Дипломатиялық этикет және хаттама



Pdf көрінісі
бет13/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63
Сенім грамотасын тапсыру.
«Сенім білдіру» сөзінен «Сенім грамоталарының» 
атауы шыққан. Шет елдік елші сенім грамотасын тапсыра отырып мемлекет басшысымен 
ресми байланысқа түседі. Барлық елдерде осы сенім грамотасын тапсыру салтанаты 
мұқият өңделеді. Сенім грамотасы мен шақыру грамотасын беру рәсімі әрбір елде өз 
салтанатына сәйкес өткізіледі. Дегенменде бұл жерде әлемдік тәжірибеде өткізіліп жүрген 
бірнеше элементтерді атап кетуге болады: 

сенім грамотасын мемлекет басшысы өзінің ресми резиденциясында қабылдайды; 

салтанатты шараға мемлекеттің жоғарғы лауазымды өкілдері және сыртқы істер 
министрлігі қатысады; 

елшімен бірге елшіліктің дипломатиялық персонал құрамындағы бірнеше жоғары 
қызметкерлер де рәсімге қатысады

грамота тапсырылғаннан кейін мемлекет басшысы елшімен әңгіме-сұхбат 
жүргізеді; 

салтанатқа қатысу үшін елшіге мемлекет басшысының тұрағынан көлік бөлінеді; 

салтанатқа қатысатын киім үлгісі шерулі орденмен болуы тиіс. Бірнеше елдерде 
елшіге қосымша құрмет ретінде автокөлік беріледі және әскери эскордты 
ілестіреді; 

мемлекеттік әнұран орындалады. Сенім грамотасын тапсыру жөнінде арнайы 
бұқаралық ақпарат құралдарына ескертіледі. 
Жаңа тағайындалған елшілердің Сенім грамоталарына мемлекет басшысы және 
сыртқы істер министрі қол қояды. Сенім грамотасын тапсырғаннан кейін елшілікте 
«шампан бокалы» типінде қабылдау ұйымдастырылады, онда салтанатқа қатысушылар, 
елшіліктің дипломатиялық құрамы, сыртқы істер министрлік өкілдері толық қатысады. 
Осы күні елші басқа шет елдік елшілік басшыларына жеке нота жіберіп, өзінің сенім 
грамотасын тапсырғандығы және өз қызметіне кіріскендігі жайлы хабардар етеді. 
Сенім грамотасын тапсыру салтанатында көптеген елдерде 
арнайы киім 
киюді 
міндеттейді. Англия, Швеция және басқада монархиялық елдерде дипломатиялық 
салтанаттарда арнайы фрак киеді. Африка елдерінің өкілдері безендірілген ұлттық киім 
кигенді дұрыс көреді. Бельгияда мысалы белгіленген күн және сағатта елші 
резиденциясына корольдің бас адъюданты келіп, сенім грамотасын тапсыру үшін король 
сарайының көлігімен елшіні алып баруды өтінеді. Елшімен барлық дипломатиялық 
қызметкерлер емес тек кеңесші және әскери атташе ғана еріп бара алады. Король 
сарайының алдында автокөлікті әскери кавалерия күтіп алып шығарып салады. Ал 
сарайда елшіні және онымен еріп келушілерді жауапты шенеуіктер – король сарайының 
бас маршалы, СІМ-нің хаттамалық бөлім меңгерушісі және т.б. қарсы алады. Ендігі 
кезекте елші барлық дипломатиялық қызметкерлермен бірге залға кіріп, корольмен 
амандасып, өзінің сенім грамотасын және замандасының шақыру грамотасын тапсырады. 
Елші өзімен еріп келген дипломатиялық қызметкерлерді таныстырғаннан кейін корольмен 
10-15 минут әңгіме-сұқбат жүргізеді. Осымен рәсім аяқталып корольдің бас адьютанты 
елшіні шығарып елшілікке дейін жекізіп салады. 
Ал Швецияда король сарайына келетін елшіге сәйгүлік аттар жегілген экипаж 
жіберіледі, сарайда мәртебелі қарауыл орналасып аванзалда әскери оркестр ойнайды. 
Мороккода елші үш рет сәлем салумен өткізеді (залға кірген кезде, зал ортасында
корольге жақындағанда). Бірақ қазіргі кезеңде мұндай салтанатты рәсім ерекшеліктерінің 
кейбір түрлері мемлекет басшылары мен елшілердің мәртебесіне ыңғайсыздық туғызып, 
абыройына нұқсан келтіруі мүмкін деп дипломатиялық хаттамадан алынып тасталып та 
жатыр.
Сенім грамотасын алғаннан кейін елші сол мезеттен өз міндетіне кіріседі. 
Қабылдаушы елдегі белсенді қызметі сол елдегі әріптестері дипломатиялық өкілдік 
басшыларына, саяси және қоғам қайраткерлері мен ресми тұлғаларға іс-сапар жасаудан 
басталады. Мұндай сапарлар хаттамалық деп саналады, өйткені онда қандай да 
мәселелерді талқылау немесе жеке байланыс орнату қарастырылады. 


Сапар жасайтын лауазымды тұлғалардың тізімін қабылдаушы мемлекеттің 
жергілікті хаттама бөлімі елшілікке арнайы хабарлайды. Хаттамалық нормаға сәйкес 
сенім грамотасын тапсырған соң бірінші тек сол елдегі елшілерге сапар жасайды, ал 
тұрақты және уақытша сенімді уәкіл елшіден хат алған соң дәрежесінің үлкендігіне қарай 
бірінші болып сол елшіге өзі сапар жасайды, содан кейін жауап ретінде елші уәкілге сапар 
жасайды. Ресми тұлғалар мен дипломатиялық өкілдік басшыларына хаттамалық сапар 
біруақытта жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет