Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02



бет3/37
Дата07.01.2022
өлшемі122,73 Kb.
#20336
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Асубай Талшын

Зерттеудің обьектісі: жеткіншектердің жеке бастық мазасыздануды мен өзіндік бағалаудың ерекшеліктері.

Зерттеудің жалпы болжамы: жеткіншектердің мазасыздану күйі өзіндік бағалауға тікелей әсер етеді.

Жеке болжамдары:

  • жеткіншектегі мазасызданудың жоғарғы деңгейі төменгі өзіндік бағалаумен шарттанады;

  • жеткіншектердің өзіндік бағалауы адекватты болса, онда мазасызданудың ең төменгі деңгейін немесе қалыпты деңгейді байқауға болады.

Зерттеудің жаңалығы: Жеткіншектердің өзіндік бағалау мен мазасызданудың психологиялық ерекшеліктері Маңғыстау өңірінде бірінші рет психологиялық-эксперименттік тұрғыда зерттелді және Маңғыстау өңірінде психологиялық база жасауға өз үлесін қосады.

Зерттеудің теориялық негіздері: Психология ғылымында тұлғаның өзін-өзі бағалау мәселесін теориялық зерттеген белгілі психологтар С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, И.С. Кон, М.И. Лисина, А. Липкина, В.В. Столин, Е. Шорохова және шет елдік жұмыстар, атап айтқанда У.Джеймс, Дж. Мид, Э. Эриксон, К. Роджерс зерттеулері біздің жұмыстың теориялық негізін құрады.

Ал психология ғылымында мазасыздықты теориялық тұрғыдан зерттеген келесі ғылыми жұмыстар да біздің зерттеуге арқау болды, атап айтқанда, Д.И. Фельдштейн, В.С. Мерлин, Л.И. Божович, Н.Д. Левитов, И.В. Дубровина, А.М. Прихожан, Р.С. Немов және шет елдік зерттеулер Х. Ремшидт, Ш. Бюллер, З. Фрейд, К. Хорни, Ч.Д. Спильбергер, К. Юнг, К. Изард.

Сондай-ақ динамикалық әдіс тәсілімен қарастырған жұмыстарды негіз етіп алдық (В.В. Суворова, В.Н. Астапов және басқалар).

Мазасыздықты реактивті және жекелік деп бөліп, мазасыздықты оның міндеті тұрғысынан қарастыратын, шындығында мазасыздық туғызатын жағдай мен мазасыздықты тұлғаның қызметі ретінде айыратын Ч.Д. Спилбергердің теориясын да зерттеудің теориялық негізін жасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет