Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02


Мектептегі сәттіліктің жеткіншектегі мазасыздануға әсері



бет13/37
Дата07.01.2022
өлшемі122,73 Kb.
#20336
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
Асубай Талшын

Мектептегі сәттіліктің жеткіншектегі мазасыздануға әсері

Мазасыздануды мектептегі сәттілікке ықпалы қобалжушылықтың қызмет нәтижелілігіне ықпалындай жалпы заңдылықпен пайда болады. Белгілі болғандай, орнықты мазасыздану сәттілікті адам үшін салыстырмалы түрде қарапайым қызметтен күрделіліке қарай бейімдейді.

Сонымен қатар мазысыздық пен үлгерушіліктің арасында белгілер бойынша анықталған байланыс жоқ. Ол оқушының өз үлгерушілігін субъективті қабылдаған сараптама кезінде ғана болады. Сәтті эмоциялы, яғни көңілді оқушыларда үлгерімділігіне қанағаттанушылығы немесе қанағаттанбаушылығы басым жағдайда алынған бағаға байланысты. Мазасыз оқушылар бағаға қарамастан өз үлгерімдеріне қанағаттанбайды. Мазасыз және қуанышты әсердегі оқушылардың жеке қанағаттанбауы мен қанағаттанбауының арасында да айырмашылық болып тұр.

Мазасызданғыш оқушылар өздерінің қанағаттанғандығын бәрінен бұрын тек өзінің күткен бағасын (тіпті «үштік» болса да) алғанда, не олардың жауабына мұғалім кластағы «өте жақсы» әлде «ең үздігі» деген баға бергенде ғана білдіреді. Өздерінің бағаларына қанағаттанбайтын себептерін мазасызданғыш балалар әртүрлі себептермен түсіндіреді – мұғалімнің «әділетсіздігінен» бастап жақсы бағаның «кездейсоқ» қойылғандығына дейін сылтау ойлап табады. Басты себептер – осы бағаға ата-аналардың күткен қатынастары мен бағаны оқушының өзіне деген көзқарасы деп түсіну. Бұл екі себеп балалар неғұрлым кіші болса, соғұрлым көп айтылады. Ата-аналарға қатысты жаза күту, ұрыс күту, көңілсіз әңгіме есту («Папам «сенен басқа не күтуге болады» дейді ғой» , «Олар менің кәдеге аспайтынымды көреді») аямпаздық («назарыңды түсірме» деп тыныштандырады»), бейжайлық («Оларға менің қалай оқығаным бәрібір, менің қандай баға алғанымның керегі жоқ сияқты») бәрінде бірдей сәтсіз болды.

Ата-аналарды ренжіту, олардың ойларынан шыға алмау қорқынышының төменгі сынып оқушыларының арасында кең таралған қорқыныш екенін айта кету керек. Өз кезегінде мазасыз балалардың ата-аналарында да өздерінің қолынан іс келмейтіндігінен, жинақы еместігінен және сол кемшіліктерін баласының байқап қоюынан не баласына жұғатындығынан сақтану үргедектегі бой көрсетеді.

Мұның бәрі сабақ үлгерімінің аз дегенде мазасыздықты қолдайтын не күшейтетін, бірақ тікелей емес арасында ықпал ететін фактор ретінде мәндірек екенін көрсетеді. Сондай-ақ мазасызданғыш оқушылардың мұғалімдерге деген ара қатынасындағы инфантильдік позиция да өзіне назар аудартады. Осы топтағы жеткіншектер қойылған бағаны мұғалімнің өзіне деген қатынасы деп қарастырады.

Баға туралы түсініктің білім мен ақылдың өлшемі емес, мұғалімнің өзіңе деген қатынасының белгісі екенін еске саламыз, оқудың ең бастапқы кезіндегілер үшін бұл әулетте баланың мектепке жеткілікті дәрежедегі психологиялық дайындықсыз барғанын, атап айтқанда оқытушыға белгілі әлеуметтік роль атқарушы деген көзқарастың қалыптаспағандығын аңғартады.

Біздегі мәліметтер мұндай инфантильді көзқарастың мазасызданғыш оқушыларда ұзақ сақталатынын айғақтайды. Сәтті әсердегі оқушыларда да бағаға деген осындай көзқарастың бар екендігі байқалды, бірақ ондайлар аз болды әрі шын жағдайды көрсетті. Біз бұдан сабақ үлгеріміне қатысты мазасызданғыш балалардың сыртқы көзқарасы жаңадан пайда болатынын, жеке, ішкі ұстанымдары болмайтынын көреміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет