Дипломатиялық этикет және хаттама



Pdf көрінісі
бет17/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
Бекіту сұрақтары: 
1.
Сапарлар қандай түрлерге бөлінеді?
 
2.
Мемлекеттік сапарларға қандай сапарлар жатады?
 
3.
Бейресми сапарлар дегеніміз қандай сапарлар? 
 
4.
Жол-жөнекей сапарлардың ерекшеліктері қандай?
 
 
№12 дәрістер тақырыбы: 
Дипломатиялық корпус. Дипломатиялық қатынастардың үзілуі
 
Сағат саны: 
1
 
Дәріс мақсаты: 
дипломатиялық қатынастардың үзілуіне талдау жасау. 
Дәрістің топтама-тәсімі.
Дипломатиялық корпус және оның ресми мемлекеттік 
шаралардағы орыны. Диплолматиялық қатынастардың үзілуі немесе тоқтатылуы және 
хаттамалық процедура. Соғыс және хаттама. 
Халықаралық хаттама тәжірибесінде мемлекеттер арасындағы дипломатиялық 
қатынастарды тоқтату немесе үзу сирек кездесетін жағдай. Дипломатиялық қатынастарды 
тоқтату немесе оларды үзу халықаралық тәжірибедегі аса қажетті мәжбүрлік шара болып 
саналады. 
Дипломатиялық 
қатынастарды 
үзу 
басқа 
мемлекетпен 
дипломатиялық 
қатынастарын тоқтату туралы ресми хабарлайтын қандай да бір мемлекеттің бастамасы 
бойынша қабылданады.
Дипломатиялық қатынастарды үзу мемлекеттер арасында қарулы қақтығыстар 
туындаған, контрагент-мемлекеттердің бірі құқық субъектілігін жоғалтқан (мысалы, басқа 
мемлекетпен қосылу кезінде) мемлекеттілік жүйелерін түбегейлі өзгертумен ілесе 
жүретін, әлеуметтік революциялар болған жағдайларда, сондай-ақ үкіметтің 
конституциялық емес жолмен ауысуы жағдайларында болады. Бір мемлекеттің басқа 
мемлекетке қатысты дұшпандық саясаты, дипломатиялық өкілдіктердің қалыпты жұмыс 
істеуін болдырмайтын, қандай да бір әрекеттер жасау және т.б. дипломатиялық 
қатынастарды үзудің себебі болуы мүмкін.
БҰҰ Жарғысында Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес, халықаралық 
бейбітшілікке қатер төндіруге кінәлі мемлекетке әрекет ету (санкциялар) шаралары 
ретінде дипломатиялық қатынастарды үзуі мүмкіндігі көзделген. Әдетте, дипломатиялық 
қатынастарды үзу дипломатиялық өкілдерді кері шақырып алумен және дипломатиялық, 
сондай-ақ басқа өкілдіктерді жабумен ілесе жүреді. Дипломатиялық өкілдерді кері 
шақырып алу фактісі, егер ол туралы кері шақырып алушы мемлекеттің мәлімдемесінде 
тікелей айтылмаса, дипломатиялық қатынастарды үзуді білдірмейді.
Дипломатиялық қатынастарды үзу елдің мемлекеттік жоғары билік органдарынан 
шығатын, арнайы нормативтік акты шығару немесе ресми мәлімдеме арқылы жүзеге 
асырылады. Келген мемлекет өз тарапынан дипломатиялық қатынастар туралы 1961 
жылғы Вена конвенциясының 44-бабына сәйкес дипломатиялық қатынасты үзу 
себептеріне қатыссыз, өкілдіктердің дипломатиялық қызметкерлері мен дипломаттар 
отбасылары мүшелерінің, сондай-ақ олардың азаматтығына қатыссыз, артықшылықтарды 
және иммунитеттерді пайдаланатын, басқа да тұлғалардың өз аумағынан тез арада шығып 
кетуіне қажетті жәрдем көрсетуі тиіс. 
Конвенция, одан өзге, екі мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды 
үзген жағдайда, дипломатиялық өкілдік келген ел, тіпті, қарулы қақтығыс болған 
жағдайдың өзінде оның мүлкімен және мұрағаттарымен бірге өкілдіктің ғимаратын 
қорғауы тиістігін белгілейді. 
1963 жылғы консулдық қатынастар туралы осы Вена конвенциясына толықтыруда, 
дипломатиялық қатынастарды үзу консулдық қатынастарды автоматты түрде үзуге 
әкелмейтіндігі арнайы ескерілген. 


Мемлекеттер арасындағы қатынастардың үзілуінің көптеген жағдайлары мен 
мысалдары тарихтан белгілі: 1927 жылы Ұлыбритания мен КСРО, Фолкленд аралдары 
үшін болған соғысқа дейінгі Аргентина мен Ұлыбритания, 1961 жылы Америка Құрама 
Штаттары мен Куба, Америка Құрама Штаттары мен Иран араларындағы (1980 жылы 
қатынастары үзіліп – қайтадан қалпына келтірілмеген). Көптеген араб елдері 1967 жылы 
араб-израиль соғысында АҚШ-пен өз қатынастарын үзді. 
Соңғы жылдардағы мемлекеттер арасындағы қатынастарды үзудің неғұрлым белгілі 
мысалдары – Грузияның 2008 жылғы Ресеймен, көптеген елдердің Ливиямен және 
Сириямен дипломатиялық қатынастарын үзу шешімдері болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет