Дипломдық ЖҰмыс 05011300 «Биология»


КІРІСПЕ Жануарлар әлемінің биология жүйесіндегі орны



бет3/83
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#24990
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
КІРІСПЕ
Жануарлар әлемінің биология жүйесіндегі орны:

Жеңіл өнеркәсіп шикізаттарының және шет елдерге шығарылатын шикізаттардың басты көздерінің бірі-аңдардың бағалы терілері.

Біздің аңшылық шаруашылығымызда да өте бағалы және тиімді товардың бірі аң терісі болып есептеледі. Бұлғын,сусар,ақтиін,ондатр, күзен, қызыл түлкі сияқты терісі аса бағалы аңдардың елтірісі жоғары бағаланады. Жабайы тұяқты жануарлардың дәмді еті мен пантысы да экепортқа шығарылады.

Қазіргі кезде Қазақстанның табиғат байлығының бұл түрі-терісі бағалы аңдары өте нашар пайдаланылып келеді. Қазақ ұлттық ғылым академиясына қарасты Зоология ғылыми-зерттеу институтының жанындағы сүт қоректілерді зерттейтін лабораторияның ғылыми қызметкерлерінің мәліметтеріне қарағанда, республикамызда таралған терісі үшін ауланатын аңдардың қоры мол екендігі анықталып отыр. Республикамызда аң терілерін мол өндірудің тағы бір тиімді жолы-терісі құнды кейбір аң түрлерін арнаулы фермаларда өсіру көп пайда келтіреді.. Өлкемізде таралған барлық сүт қоректілердің ішінде 50-ге жуық түрі әр түрлі маусымда терісі үшін ауланатын аңдардың қатарына жатады. Ал қазір шын мәнінде ол түрдің тек жартысына жуығы ғана ауланады.

Республика территорясында сүт қоретілердің 178, құстардың 485, бауырымен жорғалаушылардың 52, қосмекенділердің 12, балықтардың 107 түрі және омыртқасыз жануарлардың 50 мыңға жуықтүрі тіршілік етеді.

Қазақстан фаунасы біркелкі емес және оны таралу тегі мен геологиялық-географиялық жасы жағынан әр түрлі жануарлар түрлері құрайды.

Қазақстанның ашық ландшафтылары фаунасында ауыр денелі, жорғалап жүретін қоңыздар, секіріп қозғалатын тік қанаттылар, жартылай қанаттылар басым келеді. Бұл – еліміздің өзіндік ерекшелігі бар айлық орташа жылдамдығы 1 м/секундтан асатын жел жағдайының әсерінен пайда болған ерекшелік.

Қазақстанның қысы қатты, ауа температурасы өте төмен, желі өте күшті болады. Жазық жер жануарлары осындай ауа-райының ұзақ уақыт қолайсыз жағдайына төзіп, тіршілік етеді. Бұнымен қатар, Қазақстанның көпшілік жерінің қар жамылғысы өте жұқа болады, сөйтіп, ірі сүтқоректілердің (тұяқтылардың) және кейбір ұсақ сүтқоректілердің (шақылдақ, жертесер) тіршілігіне қолайлы болады.

Қазақстанның жазық бөлігінде қыс кезінде жануарлар түрі азаяды. Тұяқтылар Оңтүстік аудандарға қоныс аударады, көптеген кемірушілер (суыр, саршұнақ, қосаяқ) қысқы ұйқыға жатады.

Қазақстан сүтқоректілері арасында қысқы ұйқыға жататын түрлердің, көп болуы – жаз бен қыс жағдайлары арасындағы күрт айырмашылық, азық жағдайының өзгеру салдары. Солтүстік зонада қысқы ұйқыға жататын сүтқоректілердің онға жуық түрі бар. Бұлар кәдімгі кірпі, құлақты кірпі, үлкен саршұнақ, қызылұрт саршұнақ, борсық, суыр, дала тышқаншасы, үлкен қосаяқ. Кәдімгі аламан және аламанша қысты інінде өткізіп, жазда жинаған өсімдік дәндерімен қоректенеді. Ұсақ саршұнақтар қар астында тіршілік етеді.

Қазақстанның шөлді аймағында және құрғақ даласында қысқы ұйқыға жататын жануарлар түрі бұдан да көп (20-дан астам).

Қазақстанның географиялық ортасының өзіндік ерекшеліктерінен бірі – жазда тегі тропик түрлер типтес жануарлар көп болатын жерлерде қыста терісі, түгі, қауырсыны қар түстес аңдар мен құстардың бірнеше түрлерінің кездесуі. Бұларға ақкекілік, аққоян, ақкіс, аққұлақ, жоңғар аламаншасы, ор қоян жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет