Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02


ЖЕТКІНШЕКТЕРДЕГІ ӨЗІНДІК БАҒАЛАУ МЕН МАЗАСЫЗДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет7/37
Дата07.01.2022
өлшемі122,73 Kb.
#20336
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
1 ЖЕТКІНШЕКТЕРДЕГІ ӨЗІНДІК БАҒАЛАУ МЕН МАЗАСЫЗДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жеткіншек жасындағы балалардың өзіндік бағалау ерекшеліктері жайлы ғалымдардың көзқарастары

Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің 5-8 сыныптарында оқитын кезеңмен сәйкес келеді, ол 11-12 жастан 14-15 жақа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс-жүзінде басталуы 5ші сыныпқа көшуімен тура келмей, бір жыл ерте, не кеш болуы мүмкін.

Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дауірінен екіншісіне өтуімен байланысты даму проццесстерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылды. Балалық шақтан ересектікке өту кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік-әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшілігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің, сана-сезімнің үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің танымдық және оқу- әрекетінің мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым қатынасқа арқау болатын моральдық- этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Жеткіншектіктің жеке басы дамуының аса-маңызды факторы оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі: ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен өзіне қарым-қатынас орнатуға бағытталды. Жеткіншек дамуының алуан түрлі көріністерімен елеулі айырмашылықтары: 7 сыныпта бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмрінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да бар; өздігінен білім алып жүрген «интеллектуалдар» да бар; бірақ сонымен қатар оқу материалдарының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар, болашаққа деген жоспары айқые емес мектеп оқушылары да бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар да бар, кейбір қыз балалалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән бермейді, кейбір балалар үйінде нағыз қолқанат жәрдемгшілер болса, енді бірулер әбден ерке болып кеткен, тпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ.

Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшіліктерін, қарым-қатынастарын түбірінен өзгертетін сипатта болады.

Жеткіншектіктің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организімінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды. Дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процессі өрістейді.

Организімнің қайта құрылуы эндокридік жүйедегі өзгерістерден басталады. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады. Бұл процестер қыз балаларда 11-13 жста, ер балалаларда 13-15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалып отырған қазiргі уақытта кейбір қыз балалар 10-11, ер балалар 12-13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.

Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы щеңберінің өсуі жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар "күрт өсу" деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді. Дененің пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындаййды. Бас сүйегінің жедел жетілуі нәтижесінде де бет әлпеті де өзгереді.

Организімнің қайта құрылуы жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл-күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтығының, қоғызштығының, қимыл-белсенділігінің, енжарлауының негізі болады. Қыз балаларда мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.

Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар.

Біріншіден, жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны обьективті тұрғыдан толысуы ересекке айналыдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің басталуына негіз болады.

Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Қыз болсын, ұл болсын жеткіншектерде алғашқы романтикалық сезімдердің оянуы қалыпты құбылыс.

Жеткіншектің организімінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшіліктері мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шартасттығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болады. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализмнің негізін салушылар С. Халл мен З. Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысы мен өзіне тән ерекшіліктері комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады .

Биогенетикалық универсализм теорияларына американ антропологтары күшті соққы берді. Антропологтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы және бірнеше оймен шектелуі мүмкін екені анықталды.

Антрополог Р. Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің екі типін бөліп көрсетті.

a) үздіксіз

б) баланың балалық шағында оқып үйренгенімен ересектің рөлін жүзеге асыру үщін қажетті іс-әрекет тәсілдері мен түсініктер арасында үзілістер болатын типі.

Антропологтар жеткіншектік шақты бала өзінің қоғамдағы орнына жетер жолда болатын, оның ерексектердің қоғамдық өміріне өтуі жүзеге асатын кезең деп қарады. Бұл идеяны дамытуда К. Левин (АҚШ) ерекше орын алады.

Жеткіншекте ересектер тобына өтуге және үлкендердің балаларда жоқ кейбір артықшылықтармен пайдалануға деген ұмтылысы болады. Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин қоғамда балалар тобы мен ересектер тобының қатаң бөлiнуіне және жеткіншектер топтарының аралығындағы жағдайда болатын кезеңнің ұзақтығына байланысты етіп қояды. Левиннің жеткіншектің «өз орнын таппауы» туралы идеясын қазіргі уақытта Д. Коулмен және бақа шеь ел психолгтары дамытуда.

И.С. Кон өзіндік бағалаудың негізгі механизмдерін көрсетеді:- басқа адамның субъектіге берген бағасын қабылдау; - әлеуметтік салыстыру; өзіндік атрибуция – мұнда индивид өзінің құлықтарын әртүрлі ситуацияларда бақылай және бағалай отырып өзі туралы және өзінің ішкі күйлері туралы мәселені қамтиды [20]. Әлеуметтік жағдайлардың шарттарына тұлға қалай адаптацияланады солар оының өзіндік сана сезімдерінің көрсеткіштері болып табылады [21]. Батыс психологтары жалпы теориялық бағдарларындағы түсіндірмелі модельдерінде жоғарыда аталған механизмдердің біріне баса көңіл аударады. Бұл модельдерге жан-жақты талдау мақсатын қоймастан-ақ өзіндік атрибуция механизмдеріне негізделетін модельдің орнын ерекше атап өту қажет. Көптеген маңызды эксперименттік зерттеулерде индивидтің өзінің психикалық күйі толығымен сыртқы ақпараттарға сүйене отырып бағаланатынын дәлелдейді.

Жеткіншектер бірінші кезекте қарым-қатынас сферасындағы мінез-құлықтың әртүрлі формаларына байланысты қасиеттерді саналы ұғынады. Бұл әрине өзіндік бағалау өзгермейді деген сөз емес, оның динамикасы әртүрлі факторларға байланысты жоғары өзіндік бағалау тұрақты болса, ал төмен және орташа өзіндік бағалау біршама динамикалы болып келеді. Дегенмен жоғары өзіндік бағалауда тұлғамен арнайы педагогикалық жұмыс жүргізуі жағдайында едәуір динамикалы болуы мүмкін. Психологиялық зерттеулерде жеткіншектердің адекватты өзіндік бағалау мәселесі соңғы орынға қойылмаған.

С.Л. Рубинштейн тек жас жеткіншек емес немесе жасөспірім жас кезеңінде ғана сыни ой-көзқарастар қалыптасады, өз беттілік өмірге енуге байланысты сұрақтарға толғана бастайды, неге жарамды, неге қабілет-бейімділігі бар екенін ойлай бастайды [13]. Бұл жас кезеңінде ең өзекті мәселе өмір жолын таңдау болып табылады. Л.И. Божович өтпелі дағдарыс кезеңінің аяқталуы «өзіндік анықталу» ұғымын білдіретін жеке тұлғалық құрылымының пайда болуымен ұласатындығын көрсетеді [14]. Өзіндік анықталу процесінде өзіндік бағалау айрықша мәнге ие.

Психологтардың айтуы бойынша адам кез-келген жас кезеңінде басқа адамдарды өзіне қарағанда объективті бағалайды. Балалар өзінің мінез – құлықтарын басқа адамдардың әрекеттерін салыстыруынан бастап өзіне баға қою басталады. Біз бұған неғұрлым көбірек мүмкіндік берген сайын олар өзін солғұрлым нақтырақ көре бастайды. Өзіндік бағалау үшін өзін-өзі тануға үйретуіміз қажет. Әдетте өзінің «Менділігіне», өзінің психикалық жаратылысы мен процестеріне жеткіншек жас кезеңінде пайда болады.

Осы кезде өзінің ішкі жан дүниесінемұқият талдау жасау және оның ерекшеліктерін зерттей бастайды. өтпелі жас кезеңінде өзіндік танымның пайда болуы тән, осыдан өз беттілікке, өзіне-өзі сенімділігіне тырысушылық көрінеді. Бұдан ары жасөспірімділікке қарай өзі-өзіне талдау жасай алады және өзінің өмірлік жоспарын құра алады.

Л.И. Божович және Л.С. Славина жоғары өзіндік бағалау және тартымдылық қандай да бір іс-әрекеттің шындық жетістігі негізінде қалыптаспайды, оған айналасындағылардың берген қате, жоғары бағасы негізінде қалыптасады деді [14, 106 б.]. балалар адекватты емес және реацияны күшейтуге бейім келеді, әрі олар өкпелегіш, сенбегіш, агрессивті, қырсық, т.б. келеді. Баланың өзіндік бағалау мен тартымдылық деңгейінің арасындағы антогонистік қарама-қайшы мүмкіншіліктері орын алады.

Қазіргі кездегі психологияда жеткіншектердің өзіндік бағалау мазмұнын 2 бағытты көрсетеді. Оның бірінші өзіндік бағалаудың жалпы сипаттамасы, оның қалыптасу жағдайларын іздестіру мен байланысты болса, екіншісі микроанализбен байланысты, яғни өзіндік бағалауының құрылымдық элементтерін бөлшектеу және олардың өзара байланысын қарастырады. Біздің ойымызша өзіндік бағалаудың микроанализі және оның құрылымының болашағы зор, өзіндік бағалауды зерттеуде негізгі міндетіне құрылымдық динамикалық элементтерді санайды.

Жеткіншек кезеңінде жаңа құрылым қалыптасады: өзіндік бағалау айналасындағылардың берген бағасына қандай да бір деңгейде тәуелсіз бола отырып – «өзі үшін» және «басқалар үшін» - екі жақтылық туындайды. Жеткіншектерге тән өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі таным мүмкіншіліктерінің айқын байқалатын оқу іс-әрекеттерінде көрінеді. Осыған орай іс-әрекеттің фунциялық пайдалы құндылықтарының жүйесі ортақтанады.

Адамның жалпы тұлға болып қалыптасу процесінде жеткіншектік кезең дамудағы өзгерістермен ерекше орын алады. Жаңа арнайы тәжірибе жинағы, жаңа қоғамдық қатынастар мен байланыстарға түсетін орташа жас шамасы 11-14 жастағы балаларға кез келеді. Бұл жастың негізгі жаңа қалыптасуы қарым-қатынастың кеңеюі салдарынан өзіндік сананың өсуі ата-анамен, улкендермен, құрдастармен қатынастарының күрделене түсуі болып табылады. Жеткіншектің дамудағы өзіндік санасы біршама тұрақты өзіндік бағалауға және анықталған талаптану деңгейіне әкеледі. Олардың көптеген әртүрлі іс-әрекеттерге қатысатыны белгілі. Бірақ өмір немесе іс-әрекет тұтастай реттелмейді. Тек олардың жеке түрлерімен механикалық түрде болады. А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша іс-әрекеттің бір түрлері берілген сатыда жетекші және маңызды, ал басқа түрлері алдағы дамуына онша маңызды емес [22].

Жеткіншектік жас – субъект психикасының онтогенетикалық дамуының бір кезеңі. Жеткіншектің психикалық даму факторларын анықтаушылар, анықталған қоғамдық тарихи шарт, оның іс-әрекетінің сипаты, оның организмнің даму ерекшеліктері болып табылады. Л.С. Выготский жастық кезеңнің дамуын қарастыра отырып, «дағдарыс жасы» деген ұғымды бөліп шығарады. Оның пікірінше дағдарыс жас дамудағы бұрылыстар, өзгерістер болып табылады, даму диалектикалық процесс және дамудың бір сатысынан екінші сатысына көшу революциялық жолмен жасалынады деп тұжырымдайды. Сондықтан бұл жасты қиын, өтпелі дағдарыс жасқа жатқызады. Бұл жас кезеңіндегі дамудың қозғаушы күші жаңа қажеттіліктердің орындалу арасындағы мүмкіншіліктер мен қарама-қайшылықтарды балаға жеңу қажет [23].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет