Сурет 1.2.12 Тиін – (Белка) - (лат. Sciurus vulgaris)
Борша тышқан - Бурундук (лат. Eutamias sibiricus) — кеміріштер отрядының тиін тұқымдасына жататын жануар. Қазақстанда Оңтүстік Алтай және Қалба Алтайындағы қылқанжапырақты ормандар мен аралас ормандарды мекендейді. Дене тұрқы 12 – 15 см, құйрығының ұзындығы 12 см, салм. 70 – 100 г. Арқасында бойлай орналасқан 5 қара жолағы бар. Ағаш басына тез өрмелеп шыға алады, бірақ ұясын інге салады. Қыркүйек – қазанда қысқы ұйқыға кетіп, сәуір – мамырда оянады. Жылына 1 рет 4 – 6-дан балалайды. Ағаш тұқымын, бүрін, саңырауқұлақ, жидек, астық дәнін жеп қоректенеді. Қысқа қарай қор жинайды. Кәсіптік маңызы шамалы, ауланбайды. Борша тышқан кене энцефалиті ментуляремия ауруларының қоздырғышын таратады
Қазақстанда 5 туысы, 13 түрі (тиін, тараққұйрық сарышұнақ,ұзынқұйрық сарышұнақ, зорман, балпақ, қызылұрт сарышұнақ, Тянь-шань реликті сарышұнағы, кішісарышұнақ, дала суыры, сұр суыр, Мензбир суыры, қызыл суыр) бар.
Достарыңызбен бөлісу: |