Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Мәтін және оның мазмұндық құрылымын түсіндіре отырып, оқушылардың сөздік қорын байыту зерттеу жұмысының мақсаты болмақ.
Осы мақсатқа сәйкес диплом жұмысының алдына мынадай міндеттер қайылады:
мәтін жайлы теориялық ақпараттар жинау және оны саралау;
мәтіннің құрылымы мен түрлеріне талдау жасау;
мәтінмен жұмысты ұйымдастырудың жолдарын қарастыру;
мәтінді қабылдауға қатысты жүргізілетін жұмыстарды айқындау;
мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысын көрсету;
мәтін арқылы тіл дамыту жұмыстарын зерделеу.
Зерттеу нысаны: Мәтінді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту. Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын жұмыстар.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: тіл ғылымына бүгінгі күнге дейінгі зерттеу нысанасына айналған дыбыс, сөз тіркесі, сөз, сөйлем, лексикалық, морфологиялық тұлғалар, фонетикалық құбылыстары – мұның бәрі мәтіннің құрамына кіретін тілдік бірліктері. Мәтіннің мағыналық, құрылымдық және қызметтік тұрғысынан жан-жақты әрі тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе болып отырғандығы белгілі.
Еліміздің келешегі жастарды бәсекелестікке лайық елдің ұрпағы бола алатындай, өмірден өз орнын таба алатын жеке тұлға қалыптастыру – бүгінгі мектеп алдында тұрған ең негізгі міндет. Дамыта оқыту мен тәрбиелеу идеясына негізделген қазіргі заман жаңа буын оқулыықтарында мәтіндер құрылысы мен мазмұны жағынан күрделі де терең болып келеді. Мәтіндерде танымдық, тәрбиелік, ғылымдық тұрғысынан қолданылған сөздерді оқушылар түсінбей, оны өздерінің белсенді сөздік қорына айналдырмайынша, материал толық меңгерілмейді.
Диплом жұмысының зерттеу базасы: Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары.
Зерттеу әдістері: Мәтінге байланысты тіл материалдары мен әдістемелік материалдарды жинау, салыстыру, талдау, қорыту.
Диплом жұмысының құрылымы:Дипломдық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі негізгі бөлімінен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.