Диплом ной работы. В первом разделе дипломной работы дана теоретическая характеристика рынка финансовых услуг банка и пути его расширения. Во втором аналитическом разделе на основе годовой финансовой отчетности ао «Евразийский банк»


Сапасы бойынша несие портфелінің жіктелуі



бет4/5
Дата12.12.2022
өлшемі179,17 Kb.
#56748
түріДиплом
1   2   3   4   5

Сапасы бойынша несие портфелінің жіктелуі





Несие портфелі

2009 жыл

2010 жыл

Абс. ауытқу
(+;-)



Өсу қарқыны, %

Құрыл Пунк.
өзгеріс %

Сомасы, мың тг

Үлес салм,
%

Сомасы, мың тг

Үлес салм,
%

Стандартты



127588901

67,7

161506649

70,7

33917748

126,6

3,0

Күмәнді



45594524

24,2

51828372

22,8

6233848

113,7

-1,4

1-санатты күмәнді

15578914

8,26

16206292

7,12

627378

104

-1,14

2-санатты күмәнді

1093286

0,58

15201188

6,68

14107902

1390

6,1

3-санатты күмәнді

14595280

7,74

7168752

3,15

-7426528

49,12

-4,59

4-санатты күмәнді

2965765

1,57

654755

0,29

-2311010

22,08

-1,28

5-санатты күмәнді

11361279

6,03

12597385

5,54

1236106

110,9

-0,49

Үмітсіз



15372182

8,15

14837778

6,52

-534404

96,52

-1,63

Барлығы



188555607

100

228172799

100

39617192

121

0

Ескертпе: дерек көзі- Банктің қаржылық ақпараты, 2-бөлім




Банктің несие сапасының классификациясы стандартты, күмәнді және үмітсіз болып бөлінеді. Осы классификациялар бойынша әрбір жылы банк тарапынан сол берілген несиелерге провизиялар құрылады. Ол дегеніміз несиенің қайтарылмай қалу қаупінен сақтану, яғни несие сапасын бөліп алып сол бойынша резервтен ақша қаражаттарын аудару. Еуразиялық банкінде есеп беру жылы барлық берілген несие көлемі 228172799 мың теңге болса, оған құрылған провизия көлемі 23538549 мың теңге болды.
Несие жоғалтулары бойынша құрылған провизия көлемі төмендегі кестеде сипатталған.

6-кесте
Несиелер бойынша құрылған провизия туралы мәліметтер





Несие портфелі

2009 жыл

2010 жыл

Абс. ауытқу
(+;-)



Өсу қарқыны, %

Құрыл. Пунк.
өзгеріс %

Сомасы, мың тг

Үлес салм,
%

Сомасы, мың тг

Үлес салм,
%

Стандартты

0

0

0

0

0




0

Күмәнді

8802490

37,1

8719560

37,0

-82930

99,06

-0,1

1-санатты күмәнді

736756

3,1

803566

3,4

66810

109,1

0,3

2-санатты күмәнді

108949

0,46

1171134

4,9

1062185

1075

4,44

3-санатты күмәнді

2429802

10,2

949520

4,0

-1480282

39,08

-6,2

4-санатты күмәнді

729086

3,07

153714

0,7

-575372

21,08

-2,37

5-санатты күмәнді

4797897

20,2

5641626

23,9

843729

117,6

3,7

Үмітсіз

14947694

62,9

14818989

62,9

-128705

99,14

0

Барлығы

23750184

100

23538549

100

-211635

99,11

0

Ескертпе: дерек көзі- Банктің қаржылық ақпараты, 2-бөлім




Несие сомасына құрылған провизия сомасы өткен жылға қарағанда 211635 мың теңгеге кем құрылды. Бұл көрсеткіш банктің активті операцияларының көлемінің ұлғаюына, несиелер бойынша сыйақы мөлшерінің көбеюіне алып келеді. Күмәнді несиелер бойынша құрылған провизия көлемі өткен жылға қарағанда 82930 мың теңгеге кем болса, сондай-ақ үмітсіз несиелер бойынша резервтер көлемі де кеміп, 128705 мың теңгені құрды. Үмітсіз несиелердің кемуі банкке жағымды жағымен әсер етеді, ал көбеюі банк үшін несиелік тәуекелділікке алып келеді.
Несие портфелі коммерциялық банк балансы несие қарызының қалдығын белгілі –бір мерзімге көрсетеді. Несие портфелі жеке тұлғалар мен заңды тұлғалармен ұсынылған несиелерді және банкаралық несиелерді немесе қарыз алушылардың несие портфелін құрайды.
Қарыз алушы тұлғаларға жалпы несие портфелі мөлшерлік сипаты береді және тездетіп қаржылау, жоспарлау мен мерзімі өтіп кеткен және күдікті қарыздар жолымен несие есебі бойынша белгілі бір мерзімге есептеледі.

2.4 Банк табыстары мен шығыстарына талдау


Банк қызметінің пайдаланылған талдау сызбасы жалпы келесі сипаттамаларды енгізеді:



  • кірістер мен шығыстарды талдау;

  • пайдалы қалыптасу көздері және динамикасын бағалау;

  • рентабельділік көрсеткіштерінің жүйесі.

Банктің есеп беруін құру бойынша нормативтік құжаттармен қаралған кірістердің жүйелі сыныптамасы кірістердің келесі негізгі түрлерін ажыратады:

  1. Алынған проценттер және келесі қызметтерден түскен кірістер:

  • несиелер, депозиттер түрінде банктерде және басқа банктер шоттарында қаражаттарды орналастыру;

  • басқа клиенттерге ұсынылған ссудалар;

  • Лизингке берілген қаражаттар;

  • тұрақты белгіленген табысы бар құнды қағаздардан;

  • басқа да көздерден.

  1. Делдалдық (комиссиондық) кірістер

  2. Басқа да операциондық (операциялық) кірістер:

    • курстық айырмашылықты қоса алғанда, шетел валютасымен және басқа да валюталық құндылықтармен операциялардан түсетін кірістер;

    • құнды металлдарды, құнды қағаздарды және басқа мүліктерді сату-сатып алу бойынша операциялар кірістері; бағалы металдарды, құнды қағаздар мен басқа да мүліктерді қайта бағалаудан оң нәтижелер;

    • дивидентер формасында алынған кірістер

    • басқа ағымды кірістер.

  1. Ойда болмаған (алдын-ала білмеген) кірістер.

Банктің басты қызмет сферасындағы банк тиімділігің қаржылық есеп пайдаланушылардың бағалауы есеп берудің кіріс баптарын қайта топтастыруды қарастырады, яғни банк кірістері проценттік және проценттік емес (процентсіз) болып бөлінеді. Жарияланатын есептеменің материалдары бойынша бірінші топқа алынған процентер мен осыған ұқсас кірістерді, ал процентсіз кірістер тобына делдалдық кірістерді, басқа да операциялық кірістер мен алдын-ала болжамдалмаған кірістерді жатқызуға болады.
Банктің кіріс көлемінің өзгерісі жалпы алғанда операциялар көлемінің өзгеруіне, олардың табыстылық деңгейіне және түрлі деңгейлі табыс құрылымына байланысты.
Банктердің кіріс базасының сапасын бағалау көзқарасынан алғанда тек кірістердің жоғары деңгейі ғана емес, оларды алудың тұрақты және ұзақ мерзімді сипаты да маңызды мәселе екендігін есепке алу қажет. Потенциалды анағұрылым жоғары тәуекелдікті болады. Атап айтқанда, банк ссудалық операциялар бойынша, басқа кәсіпорындардың қызметіне қатысудан алынған кірістер айнымалы және анағұрылым тәуекелділіктілер қатарына жатады. Егер банк кірістерінің құрылымында кірістердің аталған баптарының үлесінің маңызды өсуінің тұрақты тенденциясы байқалса, онда бұл банк қызметіндегі тәуекелділіктің жоғарылауы туралы дәлелдейді.
Банк сенімділігінің жоғарылауы оның кіріс көздерінің құрылымының қаншалықты диверсификацияланғандығына байланысты. Банктерге ақылы қызметтердің және басқа операциялардың, брокерлік және трастылық операциялар, консультациялық көмек көрсету ауқылын кеңейту ұсынылады. Осындай қызмет түрлерін көрсетуден қосымша кіріс ала отырып банктер баланс баптарының көлемін көбейтпей-ақ өз пайдасын маңызды өсіруіне болады. Бірақ кірістердің бұл тобының жоғары өсу қарқынының тұрақты тенденциясы банктің активті операцияларын басқарудың нашарлауы не несие қызметтерінің нарығының коньюнктурасының нашарлауын дәлелдейді. Сонымен қатар, клиенттерге қызмет көрсетуме байланысты проценттік емес шығыстардың дәлелсіс жоғары өсуі және орын алуы мүмкін.
Кірістерді алудың дәстүрлі емес көздерін банк қаншалықты қолданатындығын құрылымдық динамикалық кесте негізінде проценттік емес кірістерді талдауды көрсетеді. Осыған ұқсас кезеңге жеке операциялар бойынша банк шығыстарының деңгейін талдауды жүргізу қажет. Банктің жарияланатын есептемесінде шығыстарды топтастыру жоғарыда қарастырылған, кірістер тобымен келісілген, яғни шығыстардың келесі түрлерін енгізеді:

  1. Төленген проценттер және соған ұқсас шығыстар:

  • займдар мен депозиттерді қосқанда басқа клиентердің таптылған қаражаттары бойынша.

  • шығарылған қарыздық құнды қағаздар бойынша

  • арендалық төлем

  1. Делдалдық шығыстар:

  2. Басқа да операциялық шығыстар:

  • еңбек ақы төлеу бойынша шығыстар

  • эксплуатациялық шығыстар

  • курстық айырмашылықтарды қосқанда шетел валютасы және басқа да валюталық құндылықтармен операциялардан шығыстар.

  • бағалы металлдарды, құнды қағаздар және басқа мүліктерді сату-сатып алу бойынша операциялардан, РЕПО операцияларынан шығыстар, бағалы металдарды, құнды қағаздарды қайта бағалаудың теріс нәтижелері.

  • басқа да ағынды шығыстар;

  • алдын-ала болжамдалмаған шығыстар.

Алынған кірістер және банк жұмсаған шығыстардың қаншалықты салыстыруға келетіндігін бағалау үшін шығыстардың проценттік және проценттік емес іріленген топтамасы қолданылады. Жарияланастын есептемеде бірінші топқа негізінен «Төленген прценттер және соған ұқсас шығыстар» бөлімін құрайтын баптар сәйкес келеді.
Проценттік емес шығыстар категориясына клиенттерге қызмет көрсету бойынша, валюталық операциялар бойынша, банктің қызметін қамтамасыз ету бойынша шығыстар енгізіледі және ол делдалдық шығыстар, басқа операциялық шығыстар, сондай-ақ алдын-ала болжамданмаған шығыстарды көрсететін есептеме баптарына сәйкес келеді. Әр банк кезең соңында № 2-форма “Банк шығысы мен кірісі (табысы) туралы” есеп жасалады. Онда банктік қызметпен басты алынған табыстар мен шығыстар көрсетіледі.[25]
Банктің табысының көздері болып бизнесінің әр түрі табылады: құнды дикоттық: күзетті; банктің кепілді қызметі; құнды қағаздар мен бизнес; салымшылар тапсырмасы бойынша операциаларды жүзеге асыруға және салымдарды қабылдауға негізделген бизнес; басқа банктермен корреспонтенттік қатынастар; дәстүрлі емес банк қызметкерлерді көрсету.
Банктің барлық шығыстары сипаты бойынша келесі түрде бөлуге болады: операциялық шығыстар; шаруашылық қызметін қамтамасыз ету бойынша шығыстар; персоналдар жалақысы; арнайы резерфтер мен привозиялар; салықтық төлемдер. Енді кесте түрінде 2009-2010 жылғы “Еуразиялық банк”АҚ-ң қызметінің табысы мен шығысын талдайық.

7 -кесте
“Еуразиялық банк” АҚ-ның табыстары мен шығыстарының динамикасы





Көрсеткіштер

2009 ж

2010 ж

Ауытқуы (+,-)

өсу қарқыны, %

Сомасы, мың тг

Сыйақы алумен байланысты табыс

24784533

29287702

4503169

118,17

Сыйақы төлеумен байланысты шығыстар

20486915

21923799

1436884

107,01

Құн төмендеулер бойынша резервке аударымға дейінгі пайыздық таза табыс

4297618

7363903

3066285

171,35

Құн төмендеу мүмкіндігі бойынша резервке аударымдар

15204739

1999572

-13205167

13,151

Пайыздық таза табыс

-10907121

5364331

-

-

Сыйақы алумен байланысты емес таза табыс

4691504

6757118

2065614

144,03

7-кестенің жалғасы

Операциялық шығыстар

9223237

9185402

-37835

99,59

Операциялық пайда

-15688896

869422

-

-

Табыс салығын есептегенге дейінгі пайда немесе шығын

-15688896

868422

-

-

Табыс салығын төлеу бойынша шығыстар

-3617778

463100

-

-

Таза пайданың немесе шығынның барлығы

-12071118

405322

-

-

Ескертпе – «Еуразиялық банк» АҚ-ң 2010 ж кіріс және шығыс туралы есебі


Кестедегі мәліметтерді талдай келе біз мынадай қорытынды жасауымызға болады, яғни банктің кіріс және шығыс туралы есеп беру мәліметтерінде көрсетілгендей банктің есеп беру жылындағы табыстылық көрсеткіші өткен жылғы қарағанда жоғарлады. Яғни банк 2009 жылы өз қызметін шығынмен жапқан болатын. Ал есеп беру жылы таза пайда көлемі 405322 мың теңгені құрап отыр. Оған әсер еткен көрсеткіштер мыналар: сыйақы алумен байланысты табыстың 4503169 мың теңгеге өсуі, яғни пайыздық таза табыстың 3066285 мың теңгеге асуы. Сонымен қатар, сыйақы алумен байланысты емес кіріс көлемі 2065614 мың теңгеге немесе 44,3 пайызға артты.


3.„Еуразиялық банк ” акционерлік қоғамының қаржылық қызмет көрсетілерін жетілдіру жолдары


Қазақстанның бүгінгі экономикалық ақиқатының фактілері мен проблемалары болып, экономикалық нақты және қаржы секторларының дамуының арасындағы ертерек пайда болған тепе- теңсіздіктерге тереңделу табылады.


Нақты сектордың кәсіпорындарын несиелендіруді ұлғайту көп жағдайда, нақты экономиканың салаларындағы құрылымдық түрлендірілуінің темптері мен мінездемелері арқыы анықталады, сондай- ақ кәсіпорынның меншігінің қаржылық жағдайы мен құрылымы туралы мәлімет деңгейі мен анықталады. Осылайша, көпжағдайда экономиканы нақты және банктік секторындағы қабылданатын шешімдердің келісімділігі мен тиімділігі, бір жағынан, нарықтық және несиелік тәуекелдердің бөлістірілу механизміне; екінші жағынан, кәсіпорынның қаржы шаруашылық жағдайынан және қалыптасқан экономикалық конюнктурасын бағалануына байланысты болады.
Бұл контекстегі негізгі орынды екінші деңгейлі банктер мен нақты сектордағы кәсіпорындардың қаржы жағдайының меншікті мониторинг жүйесін құру сұрақтары алады. бұл банктерге өзінің мәліметтер базасын құруға мүмкіндік береді және несие алушы- кәсіпорындардың бағалануын оңайлатады.
Бұдан басқа, экономиканың нақты секторы мен банктік жүйенің арақатынастарындағы проблемаларды шешудегі тағы бір маңызды бағыт болып, нақты өндірістің өсуін ынталандырудың перспективті моделі ретіндегі қаржы лизингінің дамуы табылады.
Айта кететін жайт, соңғы кезде клиенттердің кең ауқымына лизингтік қызмет көрсетуге бейімделген екінші деңгейлі банктермен құрылған лизингтік компаниялар дами бастады. әдетте, банктер туынды компаниялардың қызметін қаржыландырады, бірақ банктің өзіне келген клиенттерді активті түрде оларға жібереді.
Бүгінгі күнге мынандай банктік лизингтік компаниялар жұмыс істеуде: “Халық лизинг” (“Қазақстан Халық Банкінің” АҚ), “БТА лизинг” (Туран Әлем Банк), “Темірлизинг” (Темірбанк), “Альянслизинг” (Альянс банк) және т.б.
Банктік лизингтік компаниялардың құру тиімділігі бүгінгі күнде айқын жағдай. Жалға алушыға құрал- жабдықты сатып алу емес, белгілі бір төлем үшін белгілі уақытқа қолдану тиімді. Бұл банкке де тиімді, өйткені, қымбат тұратын құралдарды жалға бере отырып, банкпен төленген құралдардың бағасынан бірнеше ел үлкен арендалық түсімдерден пайда алуға болады. Басқа жағынан лизинг банктік несие балама түрінде шығады және кәсіпкердің әрқашанда таңдау мүмкіндігі бар.
Осыған байланысты, лизингтік бизнестің тиімді дамуы үшін Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің туынды лизингктік компанияларын құру ұсынып отыр.
Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттің агроөнеркәсіптік бағдарламасында көрсетілген басым бағыттардың бірі болып, ауыл өндірісін және қайта өңдеуді несиелендірудің көп бағытты жүйесін құру табылады.
өз езегінде ауыл өндірісінің және қайта өңдеуді несиелендіру жүйесінің көп бағытты құрылу проблемаларының шешілуі екінші деңгейлі банктердің ауылды жалпы несиелендірудегі жоғарғы тәуекелділігіне байланысты қаламауында.
Қалалық банктердегі несиелер қиын алынуымен ерекшеленеді: жоғары өтімді кепіл болуын талап еткеннен; ал жер банктермен кепілдікке көп жағдайларда алынбайды, ауылдағы техника құнсыз және тозғанына байланысты оны да кепіл ретінде қолдану қиын. Бұдан басқа, банктер несиелендіру үшін тиімді жобаларды таңдайды және ауыл тұрғындарының тез арадағы қажеттіліктерін қанағаттандырудан аулақ болады.
Сонымен, фермерлердің негізгі бөлігі және басқа ауылды тауар өндірушілердің несиелендрілуі ешкіммен қараусыз қалады.
Ауыл шаруашылығын несиелендіретін арнайы банктерді құру мүмкін емес, ал табысты коммерциялық банктердің филиалды жүйесін кеңейту рентабелді емес.
Осы факторлардың барлығы ресурстарды ауылды жерлерде қолдану мен тартудың жаңа және тәуелсіз ұйымдастырылу формаларын іздеуге мәжбүр қылады және банктік емес ұйымдарға қызығушылығын білдіреді. Осылай, мысалға, Германияда несиелік кооперативтік жүйе 15 миллионнан астам мүшелерді есепке алады, олар 1621 несиелік кооперативке біріккен. Германиялық кооперативтік банктеріне, оның бүкіл несие нарығының 20-ы келеді. Ресейде 300-ге жуық елдің 60 аумағында несиелік бірлестіктер мен ауылдың несиелік кооперативтер жұмыс істеуде.
Бүгінгі күнде, өзара несиелендіру негіз болатын несиелік бірлестіктер шаруаларға қажетті ресурстарға қол жеткізуін оңайлататын тиімді жолдардың бірі болып табылады.
Несиелік бірлестіктерге бірігу талассыз артықшылықтар береді:

  • нақты аумақтың клиентурасына қызмет көрсететін банктік емес қаржы мекемесі құралады;

  • аталған регионның ақша қаражаттары айналымға максималды түрде тарту мақсатымен жұмсалады;

  • толық жауапкершілік шарттарында ерікті бірігу несиелік қаражатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Несиелік бірлестіктердің артықшылықтарының бірі болып, территориалды несинің жеткіліктілігі және тәуекелдің азаюы табылады. Ауылды жерде жаппай жұмыссыздық болуы кезінде несиелік бірлестіктерді құру бүгінгі күнде жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектесетін жалғыз сенімді және тиімді жол болып отыр. ауылды жерде банктік қызметтердің қазіргі заманғы кешендерін кеңейту, шаруашылық қожалықтарының қарқынды өсуіне және ауыл тұрғындарының жалпы жағдайының жақсаруына әкеледі.
Қазақстан Республикасындағы несиелік бірлестіктер институтының дамуындағы маңызды этап болып, ауылдың несиелік кооперациясының даму концепсиясының өңделуі мен қабылдануы табылады.
Бұдан басқа, қазіргі кезде іс- жүзіндегі несиелік бірлестіктер бөлектендірілген және берілген проблеманы бірігіп шешуге мүмкіндігі жоқ.
Аталған проблеманың шешілуі үшін арнайы құрылымдарды құру ұсынылып отыр: ауылды несиелік бірлестіктердің одағы және ауылды несие бірлестіктерінің даму қоры.
Одақ және қор- бұл бір- біріне тәуелсіз, бірақ бір мақсаты бар екі бөлек ұйым болып табылады. Олардың міндеттері: Қор- несие бірлестіктерінің қаржы көмегін жүзеге асырады, ал одақ- ауылдық несие бірлестіктің институтционалды дамуы жайлы қамқорланады.
Одан басқа келесі іс- шаралар кешенін қабылдау қажет:

  • несиелік бірлестіктер үшін белгілі бір салықтық жеңілдіктер беру және жергілікті атқару органдары тарапынан қамқорлық жасау;

  • несие бірлестіктер үшін ұйымдастырылу құжаттардың тізімін қайта қарау, жөндеу және оңайлату;

  • техникалық жабдықталуы жағынан талаптарды жеңілдету.

Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасында елдің банктік жүйесінің болашақта дамуын анықтайтын құжаттарды өңдеудің өткір қажеттілігі байқалып отыр.Осы мақсатта, бізбен алғаш рет Қазақстанның банктік жүйесінің даму стратегиясының жобасын өңдеуге талаптар жасалды, оның жүзеге асуы ортамерзімді перспективаға (5 жылға) арналған. Стратегия негізінен банктік жүйенің даму міндеттерін және оларды шешу бойынша мемлекеттік саясат шараларын анықтайды.
Қазақстанның банктік жүйесінің одан ары дамуының негізгі мақсаттары болып, оның тұрақтылығын күшейту, ақша қаражаттарын аккумуляциялау бойынша орындалатын функциялардың сапасын жоғарылату, банктің салымшылары мен басқа кредиторларының сенімділігін күшейту, олардың мүдделерінің қорғанысын күшейту, банктерді сенімсіз коммерциялық тәжірибеде қолдануын тоқтату табылады.Бұл Қазақстан экономикасының даму мүдделеріне жауап беретін, банктік істі жетілдіру мен банктік жүйені қалыптастыру бойынша берілген міндеттерді шешуге Қазақстанның Ұлттық банкінің және атқарушы органдарының мақсатқа жету талаптарының орындалуына ықпал ету керек.Даму стратегиясының жүзеге асырылуы мақсатында бірнеше іс- шаралар жүргізу және ұйымдастыру шараларының кешенін жүзеге асыру қажет болады. Айта кететін жайт, бұл аталған стратегия жобасының сөзсіз өңделуі мен жетілдірілуін қажет ететіндігінде, бірақ, меніңше, ол біріншіден, Қазақстанның Ұлттық Банкімен жасалған “2007 жылға дейінгі қаржы секторының даму концепсиясына” балама ретінде, екіншіден, стратегия концепсияға қарағанда ауқымы бойынша таралу құжат болғандықтан, яғни тек экономиканың банктік секторын ғана қарстыратын болғандықтан, онда ол орта мерзімді перспективаға Қазақстанның банктік жүйесінің даму концепсиясының толық өңделуі үшін негіз ретінде қолданыла алар еді.
Қорытынды

Комерциялық банктер даму үстінде. Өткен жылдары банктер несиелендірумен айналысуға қорқып, бір біріне қызғанышпен қарайтын. Қазіргі жағдай, 2010 жыл сенімді, тұрақтанған жыл болатын сияқты. Банктердің кіші ойластырылған стратегиясында: ол үлкен, әмбебап сенімді емес, ең алдымен ретабельді болуы керек. Ол үшін, менің ойымша, банктермен ұсынылатын қызметтерді диверсификациялауы, Өз клиенттерін іздеуі, оның қажеттілігін дәйекті зеттеуі керек себебі сәттілік құпиясы жай қарапайым қызметін дәстүрлі емес түрде біреуден тұрады. Еліміздің банк жүйесінің қалыпты дамуының міндетті шарты менің ойымша банкирлердің әділ бәсекелестігі деп санаймын, ол кез келген кәсіпкерліктің дамуы үшін жақсы орта болып табылады.


Қорытындалай келе диплом барысында қойылған мақсатқа байланысты алға қойылған сұрақтарды толық шешілді деп есеп беруде көрініс дәлел және банк қызметінің жұмыс жасау қабілеттілігі анықталды деп ойлаймын 2009-2010 жылдар аралығындағы баланстық есеп беру қорытындысымен есеп беру толық қанағаттандырылды және банктің алдағы уақытқа деген жетілдіру жолдары стратегиялық жолдаулар қарастырылады.
Бөлімдерге келетін болсақ ол жерде банктік қызмет көрсету нарығы, яғни операциялармен қызметтер секторы, оның қалыптастыру негіздері және өнімдерін қарастырдым. Жалпы алсақ алынған банк менің тәжірибеммен ұйқасып сәйкесіп тұр деп айтуға болады.
Зерттелінген тақырыбым бойынша қорытындылай келе мына ұсыныстарды беруге болады:

  • Н. Назарбаевтың - 2030 бағдарламасына сай Қазақстан Республикасындағы банк жүйесін жаңартып жетілдіру жолдарын ашу және оны кеңейту.

  • Ел экономикасын көтерудегі банктік қызметтердің кейбір түрлерінің жаңа түрлерін шығару.

  • Ақпараттық - технологиялық интернет жүйесі арқылы банк қызметтерін жетілдіру және оны банк жүйесінде қолдану.

  • Банк капиталдық базасын ұлғайтуда аймақтық саясаттарды жүргізу.

  • Жаңа қызмет түрлерін жүзеге асыруда жоғары квалификациялық мамандарды дайындау және оны іріктеу.

  • Банк бөлімдерімен көрсетілген қызмет түрлерін инвестиция портфелі ретінде басқару.

2010 жылы Банктің бизнес-мақсаты бизнестің әртүрлі сегменттерін қамтыған ірі неие-қаржы институты ретінде дамуы үшін жағдайлар жасау, бизнесті жүргізу үшін негіз болу, кадр потенциалын тарту, жүргізіліп отырған бизнес-процестерді өзгерту болды.
Банк 2010 жылы өзінің қызметін келесідегідей негізгі бағыттарда жүргізді:
-Банк активтері мен меншікті қаражаттарының мөлшерін ұлғайту;
-меншікті облигацияларды орналастыру жолымен қосымша қаржы ресурстарын тарту;
-банктік қызмет өнімдерін кеңейту;
-клиенттік базаны ұлғайту;
-бонустық сыйақы енгізу жолымен банк қызметкерлерінің мотивация жүйесін қайта құру;
-Банктің ақпараттық жүйесін жетілдіру;
-сатудың жаңа арнасын қалыптастыру жолымен банктің аумақтық желісін кеңейту.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктердің жиынтық активтері 2010 жылы 330,2 млрд теңгеге немесе 2,78%-ға азайып, 2011 жылдың 1-қаңтарына 11557,3 млрд теңгені құрды. Екінші деңгейлі банктердің жиынтық активтеріндегі Еуразиялық банктің алатын үлесі 2011 жылдың 1-қаңтарына 324,0 млрд теңге немесе 2,81% болды.
2011 жылдың 1-қаңтарына банк секторының жиынтық есептік меншікті капиталы 913,5 млрд теңге болып, есептік кезеңге 2859,6 млрд теңгеге немесе 146,94%-ға кеміді. Есеп беру кезеңіне бұл Банктің меншікті капиталы 36,7 млрд теңгені құрды.
2010 жылы Банктің Жарғылық капиталы ұлғайды және 2011 жылдың 1-қаңтарына 24210,2 млн теңгені құрды. Сонымен қатар, банктің баланстық капиталының көлемі есеп беру жылы 1497,1 млн теңгеге азайып, 24025,9 млн теңге болды.
Республиканың әртүрлі аймақтарындағы заңды және жеке тұлғаларды несиелендіру банктің дамуының негізгі бағыттарына кіреді. Банктің несиелік саясатының алғышарттары болып экономиканың нақты секторына қолдау көрсету, өнеркәсіптік, қаржылық, саудалық, ауылшаруашылық кәсіпорындарымен тығыз байланыс жасау, әлеуметтік-экономикаылық бағдарламаларды қаржыландыру және сенімді және рентабелді клиенттердің тұрақты шеңберін құру.
ҚР екінші деңгейлі банктердің ссудалық портфелі 2010 жылы 395,9 млрд теңгеден 9638,9 млрд теңгеге дейін артты. Еуразиялық банктің ссудалық портфелі есеп беру жылы 188555,6 млн теңге болды. Екінші деңгейлі банктердің жиынтық ссудалық портфеліндегі үлесі 1,96 %-ды құрды.
2010 жыл ішінде Банктің ссудалық портфелінің салалық құрылымында келесідей өзгерістер болды. 2009 жылы Банктің ссудалық портфеліндегі едәуір өскен көрсеткіш – ол займдар бойынша, яғни жеке тұлғаларға ұсынылған қарыз көлемі 29425,2 млн теңге. Нәтижесінде жеке тұлғаларға қарыздың ссуда портфеліндегі үлесі 29,69%-дан 35,75%-ға дейін өсті. Несиелендіру көлемі бойынша екінші орында «қаржылық делдалдар» секторына ұсынылған қарыздар., оның үлесі 2009 жылы 0,33%-дан 11,4%-ға дейін көтерілді. Сондай-ақ «Мұнай және газ өндіру» секторы бойынша несиелендіру көлемі өсті, оның үлесінің 0,17%-дан 2,09%-ға дейін өскені байқалады.
2010 жыл есеп беру кезеңінде банктің жиынтық міндеттемелерінің көлемі 21,83%-ды құрып, 2010 жылдың 1-қаңтарына 300,3 млрд теңге болды. Банктің депозиттік базасының көлемі 236058,2 млн теңгені құрды (ағымдағы шоттарды, карт-шоттарды, клиенттердің талап етуге дейінгі және мерзімді салымдарын есепке алғанда). Өсу қарқыны 101984,5 млн теңге болды.
ҚР екінші деңгейлі банктерінің жеке жәнезаңды тұлғалардан тартқан салымдарының жалпа сомасы 7799,4 млрд теңге болып, өтккен жылмен салыстырғанда 926,4 млрд теңгеге артты, оның ішінде заңды тұлғалардың салымдары 5862 млрд теңге, 9,11%-ға, ал жеке тұлғалардың салымдары 1937,4 млрд теңге, 29,13%-ға артты.
Есеп беру жылы банкке салымдардың көлемі жағынан лидер болған жеке тұлғалар мен «зерттеу мен өңдеу» саласы, онда жеке тұлғалардың салымдар құрамындағы үлесі 17,98%-ға ал «зерттеу мен өңдеу» секторының депозиттік портфелдегі үлесі 16,77%-ға ұлғайды. Одан әрі тартылған қаражаттардың көлемі бойынша көп үлесті «Металлургия өндірісі» алады, оның үлесі 10,91%6, алайда өткен жылға қарағанда 13,5 пайызға төмендеді.
«Еуразиялық Банк» АҚ-ның 2009-2010 жж активтерінің ауытқуы мен өсу қарқыны көрсетіліп, есептелінген. Өткен жылмен салыстырғанда есеп беру жылы активтердің жалпы соммасы 38537115 мың теңгеге (359817732-321280617), яғни 12 %-ға өскен. Бұл банктің 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы жұмысының нәтижелі болғандығын көрсетеді. Әсіресе, банк активтерінің өсуіне ерекше үлес қосқан сатуға арналған активтер болып табылады. Банктің сатуға арналған активтері алдағы жылмен салыстырғанда есепті жылы 2678120 мың теңгеге (33662372-36340492) азайған.
Баланста көрсетілген, яғни банктің басқа да активтеріне мыналар жатады: өзге қаржы мекемелеріндегі шоттар мен депозиттер, бағалы металдар, табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер, мерзімі ұзартылған салық активтері және т.б. Басқа да активтер соммасының жоғарылауы банктің тиімді жұмыс жасап, қаражаттарын тиімді орналастыра алғандығын көрсетеді.

Қолданылған әдебиеттер



  1. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат

  2. Пруденциалды нормативтер туралы ереже 23 мамыр 1997ж. 219 Ұлттық банктiң жаршысы 26 1997ж.

  3. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2003 жыл., N 15, 132-құжат.

  4. Ақша несие, банктер: Оқулық жалпы ред. Басқарған ­. С. Сейтқасымов А. Экономика,2001, 466.б.

  5. Ахметжанов Г, Маханов Н. Основные направления развития банковской системы Казахстана // Журн ”Транзитная экономика”. 2002 ж. с 80-89.

  6. Банки и банковское дело. Под редакцией порфессора Балабанова И.Т. Санкт-Петербург 2000

  7. Банковское дело Учебник. Под ред. Кроливецкой Л.П, Белоглазовой Г.Н. Москва Финансы и статистика 2000г

  8. Банковское дело. Справочное пособие под Ю.Л.Бабижевой Москва. Экономика 1993

  9. Большаков С.В., З.А.Калов Принципы управления финансами (Финансы кредит, менеджмент). Нальчик: Эль-Фа, 1999.

  10. Братко А.Г. Центральный банк в банковской системе России М.: Спарк. 2001.

  11. Винаградова Т. Н. Банковские операций: Учеб. пособие. Ростов-на-Дону: Фнеикс, 2001, 384с.

  12. Ерпылева Е.Международное банковское право.М.1998.

  13. Ерпылева Н.Ю. Международное банковское право: Учеб. Пособие. М.:Форум-Инфра-М. 1998.

  14. .Гамза И., И.Б. Ткачук Банк как субъект борьбы с легализацией (отмыванием) преступных доходов//Банковское дело.№5.2002.

  15. Егоров Б., Сатыбалды А.. Банковский менеджмент в условиях межгосударственных интеграций. - Алматы: Қаржы - қаражат,1999-136с.

  16. Иванов В.В. «Как надежно и выгодно вкладывать деньги коммерческие банки», Москва: Банки и биржа, 1998 г.

  17. ИскаковаЗ.Д. Банк ісі. Оқу құралы. Қарағанды.,2003 – 255 бет

  18. Кузнецов С. Не в ущерб качеству//Президентский контроль.№5.2000.

  19. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым, қайта өңделген, толықтырылған . – Алматы : Издат Маркет, 2004.-272 бет

  20. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. 2-ші басылым, қайта өңделген, толықтырылған . – Алматы : Издат Маркет, 2004.-248 бет

  21. Пансков В. О некоторых вопросах государственного финансового контроля в стране// Финансы.№5.2002.

  22. «Еуразиылық банк» АҚ-ң интернет сайты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет