Дипломдық ЖҰмыс 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы Шымкент, 2021


Оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық ұстанымдар



бет21/29
Дата07.01.2022
өлшемі131,39 Kb.
#19597
түріДиплом
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық ұстанымдар

Тіл мәдениетіне тәрбиеленудің жолға қойылуы — бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талабынан туындап отырған мәселе. Мемлекеттік мәртебеге ие болған казақ тілінің қолданыс өрісінің кеңеюі, біршама жылдар бойы өзге тілдің өктемдігінен табиғи арналарынан ажырап қалған ана тілімізді өрістетуге деген талаптың күшеюі республикамыздағы білім беру жүйесінің негізгі буыны болып саналатын жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі пәнінің рөлінің, маңызының арттырылуына қажетті алғышарттарды қалыптастыруды керек етеді. Бұл орайдағы негізгі шарттар — қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын жаңарта отырып, оқушыға терең білім беру, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру ана тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білу іскерліктерін жетілдіру.

Қазақ тілінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында белгіленген талаптарға: жаңартылған білім мазмұнына, оқушы мең-геруге тиіс міндетті білім деңгейлеріне табан тірей отырып, тіл мәдениетін оқытуға катысты міндеттер мен нәтиже межелері белгіленеді.

Қазіргі таңда тіл мәдениетін оқытуда оқушының өзіндік ізденістеріне негіздей отырып білім алуына және біліктерді меңгеруіне қажетті жағдайларға молырақ мүмкіндік беру мәселесі ескеріледі. Бұл орайда, оқушының өздік, шығармашылық жұмыстарды орындауына мән беріледі. Яғни білім мен білік оқушының өздігінен ізденуіне, түрлі тілдік жағдаяттарды тіл жұмсауға төселуіне және оның лингвистикалық дүниетанымының кеңеюіне жол ашатындай тілді әр қырынан өздік әрекеті арқылы тану жолымен меңгертіледі.

Оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу төмендегідей дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарға негізделді:

1. Теория мен практиканың бірлігін нығайту, яғни тілдік білік пен коммуникативтік біліктің қатар қалыптасуына жол ашуды көздей отырып оқыту.

2. Білім мазмұны мен білікті қалыптастыру жүйесіндегі сатылы-сабақтастықты сақтау, яғни тіл білімі салаларының бір-бірімен ұштастырыла берілуін қамтамасыз ете отырып оқытумен қатар, сол білімді тілдік білікпен сабақтастыруға басымдылық беру.

3. Білім мазмұнының қоғамдык-әлеуметтік сұраным талаптарына сәйкестігі, яғни тіл мәдениетініңң оқушының өзіндік көзқарастары мен дүниетанымын жетілдірудің басты факторларының бірі екендігіне жол аша отырып оқыту.

4. Оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру, яғни тіл мәдениетінің оқушының жеке бас қасиеттері мен қабілеттерін дамытуына мүмкіндігін барынша дұрыс пайдалана отырып оқыту.

5. Тіл мәдениетін лингвомәдени, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика мәселелерімен байланысын арттыра оқыту, яғни сөйлеу әдебі, сөз мәдениеті талаптарына ерекше мән бере отырып оқыту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет