Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы Қызылорда, 2022 жыл



бет4/14
Дата06.06.2022
өлшемі170,11 Kb.
#36415
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Зерттеудің мақсаты. Спорт өнері арқылы жастардың эстетикалық және адами құндылықтарын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің міндеттері:

  • «Эстетика», «Адами құндылық» ұғымдарына берілген анықтамаларға сүйене отырып, «эстетикалық-адамгершілік тәрбие» ұғымына педагогикалық тұрғыдан жаңаша анықтама беру.

  • Жастарды спорт өнері арқылы эстетикалық және адами құндылықтарға тәрбиелеуге байланысты «Эстетика және адами құндылықтар әлемі» атты бағдарлама жасау.

Зерттеудің теориялық мәні. Спорт өнерімен шұғылданатын және спортты серік еткен жастардың ой-санасына, мінез-құлқына, рухани-интелектуалдық жалпы мәдениеттілік болмыстарына дүниетанымдықтұрғыдан ұлттық құндылықтарға негізделген теориялық бағыт-бағдар беру.
Зерттеудің практикалық мәні.
- мектеп оқушыларына спорт өнері арқылы эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру мақсатында «Эстетика және адами құндылықтар әлемі» атты тәрбие жұмысының бағдарламасы құрылды;
- жастарға спорт өнері арқылы эстетикалық және адамгершілік тәрбиелеудегі рухани-дүниетанымдық тағылымдарды оқу үдерісіне пайдалануға байланысты әдістемелік ұсыныстар жасалды;
- жұмыстың нәтижелерін орта мектептердің, бала-бақшалардың және педагогикалық колледждердің оқу үдерісінде пайдалануға болады.
Зерттеу әдістері. Диплом жұмысында зерттеудің төмендегі әдістері қолданылды. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, мақалаларды, ғалым-ағартушылардың еңбектерін талдау, алынған мәліметтерді сұрыптау мен қорыту, ізденіс, әлеуметтік зерттеулердің материалдары. Сауалнама жүргізу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • жастарға спорт өнері арқылы эстетикалық және адамгершілік тәрбие беруге арналған арнайы тәрбие жұмысының бағдарламасы әзірленді;

  • жастарға спорт өнері арқылы эстетикалық және адамгершілік тәрбиелеудіңі әдістемелік ұсыныстар жасалды.

Зерттеудің болжамы.Егер жастар бойында эстетикалық және адами құндылықтарын қалыптастыруға арналған тәрбие жұмысының жүйесін және оның модульін жасап, спорт өнері арқылы жастарға интеллектуальдық, рухани, адамгершілік және эстетикалық құндылықтарын қалыптастыруды жетілдіріп, тәрбие үдерісінде қоғамға лайықты қазіргі кезеңнің сұранысы тұрғысынан орындалса, қоғамның әлеуметтік талаптарынға сәйкес нәтижелі қол жеткізіледі, өйткені бұл қазіргі қоғамның қозғаушы күші жастардың дүниетанымының қалыптасуына оң ықпал жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет