Байланысты: Абдужалилова Д.У. 1704-19 сонгы вариант
Синтагма – мәтіндік деңгейдің «тірек тұлғасы». Синтагма және сөз ағымының синтагмалық мүшеленуі туралы бірінші пікір айтқан Л. В. Щерба бұл ұғымды ой-пікір баысында (в процессе речемысли) біртұтаас мағынаға ие болған және құрамындағы сөздердің ақырғысының екпіні (синтагматическое ударение) күшеюі арқасында ұйымдасып шегіне жеткен (предельный) негізгі синтаксистік бірлік ретінде «фонетическое единство, выражающее единое смысловое целое в процессе речи-мысли» [21, 87] деп түсінген. Оның айтуынша, бұл терминмен сөздердің бір-бірімен тіркесуін ғана емес, бірнеше сөздер тобы секілді өз алдына семантикалық тұтастығы және өзіндік интонациялық кескіні бар жеке бір сөзді де белгілеу қолайлы. Ғалым бір не бірнеше сөзден, тіпті бірнеше сөз тіркестерінен тұратын синтагма байланысты сөйлеуді құруға қатысумен бірге одан бөлініп, мүшелене де алады деп, синтагманың сөйлеу процесінің единицасы екендігі оның коммуникативтік қызметтерін мойыныдатады, сондай-ақ кез келген сөйлем, кез келген мәтінді белгілі бір ойды білдіруге қатысатын үзіктерге – синтагмаларға бөлуге болатындығын атап көрсеткен.
В.В.Виноградов айтқандай, синтагма нақтылы мазмұнға тек контекст шеңберінде ғана ие болады. Синтагмадағы мағына бүтін сөзде айтылған оймен тікелей байланысты. Оның семантикалық мазмұны автордың не айтқысы келгеніне, оның сөйлеу компоненттерінің қайсысын өзектілендіруді (актуализациялауды) таңдауына тәуелді түрде өзгеріп отырады. Алайда сөйлеудің коммуникативтілігі сөйлеушіден басқа тыңдаушының да болуын қажет етеді. Мәне, осы жерде тұтынушы (тыңдаушы) тарапынан мәтінді синтагмаларға мүшелеу жолдарының барлық жағдайда мәтін түзушінің қолданған амал-тәсілдерімен сайма-сай келмеу мәселелері туындайды. Өйткені шығарманы автордың көздеген мақсатына адекватты қабылдауда оқырманның психологиялық қалпы, оның түйсіну, түсіне білу қабілеттері, жеке басының ерекшеліктері, тіпті оның жалпы білім деңгейі де соңғы орында емес.
Сөйлеу тілін зерттеуге арналған еңбектерге, соның ішінде мәтін лингвистикасында соңғы кезде «тірек сөздер», «кілт сөздер», «өзектер» (ядролар), «мағыналық шыңдар», «коммуникативті-прагматикалық тақырыптық орталық» деген оралымдар көзге түсіп жүр. Олардың басты ерекшеліктерінің бірі – өздері қолданылған тілдік деңгейдің мағыналық бірлігін, тұтасымын үнемі сақтап отыруы. Олар мәтіннің арқалар салмағы, көтерер жүгі ауырырақ, мағыналық жағы басымырақ, байланысы күштірек, әлдірек жерлерінде орналасып, мәтін «қаңқасына» (каркасына) «тірек», «қазық» болып тұрады. «Тірек сөздер» мәтін мазмұнының дамуы, өрбуі барысында «өздерінің айналасындағы микроситуацияларды құруда пайда болып қалыптасқан элементтердің мағыналық бір байламда ұстап тұратын ең маңызды шағын өлшем, көрсеткіш синтагма болып саналса, онда оның да белгілі бір жағдайларда мәтіндік деңгейдің «тірек тұлғасы» болары сөзсіз сияқты.
Біздің байқауымызша осы «тірек тұлға» тұпатындағы синтагмалар біріншіден, ақпараттағы негізгі ойдың құрамды бөліктерін, элементтерін көрсету функциялары арқасында мәтін ішінде өздерінің қайталану жиілігімен көрініс табады. Мәтін бойындағы мәнділігі жоғары бірліктердің жиілігін анықтауда А. Жұбанов олар жалпы мәтін ішінде ең көп болуы керек деген екі шарт қояды [23, 39]. Екіншіден, мәтінді біртұтас мағыналық бірлікте ұстап тұруда оның бүкіл бойында (пронизывающий весь текст) көрініс табатын тірек тұлғалар белгілі бір тілдік деңгейде өздерінің қайталану жиілігімен қатар орналасу ретімен де ерекшеленеді.
Сөйлеу интонациясын мәтіннің құрылымдық сипаты тұрғысынан зерттеу қазақ мәтінінің семантика-интонациялық мүшеленуіндегі просодикалық тәсілдерге экспериментті-фонетикалық зерттеу жүргізіліп, инструменттік әдіспен алынған деректерді қарастырады.
Қазақ мәтінінің семантика-интонациялық мүшеленуі аясында интонацияның сөйлеу тіліндегі нақтылы қызметін, басқаша айтқанда, сөйлеудң (речь) құрылым ұстанымдарын, яғни оның қандай бірліктерге бөлінетінін әрі олардың бір-бірімен қалай байланысатынын және оларды мүшелеудегі сан алуан тәсілдердің қайсысы семиологиялық релевантты (мағына ажыратушы қабілеті бар белгі) болып табылатындығын ғалымдарымыз тұжырымдаған.
Мәтіннің семантика-интонациялық құрылымын зерттеу барысында яғни оның мазмұнын мағыныалық бөліктерге мүшелеудегі интонация құбылыстары жайында алдымызға келесі екі жорамал (гипотеза) қойылды.
Мәтін, жоғарыда келтірілген дәйектемелер негізінде, өзінің ең кіші бөлшегі болып саналатын белгілі бір мазмұн мен логикалық ойды білдіретін микро тақырыбы бар күрделі фразалық тұтастықтарға (КФТ) және семантика-синтаксистік аяқталғандығымен ерекшеленетін мағыналы топтар – сөйлеу тілінің шағын бірлігі синтагмаларға мүшеленеді.
Мәтіннің семантикалық мүшеленуі интонациялық құралдар арқылы жүзеге асады: қолданыстағы мәтін – дискурс (оның тіек бірліктерінің «әрекет қимылға түсуі»), яғни олардың өзара және мәтіннің әртүрлі бөліктеріндегі басқа да бірліктерімен жүйелі байланыс тізбегіне екпін, айтылу сазы, ырғақ, пауза, дауыс күші мен әуені, тональды интервал, қарқынның өзгеруі және сөз әуезділігі сияқты көріністер кешені арқасында орын табады.
Мәтіннің стиль түрлеріне ауызекі сөйлеу тілі, ғылыми тіл, ресми тіл, публицистикалық және көркем әдебиет стилі жатады.
Ауызекі сөйлеу тілі. Ауызекі сөйлеу тілі қарым-қатынас қызметін атқаруымен ерекшеленеді және басты үш түрлі шартта іске асырылады.
1) қарым-қатынас жасаушылар арасында ресмилік әрекеттер байқалмайды. Болған жағдайдың өзінде қызметкерлер мен әріптестерінің арасында өзара әңгімелесу түрінде жүзеге асады, назарын аударту формасындағы сөздері қолданылады.
2) қарым-қатынас жасаушылар арасында еркіндік айқын байқалады. Сөйлеу барысында тұрмыстық лексика қолданылады және де қыстырма, диалект, жаргон, кірме сөздер мен варваризмдер жиі кездеседі.
3) ауызекі сөйлеу барысында айтушы мен тыңдаушы алдын-ала дайындалмайды, сөздер автоматты жүрде қарым-қатынасқа түседі [24, 23].
Ауызекі сөздің, әдетте, диалог түрінде жұмсалуы оның лексикалық құрамы мен синтаксистік құрылысына көп әсері бар. Диалог формасы қысқа айтылуға және түсінуге қолайлы құрылуы керек. Диалогтағы сөйлем мен сөз тіркесінің ықшамдалған құрылымы болады. Сонымен қатар, кейіпкер тілі көбінесе диалогпен берілетіндіктен айтылатын ой нақты, ықсқа және тыңдауға, естуге ауырлық түсірмеуі қажет. Осындай талаптармен құрылған диалогтың көркемдік әсері әрдайым жоғары.
Ауызекі түрлерімен жазылған мәтіндерге талдау жүргізілгенде оқшау сөздердің қолданыс қызметі бірден ерекше байқалады. Мәселен, «одағай сөздер мағына жағынан заттың өзі туралы да ұғым бермейді. Одағайлар сөйлемде не тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қызметін атқармайды, яғни сөйлемдегі басқа сөздерсіз. Одағай сөздер тікелей синтаксистік қарым-қатынасқа түспейді, сөйлеу жалпы тілінде сөйлем ішіндегі басқа сөздермен жалпы мағыналық байланысқа негізделіп қана мүлдем оқшау тұрады». Ал мәтін құрадағы автордың өз қолтаңбасына тән даралық ерекшелік дегендер де осы сөйлеу тілін берудегі диалог үлгісінен көрінеді. Ол автордың диалог үлгісінен көрінеді. Ал автордың диалог құруда және төл сөздердің ішіне компоненттерді орналастыру сияқты шеберліктеріне де назар аударылады. Ең басты нәрсе қандай стильде жазылса да шығарма шырайы – тіл. Сөйлеу тіліне тән элементтерді сұрыптап, көркемдік әсер жағын ескеріп қолданбаса. Кейде ауызекі сөйлеу тілі тым қарабайыр, «көше» тілінің көшірмесі сияқты болып кететін кейіпкерлер тілі кездеседі.
Ғылыми тілі. Ғылыми стильдің қолданылуы өрісі ауқымды келеді. Ол әдеби тілге жақын әрі мықтап әсерін тигізетін стиль түрінің бірі. Ғылымның дамуына байланысты ғылыми тілдің сөздік құрамы да, сөздік қоры да қатар дамып, жаңа сөздермен толығып отырады. Ипотека, тендер, инвестор, транс, фермер, электрондық пошта, электронды құжат, аукцион, факс, акция, мемлекеттік пакет, QR код, т.б. секілді жаңа терминдерімізді күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан есітіп те, қолданып та жүрміз.
Ғылым тілінде дәлдік ұғымды жеткізуі үшін көпмағыналы сөздер қолданыла бермейді және ғылыми ұғымының түсінігін айқындауы үшін тілдік құралдардың сұрыпталған нақты не тура мағыналы сөздері қолданылады.
Ресми тіл – құжат тілі немесе ресми іс-қағаздар тілі. Қазіргі уақытта ресми стиль кітаби стильдер қатарында тұр және жазба тіл түріне жатады. Ресми тілдің ауызша түрі түрлі іскерлік жиындарда, мәжілістерде, ресми қабылдауларда, ресми кздесулерде орын алады. Ресми тілдің мағыналық, тақырыптық ауқымы түрліше болып келеді. Мазмұны өте маңызды, әрбір сөйлемі жоғары деңгейдегі сауаттылықты, дәлдікті, нақтылықты қажет етеді.
Іс-қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс-қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, мекеме, т.б. тарихын жазуда дәлелді ақпаратты бере алады. Қатынас құралының бұл түрлеі күнделікті қажеттіліктен туындап, белгілі бір мекеме, кеңселерде т.б. қолданылады.
Іс-қағаздар немесе ресми стиль түрлері қатынас құралы ретінде қызмет ететін күнделікті өмір қажеттілігінен туған жүйелер жиынтығы іспетті [11, 19].
Бұлар, іс-қағаздар, қалыптасқан белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Ресми қағаздар да бірнеше түрге бөлінеді. Олардың кейбірінің дайындалған арнаулы қағаздары (бланк) болады. Ресми стильге тән сөздер мен сөз тіркестері және оның өз сөз қолдану тәсілдері бар.
Мәселен, анықтама берілді, осы анықтама талап еткен орынға тапсыру үшін т.б. тіркестер, қабылдау актілерінде бірінші жағынан, екінші жағынан, акт тапсырушы, қабылдаушы, мен, біз, қол қоюшылар, өткіздім, қабылдап алдым т.б. деген сияқты өзіндік сөздер қолданылады. Іс-қағаздар мен ресми стильде экспрессивті-эмоциналдық сөз тіркестері өте сирек пайдаланылады. Ондай сөздер құттықтаулар мен үндеулерде де жиі кездеседі.
Грамматикалық ерекшеліктер тұрғысынан алғанда да мұндай қағаздар қалыптасқан үлгіде баяндау тәсілінде жазылып, сөйлемдерді тиянақты, оны аяқталған болып келеді де, көбінесе баяндау, бұйыру, үндеу ыңғайында болады.
Публицистикалық стиль. Бұл стильдің өзіне қойылатын талаптары болыды. Қандай да тақырыпқа жазылса, алдымен, логикалық тұрғыдан дәлелділікті қажет етеді. Публицистикалық қоғам өмірімен тығыз байланыстылығы оған үгіт насихатты сипат береді. Сондықтан публицистикалық шығарманың тақырыбы мен мазмұнына қатысты сөздер мен сөз тіркестері де сұрыпталып қолданылады.
Публицистикалық стиль жазбаша және ауызша формаларда да қолданыла береды. Оның ауызша түріне радио, теледидар арқылы шолушылар мен коментаторлардың әңгімесін жатқызуға болады. Мысалы: Еліміздің басшысы, іс-сапарымен Өзбекстан Республикасында болып қайтты.
Сондай-ақ публистикалық стильде газет журналдардағы әңгіме, интервью, очерк т.б. жазылады.
Аспаны бар ашық, таза, көк мөлдір көлдері бар көз жасындай мөп-мөлдір. Бәрінен де жаны таза, бәрінен де сыры мөлдір ұл өсірген туған жер…(З.Қабдолов).
Публицистикалық стильде перифраз жиі кездеседі, айтылмақшы зат пен құбылысқа оқушы назарын аудару үшін ол зат пен құбылысты басқа экспрессивті-эмоциональды реңі бар сөздермен ауыстыруды жиі қолданылады. Мысалы, жүгері-дала падишасы: мақта - ақ алтын,жарыс озаты.
Публицистикалық стильде жалпы саяси лексика, интернационалды терминдер жиі қолданылады :өкімет, парламент.
Публицистикалық стильде көркемдегіш тәсілдері, риторикалық сұрақтар мен сөз қайталаулары жиі кездеседі. Мысалы: Дала дидары биыл дән дариясынан әсем келбет тапқандай құлпырып кеткен. Ақ бидайдың алтын сабақтары бастарын төмен иіп, жер-анаға тағзым еткендей. Ең ғажабы осынау кең алқапта теңіз болып тербелген егін жай ұқыпты қолмен орналастырғандай теп-тегіс, тап-таза.
Көркем әдебиет стилі көркем сөздерден құралады. Ойды, сезімді, пікірі мен көзқарастарын түрлі образдар арқылы көрсететін өнердің бір түрі, яғни сөз өнері. Тіл көркем шығармаларда аса бір ерекше эстетикалық қызметті атқара алады.
Көркем шығарманың тілін жасаушы – жазушы. Туындыдан жазушының шеберлігі, стилі, өзіндік ерекшелігі байқалып тұрады. Көркем әдебиетіміз сөздер арқылы жасалады. Тілдегі өзге стильдерге қарағанда көркем сөз стилінің аясы кең деп білеміз. Мұнда стильдің барлық элементтерін кездестіре аламыз. Тілдік тәсілдері көркемдік мақсатында жұмсалады және образды сөздері жиі пайдаланылады. Әрбір жазушының талғамына қарай тілдік ерекшелігі мен қолдану тәсілі болмақ. Сондықтан да өзге стильдерден айрықшаланып тұрады. Көркем әдебиет сөз өнері есебінде ғана танылмайды, ол өмірдің шындығын біліп-тануға ықпал ететін, өміріміздің эстетикалық тұсын да қамтитын қоғамдық құбылыс деп саналады.