1.3 Дене тәрбиесінің еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен өзара байланысы
Дене тәрбиесі мен спорт бірнеше мақсаттарды көздейтіні белгілі. Олар: тәрбиелеу, білім беру, сауықтыру, шынықтыру өмір сүруге, өмір қиыншылықтарын жеңуге баулу. Тәрбиелік мақсаттарды дене тәрбиесі құралдары, яғни жаттығулар арқылы шешуге әбден болады. Іс-әрекеттерде дене тәрбиесімен тәрбиелеу маңызды рөл атқарады. Дене тәрбиесі мен эстетикалық тәрбиенің өзара байланысы адамның ұғымынан тәуелсіз, объективті өмір сүреді. Бір жағынан дене тәрбиесі адамның денсаулығын нығайтып, ағзасын, оның ішінде сезім мүшелерін дамытып, қозғалыс мәдениетін жетілдіріп, эстетикалық тәрбие үшін алғы шарты адамға эстетикалық әсер етудегі өрісін кеңейтеді. Басқа жағынан эстетикалық тәрбие спортшының рухани бейнесін жоғары дәрежеге көтеріп және жақсартып, оларды дене сұлулығына, қозғалыс әрекетіндегі шығармашылық ұмтылысқа, айқындалған эстетикалық мінез-құлыққа ұмтылыс көрсетуіне мүмкіндік жасап, дене тәрбиесінің нәтижелігін арттырады.
Эстетикалық тәрбиенің мазмұны, адамның денесін табиғи дамытуға бағытталған дене тәрбиесінен айырмасы эстетикалық тәрбие адамның рухани қабілеттерінің қалыптасуын қамтиды.
Ол ұғыну, сезіну, түсіну және құбылыстың сұлулығына сәйкес бағалай білу, заман талабына сай шығармашылыққа ұмтылуға байланысты қажеттілігі және қабілеттерін дамытады. Қысқаша айтқанда, эстетикалық тәрбие адамның өмірге деген эстетикалық қатынасын қалыптастыруда өнермен қатар оның эстетикалық маңызын да барлық іс-тәжірбиелік қызмет ауқымында, оның ішінде дене тәрбиесі мен спорт ісінде қызмет етеді. Дене тәрбиесі жүйесіндегі эстетикалық тәрбие пәнінің ерекшелік күшіне адамның мықты және жақсы денсаулығы барлық дене мүшелері мен жүйелерінің қалыпты өмір қызметін қамтамасыз етеді. Денсаулықпен бірге сұлулық та осы эстетикалық тәрбиенің дұрыс жүргізілуі нәтижесінде қалыптасады.
Н.Г.Чернышевский: «Егер өмір және оның көркі сұлулық болса, онда ауру мен оның салдары кейіпсіздік, ұсқынсыздық болуы табиғи», - деген болатын[23].
Сұлулық спортшының жан-жақты дене дайындығы нәтижесінде, яғни өз денесін екрін және қиындықсыз меңгеру, жүйелі қозғалыстың нақыштылығында айқын көрінеді.
Еліміздің эстетикалық тәрбиеленген спортшылары үшін сұлу мүсінді, сымбатты болу үшін шын мәнінде бәрінен бұрын адамгершілік, өнегелік қатынасты білдіреді. Сонымен сұлулық пен әсемдіктің дене тәрбиесі жүйесінде әділ, шыншыл жоғарылауы көп қырлы болып көрінеді. Мұнымен қатар, дене тәрбиесі жүйесінде жағымсыз эстетикалық қасиеттер де кездесуі мүмкін. Тәрбие жүйесі кездейсоқ жағдайда жүргізілгенде бұл қасиеттер спортшылардың эстетикалық тәрбиесіне үлкен зиян келтіреді.
Сондықтан дене тәрбиесінде эстетикалық тәрбие тұрғысынан мақсатты бағытталып ұйымдастырылған педагогикалық ықпал жасаудың қажеттілігі туындайды. Эстетикалық қатынасты қалыптастыру адамның сезіміндегі эстетикалық қасиеттеріне ықпал етуден басталады.
Мұны дене тәрбиесіне қолданғанда педагогикалық әсер етуді дене тәрбиесі жүйесіндегі шынайы сұлулық, көркемдік шұғылданушыларды аса ерекше қуаныш пен риясыз толғандыруы, толқыту бағытында жүргізілуі керек. Сондықтан дене тәрбиесі жүйесінде шұғылданушылардың түйсігіне дене сұлулығына ұмтылуды, оның қозғалыс қызметіндегі шығармашылықпен көрінуінде, эстетикалық айқындалған мінез-құлқын да айту керек. Эстетикалық таным талаптану, түсіну сезімдері арқылы барлық уақытта адамды түгелдей қамтиды. Жоғарыдағы айтылғандардан ұғатынымыз қуанышты, кіршіксіз тазалықсыз, риясыз әсерленушіліксіз дене тәрбиесінде эстетикалық қатынасты қалыптастыру іс жүзінде мүмкін емес. «Дене мен қозғалыс сұлулығына және мәнерлілік сезімінде адамның көрінуі кездейсоқтық емес, өйткені олар үнемі тұрақты, заңды және табиғи болып саналуы тиіс. В.В.Гориновская өзінің «Дене тәрбиесінен білім беру» жинағында «Бұл талаптану, ұмтылыс шешендік сөздің сөз саптау сұлулығына, яғни тұжырымдап айтқанда барлық әдемілікке, сұлулыққа ұмтылу сияқты өте ұғынықты», - деп атап көрсетеді [24]. Біздің еліміздің адамдары дене сұлулығына өмірдегі еңбекке, іс жүзіндегі атқаратын қызметке қажеттілігі тұрғысынан қарайды.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
Спортшылардың эстетикалық қатынасы келесі міндеттерді шешуде қалыптасады:
1. Дене шынықтыру мәдениетіне тәрбиелеу жүйесінде эстетикалық сезім, көзқарас, арман мұратқа тәрбиелеу.
2. Дене сұлулығына қозғалыстың нашықты әсем қарапайымдылығына және өнерлілігіне ұмтылуға тәрбиелеу.
3. Өзін шығармашылықпен көрсете білу қабілетіне тәрбиелеу дене тәрбиесіндегі, оның ішінде спорттағы жаңаны іздеу және сұлулықты, көркемдікті, әсемдікті жасау және бұл сапаларды еңбек қызметіне ауыстыру.
4. Өз әрекетінде, сөзінде, қылықтарында эстетикалық айқындалған мінез-құлыққа, оңбағандыққа, бұзақылыққа қатынаста ымыраға келушілікке тәрбиелеу.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері. Еңбек тәрбиесінің міндеттері мазмұнына сәйкес оның негізгі үш міндетін бөліп қарауға болады:
1. Еңбек дағдылары мен біліктілігін меңгеру.
2. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
3. Балалардың еңбекке қатынасын қалыптастыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері олардың үзіліссіз бірлігінде шұғылданушылар контингентті және тәрбиелеу жағдайы есепке алынып, іске асады.
Еңбек тәрбиесінің құралдары. Еңбек ете білу, еңбекке қызығушылық және оған деген сүйіспеншілік еңбек ету барысында қалыптасады. Сондықтан бұрын көрсетілген барлық еңбек түрлері еңбек тәрбиесінің құралдары болып табылады. Олардың әрбірі шұғылданушылардың сана деңгейіне және дене дайындығына, жасына сәйкес күрделі болу тиіс.
Еңбек спортшыларың қажеттілік, дағдыға айналған шұғылдану дүниесі болуы үшін еңбекте жүйелі жаттығу, тұрақты еңбек жаттығуы қажет. Еңбек тәрбиесінің негізгі әдісі еңбекке іс жүзінде үйрету болып табылады. Еңбек психологиялық жүйе ретінде адамның саналы, мақсатты бағыттағы қызметтері қатарына жатады. Дене тәрбиесінің үлгісін психологтар келесі кезеңдерге бөледі:
а) еңбек міндетін ізге түсіру;
б) алға қойылған міндеттерді іске асыру құралдары мен әдістерін таңдау;
в) еңбек міндеттерін шешу;
г) шешімді тексеру, іс жүзінде бағалау, орындалған жұмысқа толықтырулар мен түзетулер енгізу.
Мектеп жасындағы балалардың еңбек тәрбиесінің тәжірибесі жақсы ойластырылып ұйымдастырылған еңбектің, күшті дұрыс бөлудің және шұғылданушылардың міндеттерін анық бөлу, олардың жұмыстарының нәтижесін есепке алу қажет екенін растайды. Бәрінен бұрын еңбектің қоғамдық маңыздылығына ерекше назар аударып, оның мақсатын анық түсіндіру қажет. Еңбек міндеттері айқын болуы тиіс.
Еңбек шұғылданушылардың жасына және дене дайындығына лайық, шамасы келетіндей болуы тиіс. Іс жүзінде еңбекке үйретумен қатар төмендегі үлгіде сөзбен әсер етуді қолдану қажет: мәнерлі, ашық және еңбек адамдарының, белгісі туралы бейнелеп айту, жеке және ұжымдық пікірлесу, еңбек табыстарын әділ бағалау.
Тәрбиелік ықпал жасаудың үлкен күші үлгілі еңбекті мысалға келтіруде, әсіресе еңбек адамдарының, оның ішінде спортшылардың еңбектегі ерліктері болып табылады.
Еңбек тәрбиесі егер еңбекке адамдардың ақылы, сезімі, жігері жұмылдырылған болса ғана, ол еңбектен қанағаттанатынын дәлдейді. Бұл оқытушыға дене тәрбиесінің көрсетілген әдістерінен басқа қажеттілігіне қарай дене, адамгершілік, ақыл-ой және эстетикалық тәрбиелерге тән басқа да әдістерді қолдануларына мүмкіндік береді. Дене жаттығуымен шұғылдану жүйесіндегі ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралы дене шынықтыру мәдениеті саласындағы арнайы біліммен, оған сүйенуші оқытушы шұғылданушыларды қозғалыс әрекетіне үйрету кезінде олардың ойлау қабілеттерін арттырады. Бұл арнайы білімнің мазмұны мен көлемі шұғылданушылардың жасына және дене дайындығына сәйкес дене шынықтыру мәдениеті бойынша бағдарлама талаптарымен анықталады. Бұған байланысты неғұрлым арнайы білімдері, қозғалыс дағдылары кең ауқымды болса, онда солғұрлым шұғылданушылардың ақыл-ой белсенділігінің даму мүмкіндігі мол болады. Меңгерген білім мен қозғалыс тәжірибелерін пайдалана білу оқушыларға қозғалыс міндеттерін өздігінен шығармашылықпен жасауға итермелейді.
Спорт пен дене мәдениетінің әр бағыттарының шартты шекарасы мен олардың ішкі-қарым қатынасы бар.
Дене мәдениеті – дене табиғатын тәрбиелеудің нәтижесі. Бұл адамдардың дене дамуын қалыптастырып оны пайдаланудағы материалдық және рухани байлық.
Спорт дегеніміз – түрлі жақтан арнайы мамандырылған және алдағы істерде жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғарғы дәрежеде көрсете білуге жан дүниесін дайындауды дене тәрбиесі ойындарында жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік жасайтын материалдық, әрі рухани байлық.
Атап айтқанда:
Біріншіден, спорт – қоғамның тәрбиелеуші, дайындаушы рөлін атқарады.
Екіншіден, спорт – материалдық өндірістік қажеттіліктермен тікелей байланысты емес.
Үшіншіден, спорт – күрделі арнайы дайындықсыз болуы мүмкін емес.
Төртіншіден, спорт – жоғарғы көрсеткіштер сайыс түрінде ғана салыстырып, ерекшеленеді.
Дене мәдениеті – адамның әлеуметтік құқықты эстетикалық жағынан қоғамға лайықты болуына жауап беретін мүмкіндіктердің дамуына бағытталған мақсатты тәрбие деп аталады. Дене тәрбиесінің мақсаты – бұл қоғамға рухани ойлау дәрежесі биік, парасатты, адамгершілік қасиеттері қалыптасқан, шығармашылық еңбекпен үнемі айналысуға қабілетті және отанына деген сүйіспеншілігі мол дене мүмкіндігі жағынан толық дамыған тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Дене шынықтыру мәдениетінің дамуы бірнеше кезеңдерден өтті.
Бірінші кезеңде – ағзаға көп қимылдың әсер ету туралы білім кезеңі. Сондай-ақ дене жаттығулары – дене тәрбиесінің алғы шарты болып табылады.
Екінші кезең – дене тәрбиесі әдістерін ойлап табу құл иеленуші құрылыс пен орта ғасырларды қамтиды. Мысалы: ежелгі Грециядағы дене тәрбиесі әдісі, орта ғасырда гимнастика, жүзу, садақпен ату, атқа міну, қылыштасу түолері жатады.
Үшінші кезең – дене тәрбиесі ғылымның жетістіктерін жинақтау, өркендеу дәуірімен ХІХ ғасырдың алдын қамтиды.
Төртінші кезең – дене тәрбиесі жеке ғылым жеке ғылым ретінде тану ХІХ ғасырдың аяғына дейінгі кезеңді қамтиды. Ол дене тәрбиесі мәселелерін әлеуметтік зерттеулер арқылы түсіндіріп, қоғамдық өмірге кеңінен қолдану тапты.
Бесінші кезең – дене тәрбиесі мәселерін кешенді шешуге ауысты. Дене тәрбиесі ғылымы мен әдісі заңдылықтарына жаңалық енді. Дене мәдениеті ұйымы, дене жаттығуларының биомеханикасы сияқты т.б. салалар пайда болады.
Міне сол кезеңдер өткен дене тәрбиесі қазіргі таңда адам өмірінің кепілі ретінде әлемде жүргізіліп келеді. Өткен ХХ ғасырдың ортасында КСРО-да дене тәрбиесінің адамгершілік, эстетикалық, тәрбиелік жақтары басқа салалардың көлеңкесінде қала береді. Сондықтан ендігі кезекте дене тәрбиесінің тәрбиелік жақтарын қарастыру өзекті мәселенің бірі.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері бәрінен бұрын дене тәрбиесінің ерекшелігі бар құралдардың жәрдемімен, яғни табиғаттың сауықтыру және гигиеналық қорғаушы күштер жағдайларының эстетикалық мәнінде шешіледі.
Дене жаттығулары үлкен эстетикалық тарту күштеріне ие болады. Әсіресе, бұл қозғалыс үлгісін мүлтіксіз меңгеруді талап ететін қызмет түрлеріне жатады. Дегенмен, эстетикалық өріс дамыған адам үшін дене шынықтыру мәдениетімен, қатынасымен сұлулық, әсемдік эстетикалығы аз спорт түрінде де бірінші көзқараста көрінуі мүмкін. Дене жаттығуларының эстетикалық қасиеттерінің ашық көрінуіне жалпы бұқаралық дене шынықтырулар шеруі және гимнастикалық көрсетілім мүмкіндік береді. Эстетикалық әсер етудің күшімен бұл мерекелер өнермен шектеледі. Шұғылданушылардың эстетикалық сезіміне табиғаттың сұлулығы да әсер етеді, өйткені оның аясында көптеген дене шынықтыру жаттығулары, әсіресе туризм мен альпинизм өтеді. Эстетикалық тәрбиенің қарапайым талабы дене тәрбиесі жүйесінде гигиеналық шарттарды сақтау болып табылады.
Дене жаттығуларын бейнелі, мәнерлі, айқын, көңілді сезіммен мәнерлеп түсіндіру, қозғалыс әрекеті туралы бейнелеп әңгімелеу, шұғылданушылардың қозғалысын, әрекетін және қылығын эстетикалық бағалау әдістерінің көмегімен шұғылданушылардың эстетикалық сезімін қоздыруға, көңілді әсерленуін, эстетикалық қанағаттануын қозғауға болады. Мысалы: балаларға қимыл-қозғалыс ойынын түсіндіріп, дене шынықтыру мәдениетіне тәрбиелеу мұғалімі алда орындалатын қозғалыс әрекетінің ашық сипатын құруға, ойын жағдайын мәнерлі ейнелеуге ұмтылады. Спортшылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру үшін жаттықтырушылар белгілі спортшылардың, жоғары дәрежелі спорт шеберлерінің әдіс қимылдарын бейнелеп, суреттеп көрсетуге ұмтылуы қажет.
Дене тәрбиесі мен еңбек тәрбиесінің өзара байланысы. Осы заманғы қолданыстағы тәрбие жүйесінде, еңбек және дене тәрбиелерінің арасында екі жақты байланыс бар. Еңбек әрбір адамның абыройлы ісі, адамгершілік борышы және өмірлік қажеттілігі болып табылады. Еңбек – жеке тұлғаның жан-жақты даму оның қуатты қозғаушы күші. Оның келесі үлкен қалыптастыру күші бар: адамның санасын өзгертеді, дене және рухани қабілеттерін дамытады.
Дене және еңбек тәрбиесінің өзара байланысын келесі жүйемен анықтаймыз. Бірінші жағынан, дене тәрбие жүйесі адамның дене табиғатын дамытып және денсаулығын нығайтып, оның еңбек ету қабілетін артырады, мықты ағзаға еңбектің қажеттілігін ұғынуын қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, еңбек тәрбиесі ақылды, сезімді, ерік-жігерді және адамның дене табиғатын жүйелі дамытады, дене тәрбиесіне мақсатты бағыттағы ықпалды әсерлі сипат деген ынтасын қалыптастырады.
Еңбек тәрбиесінің жүйесінде тәрбиенің әр алуан түрлері пайдаланылады. Дене тәрбиесімен тікелей байланыста қолданылатындары мыналар:
1. Шұғылданушылардың дербес жұмыс жүйесі ретінде оқу еңбегі қозғалыс дағдыларын меңгеруіне және өзінің дене табиғатын жетілдіруіне жәрдемдеседі.
2. Дене жаттығуларынан практикалық сабақтардың барысында өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым еңбек жүйелері.
3. Дене жаттығуларынан тыс іске асатын, бірақ дене тәрбиесі жүйесіне байланысты қоғамдық пайдалы еңбек.
4. Өндіргіш еңбек ауылшаруашылығында, өндірісте, тұрғындарға қызмет көрсету аясында, шұғылданушылардың дене тәрбиесі жүйесімен байланыста іске асатын еңбек қызметін ұйымдастырудың жоғарғы үлгісі ретінде көрсетілген еңбек түрлерінің әрқайсысы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |