Отбасылық тәрбиесінің бала мазасыздануына әсері
Отбасылық тәрбие факторлары, бәрінен бұрын «ана мен бала» қарым-қатынасы қазіргі уақытта осы проблеманы зерттеушілердің бәрінде дерлік мазасыздықтың «базалық», орталық себептері ретінде бөлінеді және бұл іс жүзінде олардың қандай психологиялық бағытқа жататынына тәуелсіз түрде істеледі. Бұлай ету мәніне қарай баланың дамуындағы бала мен ата-ана қатынасының ролі туралы ортақ жағдайдағы мазасыздыққа қолданылған нақтыландыру болып табылады және ішінара эмоциялық бұзылыстар мен невроздардың нақтылануы болады. Балаларды тұрақты мазасыздықтың пайда болуы тұрғысынан спецификалық факторлары жайлы аздаған мәліметтер бар. Кіші жеткіншектердің мазасыздықтары үшін мәнді деп есептелген «балалардың ата-анасының жарасымда талпынысына сай келмеуі» деген факторды ғана атауға болады (Б.Филиппе, 1972).
Оның үстіне «отбасы кескінінің» ерекшеліктерін сипаттайтын фактілерінің негізінен мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кіші балаларға қатысты екенін ескеру қажет. Отбасы мінездерінің және отбасы тәрбиесі ерекшеліктерінің ересектеу балалар мен жеткіншектердің мазасыздануларына әсер ету ықпалының мәселелері әртүрлі және ең бастысы басқа проблемаларға арналған еңбектерде қосымша сипаттама түрінде кездеседі [41].
Мазасыз балалар мен жеткіншектер өздерінің жақсы әсердегі қатарларына қарағанда өздерінің отбасында өздерін ыңғайсыздау сезінеді. Қобалжығыш балалары бар отбасыларға бір жағынан ата-ана тәртібінің белгісіздігі, тұрақсыздықты қалыптастырушылық тән, екінші жағынан басымдық ұстаным тән .
Отбасына байланысты мазасыз балалар мен жеткіншектердің уайымында өзінің жеке тәуелділігі мен кінәлілігінің сезімі байқалып тұрады да, қорғаныш сезімі жасырын болады. Осылайша отбасы мазасыз балаға не жеткіншекке жеке тұлғалар арасындағы үмітті, қорғанышты алаңдаушылық бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |