдары



бет3/5
Дата12.12.2022
өлшемі179,17 Kb.
#56748
түріДиплом
1   2   3   4   5

1. Банктің қаржылық қызмет көрсету нарығы және оны кеңейту жолдары


1.1 Қазіргі нарықтық экономикадағы банктік қызметтер

Қазіргі әлемдік экономика еңбек өнімділігінің жедел өсуімен сипатталады, оның негізіне постиндустриялық қоғам негізінен құруды жүзеге асыруға қабілетті технологиялық және ақпараттық жетістіктерді пайдалану жатады.


Шаруашылық аралық байланыс пен экономикалық өнімді интерсификациялау факторы ретінде қызметтер сферасының үлесінің өсуі жағына халықаралық көлемде ұлттық экономиканы қайта құру жүріп жатыр. Соңғы онжылдықта стратегиялық және оперативті міндеттерді орындау бойынша іскерлік қызмет секторы басым дамыды.
Бұл процесс нарықта өнімді өткізудің қиындау тенденциясынан туындады. Қазіргі қоғамда тұтыну құрылымы жеке сипатқа тән болғандықтан, субъектілердің іскерлік қызметтерді көрсету ынтасы орындаудың жоғары интеллектуалды деңгейін қажет ететін кәсіби өнімді жасауға жұмсалған.
Іскерлік қызметтер кешенін ұсыну бойынша әмбебап институт болып коммерциялық банктер табылады, олардың қызметтері тек дәстүрлі несиелік ақшалай операцияларды ғана қамтымайды.
Сонымен бірге консалтинг, инвестициялауда, лизингте, трастта және басқа да қызметте клиенттердің қажеттілікін қанағаттандыруды да қамтиды. Банктік қызмет қазіргі таңда жанама қаржы сипатын алады және шаруашылық қызметтің қаржы нәтижелерін оптимизациялауға арналған.
Банктік қызмет-нарық қажеттілігін маркетингтік зерттеу негізінде құрылған кәсіби интеллектуалдық өнім оның негізгі мақсаты-пайда алу. Банктік қызметтер-қызметті көрсетуде күшті жеке персонификациялы қызметтер. Жалпы банктік қызметтер келесі қасиеттерден тұрады. қызмет сапасының тұрақтылығының кепілдемесінің және жинақталуының банктік қызметтер сферасын қызметтің жоғары тәуекелді сферасы деп саналады. Банкттік қызметтердің тәуекелді екендігін растайтын және аса бір ерекшелігі болып табылатын факторға халықаралық көлемде қалыптасқан олардың патенттік қорғалмағандығы жатады.
Жаңа банктік қызметтерді көрсету ең жоғары тәуекелділікті қажет ететін шешім болып табылады. Әсіресе тәуекелді болып қызмет көрсетуге бейімделген индустрияға қызмет көрсету саналады, себебі бұл сферада бәсекелестермен мұндай қызметтер өнеркәсіптердің басқа өндірістік салаларына қарағанда тез ұдайы өндіріледі. Банктік істегі сәттілік және сәтсіздік жеке банктік фирмалардың бақылауынан тыс жалпы факторлармен анықталады. Оларға банктік қызметті реттеу, экономикалық жағдайлар, пайыздық ставкадағы ауытқулар.
Қазақстан Республикасында экономиканың нарықтық механизмінің құрамдас бөлігі болып табылатын КБ-дің жоғары ұйымдастырылған жүйесін құру үшін өнеркәсібі дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу және қолдану базасында банктік қызметтердің кең жүйесін қалыптастырып, дамыту керек.
Өндірістік күштердің дамуының қазіргі деңгейі банктік сектордан ірі өнеркәсіптерге, сауда компаниясына және тұрғындарға қызметтердің кең көлемін көрсетуді талап етеді. Банктік қызметтердің жаңа нарығының қалыптасуы басталды.
Қазақстан Банктердің операциясын шартты түрде 3 топқа бөлуге болады.
-пассивтік операциялар (қаражаттарды тарту)
-активтік операциялар (қаражаттарды орналастыру)
-комиссионды-делдалдық және сенімділік (трасттық) операциялар
Банкпен жүргізілетін операциялардың осы тобының әрқайсысы банкке клиенттерді таратудың белгілі бір дәрежесін, банкпен ұсынылатын қызметтердің белгілі бір үлесін білдіреді.
Банкттердің тартылатын қаражаттарының көп бөлігі талап еткенге дейінгі, мерзімді, жинақ депозиттері түрінде банкке ақша сомасын салатын клиенттің тікелей қатысуында қалыптасады. Клиент ынтасына байланысты банк клиент ұтысына сәйкес операцияларды жүргізе отырып оған қандайда бір қызметтерді ұсынады. Пассивті операцияларда клиенттердің өзінің қатысу дәрежесі үлкен емес, бірақ банкке орналастырылған оның ақша қаражаттарының рөлі үлкен.
Банктер клиенттерге активті операцияларды жүргізуде қызметтерді ұсыну маңызды рольге ие, олардың ішінде несиелік операциялардан басқа жеке саясат шегінде, тапсырма бойынша, клиент ұтысына және оның есебінен банкпен жүргізілетін құнды қағаздармен жүргізілетін операциялар кіреді. Клиент операциялардың келесі тобына толық қатыса алады. Клиент тапсырмасы бойынша жүргізілетін сенімділік және комиссиондық делдалдық операцияларға. Барлық осы операциялар банктік қызметтерді құрайды. Банктердің клиенттің қаражаттарын тартудағы мақсаты болып тек пайда алу ғана емес, сонымен бірге төлемдердің қоғамдық қажетті функциясын орындау мүмкіндігі табылады.
Осылайша Қазақстан банктердің қызметі - бұл белгілі бір төлем үшін клиент ұтысына оның тапсырмасы бойынша жүргізілетін банктік операциялар деген қорытынды жасауға болады.
Кез келген елдің банктік қызметтер механизмі мен банктік жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері мен мәселелері өндіргіш күштердің даму деңгейі банктік қызметтер нарығында әрекет ететін жалпы заңдылықтар бірдей жұмыс істейді. Оларға, әсіресе, бәсекелестік күрес, пайда алу мақсатында ақша қаражаттарын тарту және орналастыру, банк қызметтерін мемлекеттік реттеудің міндетті жүйесі, ең алдымен орталық банктердің ақша-несие саясаты жатады.
Интеграциялық процесстердің даму және әлемдік шаруашылыққа дамушы елдерді тарту шегі бойынша осы елдердің банктік жүйесі ссудалардың капитал және банктерден қызметтердің халықаралық нарығында болып жатқан процестермен өзара байланысты және соған тәуелді болады.
Бірақтан, банктік бизнесті әмбебаптауға деген жалпы тенденцияға қарамастан клиенттердің қажеттіліктерін кешенді қанағаттандыру үшін кейбір елдерде (мысалы, АҚШ-та) мамандануға әкімшіліктік шекараларды қою жолымен ҚБ-ті еркін экономикалық таңдауды шектейтін шаралар қолданылады. Осы түрде, әсіресе банктік қызметтер нарығына тиімді реттеуші араласу және жекелей монополизацияны жою мәселелері шешіледі.
Банк жүйесі-нарықтық экономиканың маңызды және ажырамас құрылымының бірі. Банктердің дамуы, товарлы өндіріс пен айналымының дамуы бірдей жүрді және тығыз байланысты. Сонымен бірге ақшалай есеп айырысуды жүргізе отырып, экономика субъектілерін несиелендіріп, капиталды қайта бөлуде делдал бола отырып банктер қоғамының еңбектердің өнімділігінің өсуіне әсер етеді және жалпы тиімділігін жоғарлатады.
Банктік қызметтерді жүргізу және өндірістердің тарихи процесін 3 негізгі сатыға бөлуге болады, олардың әрқайсысы үшін өзіндік базалық идея тән болады.
Еркін бәсекелесті классикалық капитализм қоғамын құру кезінде, капиталистік қатынастар қызмет етіп, дамып тұрғанда коммерциялық банктердің қызметі депозиттік ссудалық қызметті жетілдіруге бағытталған етін, ал коммерциялық банктер заемщиктер мен бос ақша қаражаттарының иелері арасындағы ақша капиталының қозғалысында делдалдық қызметті атқарды. Коммерциялық банктердің стратегиялық саясатындағы басқару идеясы ссудалық капитал өсімінің перспективалары туралы, клиенттердің экономикалық жағдайы мен қаржылай сенімділігі, субъектілердің операциялары мен жағдайы туралы ақпараттардың объективті кешенін қалыптастыруға бағытталған.
Монополистік капитализм кезеңі ақшалай және өнеркәсіптік капиталға бақылау жүргізу мүмкіндігінен тұратын банктердің жаңа ролін құрайтын және банктік капиталды шоғырландырумен байланысты. Банкттік монополиялардың пайда болуымен ерекшеленеді. Мұндай жағдай коммерциялық банктерге өзінің ыңғайы бойынша несие нарығын реттеуге мүмкіндік берді. Басқару құрылымында ең алғы позицияны қажеттіліктер мен ұсыныстарды жоғары пайда алуды қамтамасыз ету үшін қанағаттандыру мақсатында анықтау идеясы алады, коммерциялық банктердің инвестициялық белсенділігінің негізі қалыптасады.
Коммерциялық банктердің ақпараттық менедментінің кешенің құрамы өзінің құнды қағаздарын шығару және қор нарығының қатысушыларының құнды қағаздарын сатып алу-сату жайлы, инвестициялық қызметпен байланысты ақпараттар үлесін ұлғайту бағытында өзгереді.
Технологиялық және ғылыми-техникалық өзгерістерінің қазіргі кезеңі ақпараттық алмасуының халықаралық жүйесінің құрылуымен сипатталады, ал банктік қызметтердің таралу сферасы ұлттық сипат алады. Жаңа экономикалық жағдайда пайданың үздіксіз нормасын қамтамасыз ету клиенттердің ұсыныстары мен қажеттіліктерін анықтауға және детализациялауға бейімделуі қажет етеді. Менеджменттердің басты мәселесіне банктік капиталының қызмет етуінің тиімділдігі мен есеп айырысу рентабелдігін қамтамасыз етуде тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру жатады. Менеджмент процесі барлық кезеңде оның ақпараттық құрамына байланысты, сондықтан коммерциялық банкті басқару жүйесіндегі қазіргі әлемдік тенденцияны маркетингтік менеджмент ретінде белгілеуге болады.
70-ші жылдары банктер өзінің клиенттермен қарым-кқатынасын маркетингтік талдауға кірісті. Коммерциялық банктер мен басқа қаржы-несие институттар арасындағы бәсекелестің күшеюі нәтижесінде маркетинг үлкен мәнге ие болды. Кейбір елдерде жарнама және маркетинг мәселелерін зерттеуге маманданатын арнайы зерттеу институты құрылды. қазіргі кезде банктік сферадағы маркетинг түсінігі келесі негізгі компоненттерден тұрады.

  1. Қызметтерді ұсыну үшін әрекет ететін және потенциавлды нарықтарды анықтау

  2. Банктік қызметтерді тиімді ұсынатын сферадағы таңдау және осы сферадағы клиенттердің қажеттілігін анықтау

  3. Қызметтердің әрекет ететін түрлерін дамыту және жаңа түрлерін жасау үшін қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттарды белгілеу

  4. Банк жағынан қызметті сапалы орындау мен оларды орындаудан пайда алуға үнемі бақылау шарттарын сақтай отырып қызметтерді ұсыну

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің КБ-терінің көпшілігі қазіргі таңда клиенттерге қызметті өзіндік товар ретінде, ал қызметтерді ұсынуды-осы товарды сату ретінде қарастырады. Товар ретінде қызметтерді сату қағидасының қалыптасуына көптеген банктердің саясаты бейімделген. Бұл идея банктік қызметерлерді оқытудың қазіргі курстарында шешуші болып табылады, олардың міндеті тек банктік істі үйрену ғана емес, сонымен бірге банк қызметкерлері мен клиенттердің белсенді, әрі сапалы әрекет етуін көрсететін банкте белгілі бір атмосфера құру өнерін де үйрену табылады.
Қазіргі батыс банктермен ұсынылатын қызметтердің көлеміне қарамастан, көптеген банктер оны үздіксіз ұлғайтуға тырысады. Өзінің барлық қаржы талаптарын қанағаттандыруға қабілетті мекеме деп санамай, өмірді сақтандыру бойынша, ипотекалық несие бойынша, іскерлік кеңес алу бойынша қызметтерді алу мақсатында басқа несие-қаржы институтарына баруымен түсіндіреді.
Ерекше ғылыми-тәжірибелік мүддені нарықты сегментациялау мәселесі құрайды. Көптеген елдердің банктері қажетті банктер қызметке байланысты клиенттерді әртүрлі топтарға бөлу қажеттілігін түсінді.
1-шіден, бұл нарықтың вертикалды деңгейіне бейімделген маркетинг, оның мәні осы қызметті жүзеге асыру жолдарын іздеуде немесе тұтынушылардың осы тобы бойынша жақын қызметтер тобын іздеуде. Банктер өздерінің бұрынғы нарығын ұстап қалуының орнына, өз қызметтері үшін үнемі жаңа нарық құруға тырысады.
2-шіден, банктік қызметтердің барлық кешені бойынша тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруды көрсететін нарықтың горизонталды деңгейіне бейімделген маркетинг. Маркетингтің дамуының осы 2 негізгі бағыттар банктік істі мамандандыру мен әмбебаптауда өзара тенденцияларды түсінуде негізгі кілт болып табылады.
Коммерциялық банктер алдына қойған мақсатқа жету үшін маркетингтік әдістер арқылы оны қоршаған маркетингтік ортаны зерттеп, сараптауы керек және сыртқы орта, банктік ішкі жағдайы және даму стратегиясы арасындағы қозғалмалы байланысқа қол жеткізуі керек.
Коммерциялық банктердің маркетингтік ортасы-бұл банктен тыс әрекет ететін және маркетинг қызметінің басшыларына клиенттермен жақсы қатынасты қолдауға және белгілеу мүмкіндігіне әсер ететін күштермен белсенді субъектілердің жиынтығы. КБ-ның маркетингтік ортасын зерттеуді келесі түрде жүргізуге болады.

  • Жалпы әлеуметтік ортаны зерттеу

  • Банктік іспен байланысты ғылыми-техникалық даму жағдайын зерттеу;

  • Нарықтық сұранысты зерттеу, анықтау;

  • Бәсекелстіктерді зерттеу;

  • Өткізу ортасын талдау,

Нарықтағы анықсыздықтың болуынан және банкті қоршайтын маркетингтік ортаның үздіксіз өзгеруіне байланысты банктің шаруашылық қызметінде әртүрлі тәуелсіздіктер болады. Сондықтан, пайда алуға тырыса отырып коммерциялық банктер банктік капиталдың қауіпсіздігін кепілдеуі керек, себебі банктің шаруашылық қызметі және оның салдары елдердің әлеуметтік экономикалық өміріне терең әсер етеді. Осыған байланысты банк активтері мен пассивтерін басқаруды әлеуметтік банктер маркетингті қолдану керек. Бұл коммерциялық банктердің операцияларды жүргізуге келесі принциптерді орындау қажеттілігін білдіреді.

  • қауіпсіздік принципі;

  • айналымдылық принципі

  • рентабелдік принцип;

Банктік маркетинг бұл басқару қызметі ең жоғарғы пайда алу үшін негізгі маркетингтік әдістерді пайдалана отырып, клиенттердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банктік өнімнің ең тиімді нарығын іздеу және пайдалану. Банктік маркетинг жалпы тұтас басқару процесі болып табылады. Оның мазмұны банкті басқару мен шаруашылық жүргізудің барлық сфералапрын қамтиды. Ол келесілерден тұрады:

  • Банктік нарықта сұранысты болжау, зерттеулер жүргізу;

  • Банктік өнімдер нарығын сегменттеу және мақсатты нарықты таңдау, тұтынушылардың нарықтағы тәртібін зерттеу;

  • Банктік шаруашылық концепциясын анықтау;

  • Маркетингтік әдістерді қолдану және комбинациялау (тауар, баға және өткізу каналдары, өткізуді ынталандыру және т.б.) және банктік маркетинг тактикасын анықтау;

  • Маркетингтік стратегияны анықтау оны басқару және бақылау.

Банк өзіндік тауар өндірушісі, яғни қаржы қызметтерін өндіруші болып табылады. Сондықтан банктер өнімі деп банк жүргізетін кез-келген қызмет немесе операция саналады. Банктік маркетинг банктің ұйымдық және басқару режимі және банктік қызметтер болып табылатын банктік жүйеге талдау жүргізуді қажет етеді.
Ұйымдық және басқару режиміне макродеңгейде реттеу әдістері мен есеп алу, валютаны ақшаны, несиені, пайыздарды басқарудың негізгі режимі негізгі клиент нормативтері мен қызмет мақсаты, функцияларды бөлістіру ұйымдық құрылымы кіреді. Ол банктің қызмет етуінің макроортасы болып табылады және ерекше әлеуметтік мәнге ие.
Батыс елдерге қарағанда Ресейде маркетингтің қалыптасуы шаруашылық нарықтың құрылымының дамуымен бірге жүрді. Бұл жағдай Ресейлік ерекшелікті есепке алатын және нарыққа бейімделген Ресейлік банктер жүйе үшін маркетигтің мәнін күшейтеді.Маркетингтің жалпы идеологиялық принциптеріне келсек, кез келген нарық үшін сенімді және қаржы институттардың тәжірибесін растайтын даусыз жүйенің бірлігін функционалдық және әдістемелік жүйесінің бірлігін қамтамасыз ету туралы тұжырым табылады. Және банкті басқару жүйелері маркетингтік зерттеу мақсатына қол жеткізуде негізгі мәнге ие.
Коммерциялық банктердің функцияларындағы маңызды принциптік өзгерістер қазіргі кезеңде аса қөңіл бөлу зонасы маркетинг бағытына коммерциялық банк қызметінің негізгі өнімі ретінде банктік қызметтерді өңдеу және сатуға ауысуынан тұрады.
Сонымен бірге коммерциялық банктер ақша капиталын жинақтау базасында жаңа міндеттемелерді құру және оларды қаржы нарығының басқа контрагенттерінің міндеттемелеріне нарықтың механизмін ауыстыру, ақша капиталын салааралық бөлістіруді қамтамасыз етуде маңызды функцияны орындай отырып, депозиттік мекемелерді болып қалуда.
1.2 Қазақстан Республикасының банктік операциялар мен қызметтер секторы

Қазақстан Республикасының банк жүйесі Банктер мен банктік қызмет туралы заң мен Ұлттық бак туралы заң негізінде қалыптасты. Заңдар несиелік банктік жүйені дамытуда қайта құрылудың жаңа кезеңіне сапалы өтуді білдіреді. Принциптік жаңашылдық мемлекеттік монополияны жауып, кез-келген меншік нысанындағы банктерді ұйымдастыру үшін құқықтық негізді құруда, біздің нарықта шетелдік капиталдың жұмыс істеуі үшін мүмкіндіктерді беруден тұрады. Жаңа банк жүйесін құру мемлекеттен алу және акционерлендіру жолымен мемлекеттік мамандандырылған банктер институтын бөлуді өзімен бірге әкелді.


Банктерді мемлекеттік билік органдарынан банктік операцияларды жүргізумен байланысты шешімдерді қабылдауда басқару органдарынан да тәуелсіздік принципінің заңдылық деңгейде нығайту аса үлкен мәнге ие болды. Заңға сәйкес мемлекет заңмен қарастырылған жағдайлардаан басқа банктер өз кезегінде мемлекет міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Заң операциялар, шоттар және клиент салымдары бойынша банктік құпияны сақтауға банк құқығын таныды және критерийлері анықталды, ол бойынша банктегі ақша қаражаттары мен басқа да құндылықтарға қамауға алынуы немесе айыппұл салынуы мүмкін. Банктердің өз қызметін үйлестіру, өз мүшелерінің мүдделерін қорғау үшін бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында одақтасады, ассоциацияларды және басқа да бірлестіктерді құру құқығы танылды.
Осылайша, аталған заңдармен банк жүйесіндегі мемлекеттік монополияны жою идеясына негізделетін дамыған нарықтық экономикадағы қазіргі 2 деңгейлі банк жүйесін қалыптастырудың негізі қаланды.
Банктер және банктік қызметтер туралы заң мен Ұлттық банк туралы заңдар нарықтық қатынастар жағдайында банктік мекемелердің оптимальді қызмететуін қамтамасыз ету үшін белгілі бір шекте КБ-терге өзін-өзі басқару құқығын берді.
Заңдылыққа сәйкес, банктер мен несиелік мекемелер банктік операцияларды жүргізумен байланысты шешімдерді қабылдауда басқару органдарына тәуелсіз. Билік өкілеттілігі бар мемлекеттік органдардың ешқайсысы банктердің оперативті қызметіне араласуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасында несие банктік жүйені басқару функциясын мамандандырылған орган - ұлттық банк орындайды, оның негізгі міндеттері болып несиелік мекемелердің қызметін реттеу және қадағалау болып табылады. Заң бойынша Ұлшттық банк мемлекеттік биліктің басқарушы және атқарушы органдарынан тәуелсіз және өз қызметін ҚР заңдарының және өз жарғысының негізінде жүргізеді, ол өз шығыстарын меншікті кірістер есебінен жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады және үкімет міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Аталған заңдардың прогрессивті ережелері несиелік мекемелері үшін теңестірілген заңдылық базаны құрмайды.
Нарықтық экономиканы қалыптастыруға бейімделген экономикалық реформа мүліктік қатынастар сферасында, шаруашылық қызмет сферасында, экономиканы ұйымдастыру және басқару сферасындағы өзгесітерге әкелді, олар елдің ақша несие жүйесінің құрылымына және қызмет етуінің жаңа талаптарын тудырады.
Бұл нарықтық экономиканың қызмет етуі мен барлық ақша-несие жүйесінің тұрақтылығының қажетті шарты болып табылады. Несие-банк жүйесі нарық жүйесінде толығымен және тұрақты әрекет ете алады. Қалыптасып жатқан қазақстандық банк жүйесінің қызмет ету процесін талдау мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді, оларды шешу осы жүйенің қалыптасу процесін жеделдетеді.
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғары деңгейі - Ұлттық банкке толық монополия құқығы берілген. Ұлттық банктің монопльді жағдайы банктік заңдылыққа сәйкес банк жүйесінің жоғары деңгейінің жалғыз субъектісі бола отырып, ол осы жүйе деңгейінде орындалуға жататын барлық міндеттер мен функцияларды орындаумен байланысты. Оған банктік линцезиялау, бақылау, реттеу және қадағалау, есепһайырысу кассасының қызмет көрсету сияқты функциялар да кіреді.
Монополизм кез-келген сферада стагнацияға әкеледі, ал бәсекелестіктің болмауы жетілдіруге деген ынтаны жояды. Басқару сферасында монополизм бақылаусыздық және субъективизм түрінде айқындалады. Сонымен бірге қазіргі қазақстандық банктік заңдылық тікелей әсер ету сипатына ие емес, жүзеге асырудың нақты механизмін, бермейді.
Заңда нормативтік актілердің нақты рәсімі мен алгоритмі белгіленбеген. Бұл жағдайдың принциптік сипаты банктік қызметтің шешуші мәсеселесі бойынша шешімдер қабылдауда байқалады: банктердің жарғылық капиталының минималды көлемі туралы, ұлттық банктің міндетті резервтік және сақтандыру қорларын қалыптастыру және жұмсау нормативтері туралы, орталықтандырылған ресурстарды пайдалану механизмі туралы, ұлттық банктің есептік ставкасының деңгейі туралы, ашық нарықта ресурстарды ұсыну рәсімі туралы және т.б.
Бұл жағдайда Орталық банк банк жүйесінің даму қажеттілігіне қайшы келетін шешімдерді жиі қабылдайды. ҚР-да коммерциялық сектордың дамуы 90-шы жылдардың басында банктік секторда жасанды үстеме пайданы алу мүмкіндігінде көрсетілетін экономикадағы қаржылық деструктизациялаудың қауіпті процесін ғана бейнеледі.
Қазақстан Республикасында банк сектордың дамуы коммерциялық банктердің 90-шы жылдың бірінші жартысындағы жоғары инфляция жағдайында ресейлік экономика төлеген инфляция кірістерінің көп бөлігін өзіне алуымен байланысты болды.
90-шы жылдары банктердің инфляциялық табысты өзіне алу сызбасы қарапайым болатын және коммерциялық банктердің төмен пайыздық(тегін) міндеттемелерінің түрлері мен есеп айырысу шоттарына негізделген етіп, ал банкке осы позициялар бойынша тартылған ресурстарды пайдалануда жоғары табыстылықты қамтамасыз етті.
Банктік заңдылық либералды болды және несиелік ставкаларды тікелей әкімшілік бақылауды қарастырмады, яғни банктік несиелер бойынша пайыздық шатырды белгілеу жолымен банктік маржаны әкімшілікті азайту мүмкін емес болды. Банк жүйесінің жоғарғы деңгейінің терең мәселесі ьолып коммерциялық сектор үшін инвестициялаудың туындатушы факторларының болмауы табылады. Коммерциялық банктердің орта және ұзақ мерзімді салымдар бойынша операцияларды жүргізуден қашатындығы осыдан туындайды. Құрылған заңдылық климат шетелдік банктерге капиталды шығару мен әкелуге кедергі жасамайды. Капиталды экспорттау экономикалық реформаларды жүргізу ісінде халыөаралық қорлар мен шет елдерден алынатын несиелер мен займдардан асып түседі.
Мәні бойынша әрекет етуші заңдылық Қазақстан Республикасы банк жүйесінің 2-ші деңгейіндегі субъектілері көп жағдайда ұлттық байлықтың өсуіне көмектесетін, белсенді фактор ретінде, өндіріске қызмет көрсету құралы ретінде емес, ақшадан ақша жасайтын қаржы институттары ретінде жұмыс істеуіне итермелейді. Өзінің алғашқы миллиондарын олар шетел валютасымен жасалынатын спекулятивті мәмілелелрден, қысқа мерзімді несиелерден ақшаны тез айналымға түсетін және жоғары пайда әкелетін салаларға сала отырып, саудадан тапты. Бұл еліміздің қаржы жүйесінің балансын деформациялап, өте жоғары пайыздарды төлеу мүмкіндігін берді.
Қазақстан Республикасының банктік қызметтер секторы 2-ші деңгейлі секторларында операцияларды жүргізу мүмкіндігін береді және клиенттерге қаржы қызметтерінің кең көлемін береді. Осы түрде, КБ-тер жүйенің негізгі және базалық буынына айналды. Қазіргі әмбебап құрылымда заңдар операциялардың жеке түрі мен қаржылық қызмет көрсетусферасына қатысты шектеулерден тұрмайды. Барлық несиелік қаржы институттары мәміленің кез-келген түрін жүргізе алады және клиенттерге операциялардың толық көлемін ұсына алады. Әмбебап банктердің мұндай типі Германия, Франция, Щвейцария, Ұлыбритания елдерінде қалыптасқан. Бұл елдерде банктік сектордың қызмет етуінде үлкен рольді қаржы институттарының өзін-өзі бақылауының жоғары деңгейі, олармен заңдылықты қатаң сақтай алады.
Несиелік мекемелердің функцияларының өзара ұштастығы және әмбебап банктердің әйгілілігі банк және банктік қызмет түсініктерін анықтауда қиындықтарға әкеледі. Банктік қызметтердің басты белгісі болып кәсіби қызмет ретінде депозиттерді қабылдау және несиелерді беру саналады.
Бірақтан әмбебап банк түсінігінің қазіргі кездегі тұжырымы жинақтарды қабылдап, несиелерді берумен шектелмейді және қызметтердің кең көлемімен ассоциацияланады. Әмбебап банк принципі 1961 жылғы 11 шілдедегі банктер туралы неміс заңында нақты бейнеленген және банктік операциялардың бір немесе бірнеше түрін орындайтын кез-келген кәсіпорын ретінде анықталады, әсіресе: депозиттерді қабылдау, ссудалар беру, лизингтік операциялар, 3-ші тұлғамен есеп айырысу мен төлемдер жүргізу, кепілдіктер беру, құнды қағаздармен сауда жүргізу, сейфтерде құндылықтарды сақтау және т.б.
Несиелік ұйым - бұл заңмен қарастырылған ұлттық банктен арнайы рұқсат (лицензия) негізінде өзінің қызметтерінің негізгі мақсаты ретінде пайда алу үшін банктік операцияларды жүргізуге құқығы бар заңды тұлға. Несиелік ұйым меншіктің кез-келген формасы негізінде шаруашылық қоғам ретінде құрылады.
Несиелік ұйымдардың банктік операциялар түсінігіне жатады:

  • Жеке және заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын салымдарға тарту (талап еткенге дейін және белгілі бір уақытқа) ;

  • Тартылған қаражаттарды өз атынан және өз есебінен орналастыру;

  • Жеке және заңды тұлғаларға шоттар ашу және жүргізу;

  • Жеке және заңды тұлғалардың тапсырмалары бойынша есеп айырысуды жүргізу;

  • Салымшылар үшін асыо тастарды тарту және орналастыру;

  • Банктік кепілдік беру.

Несиелік ұйымдар осы аталған банктік операциялардан басқа келесі мәмілелерді жүзеге асыруға құқылы:

  • Ақшалай нысанда міндеттемелерді орындауды қарастыратын 3-ші тұлға үшін кепілдіктер беру;

  • Ақшалай нысанда міндеттемелерді орындауын 3-ші тұлғадан талап ету құқығын алу;

  • Жеке және заңды тұлғамен келісілген шарт бойынша ақша қаражаттары мен басқа да мүмкіндіктерді сенімді басқару;

  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес асыл тастармен бағалы металдармен операциялар жүргізу;

  • жеке және заңды тұлғаларға арнайы орындар мен құжаттар және құндылықтарды сақтау үшін сейфтерді жалға беру;

  • лизингтік операциялар;

  • кеңестік және ақпараттық қызметтер көрсету.

Несиелік ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес басқа да мәмілелер жүргізуге құқылы. Қазіргі кездегі күрделі нарықтық процесстер кейбір элементтерді әмбебебап және сегменттелген құрылымдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл қаржы мекемелерінің жеке түрлерінің функциясы мен операциялық қызмет сферасын қатаң заңды бөлуді білдіреді. Мұндай құрылымдар АҚШ пен Жапонияда қалыптасқан, онда депозиттерді қабылдау және қысқа мерзімді несиелерді беру бойынша банктік операциялар өнеркәсіптік компаниялардың құнды қағаздарын шығару мен орналастыру бойынша операциялар мен басқа да қызмет түрлерінен ерекшеленеді, оған: сақтандыру, жылжымайтын мүлік пен жасалынатын мәмілелер.
Қазақстан Республикасының заңдылығы банктерге операциялардың кең спектрін жүргізу мүмкіндігін береді, бірақ банктік қызметтер нарығы әлі дамымаған. Бұл жағдайдың себептері 2 фактормен анықталған. 1 жағынан, шаруашылық субъектілері арасындағы экономикалық қатынастардың әлсіз дамуы КБ-дің технологиялық жаңалықтарына деген мүддені туындатпайды және оларда қажеттіліктерді қалыптастырмайды. 2-жағынан - себеп болып КБ-дің менеджментінің төмен сапасы табылады, оның салдарына нақтыклиентке, клиенттер тобына қаржы - шаруашылық мәселелерін шешудің әдістерін ұсынудың мүмкін еместігі жатады.
Банктік қызметтер нарығының сиымдылығының түсінігі тлық болып табылады, заңдылық коммерциялық банктерге нарықты сегменттемей-ақ қаржы операцияларының барлық спектрін жүргізуге рұқсат береді. Ұлттық банкпен жүзеге асырылатын қызметті реттеудің 3 негізгі бағыттары бар. 1-ші - КБ-терге өзінің экономикалық мүдделерін жүргізуге мүмкіндік беретін заңдылық және басқа да шарттарды жасау. 2-ші экономикаға несиелік салымдар үшін пайдаланылатын айналымдағы ақша массасының көлемі мен құрылымына әсер ететін ақша-несиелік реттеу жолымен КБ-тердің операцияларына араласу. 3-ші экономикалық нормативтерді белгілеу және банктік баланстың өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында оның сақталуын қадағалау. Осы бағыттардың ішінде валюталық операциялар мен КБ-тердің құнды қағаздармен операцияларын реттеу жүзеге асырылады.
Банктерді реттеу және лицензиялау мәселелері өзара тығыз байланысты, бірақтан банкті лицензиялау бастапқы мәнге ие болады. Бұл бақылаушы органдарының тұрғысынан банктік қызметті жүзеге асыруға лицензияны беруге болатын банк қана тіркеле алатынын білдіреді. 2-ші жағынан, лицензияны алу банкті жабудың негізі болып табылады. Осыған байланысты банк жүйесінің басқару органдарымен банктерді тіркеу ұсынылады.
Банктік операцияларды лицензиялау мен несиелік ұйымдарды тіркеу тәртібі банктер мен банктік қызметтер туралы заңында жазылған оған сәйкес банктік операцияларды жүзеге асыру ұлттық банк беретін лицензия негізінде жүргізіледі. Банктік операцияларды жүргізуге берілетін лицензияларда банктік операциялар көрсетіледі, оларды жүзеге асыруға несиелік ұйымдардың құқығы бар, сонымен қатар онда осы банктік операцияларды жүргізілетін валюта көрсетіледі.
Несиелік ұйымдарды мемлекетттік тіркеу және банктік операцияларды жүзеге асыруға лицензияны беру туралы шешімді қабылдау немесе рұқсат бермеу барлық қарастырылған құжаттарды берген күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Банктік қызмет кәсіпкерліктің ең қатаң регламенттенетін сферасына жататындықтан лицензияларды беру 2 мақсатта болады: банктік қызметке кіру процесінің негізділігі және банк құрылтайшылары мен басшылығының компоненттілігіне көз жеткізу.
Лицензияларды алу үшін банк құрылтайшысы лицензия беру туралы өтініш, құрылтай құжаттар, экономикалық негіздеме, банк басшылығы туралы мәліметтер ұсынады. Осы құжаттарды сақтау туралы қортыныды жасауға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайда банк пайдаланушылары мен акционерлдерінің тізімі де қажет етіледі.
Бақылаушы органдарға банктің қызметтерінің алғашқы жылына кірістері мен шығыстарының табыстарының жоспарын есептеулері, жұмыстарының алғашқы жылына банктің есеп айырысу балансынан тұратын экономикалық негіздеме де ұсынылуы керек. Онда банк жұмысының алғашқы жылының соңында тартылған қаражаттарды қаншалықты болатындығы, есеп айырысу кассалық қызмет көрсету үшін қанша ұйымдарды тарту керектігі, олардың шоттарында қанша қаражаттар қалатындығы туралы мәліметтер болады. Қысқа мерзімді, орта және ұзақ мерзімді ссудалардың қандай көлемі, қандай салада банк заңды және жеке тұлғаларға берілетіні көрсетілуі керек.
Несиелік ұйымдарды тіркеу және банктік операцияларды лицензиялау тәртібі қадағалау құрылымына маңызды талаптардан тұрады, оларды орындау мемлекеттік ұйымдарға негізделген шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
Ұлттық банктердің негізгі міндетіне экономиканы ақша-несиелік реттеу, айналымдағы ақша массасын реттеу көлемі мен құрылымын реттеу.
Несиелік-ақша саласы - белсенді нарықтық конъюнктураны сақтау, инфляцияны тежеу, өндірістің құлдырауы мен жұмыссыздыққа жол бермеу, төлем балансын теңестіру мүддесінде жалпы экономикалық реттеудің негізгі құраушысының бірі. Бұл саясат орталық немесе мемлекеттік яғни ұлттық банкпен жүзеге асырылады. Ұлттық банк мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізе отырып, жалпы экономикалық стратегияға сәйкес банк жүйесін басқарады. Қазіргі кезде тұрақты монитарлы саясат мемлекеттің қалыпты экономикалық дамуының негізі ретінде саналады, ал ақша агрегаттары мен банк жүйесінің тұрақтылығын бақылау ұлттық банк саясатының негізгі мақсаты болып табылады.
Соңғы кездегі қаржылық жаңашылдықтар ақша агрегаттарының көлемі мен ұлттық табыс арасындағы байланысты әлсіретті. Орталық банк мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізетін орган ретінде КБ-тер арқылы өндіріспен және айналыммен байланысты. Сондықтан экономиканы ақша-несиелік реттеуді Орталық (ұлтты) банк КБ-тердің қызметіне әсер ету арқылы ғана жүзеге асыра алады. Осы банктердің депозиттер динамикасына әсер етіп, орталық банк активтерімен, ссудалық операцияларымен басқарады, ал ол арқылы - ақша массасын басқарады, себебі оның көздерінің ең маңыздысы болып банктік несие табылады.
Коммерциялық банктердің депозиттік ссудалық операциялары ақша массасы мен инфляцияның өсуін туындататын мультипликациялық әсері бар. Осы операциялар мен ақша массасының агрегаттары арасында тікелей байланыс бар. Коммерциялық банктердің қызметтерінің мультипликациялық әсері Орталық банкпен эмиссиялық процесті толық орталықтандыруды мүмкін емес етеді. Орталық банк олардың экономикалық мотивациясын және банк жүйесінің 2-ші деңгейлі субъектілерінің тәртібін жөндейді және тікелей нұсқаулар жолымен де дәстүрлі банктік қызметті активизациялау арқылы да мүмкні макроэкономикалық әсерге жетуге мүмкіндік береді.
Банктік реттеудің жанама және тікелей әдістерінен басқа орталық банктің ақша-несие саясатын жүргізудің жалпы және селективті әдістері бар. Жалпы әдістер жалпы несие түрін реттейді. Олардың мақсаты жеке міндеттерді шешумен байланысты.
Селективті әдістерді пайдалана отырып, Орталық банк несиелік ресурстарды орталықтан қайта бөлу функциясын сақтап қалады. Орталық банктердің коммерциялық банктердің қызметіне әсер етуінің селективті әдістерін қолдану ұдайы өндіріс пропорциясының күрт құрылуы жағдайында, циклдық құлдырау кезеңінде экономикалық саясат үшін тән. Бұл жағдайда экономикалық саясат ақша-несиелік қатынастарын реттеудің жалпы макроэкономикалық құралдары мен басым салаларға инвестицияларды құюға бағытталған шараларды пайдалануды үйлестіреді.
Селективті әдістер коммерциялық банктердің қызметін реттеудің тікелей, экономикадан тыс әдісіне, ал жалпы әдістер - жанама экономикалық әдіске жатады.
Орталық банктердің есептік ставка деңгейін реттеуі несиенің көлденеңінен (банк - заемщик) және тігінен (орталық банк - коммерциялық банк) қозғалыстарының белігілі бір бағытын білдіреді. Ресми есептік ставка нарықтық пайыздық ставка үшін бағыттаушы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банктерінің негізі реттеуші шараларды ақша массасы мен экономикаға әсер етуінің маңызы құралы болып табылатын орталықтандырылған несиеменбайланысты. Үкіметтің ақша-несие саясатына сәйкес коммерциялық банктердің орталықтандырылған несиесі бойынша есептік ставкалар мөлшері жүйелі түрде өзгереді.
Ұлттық банктің жүргізетін саясаты коммерциялық банктердің қаражаттарды несиелендіру мен инвестициялауда мүмкіндіктерін шектейді және банк пайдасының төмендеуіне әкеледі. Пайданың құнсыздануын боддырмау үшін коммерциялық банктер ссдуалар бойынша пайыздық ставкаларды жоғарлатуы керек, бірақ олар заемщиктердің мүдделеріне қарама-қарсы келеді.
Несиелерді қымбаттату шекетн тыс товар запастарын жинауда сауда делдалдары мен өндірушілердің мүмкіндіктерін шектейді және сол арқылы нарықтағы товар ұсынысын ұлғайтады, өндірушілерді өнімдерінің өзіндік құнын азайту есебінен өзінің қаржы мәселелерін шешуді туындатады.
Банктік тәжірибеде белсенді қолданылатын ақша-несиелік реттеудің жалпы әдісіне орталық банктердің ашық нарықтарындағы операциялары жатады.
Бұл әсер ету орталық банкпен құн қағаздарды коммерциялық банктерден сатып алу және сату бағасын өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Ссудалық нарықтан несиелік ресурстардың кетуіне бағытталған қатаң рестрикциондық саясатта Орталық банк сату бағасын азайтады немесе сатып алу бағасын жоғарлатады және сол арқылы нарықтың бағамынан оның ауытқуын ұлғайтады немесе азайтады.
Орталық банктің ең төменгі немесе міндетті резервтік талаптары банктың бос ресурстарының көлеміне әсер ету жолымен макроэкономикалық пропорцияларды реттеудің маңызды құралы. Міндетті резервтер нормативтарын жоғарлату (төмендету) коммерциялық банктердің несиелік потенциалын қысқартады (кеңейтеді). Коммерциялық банктер тұрғысынан Орталық банктің резервтік талаптарын орындау жоғары инфляция жағдайында оның қызметіне теріс әсер ететін қаражаттардың мұздатылуын білдіреді.
Резервтеуге жататын тартылған ресурстар мөлшерін есептеуде ескерілмейді: басқа банктерден алынған несиелер; облигшациялық займдар; шетелдік валютадағы ағымды шоттардағы қаражаттарды; ҰБ-ң несиелері; есептелген, бірақ төленбеген пайыздар мен дивиденттер; жинақтаушы шоттардағы қаражаттар; банктердің міндетті төлемдері бойынша қарыз сомасы; бюджеттегі төлемдері.
Орталық банктердің минималды резервтік талаптарының коммерциялық банктердің өтімділігіне реттеуші әсерін күшейту үшін резервтелетін қаражаттарды алмай, олардың несиелік мүмкіндіктерні кеңейте отырып және резервтік нормалардың сақталуын тексеруді жүзеге асыра отырып, банктердің корреспонденттік шоттарын қалдырғаны дұрыс болар еді.
Қазіргі кезде банктерді қайта қаржыландыру жүйесі жетілдіріліп жатыр, несиелік аукциондар нысанында орталықтандырылған ресурстарды бөлудің нарықтық әдістері кеңінен қолданылады. Банктік жүйені басқарудағы қатаң әкімшіліктік, селективті әдісін пайдалану экономикасындағы инвестициялық климатты жақсартуға және инфляциялық табыс алу ықтималдығын төмендетуге мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктер қызметінде Орталық банкті реттеудің негізгі бағыттарының бірі болып экономикалық нормативтерді белгілеу мен оның орындалуын қадағалау болып табылады.
Ұлттық банкпен коммерциялық банктер үшін келесі нормативтер белгіленіп, 1991-1998 жылдары әрекет етті:

  • жарғылық капиталдардың ең төменгі мөлшері;

  • жарғылық капитал мөлшері мен оның активтерінің сомасы арасындағы ара-қатынасы;

  • баланстың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді өтімділік көрсеткіштері;

  • міндетті резервтердің ең төменгі мөлшері;

  • Бір заемщикке келетін тәуелділіктің мөлшерін шектеу;

  • Заңды тұлғалардың акцияларын сатып алу үшін тартылған депозиттерді пайдалануды шектеу;

  • “Ұлттық банк туралы” заңмен келесі міндетті нормативтік белгіленген;

  • Бір кредиторға келетін ірі тәуелділіктің ең жоғарғы мөлшері;

  • қор және мерзімді мәмілелерді жүргізудегі міндетті маржа нормативі;

  • пайыздық және басқа да тәуелділік мөлшері,

  • жоғарғы активтерде құрылатын резервтердің ең төменгі мөлшері;

  • басқа да заңды тұлғалардың акцияларын сатып алу үшін банктің өзіндік қаражаттарын пайдалану нормативі;

  • банк акционерлердің несиелерінің ең жоғарғы мөлшері;

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі коммерциялық банктер үшін белгілейтін нормативтердің басты мақсаты коммерциялық банктер тәуелсіздігіне жол бермеу және сол аралықтағы оның клиенттенінің, салымшыларының мүдделерін қорғау. Осылай, коммерциялық банктердің клиенттерін нормативтерді белгілеу және олардың орындалуын қадағалау анықталып реттеу ссудаларын қайтымсыздығы мен банк шығындарын боддырмауға бағытталған.
Банк жүйесінің сенімділігінің Орталық банкпен белігленген көрсеткіштерін талдау өнеркәсібі дамыған елдерде коммерциялық банктерге негізгі талап сәйкестігін көрсетеді. Шетелдік және отандық тәжіроибеде банктердің оперативті қызметін реттеуде үлкен көңіл банк пен операциялар тәуедлігі мен өтімділігіне бөлінеді.
Банктік өтімділік жиынтық банктік өтімділік пен жеке несиелік мекемелерінің өтімділік түсініктерінен тұрады. Живнтық банктік өтімділік кең және тар мағынада беріледі. Кең мағынада жиынтық банктік өтімділік бұл қаржы капиталының қажеттілігіне сәйкес банктік жүйе арқылы есеп айырысу төлемдік айналым нысаны. Тар мағынада бұл банктік жүйеде шоғырланған есеп айырысу және квазия есеп айырысу қаражаттарының сомасы. Нормативтерді белгілеу арқылы банк қызметін реттеу жеке банктің өтімділігіне жатады, дағдарыс кезінде оларды қамтамысз ету орталық банктердің басты міндеті. Бұл өтімділігі бұл төлем құралы ретінде активті пайдалану мүмкіндігі және активтің өзінің номиналды құнын сақтап қалу қабілеттілігі. Банк өтімді болып саналады, егер оның ақша қаражаттары сомасы оған толығымен және уақытылы пассивтер бойынша міндеттемелерді орындауына мүмкіндік беретін болса, сонымен бірге міндеттемелерді өтеу банк кірісі үшін зиянсыз жүргізілуі керек. Ұлттық банктің тәуелдлігін, өтімділігін бақылаудың маңызды құралына банктік капиталдың ең төменгі мөлшеріне талаптары жатады. Қазақстанның Ұлттық банкінің капиталдың ең төменгі мөлшерін нығайту банктік тәуелділікті төмендетеді, оның өтімділігін көрсетеді және елдердің төлемдік жүйесін қорғауды қамтамасыз ететін банктік реттеудің Орталық банкпен мрделін таңдау тұр куәландырады. Банктік резервтердің ең төменгі мөлшері ресурстарды тарту мерзіміне байланысты дифференциалданады.
Коммерциялық банктердің өтімділігін реттеудің элементі ретінде ең төменгі мөлшерін құру ҚР ҰБ - ның қолданылатын ең күрделі құралының бірі. Бұл бір жағынан резервті қалыптастыру коммерциялық банктердің өтімділігін сақтауды кепілдейді. Құрылған резервтердің барлық сомасы банк қызметін тоқтатқанда ғана қолданылады. Онда Орталық банк коммерциялық банктерге резервтік шоттағы жинақталған қаражаттарды банк міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін корреспонденттік шоттарға аударады. Басқа жағдайларда резерв қаражаттарын қолдану шектеулі және коммерциялық банктерге ортақ банк пен жасалатын келісім шартта белгіленеді. Онда резервтік шоттағы соманың мүмкіндік сомасы, коммерциялық банк пен резервтелген қаражаттарын пайдалану жағдайныың жиілігі мен сипаты резервтік шоттағы қажетті толтыру мерзімділік, кепілдігі мен санкциялары анықталады. Осылайша Орталық банк пен қалыптастырылатын резервтік қор жалпы несие жүйесінің қоры болып табылады. ҚР-ң ҰБ ұсынатын талаптарына өндірісті несиелендіру мен байланысты коммерциялық банктердің активті операцияларының дамуына кедергі жасайды.
Міндетті резервтердің кемшілігі бұл олардың салықтық сипаты. Резервтер өзімен бірге салықты білдіреді. Мәні бойынша резервтік қаражаттар банк үшін жоғалған болып табылады. Себебі оларды пайдалану банкроттық жағдайларда ғана мүмкін, сонымен бірге банктер депонирленген қаражаттар бойынша пайыздарды алмайды. Сонымен қатар қысқа мерзімді нарықтық пайыздың ставкаларды жоғарлату осы салықты көбейтеді.
Коммерциялық банктердің өітімділіген реттеуші әсерді қысқартуда резервтердің міндетті нормативін азайту әдістернінің бірі болып шетелдерге кеңінен қолданылатын депозиттерді сақтандыру табылады. Халықаралық банктік тәжірибе өтімділікке баға беру үшін қысқа мерзімді және орта мерзімді өтімділік коэфиценттерді жиі қолданады. Экономикалық нормативтердің қазіргі жүйесі қайта құрылатын эконгомика жағдайына бейімделуге мұқтаж. Несиелік мекемелер мен оның несиелік тарихына байланысты экономикалық нормативтер дифференциясын жүзеге асыру резервтер бойынша пайыздың есептеу мүмкіндіктері мемлекеттік құнды қағаздарды резервтейтін қаражаттарға сатып алу мүмкіндіктерінде бейнелейтін коммерциялық банктерді ең төменгі резервтермен басқарудың икемді әдістеріне пайдалану туралы тұжырым бар. Бірақтан банктік қызметі реттеудің осы бағытындағы маңызды мәселесі нормативтерді орындау міндеттерін шешу саласында жатыр.
Терең және ұзақ экономикалық дағдарыс жағдайында КБ-тердің қызметін мемлекеттік реттеудің мәселелері аса актуалды болды. Шетелдік валютамен жүргізілетін операциялар ағымды және капитал қозғалысымен байланысты болып бөлінеді. Ағымды операциялар 180 күн аспайтын төлемді кейінге қалдырумен экспорттық-импорттық контрактілер бойынша есеп айырысуда шетелдік валютамен жүргізілетін операциялар, қаржы несиелері, дивидендтер мен пайыздарды аудару саудалық емес сипаттағы аударымдар жатады. Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларға тікелей және портфельді инвестициялар, үйретулер элементар мен басқа да мүліктерге меншікқұқығын сатып алғаны үшін төлемдердің аударымы, ағымдағы жатпайтын барлық басқа да операциялар жатады.
ҚР ҰБ-не ішкі валюта нарығындағы шетелдік валютаны сатып алу тәртібі мен мақсатын сату бағамынан шетелдік валютаны сатып алу бағамындағы ауытқу шегін, шетелдік валютада резиденттердің шоттарын өкілетті банктермен ашу және жүргізу тәртібін, ҚР-на шетелдік валюта мен шетелдік валютадағы резиденттердің құнды қағаздарын әкелу, шоттарын өкілді банктермен ашу және жүргізу тәртібін анықтау бойынша үлкен өкілеттіліктер берілген.
Шетелдік құндылықтар мен операцияларды жүзеге асыруда коммерциялық банктердің қызметтерінің маңызды аспектісі валюталық тәуелділікті яғни активті және пассивті операцияларды жүргізуде ұлттық валютаға қатынасы бойынша шетелдік валюта бағамының өзгеруімен байланысты шығындарының пайда болу тәуелділігін басқару несие мекемелерінің валюталық тәуелділігінің көлемін мемлекеттік бақылау негізінен ашық валюталық позиция лимитін белгілеуде айқындалады. Валюталық позицияны шетелдік валютада банк талаптары мен міндеттемелерінің қатынасы ретінде анықталады. Олар тең болған жағдайда валюталық позиция жабық болып саналады. Ал сәйкес келмегенде ашық болып саналады. Ашық валютаның позициясы ұлттық валютағақатынасы бойынша шетеледік валюта бағамының өзгерісі нәтижесінде зиян алу тәуелділігін құрайды. Сондықтан көптеген елдерде мемлкеттік қаржы органдарының валютаны банк есебінен сатып алу және сатқанда туындайтын ашық валюталық позиция мөлшерін белгілейді. Ашылатын позиция көлемі банкінің меншікті капитал көлеміне байланысты белгіленеді. Бақыланатын ашық позиция мөлшері ағымды жылдың бірінші қаңтарынан бастап өз есебінен сатып алынған шетелдік валютасы сомасын мен сол кезеңде банкпен сатылған шетелдік валюта сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Осы түрде банктер валютаны сату бойынша операцияларды лимиттелмеген бірақ валютаны сатып алуда қатаң шектелген валюталық реттеудің маңызды аспектісі болып ҚР - да валюталық экспорттық түсімнің түсуін бақылау табылады. Нормативті құжаттарға сәйкес әр экспорттық валюталық контракт бойынша мәміле куәлігі толтырылуы керек. Экспорттық валюталық түсімнің түсуіне толық бақылау жүргізу мүмкін емес. Сеебебі оның қайта оралмау себебі теңге қоғамының тұрақсыздығымен өндірісінің құлдырауы мен қиын күрделі саяси жағдаймен байланысты экономикалық сиапт алады. Шетелге капиталды шығару үшін белгілі бір мүмкіндіктерді импорттық операцияларды береді. Фирма делдалдары арқылы жай коммерциялық мәміле бағасына қарағанда жоғары баға бойынша товарларды жеткізеді. Валюталық реттеу сферасына рецидент емес елдердің аумағында жүзеге асырылатын операциялар жатады. Валюталық опреацияларды мемлекеттік реттеуді қарастырғанда салық салу мәселелерін де қарастыру керек. Банктік қызмет пен салынған кіріске салық салу теңгеде жүзеге асырылады. Қосылған құн салығы салынатын банктің ақылы қызметтеріне форфейтингтік транстық операциялар кассалық қызмет көрсету тапсырмалар мен кепілдіктер беру инкасация бойынша қызметтер кеңестік ақпараттық экспорттық делдалдық қызметте лизинг тұрғындарға ақылы қызмет көрсетулер жатады. Коммерциялық банктер құнды қағаздарды шығаруға сатып алуға сатуға және құнды қағаздармен басқа да опреацияларды жүзегеасыруға құқығы бар. Клиент тапсырмасы бойынша басқару кеңестік және ақпараттық қызметтер көрсету. Құнды қағ,аздар нарығында коммерциялық банктердің қызметі пассивті және активті опероацияларды қамтиды. Оның келесі бағыттары бар. Эмиссиялық, инвестициялық, делдалдық кепілдік. Эмиссиялық қызметке негізінен банктік займдар қарыздық міндеттемелерді депозиттік және жинақ сертификаттарының қаржы вексельдері мен облигацияларды шығару жатады. Инвестициялық қызметке банк құрылтайшыларды қызықтыратын салаларды қаржыландыруға акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға әсер ету сферасын кеңейту міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін құнды қағаздарды сатып алу жатады. Қор рыногында коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі перспективасындағы кең даму алды. Коммерциялық банктердің құнды қағаздар портфелін қалыптастырудағы маңызды мақсат болып банктік опеорациялардың өтімділігін қамтамысз ету болып табылады. Құнды қағаздармен жүргізілетін делдалдық операциялар мыналардан тұрады: овал, банк клиенті шығарған құнды қағаздарды бастапқы орналастырудағы комиссиялық ұтыстарға қатысу клиенттің инвестициялық портфелін қалыптастыру. Инвестициялық кеңес беру. Депозитарлық қызметтер компания акционерлерінің рестерлерін жүргізу және тағы басқа. Құнды қағаздармен жүргізілетін кепілдік операциялары енді пайда болып жатыр. Негізінен қысқа мерзімді ссудалар бойынша клиенттің өтімді құн қағаздар кепілдігі.
Көрсетілген бағыттар банк лицензиясына қарасытырлады.
Инфляцияжағдайында акцияларды шығару және орналастыру жолымен ақша қаражаттарын жинақтау банк үшін қаржыландырудың ең қымбат әдісі болып табылады. Біріншіден акционерлер жарналарына қатысатын құрылтайшылардың салымының құнсыздану жүреді; екіншіден жинақтаушы шотта қаражаттарды жинау осы ресурс бағада қиын болжанатын құбылыс болып табылады. Банктік құн қағаздары нарығында депозиттік және жинақтаушы сертификаттар да болады. Бұл орналастырылған АҚШ қаражаттарын төлеу бойынша қарыздың міндеттемелері болып табылатын банк шығаратын құнды қағаздары олар бойынша талап ету құқығы бір-біріне беріледі. Бұл құнды қағаздарды шығару Орталық банктің аумақтық басқармасында тіркеледі. Депозиттік және жинақтаушы сертификаттар тек ішкі нарықта ғана айналымға түседі. Бұл шектеулер сертификаттар айналымының процесінде туындайтын қиындықтарға әкеледі. Орталық банк есеп айырысу немесе төлем құралы түрінде депозиттік сертификаттарда пайдалануға рұқсат бермейді. Ол бойынша ақшаның есеп айырысу тек қолма-қолсыз тәртіпке жүзеге асырылады. Бұл бір жағынан сертификаттардың өтімділігін төмендетеді. Ал екінші жағынан дамымаған ретте отандық қор нарығының жағдайын сипаттайды.
Вексельдер төлем құралы болып табылады, ссудалар ретте берілуі кепілдік және саудададн тыс операцияларды пайдалануға болады.
Коммерциялық банктер құн қағаздар нарығындағы қызметі жалпы қор нарығының дамымауына тежелуде. Салықтың құралдары жетілдіру керек коммерциялық банктер мен нарықтың басқа да қатысушыларының үшін құнды қағаздар нарығында қызмет етудің тең жағдайын қамтамасыз ету керек.
1.3Банктік қызметтер нарығын қалыптастыру негіздері

Әр экономикалық құбылыстардың өзінің мәні бар. Өз кезегінде, оның мәні әртүрлі құбылыстар арқылы көрінеді. Зерттелетін құбылыстардың мәнін ашу үшін оның ішкі әлеміне еніп, тұрақты қайталанатын байланыстарды айқындау керек. Экономикалық қатынастардың мәнін түсінудегі алғашқы пункті көптеген фактілер олардың жиынтығы


Экономикалық құбылыстарды зерттеуде ғылыми негізделген әдісі нақты тәжірибеде қолданылатын жаңа білімдерді алу үшін қажетті негіз, теорияны жетілдірудің алғышарты болып табылады.
Қазақстанның экономикасының нарықтық жағдайларға өтуіне терең ойлану мен негіздеуді қажет ететін мәселелер туындайды. Бұл жерде банктік қызметтер мәселесі ерекше мәнге ие болады.
Қызметтер-әр түрлі қоғамның экономикалық формацияға тән жалпы экономикалық категория басқадан ажыратуға мүмкіндік беретін және оның мазмұнын, мақсатын, әрекет ету механизмін сипаттайтын ерекше белгілері бар.
Әр қоғамның тарихи формацияға өндірістік қатынастарының белгілі бір типі және экономикалық категориялардың белгілі бір типі тән. Қарастырылатын категорияларды талдау оның қасиеттерінің мазмұнын, сандық және сапалық сипаттамаларын анықтау қажеттілігін туындатады. Қызметтер құрылымының динамикасы шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінің қалыптасу процесімен туындаған оның элементтерін дамыту бағыттарын айқындайды. Нарық қызмет құрылымының мәндік сипаттамасын талқылауда жаңа моменттерді енгізеді. Нарық механизмі арқылы қызмет элементтерінің белгілі бір жақсы жүргізіледі.
Кәсіпкерліктің мәнді белгілері және товарлар мен қызмет өндірушілердің қызмет сипаты нарықтың экономикада қатынастар деңгейінің мәнді өзгерісіне әкеледі. Мемлекет-кәсіпорын мемлекет-аймақ; аймақ-кәсіпорын; акционерлік кәсіпорындар-мемлекеттік кәсіпорындар; кәсіпорын ұжымы-жеке жұмысы. Бұл өзгерістер өндірістік қатынастардың әлеуметтік нысанасына әсер етеді.
Жаңа категориялардың пайда болуы, экономикалық мазмұн және ескі функционалдық бағытының модификациясы, 1 жағынан, экономикалық теорияның дамуының нәтижесі, 2-ші жағынан объективті шындықтың жаңа құбылыстарын белгілейді.
Ғылыми талдауда бастапқы сәт болып түсініктер, заңдар емес, нақты фактілер мен құбылыстар табылады.
Қызмет-еңбектерінің ерекше тұтынушылық құны. Мұндай қызмет нәтижелері-қызметтер, олардың өндіріс процесі тұтыну процесіне сәйкес, басқаша жағдайда нарықтық толуы жүреді.
Қызмет деп материалдық және материалдық емес сипаттағы пайдамен байланысты белгілі бір қызмет түрінде еңбекті тұтынумен және материалдық заттар түрінде еңбек өнімі бойынша тұтынушылармен және өндірушілер арасындағы қатынастар жүйесін түсінеміз.
Экономикалық категория ретте қызмет белгілі бір экономикалық қатынастарды белгілейді, қызмет көрсету қызмет ретінде тұтынылатын еңбектердің пайдалы әрекеті бойынша қоғамдық қатынастар болып табылады. Банктік қызметтер өндірістік қатынастардың әртүрлі жақтарына әсер етеді. Сонымен бірге экономикалық өндірістердің әр жақтарына әсер етеді. Сонымен бірге экономикалық өзгерістердің әр сатысында ресурстардың айналымы мен айналымдылығының заңдылығы және товарлы ақша қатынастарының ролінен бастау керек. Мұндай әдіс категория ретінде банктік қызметті түсінуді тереңдету және оның қозғалысы негізінде жататын заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Банктік қызмет көрсету экономикалық категория ретінде қайтарымдылық жағдайында немесе пайызды төлеу лизингі жағдайында уақытша пайдалануға құнды беруде туындайтын және товарлар айналымы мен өндіріс процесінде қалыптасатын шаруашылық субъектімен, жұмысшылармен, қоғам мүшелері арасындағы қатынастарды, байланысты бейнелейді. Банктік қызмет көрсету арқасында өндірістік буындар қорларының айналымымен және ақша ресурстармен қамтамасыз етіледі, олардың құнының қозғалысы құнының ақшалай нысанының өндіріске ауысуын содан соң товарлықтың ақшалай нысанға ауысуын реттейді. Олардың қоғам қорының құнының айналымына енуін ұйымдастырады.
Қорының айналымы мен шыр айналуы жеке өндірістік буындар шегінде тәуелсіз бірі қаражаттарға мұқтаж болса, басқаларында бос қаражаттарды бар, ал банктер болса олардың қатынастарын біріктіреді, жалғастырады.
Батыс зерттеушілерінің позициясын қарастырайық. Онда қызмет кәсіпкерлік еңбек ретте қаралған. Э. Хандерсон былай жазады. Табыс халыққа қажетті заттарды ұсынғаны үшін сыйақылары болып табылады. Товарға немесе қызметке деген қажеттілік жоғары болған сайын халық оған соғұрлым көп төлеуге дайын.
Қызметтердің әр түрлі түрінің өзінің ерекшелігі бар, сондықтан зерттеу банкпен байланысты жалпы теориялық және әдістемелік сұрақтар кешенін қарастыруды білдіреді. Бұл зерттеу экономикалық қатынастар нысаны ретте қызметке тән жалпы тенденцияларды жақсы анықтауға мүмкіндік береді.
1-шіден, көптеген қызметтерді көрсету оларды тұтыну мерзімімен сай келеді. Тұтынушы қызметті өндіріп, тұтынғаннан кейін пайдалығын бағалауға мәжбүр, кейбір жағдайда тұтынушылардың жарнамаға деген сенімі өндіріс пен тұтынуға дейін мүмкін.
Банктік қызметтің өзінің ерекшелігі бар. Өндірістік процесте несиелік қатынастардың тек 1 жағы-заемщик қатысады. Кредитор өндірістік процесс шегін тыс қалып қояды. Өндірісте өнім тек құрылады. Сол уақытта несие құрылған құнның қызмет етуі бойынша қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте пайда болмайды. Себебі өнім әлі құрылмаған, ал оның бөліктері өндірістік процестің сәйкес қатысушыларының иелігіне түскен жоқ. Несиенің бастамасына өндіріс кезеңі емес, өнімінің қозғалысының келесі сатылары береді. Осыған байланысты несиелік қатынастар-бұл өндірістен тыс қатынастар. Мұнда банктік қызмет ерекшелігі айқындалады. Ол тұтыну кеңістігімен және уақытпай сай келмейді.
Банктік қызметтер жалпы категориясы ретте нарықтық қалыптасу және даму жағдайларымен туындалды. Банктік қызметінің қызмет ету мүмкіндігі құнның қайтымды қозғалысын білдіретін, құнның экиваленттің әрекетімен байланысты товарлы ақша қатынастарының болуымен байланысты. Банктік қызметінің қалыптасу және даму процесі нарықпен өзара байланыста болады.
Дамыған нарық келесі негізгі белгілермен сипатталады.

  1. өзін-өзі құрылуының механизмімен. Нарықтық экономикада еркін бағаны қалыптастыру-шындық. Кері жағдайда өзін-өзі реттеу механизмі әрекетін тоқтатады, ұлттық экономиканың тепе-теңдігі бұзылады, оның тиімділігі құлдырайды.

  2. өзара әрекет етуші-товарлар, қызмет, капитал, құнды қағаздар, жұмысшы күштер нарықтар жүйесінің болуымен, яғни нарықтық қатынастардың экономикалық қызметінің кең спектріне таралуымен

  3. Банктерден, несиелік сақтандыру мекемелерінен, биржадан (товар, қор, валюталық биржалар) көтерме кәсіпорындардан бөлшек дүкендерден тұратын нарықтық инфрақұрылым бөлшектенген жүйесімен.

  4. Нарықта ұсынылатын тауарлардың оларға деген сұраныстан тұрақты асып түсуімен яғни сатып алуцшылар нарығының болуымен.

  5. Нарықта тұтынушылар үшін өндірушілердің бәскелесінің болуымен тапшы нарық жағдайында бәсекелстік тауар үшін сатып алушылар арасында жүреді. Мұндай бәсекелестік бағаның жоғарлауына әкеледі, дайындаушыларды өнімді жетілдіру шығындарды азайту қажеттілігінен басталады.

  6. Сатып алушылардың таңдау еркіндігімен нарықтың механизмінің қалыпты қызмет етуіне елдің тұрақты ақша және валюта жүйесі сәйкес келеді. Олардың тұрақсыздығы кері салдарға әкеледі.

  7. Товардың ресурстардың барлық түрінің абсалютті мобилдігінде материалдық қаржы еңбек және т.б. Кәсіпкерлер өндірісті кеңейткенде, шығынды азайтып, прогрессивті технологияларды ендіргенде ғана пайда алады.

Дамыған нарықтың жоғарыда көрсетілген параметрлерімен салыстырғанда экономиканы қалыптастыру, ұлттық өндірісті дамытуға бейімделген кәсіпкерлердің еркіндігі, күшті әлеуметтік саясатты жүргізетін құқықтық мемлекетті қалыптастыру экономикалық дағдарыстан республиканы шығару бойынша Қазақстандық басшылықтың концепцияларының негізгі осы пунктеріне банктік қызметтердің жаңа жүйесін құруды ғана қосуға болады. Олсыз әлеуметтік Олсыз әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылықты құру мүмкін емес. Сонымен бірге, банктер республика экономикасының сауықтырылуына көмектеседі. Себебі олар өз өтімін кеңейтетін, болашағы бар кәсіпорындармен ғана қарым-қатынастарға түседі, яғни жанама жолмен банктер ұлғаймалы ұдайы өндіріске көмектеседі және динамикалық дамушы экономиканың ерекше белгісі болып табылады.
Туындаушы жаңа экономикалық жағдайлар депрессияны тұрақтандыру, өндірісті сауықтыру, инфлиячцияны және бюджет тапшылығының денгейін төмендету-факторлар, өтпелі кезенге тән өзіндік өндірістік қатынастар. Несие-деп жазады И.И. Исаева-шаруашылық жүйесін трансформациялай отырып, өзі де трансформацияланады, өз мазмұнын өзгертеді. Айырбас процесінің өндірістік байланысының типі ретінде несие товар өндірісінің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, сонымен бірге товар шаруашылығы шегінде дамушы категория ретінде қарастырылады.
Қызметінің келесі ерекшелігі-оны сақтаудың, тасымалдаудың, жинақтаудың мүмкін еместігі. Тұтыну мақсатындағы товарларға қарағанда қызметті қоймада тығып қою болмайды.
Тұтыну несие объектісі болып ұзақ пайдаланылатын тұтыну товарлары, ал мақсаты болып-товарлардлы өткізуді жеделдету. Сатылмаған товарлардан алынатын табыс-өткізілген қызмет, әртүрлі товарлар өндірісі мен өтімі бірдей емес уақытты қажет еткендіктен, көп жағдайда тәуелділік дәрежесі өте жоғары.
Қызметтің 3-ші ерекшелігі: оның өндірушілер мен тұтынушыларының қарым-қатынастары қатаң жекеленген және көп жағдайда жеке контактіге негізделеді. Несиелік қатынастардың барлық тарихы несиелендірудің әр субъектісіне кешендік әдістерінің болуы туралы куәландырылады. Кәсіп орындардың экономикалық қызметін талдау, оның несие қабілеттілігін, қаржы жағдайын бағалау, несиені тиімді пайдалану кепілдіктері-несиелік мәлімелердің қажетті атрибуты.
Революцияға дейінгі Ресейде ең жақсы кепілдік болып заемщик тұлғасы саналатын. И.Е. Ададуров былай дейді: Несиенің бір және маңызды шартты болып қажеттілік табылады. Дамыған еғлдерде заемщик беделі несиені қайтару кепілі.
Банктік қызмет экономиканың категориясын ғылыми талдау өтпелі кезеңдегі товарлы-ақша қатынастарының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Эквиваленттілік көлденеңінен-шаруашылық субъектілері мен ұжым мүшелері арасында айырбастауды сипаттайды, қайтарымдылық принципі-қоғам мен шаруашылық субъектілер арасында айырбастауды сипаттайды.
Әкімші-әміршіл жүйе жағдайында қайтарымдылық принципі ол кәсіпорындар, ұйымдар, мүшелер арасындағы қарым-қатынастарда экономикалық реттеу үшін мемлекеттердің кең пайдалану принципін жүзеге асырғанда ғана танылады. Жоспарлы экономиканың экономикалық жүйесінде кез келген саланың әсіресе банктік салалардың ролі төмендетіледі. Банктік сала глобалды мемлекеттік мүдделерге байланысты бәсекелес өндірістерді қаржыландыру мүмкіндігінен айырылды. Барлық салалар бір бүтін орталықтандырылған жүйенің бөлігі бола отырып, тиімділігін жоғарлату және өмір сүру үшін тәуелсіздігінен айырылды.
Мұндай талдау банктік қызметтің мазмұнын толық анықтау үшін қажет. Ол эквиваленттілік, қайтарымдылық, оларды жүргізудің экономикалық нысаны принциптерінің материалдық иесі болып табылады. Банктік қызмет мазмұнының шешуші сәті-оның қызметінің ұдайы өндіріс әдісі, оның кеңеюіне көмектесу-көрсетілген принциптерді жүзеге асыруға байланысты. Несиені беру және өтеу тәртібі, несиелендіру объектісіне баға беру қайтарымдылық және эквиваленттілік принциптеріне негізделеді.
Эквиваленттілік және қайтарымдылық принциптері өтпелі кезеңнің белгілі бір өндірістік қатынастардың әсеріне түсе отырып, өзінің белгілерінің бір бөлігін жоғалтты, әлеуметтік экономиканың мақсаттылығы өзгерді. Товар өндірісінің қызмет етуімен байланысты принциптер өтпелі кезең сатысында әлі осы процеспен байланысты экономикалық құрал болып табылмайды.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің әдістемесінде банк деп қ/ж қызметтерін көрсететін, қоғамдық ақша ресурстарын кәсіби басқаруды жүзеге асыратын, экономикада басқа да көптеген функцияларды орындайтын фирма айтылады. Банк сәттілігі олардың ұсынылатын қаржы қызметтері қаншалықты қоғамдық сұранысқа сәйкес келетініне байланысты.
Банктік қызметкерлер қызметтің басқа түрлерімен тығыз байланысты. Олардың барлығы жиындық қоғамдық өнім өндірісіне қатысады, тұрғындардың тұтынатын өмірге қажетті қаражаттар құрамына кіреді, тұтыну сфераларының шекараларын сапалы өзгертеді немесе сапалы кеңейтеді.
Товар-бұл кез келген өндірушілер оның ішінде банк қызметінің өнімінен ерекшелінетін өнімді өндіреді, ол қарапайым товарды өндірмейді, ол товар ақша төлем құралдары түріндегі ерекше түрдегі товарларды өндіреді. Ақша ұдайы өндірістік категория болып табылады. Банкпен шығарылатын қолма-қол ақша сфераларында қызмет көрсетеді. Бұдан басқа банк ақшалай сипаттағы әртүрлі қызметтерді ұсынады.
Пайда алу және өмір сүру үшін кез келген банктік мекеме өз өнімін (өзінің қызметін) өндіру керек, оның бағасын анықтап, оны ішкі және сыртқы нарыққа шығаруы керек. Басқаша айтқанда, товар-бұл қандай да бір сұранысты қанағаттандыратын және нарықта сату үшін арналған өнім. Банк товары ерекше, бұл-өзімен бірге ақшамен жүргізетін операцияларды білдіретін қызметтер. Сондықтан мынадай анықтама бар: банктік қызметтер-бұл банктік операциялар
Әртүрлі қызметтер-қоғамының қалыпты қызмет етуінің маңызды шарттары. Кең мағынада қайталанушы процесс реттек өндіріс өндірістік құндылықтар мен қызметтерді тұтынудан, бөлуден және айырбастаудан тұрады. Өндіріске, басқаруға банктік, сауда, жеке қызметтерге, әлеуметтік сипаттағы қызметтерге бейімделген қызметтерді топтарға бөле отырып, қызметтердің әр түрі бір-бірін толықтырады және тек бірлік жағдайында ғана олар ұдайы өндірісінің, экономикалық және әлеуметтік дамуының қалыпты барысын қамтамасыз етеді.
Қызметтер басында материалдық өндірістің тікелей процесіне кіреді. Еңбекті қоғамдық бөлудің даму барысында олардың халық шаруашылық салаларына бірігуі жүрді. Қызметтердің әртүрлі түрлерін біріктіру қазіргі кезде де жүріп жатыр.
Қызметтер сферасы экономикалық және әлеуметтік сипаттағы көптеген функцияларды орындайды.

  • ұлғаймалы ұдайы өндірісінің дамуы үшін жағдай жасай отырып заттардың тұтыну құнын қалпына келтіреді;

  • қызмет нысанасында тұтынылатын өмірге қажетті құндылықтарды тұтыну процесінде қызмет көрсетеді

  • ұдайы өндіріске және жұмысшы күшінің қызмет ету дәрежесіне белсенді әсер етеді

  • кәсіби және интелектуалды даму үшін қажет қоғам мүшелерінің бос уақытын ұлғайту үшін қажетті жағдайлар жасайды

  • тұрмыста еңбектердің қысқаруына және қамтамасыз етілуіне көмектеседі.

2.«Еуразиялық банк» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау


2.1 «Еуразиялық банк» АҚ-ның қызметіне сипаттама

1994 жылы «Еуразиялық банк» акционерлік қоғам түрінде құрылды.1995 жылы ақпан айында банктік операциялар жүргізуге лицензия берілді. 1995 жылы маусым айында 95,6 млн, теңге шамасында құнды қағаздардың бірінші эмиссиясын тіркеді. 1996 жылы наурыз айында № 20030007 лицензия құнды қағаздар рыногында делдалдық қызмет атқаруға берілді. 1997 жылы №20030124 лицензия ОБ берген. 1998 жылы желтоқсан айында акциялардың үшінші эмиссиясын тіркеп, жарғылық қоры 2899,7 млн теңгеге өсті. 1999 жылы Банк кастодиан қызметін жүзеге асыруға кірісті. 1999 жылы қазан айында Қаржы қауымдастығына мүше болды. 2000 жылдан бері Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастыққа мүше. 2006 жылы Еуразиялық даму банкісі еуразиялық кеңістікте, халықаралық қаражат ұйымдарыменқарым қатынасын жақсартуға, интеграциялық процестерді тереңдету мақсатында, елдердің ынтымақты дамуына үлес қосу мақсатында біраз іс –шаралар белігілеп отыр.


2000 ж ақпан жеке тұлғалар салымдарын (депозиттерін) ұжымдық міндетті кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің қатысушысы. 2000 ж сәуір Зейнетақы қорлары қауымдастығының мүшесі.2000 ж шілде Депонентке мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша «Бағалы қағаздардың Орталық Депозитарийі» АҚ-да қызмет көрсету туралы шарт жасалды. 2000 ж тамыз Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен вексельдерді қайта есепке алу туралы бас келісім жасалды.
2001 ж наурыз Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық мүшесі. 2001 ж қараша «VISA International» халықаралық төлем жүйесінің қауымдастығына қатысушысы.2001 ж желтоқсан «Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға өту тәртібі туралы» ереже талаптарын орындады деп танылды.
2002 ж қаңтар Теңгемен және шетел валютасымен банктік операцияларды жүргізуге мемлекеттік лицензия алынды.2002 ж наурыз «Қазақстандық Қор Биржасы» АҚ-да вексельдермен алғаш рет мәмілелер жүргізілді.2002 ж маусым «Ұлттық процессинг орталығы» АҚ акционері болып тіркелді.
2003 ж шілде Moody`s халықаралық рейтингтік агенттігі шетел валютасында борыш бойынша «В1» ұзақ мерзімді рейтингін және «Е+» қаржылық күш рейтингін (FSR) алды.2003 ж қазан Қамтамасыз етілмеген атаулы купонды облигациялардың бірінші шығарылымы тіркелді. 2003 ж қараша Банк акцияларының эмиссиясы тіркелді. Нәтижесінде жарғылық капитал 6,0 млн теңгеге дейін ұлғайды.2003 ж қараша Еуразиялық банк облигациялары Қазақстандық қор биржасының ресми тізбесінің «А» санатына еңгізілді .
2004 ж сәуір Мемлекеттік Сақтандыру Бірлестігімен экспорттық несиелерді және инвестицияларды сақтандыруға келісімге қол қойылды (Алматы, Қазақстан). 2004 ж қазан Қамтамасыз етілмеген атаулы купонды субординацияланған облигациялардың екінші шығарылымы тіркелді. 2004 ж қазан Ипотекалық қарыздарға Кепілдік беру Қазақстандық Қорының мүшесі. 2004 ж қараша 15,5 млн АҚШ доллары сомасындағы алғашқы синдикатталған қарыз тартылды.2004 ж желтоқсан Екінші деңгейдегі капитал жеті жылдық субординацияланған облигацияларды шығару арқылы 3 млрд теңгеге ұлғайды.
2005 ж қаңтар Еуразиялық банк ТМД-дағы елу ең тез өсуші банктер арасында 27 орынды және ЕҚДБ жіктелімі бойынша өтпелі экономика елдеріндегі елу ең тез өсуші банктер арасында 30 орынды алды. 2005 ж тамыз Банк акцияларының шығарылымы тіркелді. 2005 ж қараша 50 млн АҚШ доллары сомасындағы синдикатталған қарыз тартылды.
«Еуразия Қаржы -өнеркәсіптік компаниясы» АҚ 2006 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша айналыстағы акцияның 100 пайызына ие.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы. Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік ету 2006 жылы «Standard Poor s» ұзақ мерзімді валюта рейтингін «ВВВ» деп бағалады. Және ұлттық валютада алынған ұзақ мерзімді рейтинг «ВВВ +!., қысқа мерзімді несие алу рейтниг ұлттық валютада «А-2» деңгейінде және шетелдік валютада «А-3» деңгейінде болды. Сонымен 2006 жылы «Мoodу s Investor Service» шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша рейтинг «Ваа2»
Банк қызметі Қазақстандағы бизнесті жүргізуге тән экономикалық, саяси және әлеуметтік тәуекелдіктерге икемді келеді. Бұл тәуекелдіктер үкімет саясатындағы экономикалық жағдайларға, салықтық және құқықтық салалардағы өзгерістерге әкеледі.
«Еуразиялық банк» АҚ-ның Тараз қаласындағы филиалының басқару құрылымы келесілерден құралады:
1.Директор.
2.Директор орынбасары.
3.Бас бухгалтер.
«Еуразиялық банк» АҚ-ның бөлімшелеріне мыналар жатады:
- несиелендіру бөлімі
- валюталық реттеу бөлімі
- касса
- құқықтық бөлім
- ақпараттық технологиялар бөлімі
- қауіпсіздік қызметі.
- операциондық бөлім.
Директордың орынбасарына тікелей қатысты бөлімшелер бұл несиелендіру, валюталық реттеу, касса, құқықтық, ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік қызметі бөлімдері табылады. Енді осы аталған бөлімдерге жеке-жеке тоқталып өтейік:
1.Несиелендіру бөлімі.Несиелендіру бойынша операцияларды жүргізеді және ҚРҰБ нормативтік, құқықтық актімен сәйкес банк несиелендіру операциясын жүргізеді. Сондай-ақ несие саясатының тәртібі «Еуразиялық банк» АҚ-ның несиелендіру операциясын жүргізеді. Несие процедуралары және басқа да құжаттар тездетілген, қайтарымды, төлемді, қамсызданған, мақсатты қолдану жағдайында несие төлемінің тәртібі белгіленеді.
Несие айналымы банк шотында ашылған уақыттан бастап 6 ай ішінде банк клиенттері несиелерін алуға құқылы. Ұзақ, орта және қысқа мерзімді несие классификациялары ұсынылады. Қысқа мерзімді несиелерді несие департаментімен ұсынылады, ал ұзақ және орта мерзімді несиелерді клиенттерге келесі мақсаттармен несие басқармасын іске асырады: айналым қаражатын толықтыру,негізгі қаражатын жетілдіру,объектілерді қайта құру үшін,тұтыну және т.б. мақсаттарға.
2.Валюталық реттеу бөлімі.Бұл бөлім теңге және шетел валюта түріндегі ағымды операцияларды жүргізеді.Атап кетсек мұндағы операциялардың түрлеріне мыналар жатады:
-банк клиентерінің ұсынысымен олардың банктегі шоттарындағы ақшалардың есеп айырысуды іске асыру.
-инкассалық органдардың салық қызметінің және кеден органдардың бұйрығына сәйкес бюджетке төлем және басқа банктердің несие сомаларын есептеп шығаруын, банк клиенттерінің айып пұлдарын және т.б. орындау және түгендеу, қабалдау.
-депозиттерді қабылдау және олардың сый ақысын есептеу.
-қолма-қол ақшаларды қабылдау және төлеу.
-ҚР бекітілген валюталардың заңдарына сәйкес заңды тұлғалардың банктік шоттарына шетел валюталарын есепке алу.
ҚР заңға қайшы келмейтін операцияларын жүргізу қорытындысы мыналарға сай жүргізіледі: тауарларды экспортқа шығаруға алынған төлем,несие несеме инвестиция түрінде,қайтарымсыз, қайтарымдылық жарнамалары және басқа да келіп түскендері,ішкі валюта нарығында алынғаны,Резиденттердің алдында резидент емес заңды тұлғалардың өз міндеттерін орындамағанына байланысты қайтарымдар және т.б.
Заңды тұлғалардың тапсыруына байланысты олардың банктік шоттарына шетел валюталарын ҚР валюталық заңдылықтарына сәйкес олардың толытырылған құжаттарын есептен шығаруға мыналар жатады:резиденент емес жұмысшыларға еңбек ақы және жұмысшылардың шетелдерге қызметтік іс-сапар шығындарына байланысты төлемдері; ауыстыру операцияларын жүргізу; резиденент еместің пайдасына ақшаларын аудару және төлемдерін іске асыру; шет ел валюта түріндегі алынған несиелердің міндеттерін орындау;корпоративтік карта шотын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген қарым-қатынасты реттеу негізінде толытыру тсс.
Клиенттің, заңды тұлғалардың ұлттық және шетел валюта түріндегі валюталық операцияларды жүргізу нәтижесінен түскен соммалар және клиенттің банктік шотына есепке алынады және олар ҚР заңдарының актілеріне сәйкес міндетті түрде клиенттің төлемдерін іске асыруға дейін ақшалар пайдаланылмайды.
Банктің корреспонденттік шоттарына клиенттің пайдасына түскен барлық ақшалар банкте үш жұмыс күнінде акцептелінеді және клиентің алған күні соммалар төлем құжаттарының шарттарына сәйкес «ҚР аумағындағы аударымдар және төлемдер» ҚР заңдылықтарына сәйкес банктік шоттардың барлық реквезиттерімен есепке алынады. Төлем құжаттарда көрсетілген мәліметтерге және банк шоттарының реквезиттеріне сәйкес банк (шоттарының) ақшаларды транзидтік шотқа есепке алады. Сонымен қатар қосымша жазбашы түсініктемелердің негізінде банк алушыдан ағымды белгіленген мерзімде себептерін көрсетіп ақшаны қайтарады. Банк клиентінің ұсынысы бойынша шотта қалған ақшалар негізінде есеп айырысуды іске асырады. Жіберуші банк төлем талабын акцептелгенге дейін өзінің банк шоттарындағы ақша соммаларын төлем талапты орындауға қажетті сомманы қамтамасыз етуге міндетті.
Жіберушінің шотында ақшалардың жетіспеушілігі немесе жоқтығы болған жағдайда төлем құжаттары, сонымен қатар жіберушімен акцептелінген сомма №2 клиенттің банктік шотына ақша соммалары аудырылмағанға дейін, оларды орындауға қажетті сомма және бір ішінде сақталынады. Белгіленген мерзім өткен соң төлем құжаттары қызмет орындалмаса да қайтарылады. Банк қызметіне комиссиондық сый-ақылар клиенттің банк шотынан келісім-шартқа негізделе есептен шығарылады. Жолдағы чектер.Шетел банктерінен жолдағы чектерді сатып алу және оларды шет елдерге жіберу банк ережелерімен, банк аралық келісімдерге негізделеді. Банк бақылау материалдары қолда бармен өңделеді. Жолдағы чектерді шетел банктеріне жіберу олардың жиналу мөлшеріне қарай өңделеді.Шетел банктерінің коммерциялық чектері жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың тіркемелік жарнамаларын төлеуге арналған. Чектер клиенттің өтініші бойынша негізделіп тек АҚШ долларымен жазылып беріледі. «Western Union» жүйесі. «Western Union» жүйесі бойынша ақшалай аударымдарды төлеу немесе жіберу жедел түрінде іске асырылады. «Western Union» жүйесіндегі барлық ақшалай аударымдар және төлемдер ҚР валюталық заңдылығына сәйкес жүзеге асырылады. «Western Union» жүйесінің халықаралық төлем клиенттері болып жедел түрде ақша алуға немесе жіберуге қажетті жеке тұлғалар табылады.
Жіберулер және төлемдер банкпен клиенттің шотын ашпай-ақ іске асыруға болады. Сондай-ақ ақша соммаларының аударымы 10000 АҚШ долларынан аспауы тиіс. Жедел аударымдар коммиссия банк тарифына сәйкес алынады. Барлық есеп айрысу АҚШ долларымен өңделеді, аудырымға төлем жіберуші клиенттен ұстанылады. 1-2 минуттан кейін жіберілген аударымдар әлемдегі 150 елдегі «Western Union» мекемелерінің барымен пайдалануға болады. Банктерге және өкілетті орындарға қолма-қол шетел валюталарын сату.Сату келісім-шартқа сәйкес банктің келісімімен, келісім шартқа негізделе іске асырылады. Қолма-қол ақшаларды сату қолма-қолсыз валютамен немесе теңгемен іске асырылады. Саудалық емес бөлімдердегі операциялар жоғарыда көрсетілген құжаттармен, сенім хаттарға сәйкес банк кассасынан қолма-қол ақшаларды алуға шығыс-кассалық құжаттары құрылады. Жеке тұлғаларға қолма-қол шетел валюталарын сатып алу және сату.Операциялар тек қана ауыстыру бөлімдерінде іске асырылады. Жұмыс күнінде бағамды өзгерту жазбаша бұйрықтарға негізделе істеуге болады. Әрбір шетел валютасын сатуда эквиваленттік сомма мөлшері 10000 АҚШ долларынан аспауы тиіс, міндетті түрде анықтама сертификаты толтырылуы керек. Клиенттің ұсынысы бойынша анықтама сертификат кез-келген соммаға беріледі.
3.Касса бөлімі. Кассалық операциялар (қабылдау, қайта есептеу, ауыстыру, буып түйю және банкноталар мен монеталарды сақтау) екінші деңгейлі банктер және ҚР бөлек түрлі банктің операциялардың іске асырушы мекемелердің кассалық операцияларды жүргізу ережелеріне сәйкес. Ұлттық Банктің 2001 жылы 3 наурыздан бергі №58 ережелері, сонымен қатар банктің ішкі ережелеріне сәйкес іске асырылады. Қолма-қол ақшалардағы операциялар кассалық операциялар бөлімінің операциялардың сағаттарына сәйкес іске асырылады. Қолма-қол ақшаларды қабылдау кіріс кассалық құжаттарға негізделе өңделеді: заңды және жеке тұлғалардың шотына жарналар, кәсіпкерлік қызметті іске асыруға, ал қалған басқа келіп түскен соммалар кіріс кассалық ордеріне негізделе іске асырылады.
Банк кассасынан ақшаларды беру шығыс кассалық құжаттармен өңделеді: ақшалай чектермен және белгіленген шығыс кассалық ордерінің формаларымен «Еуразиялық банк» АҚ-ның клиентінің шотын қабылдаған ақша соммаларымен және олардың қабылдап болғанға дейінгі соммаларымен несиелейді.
4.Құқықтық бөлім. Құқықтық бөлім «Еуразиялық банк» АҚ-ның қызметін ҚР Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарымен, сондай-ақ өз қызметіне жатқызылған мәселелер бойынша ҚР заң құжаттары мен Президентінің заңдары негізінде және оларды орындау үшін шығарылатын Ұлттық Банктің қалыптық құқықтық құжаттарымен және де «Еуразиялық банк» АҚ-ның жүргізілетін барлық операцияларды ҚР банктік заңдылықтар негізінде реттеп отырады.
Ақпараттық технологиялар бөлімі. Ақпараттық технологиялар бөлімі елдің, шаруашылықтың, әр түрлі соммалардың, кәсіпорындардың экономикалық жағдайлары туралы керекті деректермен қамтамасыз етеді. «Еуразиялық банк» АҚ-ның өз қызметкерлерін комьютерлік технологиясымен қамтамасыз етуі керек. Ол интернетке міндетті түрде қосылған болу керек.
Басқару қызметінің негізгі бағыттарын көрсететін 3 негізгі бөлімше бар:
1. Банктің коммерциялық қызметінің негіздерін өңдеу және жетілдіруді басқару бөлімшесі. Ол келесі қызметтерді атқарпады:
-банкті басқаруда нақты мақсаттарды анықтау үшін банктің іскерлік саясатының актілерін жасау;
-банк балансын дайындау ;
-банктің несиелік потенциалын анықтау;
-банктің жұмыс нәтижелері бойынша жалпы есепберуді әзірлеу;
-банк қызметін жүзеге асыру бойынша негізгі бағыттарды анықтау.
2. Банк қызметінің шаруашылық есеп айырысуларын ұйымдастыру бөлімі:
-банктің шығындары мен кірістерінің жағдайын анықтау;
-банктің кірістері мен шығындарын болжау;
-жоспарланғанымен салыстыра отырып банктің іс жүзіндегі кірістерімен шығындарын талдау;
-банк жұмысының рентабельділігін талдау және оны жоғарылату перспективалары.
3. Банк өтімділігін басқару бөлімі – банктің ағымдағы және келешектегі өтімділігін анықтау бойынша сұрақтардың көлемін шешеді:
-банктің баланс өтімділігініңкөрсеткіштерін есептеуді жүргізеді;
-банктің күнделікті өтімділігін бақылайды;
-банктің өтімділігіне әсер ететін факторлардың жиынтығын талдайды.
Несиелік басқару – банктің активті операцияларын жүзеге асырудағы орталық жүйе болып табылады.
1. Несиелік операцияларды жалпы ұйымдастыру бөлімі:
-нақты экономикалық жағдайға байланысты банктің жалпы саясатын және оны жүзеге асыру тәртібін анықтайды;
-несиелеу мен қаржыландырудың ұзақ және қысқа мерзімді әдістемесін, клиенттердің несие қабілеттілігін айқындау әдістемесін жасайды;
-несиелік тәуекелділіктерді қайырып,банктің несие операцияларын сақтандыру механизмін анықтайды.
Банк – бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым.
Банктің негізгі қызметі – банктік қызметтерді көрсету. Банктік қызмет нарығында 13 жыл ішінде Еуразиялық Банк өзін халыққа кеңінен қызмет көрсететін тұрақты, сенімді банк ретінде көрсетті.
«Еуразиялық Банк» АҚ-ның басқа да бөлімшелері мен филиалдары сияқты Тараз қалалық филиалы да келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
- несиелеу;
- депозиттер;
- ақша аударымдары;
Банктің негізгі қызметі болып несиелеу есептеледі. Несиелік операцияларды несиелеу бөлімі атқарады. Несиелеу бөлімі несие операциялар түріне байланысты секторларға бөлінеді:
- тұтынушылық несие бөлімі;
- ЕҚДБ бағдарламасы бойынша несиелеу бөлімі;
- Депозит бөлімі.
Тұтынушылық несие бөлімі. Несиелердің барлық түрлері жылжымайтын мүлік кепілімен беріледі және мақсаттық пайдалануға ғана беріледі (несие мақсатсыз пайдаланған жағдайда несие сомасының 25% айыппұл төленеді). ЕҚДБ бағдарламасы бойынша несиелеу секторында несие төлеудің көзі бизнестен түскен табыс болса, бұл бөлімде отбасының табысы қарастырылады, оған кәсіпкерлік қызметтен не жалақыдан түсетін табыс кіреді. Клиенттің төлеу қабілеті келесі әдіспен есептеледі: отбасының тұтастай табысы есептеледі;
Отбасының тұтастай табысынан отбасыға кететін шығындар алып тасталынады (минималды тұтыну қоржынынан); алынған мәліметтер негізінде клиенттің төлеу қабілеттігі және төлей алатын несиенің максималды мөлшері есептелінеді. Егер сұранып жатқан сомма одан аз болса не максималды несие мөлшеріне тең болса, оның өтініші қарастырылады, ал асып кетсе, клиентке несиенің максималды мөлшерінде несие алу ұсынылады.
Банктің негізгі тағайындауы – ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық.
Қаржылық тәуекелдіктің субъектісі ретінде банктердің екі негізгі белгісі болады. Бұл белгілер оны басқа субъектілерден айрықшалып көрсетеді:
1.Банк қызметіне борыштық міндеттемелерді екі жақты айырбастау тән. Банктер өзінің борыштық міндеттемелерін депозиттерге, жинақ ақша сертификаттарына және т.б. орналастырады, ал осының негізінде жұмылдырылған қаражат қаржы нарығының өзге субъектілері шығарған борыштық міндеттемелер мен құнды қағаздарға бағытталады.
2.Банктер заңды және жеке тұлғалардың алдында, мысалы, клиенттің қаражатын шотқа және салым ақшаға орналастырғанда, депозит сертификаттарын шығарғанда және т.б. тіркелген борыш сомасы бар сөзсіз міндеттемені қабылдайды. Бұл ресурстарды өз акцияларын шығарудың негізінде жұмылдыратын инвестициялық қорларға тән емес. Борыш сомасы бойынша тіркелген міндеттеме делдалдарға біршама қатер төндіреді, өйткені, ол нарық конъюнктурасына қарамастан толық төленуі керек, ал инвестициялық компания өзінің активтері мен пассивтерінің құнына қатысты өзгерістер тудырған барлық қатерді өз акционерлеріне бөліп береді.
2010 жылы Банктің бизнес-мақсаты бизнестің әртүрлі сегменттерін қамтыған ірі неие-қаржы институты ретінде дамуы үшін жағдайлар жасау, бизнесті жүргізу үшін негіз болу, кадр потенциалын тарту, жүргізіліп отырған бизнес-процестерді өзгерту болды.
Банк 2010 жылы өзінің қызметін келесідегідей негізгі бағыттарда жүргізді:
-Банк активтері мен меншікті қаражаттарының мөлшерін ұлғайту;
-меншікті облигацияларды орналастыру жолымен қосымша қаржы ресурстарын тарту;
-банктік қызмет өнімдерін кеңейту;
-клиенттік базаны ұлғайту;
-бонустық сыйақы енгізу жолымен банк қызметкерлерінің мотивация жүйесін қайта құру;
-Банктің ақпараттық жүйесін жетілдіру;
-сатудың жаңа арнасын қалыптастыру жолымен банктің аумақтық желісін кеңейту.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктердің жиынтық активтері 2010 жылы 330,2 млрд теңгеге немесе 2,78%-ға азайып, 2011 жылдың 1-қаңтарына 11557,3 млрд теңгені құрды. Екінші деңгейлі банктердің жиынтық активтеріндегі Еуразиялық банктің алатын үлесі 2011 жылдың 1-қаңтарына 324,0 млрд теңге немесе 2,81% болды.
2011 жылдың 1-қаңтарына банк секторының жиынтық есептік меншікті капиталы 913,5 млрд теңге болып, есептік кезеңге 2859,6 млрд теңгеге немесе 146,94%-ға кеміді. Есеп беру кезеңіне бұл Банктің меншікті капиталы 36,7 млрд теңгені құрды.
2010 жылы Банктің Жарғылық капиталы ұлғайды және 2011 жылдың 1-қаңтарына 24210,2 млн теңгені құрды. Сонымен қатар, банктің баланстық капиталының көлемі есеп беру жылы 1497,1 млн теңгеге азайып, 24025,9 млн теңге болды.
Республиканың әртүрлі аймақтарындағы заңды және жеке тұлғаларды несиелендіру банктің дамуының негізгі бағыттарына кіреді. Банктің несиелік саясатының алғышарттары болып экономиканың нақты секторына қолдау көрсету, өнеркәсіптік, қаржылық, саудалық, ауылшаруашылық кәсіпорындарымен тығыз байланыс жасау, әлеуметтік-экономикаылық бағдарламаларды қаржыландыру және сенімді және рентабелді клиенттердің тұрақты шеңберін құру.
ҚР екінші деңгейлі банктердің ссудалық портфелі 2010 жылы 395,9 млрд теңгеден 9638,9 млрд теңгеге дейін артты. Еуразиялық банктің ссудалық портфелі есеп беру жылы 188555,6 млн теңге болды. Екінші деңгейлі банктердің жиынтық ссудалық портфеліндегі үлесі 1,96 %-ды құрды.
2010 жыл ішінде Банктің ссудалық портфелінің салалық құрылымында келесідей өзгерістер болды. 2009 жылы Банктің ссудалық портфеліндегі едәуір өскен көрсеткіш – ол займдар бойынша, яғни жеке тұлғаларға ұсынылған қарыз көлемі 29425,2 млн теңге. Нәтижесінде жеке тұлғаларға қарыздың ссуда портфеліндегі үлесі 29,69%-дан 35,75%-ға дейін өсті. Несиелендіру көлемі бойынша екінші орында «қаржылық делдалдар» секторына ұсынылған қарыздар., оның үлесі 2009 жылы 0,33%-дан 11,4%-ға дейін көтерілді. Сондай-ақ «Мұнай және газ өндіру» секторы бойынша несиелендіру көлемі өсті, оның үлесінің 0,17%-дан 2,09%-ға дейін өскені байқалады.
2010 жыл есеп беру кезеңінде банктің жиынтық міндеттемелерінің көлемі 21,83%-ды құрып, 2010 жылдың 1-қаңтарына 300,3 млрд теңге болды. Банктің депозиттік базасының көлемі 236058,2 млн теңгені құрды (ағымдағы шоттарды, карт-шоттарды, клиенттердің талап етуге дейінгі және мерзімді салымдарын есепке алғанда). Өсу қарқыны 101984,5 млн теңге болды.
ҚР екінші деңгейлі банктерінің жеке жәнезаңды тұлғалардан тартқан салымдарының жалпа сомасы 7799,4 млрд теңге болып, өтккен жылмен салыстырғанда 926,4 млрд теңгеге артты, оның ішінде заңды тұлғалардың салымдары 5862 млрд теңге, 9,11%-ға, ал жеке тұлғалардың салымдары 1937,4 млрд теңге, 29,13%-ға артты.
Есеп беру жылы банкке салымдардың көлемі жағынан лидер болған жеке тұлғалар мен «зерттеу мен өңдеу» саласы, онда жеке тұлғалардың салымдар құрамындағы үлесі 17,98%-ға ал «зерттеу мен өңдеу» секторының депозиттік портфелдегі үлесі 16,77%-ға ұлғайды. Одан әрі тартылған қаражаттардың көлемі бойынша көп үлесті «Металлургия өндірісі» алады, оның үлесі 10,91%6, алайда өткен жылға қарағанда 13,5 пайызға төмендеді.
ҚР ЕДБ-дің бөлінбеген пайдасы кері мәнге ие болды, яғни 2834,2 млрд теңге, сондықтан бұл көрсеткіштің кемуі тіркелді, яғни өткен жылға қарағанда 2845,1 млрд теңгеге азайды.
Таза пайдасы бойынша Банк 2011 жылдың 1-қаңтарына банктердің ішіндегі 38 орынды алып отыр. Оның жабылмаған шығыны 12285,4 млн теңге болды.
Банк сонда да өз қызметін жалғастыруда. Яғни клиенттерге барлық қызмет түрлерін көрсетуде, және халықаралық есеп айырысу түрлерін, атап айтқанда аударым операциясы, құжаттық аккредитивтер, кепілдік операциялары және басқа да сеп айырысу формалары сияқты операцияларды жүргізуде. Банк банк аралық валюталық және ақша нарығында белсенді қатысушы болып табылады, ҚР бағалы қағаздар нарығында операциялардың кең шеңберін жүргізуші банктердің бірі.
Банк әрдайыи бағалы қағаздар нарығының алғашқы және қайталама нарығында да қатысып жүрді. 2009 жылы Банктің бағалы қағаздар портфелінің жиынтығы 15683,7 млн теңгеге ұлғайды.
2011 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша бағалы қағаздардың жиынтық портфеліндегі сатуға арналған қолда бары 36330,5 млн теңге болды, оның ішінде:
-мемлекеттік бағалы қағаздар портфелі – 30635,5 млн тг;
-мемлекеттік емес бағалы қағаздар портфелі – 5695,0 млн тг.
1.01.2011 жылы бан ҚР ЕДБ-дің сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздарының жиынтық көлемінің ішінде 6,67 пайыздық үлеспен Еуразия банкі 3-орынға ие болды.
Филиал желісін кеңейту мен орта және шағын бизнес сегментін дамытуға байланысты клиеттерге қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Экономиканың әртүрлі саласындағы көптеген кәсіпорындармен жұмыс жасай отырып, олардың нақты қажеттіліктерін есепке ала отырып өңделген банктік қызмет түрлерінің тізімін банк өзінің клиенттеріне ұсынды. Есеп беру кезеңінде Банк банктік операцияларды жүргізу сапасы қалай болса, сенімділік көрсеткішіне солай лидер болып саналатын ірі қаржылық институттармен қарым-қатынасты дамытуға көп көңіл бөлді.
Банктің ақпараттық технологиясын дамыту клиенттерге көрсететін қызмет түрлерінің сапасын жақсартуға, олардың инвестициялары мен автоматтандырылған банктік жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
2010 жылдың 3-тоқсанында Банктің мәліметтерді өңдеу Орталығы (МӨО) іске қосылды. МӨО резервтік көшірме мен басқарудың жалпы жүйесімен біркелкі жобаланған есептеу кешенімен байланысты әмбебап ақпараттық инфра құрылым болып табылады.
2010 жылдың 3-тоқсанынан бастап негізгі банктік жүйе стандартты ORACLE құралдарымен ауыстырылған.
4-тоқсанда банктің телефон модернизация жобасы мен мәліметтерді тарату желісі іске қосылды.
2.2 Банктің 2009-2010 жылдардағы баланстық шоттарына баға беру

Банк активтері – пайда табу мақсатында банктік ресурстарды түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттары.


Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады. Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:
1.Касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттары;
2.займдар;
3.Бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
4.Банктің ғимараты мен жабдықтары
Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел активтерінің көлеміне, толық бағалы емес активтерінің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады. Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуі тиіс. Осыған сәйкес банк өз активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай жоғары өтімді активтер, өтімді акитвтер, ұзақ мерзімді өтімді активтер болып бөлінеді, жоғары өтімді активтерге кассадағы қолма –қол акшалар, орталық бактергі корршоттағы қаражаттар, мемлекеттік қарыздық міндеттемелер, өзге де банктердегі корршоттағы қаражаттар жатады.[9]

1-кесте


Банктің активті операцияларына талдау



Активтер

2009 жыл

2010 жыл

Абс. ауытқу
(+;-)



Өсу қарқыны, %

Сомасы, мың тг

Үлес салм,
%

Сомасы, мың тг

Үлес салм,
%

Ақша қаражаттары

13820441

4,3

8414870

2,3

-5405571

60,89

ҚРҰБ шоттар

50354612

15,7

22886795

6,4

-27467817

45,45

1-кестенің жалғасы



Аффинирленген бағалы металдар

403898

0,1

41359

0,01

-362539

10,24

Саудалық бағалы қағаздар

-

-

3562753


0,9

-

-

«Кері РЕПО» келісімі бойынша дебиторлық қарыздар

21392315

6,6

272600

0,1

-21119715

1,274

Туынды қаржы құралдары

390

0

55500

0,01

55110

14231

Басқа банктердегі шоттар мен депозит

27408828

8,5

11031532

3,1

-16377296

40,25

Клиенттерге берілген несиелер

148996935

46,4

212633856

59,1

63636921

142,7

Сатуға арналған қолда бар активтер

36340492

11,3

33662372

9,4

-2678120

92,63

Өтелуге дейінгі активтер

-

-

40286307

11,2

-

-

Табыс салығы бойынша алдын-ала төлем

543492

0,2

715655

0,2

172163

131,7

Кейінге қалдырылған салықтық активтер

4296247

1,3

3480963

0,9

-815284

81,02

Негізгі құралдар

10924818

3,4

11692334

3,2

767516

107

Материалдық емес активтер

747194

0,2

1053202

0,3

306008

141

Басқа да активтер

6050925

1,9

10027634

2,8

3976709

165,7

Активтердің барлығы

321280617

100

359817732

100

38537115

112

Ескертпе: дерек көзі - Банктің 2008-2009 жылғы бухгалтерлік балансы



Жоғарыдағы кестеде «Еуразиялық Банк» АҚ-ның 2009-2010 жж активтерінің ауытқуы мен өсу қарқыны көрсетіліп, есептелінген. Өткен жылмен салыстырғанда есеп беру жылы активтердің жалпы соммасы 38537115 мың теңгеге (359817732-321280617), яғни 12 %-ға өскен.
Бұл банктің 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы жұмысының нәтижелі болғандығын көрсетеді.
Әсіресе, банк активтерінің өсуіне ерекше үлес қосқан сатуға арналған активтер болып табылады.
Банктің сатуға арналған активтері алдағы жылмен салыстырғанда есепті жылы 2678120 мың теңгеге (33662372-36340492) азайған.
Баланста көрсетілген, яғни банктің басқа да активтеріне мыналар жатады: өзге қаржы мекемелеріндегі шоттар мен депозиттер, бағалы металдар, табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер, мерзімі ұзартылған салық активтері және т.б.
Басқа да активтер соммасының жоғарылауы банктің тиімді жұмыс жасап, қаражаттарын тиімді орналастыра алғандығын көрсетеді.
2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы клиенттерге берілген несиелер көлемі 63636921 мың теңгеге (212633856-148996935) немесе 42,7 %-ға артты. Клиенттерге берілген займдардың өсуі банктің өз клиенттері алдында үлкен сенімге ие болғандығын көрсетеді.
Баланстың пассиві – олар өз қарауына әртүрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және сол сияқты операцияларды тартып қаражат жүргізеді.
Пассив операцияларына салым қабылдау, өзінің бағалы қағаздарын шығару, банкаралық несиелер алу, міне осылар жатқызамыз.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктің ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда.
Меншікті қаражаттар қатарына , біріншіден , коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді.
Тартылған қаражаттардың жаңа түріне : ҰБ- тен және де басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы – материалды құндылықтар жатады.
1.банктің меншікті капиталы.
2.банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметіне қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптардан тұрады:

  • жарғылық капитал;

  • резервтік капитал;

  • қосымша капиталдар;

  • банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар;

  • бөлінбеген банк пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды.
Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары соммасынан тұрады.
Акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.
Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі – акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін қарыздардың орнын жабуы мақсатында құрылған қаражат қоры.
Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялар бойынша пайыздар төленеді.
Қосымша капиталдар- негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижксінде құралатын қаражаттар.
Арнайы қорлар- негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге : несиелік тәуекелді жабуға және БҚ-ң құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда- акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.[9]
Бантік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:

  • депозиттік қаражаттар;

  • депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Депозит- бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар- бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
1-кесте
«Еуразиялық банкі» АҚ- ның 2009-2010 жж пассивті операцияларын талдау



Пассив

2009 жыл

2010 жыл

Абс. ауытқу
(+;-)



Өсу қарқыны, %

Сомасы, мың тг

Үлес салм
%

Сомасы, мың тг

Үлес салм
%







Міндеттемелер



















Банктер шоттары мен депозиттері

26113432

8,79

24719436

7,39

-1393996

94,662

ҚР Үкіметінен алынған қарыздар

181749

0,06

1008804

0,30

827055

555,05

«Кері РЕПО» келісімі бойынша кредиторлық қарыздар

2200271

0,74

15283435

4,56

13083164

694,62

Туынды қаржы құралдары

-

-

70803

0,02

-

-

Табыс салығы бойынша қарыздар

332605

0,11

360429

0,10

27824

108,37

Клиенттердің ағымдағы шоттары мен депозиттері

240618500

81,0

245792945

73,48

5174445

102,15

Шығарылған қарыздық бағалы қағаздар

10177668

3,42

23190282

6,93

13012614

227,85

Шығарылған субординарлық қарыздық бағалы қағаздар

16569016

5,57

19365588

5,78

2796572

116,88

Басқа да міндеттемелер

857142

0,28

4703536

1,40

3846394

548,75

Міндеттемелердің барлығы

297050383

100

334495258

100

37444875

112,61

Меншікті капитал



















Акционерлік капитал

24210204

99,91

24210204

95,60

0

100

Қосымша төленген капитал

25632

0,09

25632

0,10

0

100

2-кестенің жалғасы



Банктік тәуекелді жабуға резервтер

5304320

-

5304320

-

0

100

Басқа да резервтер

-1342993

-

-451707

-

891286

33,634

Таза пайда

-3966929

-

-3765975

-

200954

94,934

Капиталдың барлығы

24230234

100

25322474

100

1092240

104,51

Міндеттемелер мен капитал жиыны

321280617

-

359817732

-

38537115

111,99

Ескертпе: дерек көзі - Банктің 2008-2009 жылғы бухгалтерлік балансы


Талданып отырған кестеде банктің пассивтік операциялары көрсетілген. Міндеттемелерге келетін болсақ, банктің барлық міндеттемелері 2010 жылы 359817732 мың теңгені құрады, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 38537115 мың теңгеге немесе 11,99 %-ға өскен. Оның ішінде, клиенттердің салымдары 2010 жылы 245792945 мың теңгені құрады, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 5174445 мың теңгеге жоғарылаған. Сондай-ақ, басқа да тартылған қаражаттар 2008 жылмен салыстырғанда артқан, яғни ең көп қолданылған құралдар, несие мекемелеріндегі құралдары. Яғни, бұл көрсеткіштердің кемуі де, өсуі де халықаралық рейтингіде Банктің сенімді түрде жоғарлауына мүмкіндік беруде, яғни банкаралық займдардың көлемінің ұлғаюына үлкен мүмкіндік беруде.
Ал, капиталға келетін босақ, меншікті капиталдар 2010 жылы 25322474 мың теңгені құрады, яғни базистік жылмен салыстырғанда 1092240 мың теңгеге немесе 4,51 %-ға өскен. Оған әсер еткен көрсеткіштер -- банктік тәуекелді жабуға құрылған резервтер көлемінің біршама артуы, яғни өткен жылға қарағанда 100 %-ға өскен. Соның нәтижесінен есепті жылы бөлінбеген кіріс көлемі кеміді. Яғни, меншікті капиталдардың кемуі бұл банктің пассив құрылымының сапасын және санын өзгертуге кері әсерін тигізеді.
2.3 Банктің несие операциясына талдау

Банктің несие портфелінің құрылымдық сипаттамасы. Банктің 2010 жылы ендірген жаңа қызметтері мен түрлері:



  1. Несиелендіру. Жаңаланған несиелік ұсыныстар:

    1. Автонесиелеу бұл жаңа немесе ұсталған көлік құралын алу үшін ақшалай немесе АҚШ доллары түрінде 5 жыл мерзімге жылдық 19 % пайызбен берілді.

    2. Экспересс – несиелеу бұл тұтыну қажеттілігіне байланысты кепілсіз несиелендіру. Несие теңге немесе АҚШ доллары түрінде 3 жылға жылдық 40% берілді.

    3. Тез арадағы мұқтаждықты несиелендіру – бұл несиенің түрі теңге немесе АҚШ доллары түрінде 20 жылға жылдық 20 % пайызбен берілді. Бұл несиенің түрлері банктің республика бойынша барлық филиал желілерінде іске асты.

2. Депозиттер. 2010 жылдың қараша айында банктің жаңа депозит желілері пайда болды. Олар Универсалды, жинақтаушы, Жалақылық Спринт, Бөбек, VIP атты түрлері енгізілді. Банк салымшыға салынған ақша мөлшерінің 70%-дық несие лимиті бар және еш пайызссыз тез арада 45 күн аралығында төлеп құтылу
мүмкіндігі енгізілген. Ең төмен және жоғарғы пайыз жарналары 15%-13,2% теңге түрінде, ал 1,2% 9,0% АҚШ доллар, 1,0%-6,5% евроны құрады. Ол 1 күннен-60 күн аралығында болды. Бұл депозиттік үсныстар 2007 жылдың 15 қарашасынан беріле бастады.
3. Карточкалар. Карточкалық қызмет түрі бойынша келесідегідей қызметтер көрсетілді: Олар 2009 жылдың ақпан айында UniCard атты төлем карточкасы енгізілді. Оның көмегімен біріншіден қолма-қол-немесе қолма-қолсыз ақша алымдары мен несиелік лимит енгізуге жағдай туды. Екіншіден жанармай құйу бекеттернді ақы төлемей карточканың көмегімен жанармай сатып алынатын болынды. Және де жалақы, алуға бір карточкадан екіншісіне ақша салу мүмкіндігі туды.
4. Операциялық қызмет. Бұл қызмет бойынша банктің кез-келген бөлімшесінен есеп шотын ашып Қазақстан және шет ел валютасы негізінде бүкіл әлемге Нұр –Экспресс атты ақша аударымдарын жасауға мүмкіндік туды.
5. 2009 жылдың 12 желтоқсанында Oracle-E-Business Suite атты юағдарлама ұсынылды. Осы бағдарлама барлық бизнеске қажетті қызметтерді яғни сату және сатып алу, қызметкерлерге жалықы төлеу, тікелей қолма-қол және қолма-қолсыз ақша аударымдары енгізілген т.б. Бағдарламаны енгізу құны 62 млн тг құрап TOO “ABS Soft Development”компаниясы айналысты. Бұл займ банкке 2005 жылдың қараша айында 12 айлық мерзімге берілген болатын Бірақ та шетелдік банктер (ING Bank N.V, Нидерланды, CitiGroupАҚШ ) займды тағы 12 айға созуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңдағы рыноктың тұрақталып өз орнын табуы банктің бизнес процесстерін ешбір туекелсіз жақсарту мүмкіндігі болып отыр. Банктің бизнес балансын қамтамасыз ету үшін ссудалық портфельдің 50 % шағын және орта бизнестіің үлесіне түседі деп болжамдалуда. Дегенмен банктің корпоративтік клиенттері –акционерлердің ең басты приоритетіне айналмақ осыған орай көрсетілетін сервистің сапасы артып инвестициялық банкинг дамуда. Осы жылдағы мақсат шағын және орта бизнестің ссудалық портфелдегі үлесін арттыру болып табылады.
Еуразиялық банк әркезде карточкалық қызмет ету бизнесінде алдыңғы орынды алып келе жатыр сол себептен осы бағытты одан әрі қарай дамыту да қолға алынуда. Осы кезге дейін банк 150 мың VISA International атты карточкаларын шығарған. Республикамызда 184 банкомат орналасқан, 2010 жылдың соңына дейін банкоматтардың санын 250-ге жеткізу көзделуде.
Бизнесті жүргізудегі ең басты приоритеттерінің бірі болып-“Ашықтық , бизнес процесстердің технологиялық дамуы” болып табылады.
3-кесте
Банктің несие портфелінің салалық құрылымына талдау





Салалар

2009жылға
сомасы,
мың тг

2010жылға
сомасы,
мың тг

Ауытқуы
(+;-)

Өсу
қарқы
ны,
%

1

Ауыл шаруашылығы

11121745

27357980

16236235

245,99

2

Машина және құрал өндірісі

51347

669638

618291

1304,1

3

Көмір және лигнит өңдеу

1187680

3069424

1881744

258,44

4

Мұнай өңдеу

3932565

4370048

437483

111,12

5

Таукен өнеркәсібінің басқа да салалары

73650

647276

573626

878,85

6

Тамақ өнімдерін өндіру

6637076

9368257

2731181

141,15

7

Орман шаруашылығы

11713

10673

-1040

91,121

8

Киім өндірісі

18423

17085

-1338

92,737

9

Ағаш өнімдері өндірісі

43718

266710

222992

610,07

10

Қағаз өндірісі

1192300

-

-

-

11

Баспа қызметі

342503

631517

289014

184,38

12

Кокс өндірісі

606796

-

-

-

13

Химия өнеркәсібі

393419

389989

-3430

99,128

14

Резина өнімдерінің өндірісі

1231098

923074

-308024

74,98

15

Басқа да минералды өнімдер

376111

363620

-12491

96,679

16

Металлургия өнеркәсібі

165329

16246

-149083

9,8265

17

Дайын металл өнімдер өндірісі

369912

2558197

2188285

691,57

18

Электр машиналар өндірісі

121804

115072

-6732

94,473

19

Медицина құралдарын өндіру

4805

310258

305453

6457

20

Жиһаз өндірісі

57948

1560059

1502111

2692,2

21

Қайта өңдеу

100272

51019

-49253

50,881

22

Энергия, газ, су өндірісі

242225

255000

12775

105,27

23

Құрылыс

17972597

19735686

1763089

109,81

24

Көлік сату және жөндеу

1432438

528939

-903499

36,926

25

Көтерме сауда

27046405

62529866

35483461

231,19

26

Бөлшек сауда

1960994

5342005

3381011

272,41

27

Қонақ үй және мейрамхана қызмет көрсетулері

342060

1012954

670894

296,13

3-кестенің жалғасы

28

Құрғақ жолды көлік

429964

583499

153535

135,71

29

Су көлігі

70000

82500

12500

117,86

30

Ауа көлігі

946792

1633

-945159

0,1725

31

Көмекші және қосымша көлік қызметі

1605357

2890481

1285124

180,05

32

Қоғамдық қызметтер

3312

-

-

-

33

Қаржылық делдал

21632722

186805

-21445917

0,8635

34

Жылжымайтын мүліктермен операциялар

5493158

3210310

-2282848

58,442

35

Жалгерлік қызмет

207684

349155

141471

168,12

36

Есептеу техникасы

97370

183846

86476

188,81

37

Зерттеу және өңдеу

178844

1227829

1048985

686,54

38

Тұтынушыларға көрсетілген қызметтер

4908495

8830167

3921672

179,9

39

Білім саласы

68534

87312

18778

127,4

40

Денсаулық саласы

563381

832324

268943

147,74

41

Қалдықтарды жою және канализация

297420

263599

-33821

88,629

42

Мәдениет және спорт

4081359

4531050

449691

111,02

43

Жеке қызмет түрлерін көрсету

43481

2686290

2642809

6178,1

44

Жеке тұлғалар

67429371

52321679

-15107692

77,595

45

Үй шаруашылығы қызметі

-

1956488

-

-

46

Қызмет көрсету бойынша үй шаруашылығы қызметі

-

49466

-

-

47

Жеке тұтыну үшін үй шаруашылығы қызметі

-

561835

-

-

48

Пошта және байланыс

81449

5184704

5103255

6365,6

49

Текстиль өндірісі

3379981

37093

-3342888

1,0974

50

Кеңсе құрал-жабдықтары

-

14142

-

-

51

Барлығы

188555607

228172799

39617192

121,01

Ескертпе: дерек көзі- Банктің қаржылық ақпараты, 2-бөлім



Несие беру міндеттемесі мен кепілдеме, қажетті ақша қаражаттары мен кепілдеме түрі несие алушы контрагенттің несие тәуекеліне байланысты.


Ең негізгі кепілдеме түрлері олар: - несиелеудің коммерциялық түріне-жылжымайтын мүлік, құрал жабдықтар мен тауар материялдық босалқылар,
- жеке дара несиелеуге- тұрғын үй, көлік құралдары, үшінші жақтың кепілдемесі кіреді.
Банк экономиканың әртүрлі салаларын несиелендіру қызметін көрсетті. Ондағы нәтиже мынадай: есеп беру жылы банк тарапынан 228172799 мың теңге көлемінде несие берілсе, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 188555607 мың теңгеге аз болған еді. Яғни 2010 жылы бұл көрсеткіштің көлемі 21,01%-ға артық болды.
Оның ішінде ең көп несие берілген салалар: электр машиналар өндірісі, жеке тұлғалар, мұнай өңдеу, көмір және лигнит өңдеу, қаржылық делдал және тағы басқалары.



1-сурет. Банктің экономика салалары бойынша несие беру көлемі


4-кесте


«Еуразиялық банк» АҚ несие портфелінің көлеміне баға беру



Несие портфелі

2009 жыл

2010 жыл

Ауытқуы,
+;-

Өсу қарқыны, %




Сомасы, мың тг







Клиенттерге берілген қарыздар

167164329

228172543

61008214

136,5

Қарыздар бойынша есептелген пайыздық кірістер

5545304

7999862

2454558

144,26

Пайыздық кіріспен қоса есептегенде барлығы

172709633

236172405

63462772

136,75

Қарыздар бойынша жоғалтулар

23712698

23538549

-174149

99,266

Берілген қарыздың барлығы

148996935

212633856

63636921

142,71

Ескертпе: дерек көзі- Банктің қаржылық ақпараты, 2-бөлім

Ұсынылған несиелер бойынша туындайтын тәуекелдерден қорғану мақсатында банк потенциалды қарыз алушылардың несие алу туралы өтініштерін мұқият қарайды, олардың бизнесін бағалауда және қаржы жағдайына, сондай-ақ басқа да несие тәуекелінің элементтеріне ерекше көңіл бөледі.
Осылайша, банк несие портфелінің сапасын сақтауға, қарыз сипаттамасын анықтауға, ұсынылып отырған несиелерше мониторинг жүргізуге міндетті.
Қарыз жіктелімі қарыз алушының қаржылық көрсеткіштерінен, қарызды қамтамасыз ету және оның деңгейінен, қарызды қайтару бойынша жасалған келісім-шарттың шарттарын орындаудан тұрады.
Енді, келесі кестеде есеп беру кезеңіне банктің несие портфелінің сыныптамасына талдау жасалған.

5-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет