Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02


Тұлғаның қорқынышы мен мазасыздану күйлерінің ерекшеліктері



бет9/37
Дата07.01.2022
өлшемі122,73 Kb.
#20336
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Байланысты:
Асубай Талшын

Тұлғаның қорқынышы мен мазасыздану күйлерінің ерекшеліктері Қорқыныш пен мазасызданудың арақатынасына байланысты көзқарастар бір- бірімен өте қайшылықты. Кейбір авторлар, олардың арасында айырмашылық жоқ, себебі олардың физиологиялық реакциялары ұқсас дейді (Е.Левитт, Б. Мартин, С. Изард). Ал басқа авторлар қорқыныш пен мазасыздану процессуалды және ситуативті сипаттамалары бойынша айырмашылықтары бар дейді. Мазасыздану белгісіз бір қауып қатерде және пропорционалды емес объективті қауіпте пайда болады, ал қорқыныш ылғида нақты бір объектіге бағытталған және эмоциялық реакцияның шамасы қоқан-лоқыға сәйкес (Спильбергер, Миллер). [27].

Қорқыныш басқа жағымсыз мазасыздану тәрізді адам үшін зиянды. Қоршаған орта мен әлеуметтік ортада кез-келген эмоция белгілі функцияны орындайды. Қорқыныш адамды артық қауіптен, әрекеттегі жүріс-тұрысты реттеп, жарақат алу мүмкіндігінен сақтайды. Қорқыныштың «қорғаныш» қызметі инстинкті жүріс-тұрысты сақтай, өзін-өзі сақтауды қамтамасыз етеді.

Біздің әрқайсымызды ерекше сендіретін қорқыныш бар. Қорқыныш субьектінің қауіптен құтылу үшін жұмылдырады. Үрей дүниесіне жеткенше қорқыныш, ол адамды іске жарамсыз қылады. Қорқынышты қалай бағалауға болады? Ол жау тәрізді, онымен күресу үмітсіз, бірақ одан қашып құтылуға болады. Іс-әрекет ретінде қарастыра, белгілі бір обьектіні не істеу керектігін сипаттайды.

Әр жағдайда қорқыныштың әрекетінің тоқтатылуы болады. Қорқыныш обьект алдында шарасыз белгілі реакцияға итермелей, обьектіні алып тастауға ұмтылып, оны бұзғысы келеді. Болатын әрекеттен, өзіміздің мүшелеріміздің қозғалысынан құтылуға бола ма? Бізге солай сияқты, дегенмен біріншіден, біз физикалық тұрғыда құтыла аламыз, сол әрекеттің болмауына, адамдармен сөйлесуден бас тартып, сол кезді еске алмауға тырысамыз. Барлық мүмкіндіктегі жағдайлар осылай туындап, адамның өз отбасынан алыстауы, өз үйінен құтылу ештеңенің мәнділігіне түсінбей, басқа орында болған маңыздырақ болып тәрізді болып көрінеді. Ситуациядан қашатын адам барлық абсурдты мінез-құлық түрлерін дұрыстай ала ма? Қорқынышты тек кері реакция ғана қайтарады, әрекеттің орындалмауына байланысты ол реакция әрекеттің тоқтағанын білдіреді. Бұл қайғыру кезеңі деп аталады. Қорқыныштың туындау әрекетін және мінездің инверсиясының пайда болуын салыстырмалы түрде әрекеттің ұзақтығыи эксперимент арқылы дәлелдеуге болады [33].

К.Г. Юнг бойынша, қорқыныш - бұл түсініксіз сансыз құбылыс, күтпеген қауіптер мен өлшемге толы деген. «Бірақ кім өмірдің барлық сынақтарынан бас тартса, оның өмір сүруін тұншықтырған жөн». Қорқыныштар бұлар: а) табиғи қорқыныштар; ә) әлеуметтік қорқыныштар; б) өзіміз жасайтын қорқыныштар; в) кәрілік пен өлімнен қорқу.

Қорқыныш қашанда адамның қара көлеңкесі сияқтанып, өне бойы оның серігі болып келді. З. Фрейд өзіне тән үлкен сеніммен: «Қорқынышты адамның туылу актісі кезінде басталады,»-дейді, яғни туылу процесінде жағымсыз сезімдер бірігіп, соматикалық түйсіктерден бастауын алған өлім қаупі мен қорқыныш біздің өмірімізде өне бойы қайталанып отырады екен. Психологияда қорқыныш пен үрей психикалық қысым, адамды қолайсыз жағдайға қалдырады.

Біріншіден, мазасыздық пен қорқынышты, биологиялық концепциясында қарастырады, адамның жүмыс істеу қабілеті мен функционалды әрекетіне экстремалды факторларды әсері бойынша мәселенің негізгі шолу жұмыстары пайда болды.

Екіншіден, «адам факторын» үзіліссіз зерттеу, психикалық процестердің ерекшелігі, кәсіби тапсырмалардың мазмұны мен қауіптілік кәсібіне байланысты техниканың күрделігіне зиянды, жауапты мамандықтардың тұлғалық күйі мен қасиеті, еңбек процесінің жағдайы меи ұйымдасуы және эффективтің төмендігінің салыстырмалы ролдің психологиялық себебі және еңбек қауіпсіздігі кәсіби жұмыстың ұзақтығын қысқарту және психосоматикалық ауруларды болдырмау.

Үшіншіден, жалпы мазасыздықтың, табиғат апаттарындағы (жер сілкінісі, су тасқыны) адамдардың алаңдаушылығы, техногенді катастрофа-лар салдарынан болатын мазасыздық пен қорқынышты салыстырады.

Адамның қорқынышы мен мазасыздық күйі қазіргі кезде жас ерекшелігіне байланысты түрлі деңгейде орын алады. Жалпы қорқыныш пен мазасыздық күйін болдырмау үшін адам ішкі психикалық күйін ретке келтіру керек [34]. Бос уақытында табиғат аясында тыныстап, өзіне жағымды істермен, спортпен шұғылданып, психологиялық сауықтыру қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет