Дипломдық ЖҰмыс 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Шымкент, 2021


Бастауыштың педагогикалық үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері



бет12/36
Дата07.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#19331
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Байланысты:
Килыбай

2.1 Бастауыштың педагогикалық үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері
Түрлі ғылымдар саласы бойынша білімдердің ықпалдасуы негізіндегі пәнаралық байланыс «тігінен» /вертикальді/ және «көлденеңінен» /горизонтальды/ жүзеге асуы басшылыққа алынады. Себебі, мұндай жүйемен анықталуы олардың арасындағы өзіндік оқу материалындағы білімнің логикалық ілгерілік тізбектестігі мен уақыттар арасындағы өзара қатынастық үйлесімдігінің сәйкес келе бермеуімен анықталып, ерекшеленсе, ал «тігінен» /вертикальді/ түрі бойынша оқу материалындағы білім мазмұнының логикалық тізбектестігі және уақыттар арасындағы арақатынастары бір көрсеткіштік деңгейде сәйкесіп, әрі бір-біріне үйлесімділікпен кірістірілумен сипатталады.

Білімдердің ықпалдасуы сипатындағы пәнаралық байланысты «қарапайым, қысқа-үзінділік, жиі құрастырылған» деген түрлерге бөліп қарастырамыз. Бұл түрлі пәндердің арасындағы байланыс пен білімдердің ықпалдасу қатынасын анықтап, олардың өзара сіңісу мағынасының жаңа сапалық деңгейдегі көрсеткішін білдіреді.

Білімдердің ықпалдасуы мамандықтардың оқу жоспарындағы ғылыми пәндердің орналасу тәртібіне, материалдардың блоктарға нығыздалуына және оқуды ұйымдастырудағы ортақ тақырыптардың құрылуына тәуелді болып, блоктардың оқу апталықтары мен оқу барысын ұйымдастырудағы өзіндік ерекшелігін сипаттайды.

Сондықтан да бастауыш сыныптарда білім берудің жүзеге асырылуы және ондағы пәнаралық байланыстағы білімдердің ықпалдасуын қазіргі жаңартылған білім беру бағдарламасы қажет етеді, әрі талап етеді:



  • Пәнаралық байланыс негізінде педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға берілетін білімдер жиынтығы пәннің артықшылығы негізінде құрылған;

  • Білімді ықпалдастыру арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыруда әр түрлі білім беретін пәндердің бір-бірімен тең дәрежеде жүруі және оқу материалдарының мазмұны жағынан қамту мәселесі қамтылмаған;

  • Берілетін білім жағынан бір-біріне жақын туыс келетін пәндерді қамту қарастырылған және олардың біреуі өзіндік ерекшелігін жөнінен жетекші орынға ие болып ол екіншісі оған көмекші ретінде кірістіріп оқыту орын алған;

  • Пәндердің оқу материалдарының мазмұнында бір-бірінен алшақ білімдерді ықпалдастыруда яғни, пәнаралық байланыстық жүзеге асыру мақсатын көздеген анық білінеді;

  • Бастауыштағы білім берудің пәнаралық тәртібін олардың мазмұндық ерекшелігіне сай жүргізу көзделген;

  • Пәнаралық байланыс негізінде білімдерді ықпалдастыру бағытымен танымдық тапсырмаларды орындау, шешімін табу басшылыққа алынған.

Бастауышқа арналған жаңартылған оқу бағдарламаларында білім берудегі тек пәнаралық байланысқа қатысты мәселені біржақты қарау емес, сонымен бірге, бастауыш сыныптардағы оқу-танымдық жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуде оқушылардың жеке тұлғалық болмысын дамытудың жолдары мен мүмкіндігі көрініс табуда. Мәселен:

    • Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі;

    • Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;

    • бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі;

    • оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;

    • оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру;

    • білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;

    • бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;

    • оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу).

Мұғалім мамандарын даярлаудың жаңа бейнесі мен бағыттылығын айқындап алумен қатар, осы тұрғыда жұмыс жасау міндеттері туындайды. Міне, осыдан келіп, жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асырушы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі болып отыр. Сондықтан жоғары оқу орындарында мұғалім мамандықтарын даярлау - мұғалім профессиограммасын жаңа тұрғыдан жетілдіру мәселесі бірінші орында тұр. Мұғалім даярлау ісіндегі түрлі ғылымдармен педагогика, психология жеке пәндерді оқыту әдістемесі пәндерінің өзара байланыста болу басты шарт. Өйткені, педагогика, психология, жеке пәндерді оқыту әдістемесі пәндерден берілетін білімдер болашақ мұғалімнің жаңа тұрпатының нақты көрінісін беретін әрі, бейнесін көрсететін нақты білімдер саласы болып табылады.

Пәнаралық байланысты өзекті мәселе ретінде қарастыру педагогика ғылымы үшін жаңа нәрсе емес екенін және оны әрқашан әлеуметтік дамудың белгілі бір кезеңінде ғылыми білімді дифференциациялау мен интеграциялау үдерістері бойынша философиялық көзқарастармен ақтайтындығын ғылыми зерттеу жұмысымыздың бірінші бөлімінде қарастырып өттік. Бүгінгі күнде педагогикалық әдебиеттерде «пәнаралық байланыстар» санатының 30-дан астам анықтамасын кездестіруге болады, олардың негіздемесі мен жіктелуі әртүрлі тәсілдегі көзқарастар тұрғысынан беріледі.

Пәнаралық байланыс негізінде білім беру мен оқыту - бұл оқушының жеке тұлғаның дамуына және өзін-өзі дамытуына бағытталған әлемнің тұтас көзқарасын қалыптастыру мақсатында белгілі бір білім беру жүйесіндегі мазмұнның құрылымдық құрамалар арасында байланыс орнату үдерісі.

Бір сабақта түрлі пәндердің оқу материалдарын дағдылы әрі машықты түрде қолдану түрі біріктірілген сабақ болады. Бұнда басты ұстанымдық озық ой қажет, оны іске асыру ажырамас байланысты ұстау және өтілетін сабақтың тұтастығын қамтамасыз ету. Пәнаралық байланыстың даму барысында басшылыққа алынатын мәселелер: тереңдетіп оқыту; пәнаралық байланыста тілдік қарым-қатынастың ауқымды орын алуы; оқу материалдарының кіріктірілуі мен өзара ықпалдастықта сақтау заңдылықтары; жеке пәндердің оқу материалдарының мазмұнындағы білімдерді кешенді тұрғыда тасымалдау, ұсыну, беру кезеңдері және ауқымдылық аймағы. Бұнда - оқушыларға әртүрлі құбылыстардың біртұтастығын жеке-дара тұрғысынан қарауға және оларды өз алдына зерттеу әрекетіне көшуіне мүмкіндік береді; жеке пәндер бойынша білім деңгейін арттырады, зияткерлік қызметтің деңгейін жетілдіреді; әлемді өзінің алуан түрлілігімен таныстыруға, ғылыми білімдерді – қоғамдық- ізгілендіру, жаратылыстану-математикалық, эстетикалық білім мен тәрбие беру топтамасын құрайтын пәндердің жиынтықтарын қамти отырып, оларды өмірлік тәжірибеде пайдалана білу, яғни, технологиялық мүмкіндіктерін ашу; оқушылардың жеке бас болмысындағы көңіл-күй сарайының көтеріңкі семізге ие болуындағы шаттану мен дамуына ықпал жасайды.

Пәнаралық байланыс өзіне тән педагогикалық қызметтерді орындайды:



    • Әдістемелік қызметі - оқылатын пәндердің қазіргі озық ойлы тұжырымдамалық пікірлерін негіздеу;

    • Оқу қызметі - жүйелілік, бірізділік пен сабақтастықтағы жеке бөліктердің заңдылықты түзілуі, білімінің ауқымдылығы, білік пен дағдыны қалыптастырып, жетілдіру, таным туралы білімдер жиынтығын беру;

    • Даму қызметі – қарапайым танымнан ғылыми танымға өту, танымдықтағы қызығушылық пен белсенділік әрекеттерін қалыптастыру мен дамыту, ойлаудың тежелу қарама-қайшылығын жеңу, танымдық болмыстың көкжиегін кеңейту;

    • Тәрбиелік қызметі – ақыл-ой, саналық-рухани және политехникалық бағытты қамтиды;

    • Құрастырушылық қызметі – түрлі оқу материалдарының мазмұнын өзара байланыстыру мен кіріктіру, оқытуды ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін және нысандарын жетілдіру.

Пәнаралық байланыстар тұжырымдамасының түрлі түсіндірмелері бар. Сондықтан зерттеушілер бұл тұжырымдаманы бірнеше мағынада жиі түсіндіреді: дидактикалық жағдай, жүйелілік принципі және құралдар, жүйе және т.б.

Пәнаралық байланыстар бағытындағы педагогикалық құбылысқа әртүрлі пәндерден алынған білім мен дағдыларды қолдану мен сұрыптау мәселелері, бағыттаушы мен дамытушы сұрақтарды, оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру жатады. Пәнаралық байланыстар жүйелі түрде дидактикалық талаптық заңдылықтар негізінде жүзеге асырылса, ол сонда ғана өзіндік орны бар педагогикалық құбылыстың бірі болып табылады және мәнге ие болады.

Пәнаралық байланысты оқу материалдарының мазмұны мен жеке пәндердің құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, «тік» (тігінен) /вертикальді/ және «көлденеңінен» /гаризантальды/ етіп бөлу маңызды. Көлденең бағыттағы байланыс берілген сыныптардың пәндерін біріктіруді қарастырады. Тік бағыттағы байланыстар әртүрлі жылдардағы оқу бағдарламасы бойынша біртекті материалды қамтиды.

Бұрынғы қолданыста болған білім беретін оқу бағдарламаларының жүйесімен педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда мұғалімдер пәнаралық байланысты жүйелі түрде емес, кейбір кезеңдерде ғана және жеке сабақтың белгілі бір кезеңінде немесе бөлігінде ал, кейбір уақыттарда арнайы бағытталған пәнарлық байланысқа қатысты екі немесе үш сабақтарды оқу тоқсанында өткізетін. Ал, қазіргі біздің қолданысымызға еніп отырған білім берудің жаңартылған бағдарламасында пәнаралық байланыс үздіксіз және жүйелі түрде орындалатын педагогикалық үдеріс болып табылады. Бұл қазіргі ғылым мен техниканың даму барысындағы ғылыми білімдердің озық үлгілерін түрлі пән мазмұнының жүйесі арқылы өзара байланыстырып, бүгінгі оқушы тұлғасын дамытудың тиімді құралы ретінде баға берілуде. Оқушыға берілетін оқу материалдарының өзара кіріктіре байланыстыру – оқушының жеке бітім болмыс бейнесіндегі ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, ойлауының белсенді болуына, танымдық көкжиек кеңістіктінің дамуына, оның өз ойын сапалы және саналы түрде жеткізе алуындағы тілдік қарым-қатынас жасау және жеке бас көңіл-күй сарайының көрінісін дамытуда ерекше мәнге ие болады.

Кесте 1. Бастауыш сыныпқа арналған ортақ тақырыптар






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет