Дипломдық ЖҰмыс 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы Шымкент, 2021


Орта буын оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеу



бет22/29
Дата07.01.2022
өлшемі131,39 Kb.
#19597
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Байланысты:
Амантай Диана

Орта буын оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеу

Тіл мәдениетіне тәрбиелеу – қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие

берудің ең маңызды да салмақты мәселесі.Ол арқылы жасөскінді тіл өнеріне баулу, туған тілінің қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады.

Бүгін алдымызда тұрған келелі мәселе — өзіндік пікірі бай, ойлы, сезімді, мейірбан ұрпақ тәрбиелеу десек, бұл тікелей сөз өнерімен байланысты. Әр адамға ауадай қажет осы ғажайып өнерге тәрбиелеу – тіл мен әдебиет мұғалімінің қиын да құрметті міндеті.

Оқушының шығармашылық қабілетінің жоғары дәрежеде дамитын кезеңі орта буында екені белгілі. Осы орта буында қазақ тілі сабақтарында оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеуге тоқталмақпын.

5 сыныпта осы тарауда ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілдің ерекшеліктерін қамтитын жаттығулар мен тапсырмалар берілген. Оқушыларға тіл мәдениеті екі үлкен саланы — ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениетін қамтитындығы жайлы дәріс беріліп, ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениетіне байланысты жұмыстар жүргізіледі. Тіл мәдениеті саласында оқушылардың өзіндік пікірі, ойлы көзқарасы, ауызша және жазбаша түйіндеулері көбірек талап етіледі, сөйтіп «өзіндік менін» қалыптастыруға алғаш рет қадам жасалады. Бұл сыныпта тіл мәдениетін оқытуда мынандай міндеттер қойылады:

— ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін мұғалімнің және

оқушылардың өзара сөйлесуіне көңіл бөлгізіп талдату;

— ауызша сөйлеу тілі әдеби тілде сөйлеу және ауызекі сөйлеу

тілі болып бөлінетіндігіне мысал келтіру;

— оқушылардың айналасындағы адамдардың, үй-ішінің ауызекі

сөйлеуіндегі қателерді тапқызып, әдеби тілде сөйлеудің үлгісін келтіру;

— ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия қағидаларын сақтап, мәнерлеп сөйлеумен де байланысты екендігін білгізу мақсатында ауыз әдебиеті үлгілерін, шешендік сөздерді әуезді, мәнерлі, құлаққа жағымды етіп айтқызу;

— дыбыстарды сындырып айтуға төселдіру;

— күйтабақ немесе үнтаспадан әртістер оқыған үзінділерді

тыңдатқызып, салыстыра талдау жасату;

— сөз қолдану мәдениеті, ең алдымен, сөздің емле ережесіне сайжазылуымен байланысты екендігіне бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу;

— жазба жұмыстарында сөздердің бірге және бөлек жазылатын

түрлеріне, терминдердің жазылуына, аң-құс, жан-жануар, өсімдік атаулары, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер салаларына қатысты құрал-жабдық, ұғым атаулары, мамандық, кәсіп атауларының бірде бөлек, бірде бірге жазылуына көңіл бөлгізу;

— жыл бойы өтілген тілдік тақырыптар мен пайдаланылған оқу

материалдары бойынша әр түрлі топқа жататын сөздердің мағыналық реңктерін ескеріп, әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу, талқылау бағытындағы мәтіндер құрату.

Балалардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес мынадай тақырыптар ұсынылады: отбасы, сынып, дос-жаран, табиғат, ауыл, қала тұрмысы, тіршілігі, шаруашылығы. Өнер, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, т.б.

Тіл мәдениеті бойынша 5 сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Міндетті деңгей:

— сөздерді лексикалық, фонетикалық нормаға сай орынды қолдана алу;

— орфография, орфоэпия нормаларын сақтай білу;

— ауызша, жазбаша тілде сөздерді талғап қолдана білу;

— мәтіндерге өтілген тақырыптар бойынша талдау жасай алу;

— оқыған ертегі-әңгімелерге ұқсатып ертегі, әңгіме жаза білу.

Мүмкіндік деңгейі:

— ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілдің ерекшеліктерін пайымдай білу;

— ауызекі сөйлеудегі қателерді тауып, әдеби тілде сөйлеудің үлгісін таныту;

— ауызша сөйлеу мәдениетіне жататын қағидаларды іс жүзінде қолданып көрсету;

— сөз қолдану мәдениетіне бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу, дағдыларын игеру;

— әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу, талқылау бағытындағы мәтіндерді ажырата білу, өзі құрастыра алу.

Ал, 6 сыныпта тіл мәдениеті тарауында оқушыларды жұрт алдында сөйлеу мәдениетіне тәрбиелейді. Мұнда жұрт алдында сөйлеудің түрлері, мұғалімдердің, оқушылардың, баяндамашылардың, дикторлардың сөйлеу ерекшеліктері, ауызша тілдің жазба тілден айырмашылыктары айқындалады. Оқушыларға ойды жеткізудің тілден тыс көмекші құралдары (ым-ишара, дауыс ырғағы, күші, қимыл-қозғалысы) тақырыптың мазмұнымен астарласып беріліп, соның мақсатын ашатындай қызмет атқаруын талдатады.

Жұрт алдында айтылатын ауызша сөздің жазба сөзге қарағанда құрылысы жағынан ықшам келетіндігі, қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің жиі қолданылатындығы, жазба тілде қойылатын тыныс белгілері жайлы мағлұмат беріліп, соған орай жаттығулар жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға ой айту, дауыс ырғағы дауыс кідірісі арқылы берілетіндігін байқатады.

Бұл тарауда сонымен қатар, жазудың маңызы, сөзді дұрыс жазу мәдениеті, орфографиялық нормадан ауытқуға болмайтындығы, оны сақтаудың міндеттілігі түсіндіріледі. Емле ережесіндегі соңғы толықтырулар мен өзгерістер тіл фактілері негізінде талқыланып, олардың дағдыға айналуы қадағаланады.

Оқушылар жазудың адам ойын жүйелі, тиянақты, толық жеткізуге мүмкіндік жасайтындығын ұсынылған тақырыптарға құрылған ауызша және жазбаша мәтін үлгілерін салыстыра көз жеткізеді.

Бұл сыныпта тіл мәдениетін оқытуда сөз таптарының әрқайсысының тіл мәдениетімен қатысы, сөз таптарының ойды анық, дәл, нақты білдірудегі мәні, сөз таптарының ауызша және жазбаша тіл мәдениетімен байланыстары, орфографиялық, орфоэпиялық нормалар және оқшау сөздердің ауызша және жазбаша тілдегі қолданылу ерекшеліктері қарастырылады.

Ұсынылатын тақырыптар: Қазақтың тұрмыс-салт, әдет-ғұрпы, өнері; ауыл-қала тұрмысындағы айырмашылық; табиғаттағы өзгерістер; от басындағы қызығушылық, береке; сынып мүддесі, ұлттың мақтанышы, көрнекті адамдардың өмірі жайлы сыр, т.б.

Тіл мәдениеті бойынша 6 сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Міндетті деңгей:

— жұрт алдында сөйлеудің түрлерін аңғару;

— сөздерді түрлендіріп қолдана алу;

— дұрыс жазу мен дұрыс сөйлеуге төселу;

— ауызекі сөзде оқшау сөздерді орнымен жұмсай алу.

7-сыныпта «Тіл мәдениеті» тарауында сөз мағынасы, сөйлеудің, диалогтің, монологтің түрлері, тіл мәдениеті және шығармашылық жазу жұмыстары, қосымшалардың тіл мәдениетіне қатысы оқытылады. Қосымшалардың сөзге жалғану шегі, сөзді таңдап, талғап барып жалғануы мен қосымшаларды қолданудағы нормадан ауытқулар қарастырылады.

Бұл сыныпта тіл мәдениетін оқытуда мынандай міндеттер қойылады:

— оқушылардың бойында қосымшаларды дұрыс жалғау

дағдысын жетілдіру;

— іс-қағаздары үлгілері мен публицистикалық сипаттағы

мәтіндерді талдату, өздеріне құрату;

-баспасөз бетінде қосымшаларды қолданудағы нормадан

ауытқыған жағдайларды тапқызып, қайта жазғызу;

— қазақ тіліндегі кейбір жұрнақтардың қызметі мен қолданылу

өpiciн танытатын мысалдарды талдату;

— кeйбip қосымшалардың термин жасаудағы рөлін анықтату;

— жаңа сөздердің қолданысын меңгерту;

— түрлі сипаттағы мәтіндерді талдату арқылы сөз таптарының

түрлену жүйесі жөніндегі түсініктерін кеңейту;

— мәтіндерге лингвистикалық талдау жүргізу;

— автордың ойды беруде сөздерді байланыстыру тәсілдерінің

қолдануын бағалату;

— көнерген сөздер мен жаңа сөздердің жасалымындағы

ерекшеліктерді, олардың сөз таптарымен, сөз тіркесімен байланысын анықтату;

— оқушылардың өздік, шығармашылық жұмыстарын

ұйымдастыру арқылы өтілген тақырыптардан алған білімдерін өз сөз қолданысында пайдалана білу дағдыларын жетілдіру.

Тіл мәдениеті бойынша 7 сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Міндетті деңгей:

— қосымшаларды таңдап, талғап жалғай білу;

— іс қағаздары үлгілерін дайындай алу;

— термин сөздердегі қосымшалардың рөлін анықтай алу;

— сөйлем мүшелерін орнымен жұмсай алу 8-9 сынып оқушыларына тіл мәдениеті басқа тараулармен байланыстырыла оқытылады.

Тіл мәдениетінің ерекшелігін айқындайтын негізгі белгілер мен

сапалар болады. Олардың бастылары мыналара: дұрыстық, дәлдік, логикалық, тазалық, мәнерлілік, сөздің байлығы және қисындылық. Осыған орай, қазақ тілі сабақтарында оқушыларды сөйлеу мәдениетіне, тіл мәдениетіне тәрбиелеуде тіл тазалығы, тіл дәлдігі, ойдың анықтылығы, мазмұн тереңдігі, сөздерді дұрыс айту, дұрыс жазу нормалары, сөйлемдерді дұрыс құру, ойды дәл жеткізе білу шеберлігі, сөйлеу, тыңдау әдептілігі деген мәселелер жатады. Оқушыларға орта буында тіл мәдениеті осы мақсаттарды көздей отырып оқытылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет