Дипломдық ЖҰмыс 05011300 «Биология»


ҚР зоологиялық зерттеулердің қалыптасу тарихы



бет4/83
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#24990
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
Камила диплом (1)

ҚР зоологиялық зерттеулердің қалыптасу тарихы:

Халқымыз ежелден-ақ төрт түлік мал – түйе, жылқы, сиыр және қой-ешкіні қолға үйретті. Олардың еті-сүтін, тері-жүнін, басқа да өнімдерін қажеттеріне жарата білді. Зоологияны ғылым ретінде терең зерттеген жоқ. Тек өмір тәжірибесіне байланысты жануарларды қызықтай біледі. Оларға аударған ықыласын аңыз-әңгіме, мақал-мәтел, ертегі-жұмбақтар, басқа да тәсілдер арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізді. Тіпті ХІ ғасырда Махмұд Қашғари тәрізді ғұлама ғалымдар республикамызда мекендейтін жануарлар туралы жазба деректер қалдырды. Бұл салада араб, парсы және Қытай саяхатшыларының да үлесі аз емес.

Республикамыздың жануарлар дүниесін ғылыми тұрғыдан зерттеуге ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда ұйымдастырылған экспедициялардың ықпалы мол болды. әсіресе қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың қосқан үлесі ерекше.

Қазақстанда алғашқы зоологиялық зерттеулер ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда басталды. П.С.Паллас – құс пен аңның 45 түріне, Э.А.Эверсман құстардың 8 түріне сипаттама беріп, жүйеледі. Н.А.Северцев Түркістан жануарларының орналасуы, Г.В.Никольский Балқаш қазаншұңқырындағы омыртқалылар туралы алғашқы ғылыми жинақтарды жариялады. Ал ХХ ғасырдың басында Арал теңізі мен Балқаш көлінің балықтарын Л.С.Берг, құстар фаунасын Н.А.Зарудный, П.П.Сушкин, т.б. зерттеді. К.И.Скрябин Оңтүстік Қазақстанда кейбір үй хайуанаттары мен жабайы жануарлардың ішекқұрттарын зерттеп, маңызды деректер жариялады.

Қазақстанда 1924 жылға дейін зоологиялық мекемелер болмады. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін Ресей Ғылым академиясы мен Мәскеу мемлекеттік университетінің, т.б. жоғары оқу орындарының ғалымдары: Н.О.Оленов, Б.С.Виноградов, Б.А.Кузнецов, Б.А.Хохлов, Б.А.Селевин, т.б. зерттеді.

Жабайы жануарларды зерттеу үшін республикамызда зоологиялық сектор ашылды (1932). Зерттеу жұмыстары ғылым академиясының институты құрылғаннан (1994) кейін ғана нақтылы жолға қойылды. Омыртқасыз және омыртқалы жануарларды зерттеуде және оларды жүйеге келтіруде көптеген ғалымдар ат салысты. И.А.Долгушин, А.А.Слудский, А.В.Афанасьев, М.И.Исмагилов, К.Ы.Ысқақова, С.И.Ибрашева, П.И.Мариковский, С.К.Сыбанбаев, Е.В.Гвоздев, И.Г.Галузо, С.Н.Боев, Б.А.Домбровский, К.Б.Бердіоңғаров, А.Ф.Ковшарь, Т.Н.Досжанов, А.Бекенов, т.б. ғалымдар зоология ғылымының дамуына ерекше үлес қосты және одан әрі дамытуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет