Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы Қызылорда, 2022 жыл


Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................59



бет3/14
Дата06.06.2022
өлшемі170,11 Kb.
#36415
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ақбота диплом

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................59
Кіріспе


Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі қоғамда демократияландыру, ізгілендіру, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу бағытында Қазақстан Республикасында елеулі өзгерістер орын алып, жүзеге асырылуда. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» [1], «2025 жылға дейінгі дене тәрбиесі мен спортты дамыту тұжырымдамасы[2], «Мәдени мұра»мемлекеттік бағдарламасықолдау тауып, жастар тәрбиесін дамыту бағытында көптеген ауқымды жобалар орындалып, жасампаздық пен жаңарулар орын алып, оқу орындарының педагогикалық үдерісіндегі тәрбие салаларындағы жұмыстарға жаңа белесте, тың көзқарастармен қарауды алға қояды, жауапкершілік пен талапты күшейтеді.
Осыған орай қазіргі жаһандау және ұлттық дамудың әсерлігі мен ынтымақтастықты, ұлттық қасиетімізді қастерлеу барысында адамның адамгершілік қасиеттерін сапаландырып, ар-намысын шыңдау, эстетикалық және дүниетанымдық қасиеттерін қалыптастырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу міндеті тұр. Өйткені, ХХІ ғасыр адамзаттың алдына бейбітшілікті сақтау, барлық елді тыныштықты орнықтыру, нығайту, ғылым мен білімді дамыту, адаматтарды әлеуметтік қорғау, саяси жедел жаңғыру, қоршаған ортаны қорғау, спортжәне дін салаларында ынтымақтастықты арттыру сияқты жауапты міндеттер қойып отыр. Осы міндеттерді шешуге жастардың лайықты үлестерін қосу үшін эстетикалық және адами құндылықтарын қалыптастыруға, спорт өнері арқылы бейім-қабілеттерін дамытуға, ой-санасын тазалауға, мәдениетін көтеріп, ұлттық намысын шыңдауға жағдай туғызу қажет.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қоғамның дамуы мен экономиканың бәсекеге қабілеттілігі жоғарғы деңгейге көтеріліп білім берудің сапасын арттыруға тікелей байланысты екендігі көрсетілген [4].
Жастардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мәнділігі, біріншіден, барша саланың ғаламдануы, екіншіден, ақпараттық, интернеттік байланыстардың артуы, үшіншіден рухани жаңғыру, тазару, сондай-ақ азғындаудың да қатарласа дамуы мүмкін. Жастардың санасын түрлі жолдармен уландыру тәрбие жұмыстары әлеуеттерінің әлсіреуі, нашақорлық, жұмыссыздық, тастанды балалар санының көбеюі, кейбір сапалардың төмендігі де ықпал етеді. Әсіресе, қазіргі жастарды теріс жолға түсіретін, санасын улайтын жағдайлардың бірі – дүниеқұмарлық[5]. Нарық заманы біреуді бай етсе, біреуді кедейлендіріп, ең ұлы қасиет адамгершілік міндеттерінен ажыратуға себеп болуда. Болашағымыз – жастарға адамгершілік құндылықтарын: білімділік пен тәрбиелілік, еңбексүйгіштік пен әдептілік, ар-намысшылдық, отаншылдық пен парасаттылық, ұлтшылдық пен жауапкершілік, батылдық пен ептілік, мейірімділік пен қарапайымдылық, өзін-өзі танумүмкіндігі мен қабілетін білуі және оларды игеруі, қолдануы жетілдіруі, саяси жедел жаңаруға жеткізетіндігімен маңызды болатыны сөзсіз[6].
Жоғарыда айтылғандардан туындайтын мәселе жастарды жан-жақты үйлесімді дамыту оқу-тәрбие үдерісін мемлекеттік стандарт, оңтайлы бағдарлама, өмірлік талаптар, жасампаздық жолдаулар басшылыққа алынып, жоспарланып, жаңа тәрбие технологиялары негізінде ұйымдастырылып, тәрбие жұмыстары озық, уақыт сынынан сараланып өткен, тиімділігі мол ғылыми-әдістемелік, педагогикалық тұрғыда зерттеу, қоғам, ел талап-тілектеріне сай жйргізу қажеттілігі байқалады. Осы айтылғандардың ішінде жастардың эстетикалық және адамгершілік қасиеттерін, құндылықтарын қалыптастыруда спорт өнерінің алатын орны ерекше екеніне тоқталамыз.
Білім беру мекемелерінде жүргізілетін тәрбие жұмыстарының түрлері сан алуан. Тиісінше тәрбие жұмысын жүргізіп, ұйымдастырудың әдіснамалық әдіс-тәсілдері де әртүрлі. Оқу орындарында әртүрлі деңгейдегі жүргізіліп ұйымдастырылатын тәрбие шараларына, түрлеріне қатысу арқылы тәрбие түрлерінің қамтамасыз етілетін түрлері де аз емес. Солардың бірегейі спорт өнері мен дене тәрбиесі құралдарында жастарды әдемілік, әсемдік, сымбаттылық, тән сұлулығын, өмірдің әрбір кезеңдерінде кездесетін жағдаяттарды жеңе білуге баулитын, қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіріп қалыптастыратын құнды көріністер аз емес. Жастар дене шынықтыру мен спортқа өзінің күнделікті жұмысы деп қараса, онда оның қыры мен сырын әсемдігін, эстетикалық, көркемдік, шынықтырулылық, сауықтырушылық бағыттарын керемет сезіне бастайды [7].
Жалпы қоғамда спорттан адамгершілік, ізгілік тәрбиесін бөліп қарауға болмайды. Ол төзімділікке, жігерлікке, шыдамдылыққа тәрбиелейді. Сондықтан да спорт құралдары шұғылданушыларға эстетикалық, рухани ләззат сыйлап өмір сүру құштарлығын арттырады. Ұзақ өмір сүріп, әрқашан жемісті еңбек етуге, алғыр, тапқыр, өршіл талапты, өжет болып қалыптасуға тәрбиелейді [8].
Қазіргі кезде жастар тәрбиесінде назар аударарлық бірқатар келеңсіздіктерді, олқылықтарды байқап келеміз. Біз жастар тәрбиесінде ұлттық құндылықтардан гөрі, уақытымыздың көбісін күнкөріс, ақша табу бағытына бұрып жібергендейміз. Жастарды әлеуметтік желілердің келеңсіз бағыттары тәрбиелеп жатыр. Санасын, ой-түйсігін, ойлау қабілеттерін деградацияға ұшыратуда. Бұған бейтарап қарауға болмайды.
Бұл мәселелер 2022 жылдың басында елімізде орын алған «қаңтар оқиғасы» кезіндегі жағдайда жастар бойынан көрініс тапқаны белгілі. Парламенттегі депутаттар да жастар тәрбиесінің олқылықтарына мән бере бастады. Олар да «Жастар тәрбиесі кері кетіп барады, қаңтар көтерілісіндегі жағдайлар соның бір көрінісі», - деп атап өтті [9]. Кері кеткен тәрбие жағымсыз ойларға, іс-қимылға, әрекеттерге бой алдырады. Жастарға көркем мінезді, жақсы әдетті, жақсы орта қалыптастыруымыз керек. Көп оқу, көп іздену, көп еңбектену, ақылды істерге ұмтылу сөз жоқ жастар тәрбиесіне, мінез-құлқына жақсы әсер етіп, ұлттық болмыстарын шыңдай түседі.
Ал, дүниетанымдылықты қалыптастыруды жүзеге асыру үшін адамдар арасында жағымды қатынастар, елді, жерді, табиғатты, әсем қалаларды көру, бару, аралау тікелей жақсы әсер етеді. Бұл әсіресе спортшылар, өнер адамдары өмірінде жағымды, жақсы әсер етеді. Олар көп елді, жер-жаһанды аралайды. Өзге халықтың мәдениетімен, тарихымен, әсем табиғатымен, сұлу қала көріністерімен танысып, мінез-құлқын тәрбиелеп, ой-өрісін дамытып, дүниетанымын кеңейтеді. Әртүрлі ұлт өкілдерімен танысып, жолдастық, достық қатынастарын нығайтатыны сөзсіз [10].
Сондықтан жастар орда бұзар отызға дейін өмірден өз орнын адаспай, шатаспай табуы тиіс. Тәрбиелік ұстанымға лайық орта, ақылы, мінезі үлгі боларлық шынайы достармен өзара игілік, ізгілікке толы қатынастар да біздің ұлттық болмыс, рухымызды дамытып, қалыптастыруға көп септігін тигізеді. Ол үшін дуалы ауызды, ақылы мен нақылы, өмірі мен өнегесі, өмірде тоқығаны мол, көргені, естігені көп ата-әжелерді, ұстаздарды тыңдап,ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруымыз керек.
Кезінде Абай Құнанбаев «Адамнан адамнан артықшылығы ғылым, мінез, ақыл, ар-ожданы арқылы ерекшеленеді», - деп айтып кеткен [11]. Бұл қабілет-қасиеттерге ұмтылу, ие болу бәріміздің ұстанымымыз болу керек. Ұлы адамдардың сөзіне құлақ асып, сол ізбен жүрсек жаман ойға, жолға түспесіміз анық.
М.Әуезов «Ел боламын десең бесігіңді түзе», - деп бекерге айтпаған [9]. Тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс. Көршілес елдер осы мәселені терең түсініп, экран арқылы жастардың бойына ұлттың мәдниетін, тарихын, намысын, өнерін сіңіруді, насихаттап, адамгершілік және эстетикалық қасиеттерін қалыптастыруды әлдеқашан қолға алған. Бізде де жастар тәрбиесіне жіті назар аударатын кез келді деп есептейміз.
Л.Толстой «Мектепте көптеген пәндер оқытыла береді. Оның ішінде керегі бар, керек емесі бар. Бірақ та адамгершілік пәні оқытылмайды», - деп ХҮІІІ ғасырда айтып кеткен [10]. Бүгінгі күні осы сөздің мәнін, құнын мәңгілік жоймайтындығын түсініп келеміз. Адамда адами қасиет болмаса хайуанға айналатыны белгілі. Мәдениетті, ақылын алға қойып, ашуын тежей алатын, адамгершілігі мол азаматтарды тәрбиелеу бағытында жұмыс жасайтын тәрбие құрылымдарын түбегейлі жаңа форматта, жаңа сипатта қарастырылуы керек. Материалдық құндылықтан гөрі рухани құндылықтар алға шыққаны дұрыс.
Біз жастар тәрбиесі бағытында жазылған көптеген мақалаларды, ғылыми еңбектерді, отандық және шетелдік атақты педагог-ғалымдардың ой-пікірлерін зерделеп шықтық. Атап айтқанда, ұрпақ тәрбиесіне бағытталған Әл-фараби, А.Құнанбаев, Қ.Шәкәрімұлы, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсұнов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, Б.Момышұлы, Ә.Нысанбаев, Ж.Намазбаева, А.С.Макаренко, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский, т.б. ғалым-ағартушылар ерекше зерттеулер жүргізіп, ғылыми-теориялық және ғылыми-педагогикалық тұрғыдан дамытып, іс-тәжірибелік мәнін арттыруда көптеген еңбектер жазып, мәңгілік мұра қалдырды.С.І.Қасымбекова, Л.К.Керімов, Қ.Бөлеев, А.Н.Ильясова, А.Б.Нұрлыбекова, Е.Әлімханов, К.К.Жанпейсова сынды қазіргі кезеңдегі педагог-ғалымдар адамгершілік және эстетикалық тәрбиесін қазіргі адамзаттың дамуына қатысты бағытта қарастырып, адами құндылықтардың маңызын педагогикалық-психологиялық зерттеу еңбектерінде негізге алған.
Жоғарыдағы педагог-ғалымдардың еңбектерімен таныса келе, эстетиалық және адами құндылықтарды қалыптастыру мәселелерін теориялық тұрғыдан қоғам талаптарына сай шешу және қазіргі оқу орындарында білім алушыларға эстетикалық және адами құндылықтарды спорт өнері арқылы қалыптастыру өз дәрежесінде болмауы, мәселенің қоғам талабына сай қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтардыңорын алып отырғандығы байқалады. Осы аталған қарама-қайшылықтарды ұтымды шешу мақсатымен зерттеудің өзекті мәселелерін анықтап, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын«Спорт өнерінде эстетикалық тәрбиені және адами құндылықтарды қалыптастыру жолдары», - деп таңдауымызға негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет