Дипломдық ЖҰмыс 05011300 «Биология»



бет36/83
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#24990
түріДиплом
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83
Байланысты:
Камила диплом (1)

Сурет 2.1.1 Түркістан ауданының географиялық картасы

Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Қысы жылы: ең суық ай қаңтардың орташа температурасы 2-9 С. Жазы ыстық: шілде айының орташа температурасы

19-29 С.

Топырақ жамылғысы табиғаттың зоналық заңына сәйкес таралатындықтан аумағында биік таулы салқын альпілік топырақтардан бастап тау бөктерлеріндегі әр түрлі қоңыр және сұр топырақтарға жалғасады.

Негізінде Оңтүстік Қазақстан облыс жерінде Қазақстандағы өсімдік түрлерінің жартысынан астамы кездеседі, шамамен 8 мыңдай болады. Оның 1-1,5 мыңдайы балдыр, 2,5-3 мыңдайы саңырауқұлақ, 200-ге жуығы қына, 500-ге жуығы мүктәрізділер және 3 мыңнан астамы жоғары сатыдағы өсімдіктер. Облыс аумағындағы өсімдіктердің таралуы, түрлері мен эндемиктердің топтасуы биологиялық, экологиялық, эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.

Қазіргі кезде Түркістан экоорталығына жан-жақты әсер етуші факторлар көп. Арал өңірінің бір шеті Түркістан аумағымен шектелсе, жиі-жиі соғып тұратын батыс бағытының желі, солтүстік бағыттан келетін Созақ ауылының желі жерді ұдайы қуаңшылыққа үшыратады. Топырақ сортаң.

Ғылыми – зерттеу және экcпериментальды тәжірибе жұмыстары 2005-2007 жылдары аралығында Түркістан ауданының өзен – көлдерінде және Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университетінің биология кафедрасының лабароторияларында жүргізілді. Тәжірибе алаңының өзендері басым көпшілігі таулы аймақтарда, ал көлдері жазықтықтарда орналасқан. Ауа-райы қуаң котиненттік, баяу-қатты қыспен, құрғақ ыстық жазбен, интенсивті булану барысында атмосфералық жауын-шашындардың (100-130мм) аз мөлшерімен сипатталады. Жауын – шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10–30 см аралығында, қар жазықтықта 2 айға дейін, ал тауларда 5 айға дейін жатады. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 230-260 тәулікке созылады. Жоғарғы жазғы температура кішігірім өзендер мен көлдердің құрғап қалуына әкеліп соғады. Гидротермикалық коэффициенті (вегетациялық кезеңдегі қар жауындардың соммасының сол кезеңдегі температуралар соммасына қатынасы) 0,25 құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет