Дипломдық ЖҰмыс 6В01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау Шымкент 2023



бет8/15
Дата14.07.2023
өлшемі162,33 Kb.
#104358
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Абдужалилова Д.У. 1704-19 сонгы вариант

II МӘТІНМЕН ЖҰМЫС


2.1 Мәтінмен жұмысты ұйымдастыру
Қандайда бір тілді оқыту, меңгерту мен үйретудің сапасын жоғарлату түрліше жағдайға байланысты болады. Солардың бірі сабақты мәтінмен дұрыс әрі ұтымды ұйымдастыра білу болмақ. Әрбір мәтін ғылыми тұрғыдан сұрыпталған әрі өңделген болуы шарт. Сабақта пайдаланылатын мәтін білім алушының психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай бейімделеді не бейімделмеуі де мүмкін. Мәтінді сұрыптау барысында келесідей факторларының кешенді жүйесін ескергені дұрыс: білім алушылардың мамандықтары бойынша белсенді, яки актив сөздер мен түсіндірме терминдерінің ауқымын; лексикалық, грамматикалық материалдарының ерекшеліктерін ескеруін; мәтін қиындығын немесе деңгейін анықтау критериі; мәтін семантикасының моделін жасау мүмкіндігін; мәтін мазмұнында ойлаудың, танымдық мәнінің болуы; мәтін композициясының мәндік құрылымы, контекстік, жанрлық және көркемдік стилі; тақырыптық принципі, т.б. Осындай факторларына негізделген, қандай да бір тақырыпқа сай мәтіндері бір модульді құрай алады. Атап айтар болсақ, әрбір модулі мазмұны тұрғысынан бір-бірін толықтырып, бүтін мәтіннің жиынтығын құрай алады. Мысалы, 5-сынып оқулығының «Киім. Сән. Талғам» модулі бойынша «Киім түрлері және сән туралы түсінік», «Киім стильдері», «Қазақтың ұлттық киімдері», «Қазақстандық дизайнерлер», «Талғам», «Киім кию мәдениеті» секілді т.б. тақырыптарында мәтіндер жиынтығы енген. Осындай мәтіндерінің мазмұнын ұғынып, түсінуі көп жағдайда олардың дұрыс әрі жүйелі сұрыпталып берілуіне де байланысты болады. Сонымен қатар мәтіннің мазмұнын түсінуі, соның ішінде негізгі мен жанама пікірдің, ойдың берілу заңдылығын ажырата білуімен анықталып жатады. Сол себептен тілді оқытудың кезеңдерінде мұғалім білім алушыларға мәтіннің құрылымдық элементтерінің басты белгілері мен қосымша ойды толықтырып тұратын белгілерін түсіндіріп бергені дұрыс. Әрбір мәтінді толыққанды ұғынуы үшін мәтін ішінде түсінуге қиындық туғызатын сөздердің мағынасына түсініктеме беру де өз нәтижесін беріп жатады. Әр модульге берілген мәтіндерінің соңында сөздікпен жұмыс түрінің берілуі қажет-ақ. Мұндай сөздерді сабақ барысында талдап, білім алушылардың арнайы дәптеріне жазу да нәтижелі болмақ. Білім алушыларға қандай мәтінді ұсынсақ та оның мазмұнын білуі, түсінуі тиіс.
Дағды мен білім беруде әрбір сөздің мағынасын ұғындыру тәсілдерін пайдаланған орынды және ол сабақ барысында жүзеге асады. Мектеп қабырғасында білім алушылар түрлі бағыттағы пәндерден білім алады және де сол пәндерге қатысты сөздер мен терминдері жайлы ұғымды меңгереді. Сол себептен де тіл мұғалімі түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізуді, сөздікпен жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыруды орнатқаны абзал. Білім беру барысында, яғни сабақ үстінде кездесіп жататын қиыншылықтарды болдырмауы үшін алдын ала дайындықты қажет етеді. Солардың бірі бала үшін түсініксіз сөздерімен жұмыс жүргізу болмақ. Түсініксіз, қиын сөздерді сабақ барысында оқылатын материалдарының жүйесіне қарай топқа бөлуге болады; бірі - көркем әдеби мәтіндердегі түсініксіз қиын сөздер болса, екіншісі - тілдік материалдарына қатысты түсініксіз сөздер тобы.
Алдымен біз көркем мәтінде кездесіп жататын түсініксіз, қиын сөздерге тоқталсақ. Көркем мәтіннің идеясы мен тақырыбын білім алушылардың дұрыс түсінбеуі, көп жағдайда мәтін тақырыбының ауыр не жеңілдігіне немесе мәтінде берілген сөйлемдердің күрделілігіне байланысты болады. Сол себептен осы секілді нақты қиындықтарды анықтап алып, онымен жұмыс жүргізудің әдістемелік жүйесі қалыптасады.
Әдеби шығармалардан алынған мәтіндерде түсініксіз сөздер мынадай орындарда ұшырайды: а) мәтін ішіндегі жеке сөздер; ә) мәтін ішіндегі сөз тіркестері; в) мәтін ішіндегі жеке фразалық тіркестер; г) мәтін ішіндегі идиомалық тіркестер; д) мәтін ішіндегі құрмалас сөйлем компоненттері; е) мәтін ішіндегі төл сөзбен автор сөзі; ж) прозалық шығармалардан алынған мәтіндегі қайырмалар; з) поэзиялық шығармалардан алынған мәтіндегі жеке шумақтар; и) драмалық шығармалардан алынған диологтық және монологтық сөйлемдерде түсініксіз сөздер жиі кездеседі [25, 111].
Мәтінде кездесетін түсініксіз, қиын сөздерді меңгерту оқу үдерісінің әр кезеңінде жүзеге асырылады. Сол себептен мәтінмен жұмыс жүргізу барысында түсініксіз сөздермен жұмыс мәтінді оқу алдында немесе мәтінді оқып болғаннан кейін жүргізіліп жатады. Осы орайда тіл мен әдебиеттің өзара тығыз байланысты екендігі айқындала түседі. Әдеби мәтінде кездесетін сөздерге тілдік, мағыналық талдау жасалынады [26, 23].
1. Мәтінде кездесетін түсініксіз немесе қиын сөздеріне түсініктеме беру ісі материалды өту алдында беріледі дейік. Ол үшін мұғалім І. Жансүгіровтың "Ұштасқан үш тілек" деген өлеңі деп тақтаға жазады да, көрнекілік ретінде таңдамалы шығармалар жинағынан өлеңнің жазылған бетін көрсетеді. Содан кейін тақтаға мына сияқты сөздерді жазып қояды: ебелек, төңкеріс, мұжық. Бұл сөздерді оқушылардың сөздік дәптеріне көшіртіп жаздырады. Сонан соң мұғалім бұларға төмендегіше түсініктеме береді: Ебелек деп құмды жерде, шөлді ойпаңда өсетін өсімдіктің, яғни шөптің түрін айтамыз. Бұл күзді күні қурап, тамырынан айырылады. Осының нәтижесінде жел тұрған уақытта қаңбақ сияқты домалап жүреді. Сондай-ақ І. Жансүгіров төңкеріс деп революцияны, ал мұжық деп шаруаны түсінген. Осы жоғарыда үш сөзде белгілі жеке мағыналарға ие де, морфологиялық жақтан жалпы және жалқы зат есімдер, атау септікте тұр.
2. Мәтінде кездесетін түсініксіз, қиын сөздерге түсініктеме беру материалды меңгерту барысында іске асырылады. Үйретуші ұстаз түсініксіз сөздеріне түсініктемені көркем шығармадан алынған үзіндіден не толықтай түрін оқу барысында байланыстыра ұғындырады. Бұл жерде мұғалім бір сөз бен екінші сөзді, бір сөйлем мен екінші сөйлемді немесе бірінші қайырым мен екінші қайырымды, алғашқы бөлім мен екінші бөлімді ылғи ұштастыра отырып меңгертеді. Көркем туындылардан берілген үзіндіні оқу барысында алдымен жеңіл түрін, кейін жаймен ауыр нысандары түсіндіріліп отырады. Солай болған жағдайда ғана оқу материалының көлемі ықшамдалып, уақытты да ұтымды пайдалана алады.
Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздерді түсіндіруі жұмысы мәтінді оқып болғаннан кейін де іске асырыла береді. Мысалы, алдымен мәтінді ұстазы белгілейді, оны білім алушылар іштей өздері оқып шығады. Оқу барысында кездескен түсініксіз сөздерін белгілеп, сөздік дәптерлеріне жаздырып алады. Мәтінді толығымен оқығаннан кейін, дәптеріндегі жазылған не оқу барысында белгіленген сөздеріне түсініктеме береді. Мәселен, Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінен нәфрәтлі, ғибратлы секілді сөздері кездеседі. Осы сөздерге түсініктеме беріледі, білім алушыларға түрлі жолдармен түсіндіріледі. Нәфрәтлі - жиіркенішті, ғибратлы- үлгілі, өнеге деген мағынаны беретінін түсіндіріп өтуі қажет
3. Мәтінде кездескен сөздерінің синонимін беру арқылы түсіндіру жолы да тиімді болмақ. Мысалы, келбет деген сөздің мағынасын түсінуі балалар үшін қиынға соғуы мүмкін. Себебі келбет сөзінің айыра алмау жағдайлары орын алады. Сол себепті осы сөздердің мағынасын нақты түсіндіруі үшін сапалық сын есімдерін жалғап, сөз тіркесін жасап, мағынасын анықтап алған жөн. Келбет, мүсін және әлпетсиноним сөздері жағымды және жағымсыз мағыналарды аңғартады. Ал келбет, мүсін деген сөздер көбінесе жақсы тәуір деген сөздермен тіркестіріліп айтылады: келбеті жақсы, мүсіні жақсы. Әлпет сөзі көбінесе жаман деген сөзбен байланысты қарастырылады: әлпеті жаман.
4.Сын есімдерге сай сөзердің синонимдерін іздестіру, қарастыру жолымен түсіндіру. Мысалы, алыс деген сөздің орнына қашық, жырақ сияқты сәндес сөздер қолданылады. Сондай-ақ қысқа сөздің орнына келте, шолақ және сұлу сөзінің орнына әдемі, көркем, ару сияқты синонимдер жұмсала береді. Әйтседе, бұлардың мағынасы жақын болғанмен, бірінің орнына бірі жүре бермейді. Мысалы, алыс жолда дегендегі алыс деген сөздің орнына жырақ деген сөзді айтуға болады да, қашық деген сөзді айтуға болмайды. Бірақ шаруашылықтар арасы алыс емес, дегендегі алыс деген сөздің орына қашық, жырақ сөздерін қолдануға болады. Мұнымен мағынасы бұзылмайды, сол сияқты қысқа құйрық торы ат дегенде қысқа сөзінің орнына шолақ, келте сияқты синонимдерді қойып айту мүмкіндігі бар.
5. Етістіктерге лайықты сөздерді қатар қою арқылы түсіндіру: мұғалім тақтаға мына сияқты сөйлемді жазып қояды: Ол бізге жаңалық хабар айтты. Содан соң сен сөйлемдегі етістіктер орнына қандай синоним сөздері қолданылады? деген сұрақты оқушылар ортасына қояды. Бұдан кейін дұрыс жауап берген сөйлемдері сынып тақтасына жаздырылады. Мұны оқушылар көшіріп алады.
6. Синоним сөздердің мағыналық бірлігін ашу, айқындау арқылы түсіндіру. Мұғалім мына сөздерді салыстыра отырып, тақтаға жазып қояды:аттай, өңеш-кеңірдек, ағаш-отын, қол-саусақ, ақыл-ес.Содан соң олардың мағыналық бірлігін төмендегіше баяндайды: Бұл тақтаға жазылған сөздердің жалпы мағынасыбір-біріне ортақ. Бүркітбай атпен келді, десек әйтеуір жылқының біреуін көлік етіп келді дегенді түсінеміз. Өйткені, ат – көліктің бір түрі, ал тай болса, жылқы атаулының жас төлі дегенді білдіреді. Өңешін созды деудің орнына кеңір созды деп те, өңештеді, кеңірдектеді деп те,айта аламыз. Осылай тұрса да, кеңірдек – тыныс алу мүшесі дегендегі кеңірдек деген сөзді өңеш деген сөзбен ауыстыруға болмайды. Себебі, кеңірдек – тыныс алу мүшесі, ал өңеш болса, адамның, жәндіктің ас өткізетін мүшесі, екеуі екі басқа.
7. Біріккен (кіріккен) сөздердің төркінін (этимологиясын) талдау арқылы түсіндіру. Мұғалім жылжымалы тақтаға төмендегі сөздерді жазып қояды: бүгін, быйыл, апар, әпер. Бұдан кейін түсіндіру тәсілімен нысанды баяндайды: бүгін, биыл, әкел, әпер сөздерінің әрқайсысы екі түбірден бірігіп, бір сөзге айналған. Бүгін, биыл сөздерінің құрамында бұл, күн, жыл деген үш сөз бар. Бұларбұл күн деп тіркесіп айтылатын екі сөздің жүйелі қолданылуының нәтижесінде, олар бірте-бірте ықшамдалып келіп биыл болып орнығып кеткен. Сондай-ақ әкелсөзі алып кел, апар сөзі алып бар сөздерінен қысқартылып,бірігуінен пайда болады.
8. Жаңа сөздердің түбірін іздестіру арқылы түсіндіру. Мұғалім тақтаға өндіріс сөзін жазып қояды да, бұл сөздің түбірін іздетеді. Оны оқушылар төмендегіше дәлелдейді:Өндіріс сөзінің негізгі түбірі өн, өндір – туынды етістіктің түбірі, іс – туынды түбірден туынды тұлға жасайтын жұрнақ. Өндіріс орыс тіліндегі производство деген сөздің мағынасын білдіреді. Сөйтіп жұрнақ үстіне жұрнақ қосылып, яғни негізгі түбірге жұрнақ қосылу арқылы жаңа сөз жасап тұр.
9. Сөздерге сипаттама беру арқылы түсіндіру. Мұғалім “Ер Тарғын” жырында кездесетін, айыл сөзін тақтаға жазады да, оқушылардың сөздік дәптеріне көшіртеді. Содан соң оған мынадай сипаттама береді: айыл – зат есімді сөз. Бұл – ер тоқымды жылжытпай ұстап тұру үшін аттың бауырын орай тартатын жіңішке қайыс тартпа, қыл ызба. Мысалы, Қос айылын бек тартты, Құйысқанын қысқартты (“Ер Тарғын” жыры). Тағы да мынадай мысалдар келтіруге болады: Айылдың батқанын иесі білмен, ат білер (мақал). Аттың айыл-тартпасын қаттырақ тартып алып, жігіт екеуіміз желе тартып жөнелдік (С.Көбеев).
10. Нысананы анықтамалар мен ережелер негізінде түсіндіру. Қазақ тілін тәжірибелік түрде үйреткенде, анықтамалар мен ережелерді саналы да толық меңгертудің пайдасы мол.
Қазақ тілін үйрету кезінде басқа да тілдік салалардың ережелері мен анықтамаларын еске түсіруге тура келеді. Мәселен, дыбыстың варианты бар тәуелді жалғаулы сөз әрқашан да өзінен бұрын тұрған сөздің, яғни оқушы сөзінің ілік септікте тұруын талап етеді дегенережемен байланыстыра алатындай болуы қажет. Мәселен, мұғалім грамматика деген сөзді тақтаға жазады да, оған мынадай анықтама береді: Грамматика – сөздердің өзгеруі және сөздердің тіркесуі мен байланысуын зерттейтін ғылым. Ол екіге бөлінеді: морфология және синтаксис: Морфология – сөз бөлшектерін зерттейтін ғылым. Ол сөздердің морфологиялық құрылымын талдайды, сөздерді топтастырады, сөздердің өзгеруін белгілейді. Синтаксис – сөйлемдердің құрылысы, сөздердің тіркесуі туралы ғылым.
Бұл жұмыстарды 5-6 сыныпта оқылатын пәндердің арнаулы термин сөздерін саналы түсіну барысында да жүргізіледі. Мысалы 5- сыныпта ботаника пәні бойынша: клетка, қостармақ, көпжылдық, дің, өзек,т.б.
Тұжырымдағанда, сан алуан жаттығу жұмыстарды ұйымдастыру нәтижесінде, әр пәннің термин сөздерін түсіну дәрежесі арқылы тәрізді дағдылардың қалыптасқандығын анықтадық: а) анықтама мен ережелердің мазмұнын түсінікті етіп айтып беру: ә) анықтамалар мен ережелерді дәлелдей алуы: б) талдау және түрлі жазба жұмыстарында ұшырайтын тілдік деректерді айыра тануы. Нәтижеде оқушылар жаңа материалдың анықтамасын үйрету үстінде сөздік қоры молаяды [27, 101].
Тұжырымдағанда, мәтін құрастыруға байланысты сөздік қорын байыту жұмыстары екі бағытта жүргізіледі. 1) Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру арқылы жаңа сөз ұғымын меңгерту; 2) Сөздерді мәтін құрастыруға байланысты қолдана білуге жаттықтыру арқылы сөздік қорын байыту.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту үшін, мәтінмен жұмыс жүргізуге деңгейлік тапсырмалар іске асырылады.
Мәтінмен жұмыс кезінде оқушылардың тіл мәдениетін арттырып, қолданылған сөздердің мәні бойынша тәрбиелеу үдерісі де жүргізіледі.
Грамматиканы оқыту арқылы сөздік қорды байыту арқылы тәрбие беруде жаңа технологияны пайдалану нәтижелі болып табылады. Мәселен: С.Н.Лысенкованың технологиясы тірек сигналдарын пайдалана отырып перспективалық- жеделдете оқыту сабақ үрдісін қарастырайык [28, 114].
Мақсаты: білім, білік, дағды қалыптастыру, стандартқа бағыттау.
Ерекшеліктері: 1) педагогикалық ынтымақтастық; 2) тұлғааралық қарым-қатынас; 3) оқу материалы мазмұнының жүйелілігі; 4) материалдарының өзара сабақтастығы; 5) тапсырмалардың әр оқушыға бағытталуы; 6) бірін-бірі үйрету; 7) түсінбегендерін қайта түсіндіру.
Әдістемелік ерекшеліктері:

  • үй тапсырмалары жаңа материалдар негізінде әркімнің өзіндік деңгейіне қарай беріледі;

  • ережелерді жаттатпай, түсінгені бойынша жұмыс жүргізу;

  • ата-аналарының өзара әрекет етуі;

  • пәнаралық байланыс;

  • білім алушыны үйретуге және оның үйренуіне де мүмкіндік жасау;

  • білім алушылардың танымын кеңейту негізінде сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік мәні: ұйымшылдық, мейірімділік, ынтымақтастық, табысқа жетуге ұмтылу, толық дербестілік. Осындай жүйе бойынша сабақтан үлгі келтірсек.
Сабақ үлгісі: Білім алушылардың игеретін икемділіктері мен дағдылары:

  1. Етістіктің шақ категориясы бойынша сөздік қорын дамыту:

а) мағыналы сөздер бойынша;
ә) шақ жұрнақтарының грамматикалық мағынаны жасауы арқылы;
б) игерілген сөздерін қолдануға жаттықтыру;
в) сөз тіркестерін құрастыру дағдыларын қалыптастыру;
г) сөйлемді құрай алу икемділігіне баулу;
д) қандай да бір шақта тұрған баяндауыштардың мәтінде қолданылуының өзіндік ерекшеліктері жөнінде түсіндіру және анықтамасын айтуға дағдыландыру;
2. Жаттығу жұмыстарын жүргізу:
а) жаттығулар проблемалық ахуалдар негізде түзіліп, білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталуы тиіс;
ә) жаттығу жұмыстары білім алушылардың өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылуы тиіс;
б) жаттығу жұмыстары өтілетін тақырыпқа, сабақтың мақсаты мен құрылымына сәйкес өтілетін материалға негізделеді;
в) жаттығу жұмыстарының логикалық тұрғыда жүйелі болуы; Жаттығу тапсырмалары өзара логикалық жағынанан байланыста болады. Мәселен, бірінші тапсырма сөздің лексикалық мағынасын меңгертуге, екінші тапсырма сөздерді дұрыс тіркестіруге және өтілген тақырып пен бірізділікке,үшінші тапсырма оқушылар меңгерген сөздерін шығармашылық жұмыстарында орынды қолдануға негізделеді. Мұндай құрылымның ұтымдылығы оқушы үйренген сөздерін белсенді қолдануға дағдыланады.
г) жаттығулар оқушылардың шығармашылық біліктерін дамытуға негізделуі керек. Мәселен, жаттығулардағы үшінші тапсырмалар шығармашылық жұмыстар түрінде берілді. Бұл оқушылардың үйренген сөздерін дұрыс, орынды қолдануына жағдай жасайды.
Сабақ барысындағы сөздік қорын молайту жұмыстары басты екі тәсілмен жүргізілді. 1. Лексикалық тәсілдер. 2. Грамматикалық тәсілдер. Лексикалық тәсілдер екі, грамматикалық тәсілдер төрт модульге бөлінді.
Білім алушылардың сөздік қорын дамытуға арналған лексикалық тәсілдері сөздің мағыналарын жан-жақты түсіндіре алады. Мәсенен:
а) сөздің мағынасын ашу тәсілі;
1-тапсырма. 1. Көрші ауылда болған жаманат сол заматта-ақ бізге келіп жетті. 2. Мынау жаман ат. 3. Асқар кешегі тірлігінен кейін жаман атқа ие болды.

Үш сөйлемдегі «жаманат» сөзінің мағынасы «суық хабарға» сәйкес келеді ме?


2-тапсырма. «Жаманат» сөзін түсіндірме сөздігінен анықтаңыз. Жаманат сөзінің мағынасы зат, құбылыс, оқиға, әңгіменің қай түріне қатысты айтылған?


Білім алушылар мұнда әрбір сөздің мағынасын дұрыс тануға дағдыланады.

3-тапсырма. «Жаманат» сөзін төменде көрсетілген қай сөздермен тіркестіре аламыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет