2.2 Спорт өнері арқылы оқушылардың рухани-интеллектуалдық деңгейін қалыптастыруға бағытталған сауалнамалар: n=50 оқушы.
Кесте – 3.
№
|
Сауалнама тақырыптары
|
Саны
|
Ескерту
|
+
|
-
|
1
|
Театрға неше рет бардың?
|
28
|
22
|
|
2
|
Мұражайға неше рет бардың?
|
42
|
8
|
|
3
|
Неше әдеби кітаптар оқыдың?
|
34
|
16
|
|
4
|
Табиғат аясына неше рет шықтың?
|
38
|
12
|
|
5
|
Неше рет пікірталасқа қатыстың?
|
18
|
32
|
|
6
|
Қоғамдық жұмыстарға қатысасың ба?
|
22
|
28
|
|
7
|
Неше рет спорт жарыстарына қатыстың?
|
16
|
24
|
|
8
|
Достарыңмен қандай тақырыпта сөйлескенді қалайсың?
|
|
|
|
9
|
Өнер, музыкамен шұғылданасың ба?
|
14
|
26
|
|
10
|
Ата-ана пікірімен келісесің бе? Қолдайсыз ба? Қолдамайсыз ба? (астын сызыңыз)
|
46
|
4
|
|
11
|
Ұстаздардан ақыл-кеңес сұрайсыз ба?
|
42
|
8
|
|
12
|
Сұрасаңыз қандай тақырыпта?
|
|
|
|
13
|
Елді-мекендерде, қалаларда болдың ба? Қай уақытта, қандай жерде?
|
50
|
-
|
|
14
|
Достарыңа көңілің толады ма? (сөз саптау мәдениетіне, мінезіне, іс-әрекетіне, т.б.)
|
40
|
10
|
|
15
|
Достарыңның киім киісіне, сыртқы мәдениетіне мән бересің бе?
|
15
|
35
|
|
16
|
Өзара қатынастарға (сөзіне) мән бересің бе?
|
20
|
30
|
|
17
|
Ең жағымды мінезді кімдер (жағымсыз ше)?
|
|
|
|
18
|
Әділдік, шындықты қолдайсың ба?
|
50
|
-
|
|
19
|
Жеке гигиенаға мән бересің бе?
|
50
|
-
|
|
20
|
Достыққа шынайысың (адалсың ба) ба?
|
50
|
-
|
|
21
|
Жіберген қателіктеріңе өкінесің бе?
|
16
|
34
|
|
22
|
Қателіктеріңді түзетіп отырасың ба?
|
37
|
13
|
|
23
|
Өз пікіріңді ашық айта аласың ба?
|
38
|
12
|
|
24
|
Қандай іс-қимылды кешіре алмайсың?
|
|
|
|
25
|
Өзің меңгерген қандай өнерің бар? (сурет, ән, күй, би, т.б.).
|
42
|
8
|
|
26
|
Темек шегу, жаман әдеттермен қалай күресесің?
|
|
|
|
27
|
Ғылымға, спортқа, еңбектенуге ынта-ықыласың бар ма?
|
36
|
14
|
|
28
|
Әдептілік этикеттерін сақтайсың ба?
|
45
|
5
|
|
29
|
Қиын сәттерден оңай шыға аласың ба?
|
41
|
9
|
|
30
|
Қателіктерің көп пе?
|
39
|
11
|
|
31
|
Айналаңмен тез, ортақ тіл табыса аласың ба?
|
33
|
17
|
|
32
|
Өзгенің қателіктерін ашық көрсетесің бе?
|
39
|
11
|
|
33
|
Үлкендерге ізет-құрмет көрсетесің бе?
|
50
|
-
|
|
34
|
Жағымсыз, жандайшап, өркөкірек, менмен емессің бе?
|
50
|
-
|
|
35
|
Ыстық-суыққа төзімдісің бе?
|
50
|
-
|
|
36
|
Үлкендердің айтарын түгел қабылдайсың ба? Келіспейтін тұстарың бар ма?
|
43
|
7
|
|
Сауалнама нәтижесі бойынша 13,18,19,20,33,34,35 сұрақтарға 100% «ия» деп жауап берген. 1,2,3,4,6,10,11,14,22,23,27,28,29,30,31,32,36 сұрақтарға 50%-дан аса оқушылар «ия» деп жауап жазған. Ал, 5,7,9,15,21 сұрақтарға 50%-дан аса оқушылар «жоқ» деп жауап берген. Осы мәселелерді жақсарту бағытына ауқымды жұмыстар, іс-жаралар жүргізуіміз тиіс.
«Достарыңмен қандай тақырыпта сөйлескенді қалайсың?» - деген сұраққа көптеген оқушылар «Махаббат», «Болашақ мамандық таңдау», «Бизнес» тақырыптарын таңдаған.
«Ұстаздардан ақыл-кеңес сұрайсыз ба?», - деген сұраққа «ия» деп жауап берген 42 оқушының 42-сі де болашақ мамандық таңдау бағытында ақыл-кеңес сұрайтындықтарын білдірген.
«Қандай іс-қимылды кешіре алмайсың?», - деген сұраққа көптеген оқушылар «өтірік айтқанды», «екіжүзділікті», әділетсіздікті» кешіре алмайтындықтарын жазған.
«Өзің меңгерген қандай өнерің бар?» (сурет, ән, күй, би, т.б.). – деген сұраққа 6 оқушы «сурет» салуды, 18 оқушы «ән» айтуды, 8 оқушы «би» блегенді, «10» оқушы «күй» тартуды меңгергенін атап өткен.
«Ең жағымды мінезді кімдер (жағымсыз ше)?» - деген сұраққа «сыпайы», «ақылды», «талапшыл», «бетке айтатын», «кешірімді», «қолы ашық» адамдарды атаған. Ал, «ең жағымсыз» мінезді адамдаға «суайт», «жағымпаз», «өтірікші», «екі жүзді» адамдарды көрсеткен.
«Темек шегу, жаман әдеттермен қалай күресесің?», - деген сұраққа 45 пайыз оқушылар темекі шегу жаман әдет екенін атап көрсеткен. 5 пайыз оқушы «Темекі шегуді уақыт өткізуде таптырмайтын құрал», «Ашуланғанда жүйкені тез басу үшін», - деп жауап жазды. Ал, темекі шегуді абырой санайтындар да кездесті.
Кесте - 4. Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған тәжірибе жұмыстарының нәтижелері. (% бойынша)
Кесте - 4
Деңгейлер
|
Кезеңдері
|
тәжірибеге дейін
|
тәжірибеден кейін
|
тәжірибе тобы
|
бақылау тобы
|
тәжірибе тобы
|
бақылау тобы
|
1. Жоғары
2. Төмен
|
12
40
|
10
39
|
26
14
|
11
30
|
Бұл мәліметтер негізінде мынадай көрсеткіштер анықталды: Спорт өнері арқылы оқушылардың адамгершілік және эстетикалық құндылықтарын қалыптастыру деңгейі бастапқыда жоғары деңгейді тек 10-11% көрсетсе, тәжірибе соңында бұл көрсеткіш 26%-ға жетті. Керісінше төменгі деңгей 40%-дан 14%-ға түсті.
Сурет – 1. Интеллект ұғымының сызбасы.
Сурет- 2. Спорт өнерінің адам болмысын қалыптастырудағы алатын орны.
3. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІ
3.1 Ұлттық ойындардың эстетикалық және адами құндылықтарды қалыптастыруда алатын орны
Көшпелі тұрмыс-салт келмеске кетіп,бұлдыр сағымға айналған қазақ мәдениеті кешегі өткен ғасырдың соңында Кеңестік идеологиялық схемалар мен рухани құндылықтардан бас тарта отырып,нарық табалдырығына табан тіреді.Бір ғасыр ішінде бірнеше түбірлі өзгерістерді – дәстүрлі мәдениет, отаршылдық, социалистік, тоталитарлық мәдениетті бастан кешірген ұлттық мәдениетте қалыптасқан рухани бос кеңістіктің орнын толтыру қазіргі жағдайда өте күрделі жүргізілуде. Бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени деградация мен трансфармацияға ұшырған ұлттық мәдениетті қайта өркенлету мемлекеттік деңгейде төменгі міндеттерді шешуді жүктейді:
- ең алдымен, ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару.Яғни адамдарды рухани тұрғыда оятатын ұлттық тіл мен ұдттық ойындарды,дәстүрлерді қайта жаңғырту.
- осы уақытқа дейін ұлттық ойынның тарихи өткенін толығымен, жан- жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру.
Қазіргі қазақтың басына үйірілген қорқыныштың бұлты, батыстанудың күннен-күнге қазақ жастарының барлық сезімдерін өзіне тәуелді етуі.Бұл өзіне етумен шектелмей екі мәдениеттің ортасында қалт-құлт еткен жас қазақтың мәңгүрттікке жеткізеді. Мәңгүрттік - өзін осы күнге жеткізген ата-бабасын, мәдениетін салт-дәстүрін, ұлттық ойындарын ұмыт қалдырып, маргиналдық типке ( латын тілінен аударғанда «дүбәрә») деген мағынаны білдіреді» апарады. Қазіргі мен қазақпын деп көкірегін қаққан әрбір азаматтың міндеттемелерінің бірі Қазақстанның рухани, мәдениеті, ұлттық сананың дамуына үлес қосу. Ұлттық тағам, ұлттық би, ұлттық киім, ұлттық ойындардың түрлерін бір-бірімен байланыстырғанда ғана нағыз ұлт мүддесін қорғайтын жүйе пайда болады. Аталған ұлттық құндылықтардың ішінде қазіргі қазақ үшін маңыздысы әрине ұлттық ойындар.Ол барлық болмыстары енді дамып келе жатқан қазақтың бүлдіршіндерін тәрбиелеуде таптырмас тәрбие құралдары болып саналады. Ұлттық ойындардың қазіргі мәдени бәсекелестікке төтеп бере алатын мүмкіндігі бар.Ойынның астарында қоғамдық-әлеуметтік философиялық терең мән жатыр. Байыптап қарағанда кез-келген ойыннан халық өмірінің тікелей де шартты да жинақталған көшірмесін көруге болады. Олардың ішінде әлеуметтік салада «Хан», «Хан жақсы ма?», «Орныңды тап» т.б. ойындар жатқызылады.Ендігі адамдар арсындағы қарым-қатынасқа «Серік-серік», «Кім ұрды» т.б. аңшылыққа байланысты пайда болған ойындарды аңғару қиын емес[25].
Адамзаттың даму тарихында алғашқы сәбилік ой-сезімдерінің көрінісін балалар ойындарымен көптеп кездестіруіміздің өзіндік себептері де жоқ емес. Олай болатыны - кез-келген адам өмірінің сәбилік шағы қоғамдағы,шаруашылық пен тұрмыс-тіршіліктегі өзгерістерге қарамайтын адамзат қоғамның балауса дәуіріндегі ой-сезімдермен белгілі-бір дәрежеде сабақтас.Сондықтан да ежелгі замандардағы адамдарды топталып аңға шығу салты, әскери қақтығыстары, тайпа ру көсемін тағайындау әдеттері ойында сақталған. Ұлттық ойындар заманында бірнеше алға қойылған мақсатқа, жастарды әскнри қызметке, жауынгерлікке, аңшылыққа даярлау жатқызылса,дәл қазіргі уақытта жастарымызды батыстану кеселінен құтқарып,қананда отаншылдық қасиетінің ұшқынын тұтату.
Қазақ ұлт ойындарының мәліметтерін жазып осы кезге дейін жеткізілген атақты саяхатшылар Марко Поло, Плоно Карпини, Вильгерьм Рубрук болатын.
Қазақ ұлттық ойындарының даналық,идеологиялық жақтары өте жақсы қарастырылған. Мұндай ойынға қазақтың ойналатын барлық ойындары жатқызылады. Ойынның әрбір әлементі ойын барысында қамтылатын кейіпкерлер, көшпелі қазақ халқының басынан өткені мен жан-жануарлардың арасындағы қарым- қатынастарды астарлы түрде сомдаған.
Ойынның қай-қайсы болса да белгілі мақсат, міндеттері көздей отырып ұйымдастырылады. Ойынның қамту шекарасы өте үлкен. Себебі, ойын ойыншының адамгершілік, эстетикалыққасиеттерін, мінез-құлқын тәрбиелейді, әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді астарлы да ашық қамтиды.
Ойын тарихының шығуы адамзат тарихының бір бөлігі ретінде санау, аң аулау мен терімшілік уақытында қатар пайда болып дамып келеді. Содан бері бізге жетіп, ойналып жүрген ойындар ағылшын ғалымы Ә.Манкейдің пайымдауынша 5000 жылдай бұрын ойналса керек. Мұндай деректі Венецияның атақты саяхатшысы Марко Поло да растайды. Аң аулаудағы жаттығулары жылдар өте келе белгілі дене жаттығуларын қажет етті. Қажет етуден дами отырып ойынның аты мен негізгі іргетасы қаланды. Мұндай ойынға «Карагие» ойынын жатқызуға болады[26].
Адам негізінен екі болмыстың бірігуі нәтижесінде қалыптасқан, Біріншісі- адамның сыртқы пішіні яғни денесін құрайтын мүшелер. Екіншісі- адамның қадір- қасиеті. Қазіргі қазақ жастарының болмысын қалыптастыратын ұлттық ойын.Ойынның әр түрін ойнау адамның сыртқы пішінін, мүсінін адами болмыстарын, мінез-құлқын,адами құндылықтарын қалыптастыратын тәрбие құралы. Ойын адамды шынықтырады, яғни дене қасиетіне жаттықтыра отырып қалыптастырады. Ойыннан дененің сыртқы болмысы жетіліп, адам көркейе түседі. Ойлау, іс- әрекет жасау қабілеті жетіліп, эстетикалық талғампаздығы дамиды.
Әлемде қазақтан асқан қонақжай халық жоқ. Мұны өзге елдер де мойындаған. Қазақтың осындай дәрежедегі қонақжайлылығына ойындардың да әсер ететіні сөзсіз. Үлкен тойларда отыз күн ойын, қырық күн тойын өткізген қазақтардың болмысын қонақ болған кез-келген адамдардан сұрасақ нағыз қазаққа тән мінез-құлық, тұлғасын суреттеп береді.
Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзәрлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін, ұстаздар қауымы оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, күні бүгінге дейін іске қосылмай келген тәрбие құралдарын пайдалануы тәрбиелеудің жаңа әдіс- тәсілдерін қолданылуы керек екені анық. Оқу-тәрбие негіздерінің бірі - ұлттық ойындарымыз. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып табылады. Ол сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен тәрбие құралы.
«Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы мүмкін емес. Ойын бала үшін дүниеге ашылған жарық тарезе іспетес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» . Бұл пікірге қарсы дау айту қиын шығар.
Бір заманда халық қиялынан тауып өз ұрпағын тәрбиелеудің ұтымды құралыны айналған ежелгі ойындар ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін орынды талғамайды. Олар бүгінгі мектаптеріміздегі тәрбие жұмысында пайдалануға қойылады.
Халық ойындары тек денені ғана емес, ойды жаттықтырушысы болып табылады. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын ойын арқылы жастайынан сездіре білуді көздеген.
Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан- жақты дамымақ емес. Тек қимыл, қозғалыс қана дененің шынығып өсуін, жетілуін қамтамасыз ете алады.
Халық ойындарын бүгінгі педагогикалық білім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол бала тәрбиесінің сапасын көтеріп тиімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандырады. Шын мәніне келсек, тәрбиенің тамаша құралы оқушыларымыздың ақыл-ойын жетілдіріп, дүниетанымын, рухани деңгейін кеңейтіп, эстетикалық және адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Олардың қимыл-қозғалыс дағдыларын дамытады, алған білімдерін күнбе-күнгі өмірмен ұштастырады, басқа да адамгершілік мінез-құлықтарды бойына сіңіруге мүмкіншіліктер береді. Сондықтан тәрбие жұмысында халық ойындарын ескерусіз қалдыруға болмайды.
Бұл тақырыпта ұлт ойындарының жеке тұлғаны қалыптастыруда негізгі құрал екендігін, жасөспірімдердің болашақ өмірінің бастамасы осы ұлт ойындарынан бастау алатынын, ойынның рөліне, жалпы этнографиялық, әлеуметтік, эстетикалық, философиялық тұрғыдан қарастыру еді.
Халқымыз тәрбие жемісін ерте «татуды» ұнатады. Тәрбие нәтижесі баланың нағыз жалын атқан кезінде көрінуі керек. Демек бала бойында қалыптасып келе жатқан адамгершілік қасиеттер оның өте жас кезінен-ақ байқалады деп есептелінеді. Сондықтан қазақ халқының қоғамдық тұрмысы, рухани өмірі баланың ерте ер жетуіне себепші болған. Ұрпақтың бұлай қалыптасып жетілуіне тәрбиелік мәні зор ұлттық ойындардың алар орны, өзіндік фактор ретінде қарастырылады.
Баяғыда ауыл өмірінде дене тәрбиесі мен спорт қимыл әрекеттерінің әлементтері көп болды. Бұл әсіресе, күнделікті тұрмыстық жағдайда кездесетін қимылдарда көрініс тапты. Ауыл өміріндегі ондай көріністерді суреттеп көрейік.
Өмірінің тең жартысына жуығы ат үстінде өтетін ертедегі қазақтың он екі мүщесі дамылсыз қозғалыста болды. Асауды жуастауда, жүгендеуде, ерттеуде, шілдерлеуде, бір мініп, бір түсуде дененің барлық жері қимыл әрекетінде болады емес пе?
Жаз айларында ағаштан екі қақпасымақ жасап алып, ойын балалары бір допты тепкілегенде шаң дегеніңіз қырманда дән суырғаннан бетер бұрқырайды. Ойын аяқталғанда күл төбені сүзгілеген асау бұқанікінен бетер боп балалардың көздері әзер жылтырайды. Киімнен де тамтық қалмайды. Ал, үлкендер қатысатын қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік, шынықтырушылық мәні одан да зор болды. "Енесі су ішкенде, бұзауы мұз жалайды" дегендей, "Көкпар", "Теңге салу", "Қыз қуу", "Аударыспақ" сияқты ойындарды тамашалауға келген бозбалалар алғырлық өнерге тәнті болып таңдайын қағатын: Ересектердей алғыр, күшті, епті болуға құлшынатын. Сол құлшыныс оларды бертін келе үлкен ойын додасының ортасына алып келетін. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымыздың жібін үзбей бізге жеткізген де сол ауылдағы қазақ балаларының құлшынысы шығар.
Дене тәрбиесінің әлементтері бар, ауыл өмірінің тұрмыстық жағдайында кездесетін мына бір көріністерге назар аударайық: шөп ору, жинау, кесек құю, мал бағу,үй салу, ағаш жару,егін егу сияқты әртүрлі қимылдарға қатысу арқылы сүйек, бұлшық ет талшықтары өсіп дамиды. Дене тәрбиесінің ілімінде бұл аталған қимыл-әрекеттері дене, спорт жаттығуларының түрі болып қаралмайды. Бірақ олар дене қасиеттерінің қатысуымен орындалатын болғандықтан сол дене қасиеттерін қалыптастырып жетілдіруге септігін тигізеді. Демек, қимылдың қай түрі болмасын дененің жетілуіне әсер етеді. Қала балаларына қарағанда ауыл балаларының біршама шымыр, төзімді, шыдамды, күшті болып келетіні сондықтан.
Ертеректе қазақ ауылында барлық жұмыстар қол еңбегі- мен атқарылған. Түптеп келгенде оның бәрі, дененің шынығуын көп жылдар бойы күш қайраттың сақталып, адамның іске қабілетті болуын қамтамасыз еткен.
Келіншектер мен қыздардың киіз білектеуі-қол, тепкілеуі- аяқ бұлшық еттерін дамытқан. Келі түю, жүн сабау, мал сауу дененің жоғарғы бұлшық еттерін жетілдіруге септігін тигізген.
Қазақ қыздары қос бұрымға күмістен шашпау таққан. Бұл тек әсемдік сән үшін ғана емес, өсіп келе жатқан жас тұлғаның алдыға қарай еңкіш тартпай сымбатты болып өсуге әсер еткен. Әсіресе, бұл бастаудан, өзеннен, бұлақтан иін ағашпен немесе шелекпен су тасымалдағанда көрініс тапқан. Мұның эстетикалық тұрғыдан тәрбиелік мәні зор.
Салт-дәстүр, тұрмыстық жағдай, аумақтық орналасу жағдайына байланысты да қазақ жерінде көптеген ұлттық ойындар дүниеге келді. Бұл ойындардың тәрбиелік мәні зор. Олар жас, жыныс, тіпті жылдың қай мезгілінде ойналатындығына қарай биімделген. Мысалы «Енді ғана қара табан болған балалар үшін», « Шешеке» ойыны айқай-шуы, жанжалы жоқ биязы ойын. Бұл баланы жас кезінен еңбекке баулу тәсілі, сонымен бірге логикалық ойлау түйсігін жетілдіруге бағытталған. «Хан» ойыны ересек жас өспірімдер жазғы жайлаудан қайтып, қысқы мекенге келгенде, желтоқсан айынан бастап ойнайтын болған. Ол балаларды іскерлікке, ептілікке, қағылездікке, көз қызарлығын қалыптастыруға баулыған[27].
Қазір қазақтың ұлттық ойындарының 100-ден астам түрі бар. Солардың ел арасына көп тараған түрлдерінің бірі «Тоғызқұмалақ» ойынын арнайы оқу пәні ретінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне үйретілуде. Ұлттық ойын түрлерінің қандай дене қасиеттерін жетілдіріп, қалыптастыруға болатынына қарай мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілерге бейімдеп жіктеуге де болады. Кез-келген денешынықтыру, спорт жаттығуы сабақтарын да ойланбай өткізетін уақыт та жетті. Өкінішке орай көпшілік мұғалімдер, тәрбиешілер бұған әлі де енжарлық танытуда. Біз сабақтар арқылы ұлттық ойындарды ата-бабамыздың бізге қалдырған мұрасы, дене тәрбиесінің құралы ретінде қайта жаңғыртуымыз керек.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының облыс көлемінде ұлттық ойындарды насихаттау, жарыстар өткізу жөнінде бағдарламасын жасау тиіс. Қазір өткізіліп жүрген облыстық ұлттық ойындар фестивалі бұл талапқа жауап бере алмайды. Өйткені, ойынның 2-3-ақ түрін ғана қамтиды. Оны «Жігіт сұлтаны», «Қыз сыны», «Келіндер сыны» жарыс бәйгесі мен сабақтастырса тым жақсы. Өйткені бәрінде ұлттық салт, ұлттық дәстүр әлементтері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |