Жеткіншек жасындағы балалардың мазасыздану ерекшеліктерін
зерттеу.
Жеткіншектер жасын даму кезіндегі сәйкессіздік кезеңі деп жиі айтады. Бұл жаста баланың өзіне, өзінің физикалық ерекшелігіне назар аударуы көбейеді; өзін қоршағандардың пікірлеріне ден қоюы күшейеді, жеке қадір-қасиетін сезінуі мен өкпешілдік сезімі ұлғаяды. Физикалық кемшіліктері жиі көбейе түседі. Бәрінен бұрын, балалықпен салыстырғанда өзінің тәніне назар аударуының жиілеуі физикалық өзгерістерге ғана емес, жеткіншектердің жаңа әлеуметтік мәнге ие болуымен де ерекшеленеді. Жеткіншектердің айналасындағылар олардың физикалық жетілуінің арқасында балалар даму жолындағы белгілі қиыншылықтарды жеңуі тиіс деп күтеді.
Шет ел психологы Х. Ремшидт [35] өзінің «Жеткіншектер мен жасөспірімдер жасы» деген еңбегінде атап өткендей, өзін құрдастарымен салыстыру бұл кезде мағынаға ие бола бастайды, өйткені қалыпты өзгеріс диапазоны әзірге белгісіз, Х. Ремшидт айтқандай, бұл мазасыздық тудыруы және өткір егеске әкеп соғуы немесе ауытқушылық жағдайға, тіпті кейде созылмалы невроз ауруына әкеп соғуы мүмкін. Бұған уақтылы жыныстық жетілу, дамудың тежелуі сияқты ағзаның функциологиялық өзгерістері кіреді, сондай-ақ жеткіншектерде мазасыздық тудыратын себептерге жасөспірімдердің бетінде болатын секпілдерді, жүдеулік пен салмағының кемістігін, бойының өсуінің тежелуін де жатқызуға болады.
Келесі себеп деп жеткіншектердің жыныстық дамуын бөліп көрсетуге болады. Бұл құбылыста ООЖ (орталық жүйке жүйесі), жүйке және психикалық феномендерінің интеграциялық орындары шешуші орын алады. Осылайша, психоәлеуметтік және әлеуметтік мәдени факторлардың (жыныстық тәрбие, нормалар, жеке психикалық жетісушілік, үлкендердің үлгілері) ықпалымен тәртібінен әртүрлі боп көрініп тұратын жыныстық сұраныс пен үйірсектік дамиды, психоаффективтік, яғни махаббат сезімінің оянуы мен белгілі бір серіктесіне деген қатынасының бейімделуі, немесе бұған елеулі дәрежеде тәуелсіз, белгілі бір серіктестігімен жыныстық қанағат алуына қатысы жоқ психофункциологиялық тәртіп туындайды [36].
Бірақ бұл жерде жыныстық бұзылыс пайда болуы мүмкін; әлдебір себеппен жетілу байқалмайды, бірде жыныстық үйірсектік болмайды, не тиісті алаңдаушылық байқалмайды. Ержету кезеңінде отбасы мен мектептің мәні зор екендігіне назар аудару керек. Жеткіншектік жас «болуға» тырысу мен «ересек» бола алмаудың арасындағы қарама қайшылық десе де болады [36]. Бұл тәуелсіздікке тырысу мен ересектердің айтқанын істеу қажеттілігінің арасындағы қайшылық. Жеткіншектік жастың қиындықтары жоғары қозушылықпен, ипохондриялық реакциялармен, аффектілікпен, өкпешілдікпен, үлкен адамға тым сынай қарайтын әдетпен байланысты. Егер бұл ерекшеліктерді есепке алмасақ, онда жеткіншектердің жағымды жақтары дамып, тәртібі тұрақтанар еді. Бұл жерде ата-ана мен баланың арасындағы қатынастың да маңызы аз емес.
Өйткені жеткіншектер жасы – бұл өтпелі жас, балалықтан ересектікке өтетін өтпелі кезең, бұл кезде эмоционалды когнитивті саланың қалыптасуына теріс әсер ететін әртүрлі егес, дау көбейеді. Үлгі алынуы тиіс ата-анамен арадағы ажырасуға бейімдейтін референттік топтың ролі күшейеді. Ата-ана тарапынан шек қоюшылық пен тиым салушылық көбейеді, жаңа өзгерістерге қатысты отбасында дау-дамай көбейеді.
Экономикалық жағдай да мазасызданудың себебіне айналуы мүмкін, өйткені жеткіншек үнемі өзін біреуге тәуелді, өз бетінше ештеңе біліп істей алмайтын адам ретінде сезінеді. Мектепте оқу кезеңінің ұзақтығына байланысты астар қаржы мәселесіне келгенде ата-анаға көп уақыт тәуелді болады. Мектептегі оқу үлгерімінің төмендігі де дау-дамайға әкеп соғуы мүмкін. Ата-ана мен баланың арасындағы егеспен ғана емес, ата-аналар да балалар сияқты өздерін сенімсіз де мазасыз сезінетін өзгермелі экономикалық жағдайлармен және техникалық прогреске де қатысты, бұл мазасыздық пен шешімсіздікті тудырады, бұлар өз кезегінде жеке мінезді қалыптастырады.
Ата-ананың үйінің қасында мектеп - әлеуметтенудің маңызды инстонциясы болып табылады. Жасөспірімдік кезеңнің қалыптасуы жастың кемеліне келу фазасы секілді жалпы мектептік білім жүйесінің пайда болуымен тығыз байланысты. Мектептегі дау-дамайлар негізінен сабақ үлгеріміне, қалыптасуға, бедел мен оқшаулыққа байланысты. Сабақ үлгеріміне қатысты қойылған талаптарға орай мұғалімдермен де, құрдастармен де арада егес пайда болады. Оқытушыларға қатысты наразылық пайда борлуы, оқудан және жетістікке жетуден бас тарту әрекетінің пайда болуы мүмкін.
Мұндай қылық бейімі мол, сынай қарауға бейім жастарда кездеседі. Бұл кімнің жетістікке деген талпынысы болашақтағы жағымсыз жәйттермен ұшырасатын болса, сол адамарда кездесіп жатады. Ал құрдастармен арадағы қатынаста қарсыластық негізде қарсыластық пайда болуы мүмкін. Бұл мектеп оқушыларының психоәлеуметтік дағдылануына, сыныптың тұтас қоғам сияқты сақталуына ықпал етеді [37. Б. 36]. Оқшаулық пен беделділік тұрғысындағы ерегестер мектеп ережелерінің салдарынан еркіндіктің тежелуіне орай туындап жатады. Жастар ережелерді мойындағысы келмейді, өздерінің қамқоршыларын жатсына бастайды. Бірақ бұл қорқынышты емес, даму жолындағы құбылыс қана.
Жеткіншектің мінезіндегі ең бір маңызды сәт – оның жаңа әлеуметтік позициясының пайда болуы, яғни өз «менінің» құрылуы. Бұл саналылық оның құрдастарымен де, ересек адамдармен де кездесуі кезінде, өзін-өзі бағалағанда жүзеге асырылады. Өзінің тұлғасын тануға деген жоғары талпыныс, өзінің жеке қасиеттерін біліп, тануға деген талпыныстарды шетелдік психологтар жеткіншектердің бұл ауытқуы эгоизмге, эгоцентризмге немесе аутизмге соғады деп атап көрсеткен болатын.
Оның үстіне жеткіншектің өзін бақылауға, бағалауға, өзін жетілдіруге деген сұранысы жай бір әуесқойлықтан не өзін терең білсем деген үстірт ойдан ғана, мақсатсыз ой қазудан емес, өзінің намысы мен кемшіліктеріне сараптама жасасам деген моральдық сұраныстан, өзінің жеке қадамдары мен мақсаттарының дұрыс-бұрысын білсем, неден бас тартып, нені істеу керектігін білсем деген талпыныстан туындайды. Яғни өзін тануға деген мүдделілік, тұлғаның жеке сапасын қалыптастыратын, өмір мен қызмет аясында пайда болады. Ал жеткіншектердің кейде жалғыз, оңаша қалғысы келетініне тоқталсақ, олардың барлығы жалғыздыққа бірдей қарай бермейді, жағдайлары дұрыс кезінде ойлау мен ой түю жағдайында, кей жағдайда ғана қажет қылады. Мұндай кезеңде құрдастармен қатынас та күрделене түседі [38].
Жеткіншек екі жақ шын мәнінде тең болған жағдайда ғана достық қатынасқа деген сұранысты қажет етеді. Бірақ кейде тең адамдар арасында да егес тууы мүмкін. Жеткіншектер көбіне өзінше беделі бар, өзін жоғары ұстайтын адамдарға өш болып келеді. Шын мәнінде мұндай жерде психикалық қорғаныс механизмі іске қосылып кетеді де, кейде агрессияға ұласып жатады. Мұндай жеткіншектерде негізінде кем санау, мазасыздықтың көбеюі, алданып қалу көп болады.
Жеткіншектер ересектердің өздеріне деген қатынасын қапысыз аңғарып отырады және бұлай ету өсіп келе жатқан адамның өзіне деген бағасын белсенді түрде қалыптастырады. Ол бағаның жағымды болуы да, жағымсыз болуы да мүмкін. Мектептегі егестер жөндеуді қажет ететін тәртіп қиғаштығына да соғуы мүмкін. Мысалы «мектеп фобиясында» мектептен қорқу, өзін біреулердің басынуы мен қорлауынан қорқу сезімі болады [39]. Мұның үстіне ата-ананың үйі жағымды фактор, бұл жеткіншектің жеңіл бейімделуіне мүмкіндік береді. Бұл жерде көп себепті, ауырлау психикалық жағдайды (отбасындағы үйлеспеушілік, жиі ұрыс-керіс, ерегес, т.б.), ата-ананың экономикалық жағдайы мен білімін де айта кету керек. Жеткіншектің теріс бейімделуінің бір себебі оның мектептен шығарылуы болуы да мүмкін.
Мұндай жеткіншектерде әлеуметтік тәртіптен ауытқып, жеке тәртіп бұзу оқиғасы кездесуі мүмкін. Олардың шектен шығуына өз бет-бейнесін қалыптастырудағы қателік, көңілсіздікке бейім болу, өзін кем санау, жоғары мазасыздық пен өзіне деген сенімнің жоқтығы себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |