Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеуден алынған нәтижелерді мектептегі психологиялық қызмет жүйесінде, білім жүйесіндегі мұғалімдерді жетілдіру институтында, ата-аналармен жұмыста қолдануға болады. Алынған зерттеу нәтижелерін тұлғаны тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық стратегиясында қолдануға болады. Сондай-ақ теориялық- эксперименттік зерттеу нәтижелерін, мектептердегі сынып жетекшілері, ұстаздар да, психологиялық консультация практикасында, оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі жүйелерінде қолдануға болады.