І МӘТІН ЖӘНЕ ОҒАН ТӘН БЕЛГІЛЕР
Мәтін туралы түсінік
Қазіргі білім беру жүйесінде білім алушылардың ойлау мен сөйлеу әрекеттерін дамыту мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Сөйлеу әрекеті жазбаша да, ауызша да болатынын жақсы білеміз. Сол себепті білім алушылардың жазбаша сөйлеуі икемділігін дамытуда өзінің ана тілі мен әдебиетін оқытудың маңызының зор екенін айтамыз. Зерттеуші-ғалым А.Айғабылов өз еңбегінде мәтінге келесідей анықтама берген: «Текст нақты бір тақырыпқа бағытталған мағыналарының тұтастығымен құралған бірнешеу сөйлемінің жиынтығы болмақ. Тақырыптың мазмұнына қарай қысқа не ұзақ болуы ықтимал» [2, 53].
Қазақ лингвистикасында мәтіннің ерекшелігін, өзіне тән қасиетін, құрылысын жан-жақты ашуымыз үшін ғылыми негізде зерттелуін қарастыруымыз керек. Мәтін ұғымын лингвистика ғылымының тарихынан ертеректен кездестіре аламыз, бірақ та лингвистеріміздің қабылдауы өзгеше болғанын көрсетеді. Атап айтар болсақ, мәтінді сөйлеудің ең қорытынды материалдық бірлігі немесе түркі тілдік бірліктерінің қолданылуы деген секілді пікірлерде болған. Мәтінді құрайтын элементтерінің бірімен-бірі байланысты болатындығы мен тұтастығы екендігін соңғы уақытта ғалымдарымыздың көпшілігі мойындап отыр.
Зерттеуші ғалым Шалабаев Б. мәтіннің негізгі белгілеріне мәтіннің арнайы тақырыбы мен мәтіннің аяқталуының болатынын айтады [3, 112]. Мәтіннің осындай белгілерінен бөлек келесідей ерекше қасиеттерін де қосуға болады деп есептейміз: мәтіннің жүйелілігі, яғни жүйелі басталып-аяқталатындығы, мәтін құрайтын элементтерінің (қайырым, сөйлем) арасындағы грамматикалық және логикалық байланыстарды жатқызамыз.
Көркем мәтінде хабар не ақпарат бір түрде берілетін болса, ғылыми мәтінде берілетін ақпарат не хабар өзгеше түрде беріледі. Лингвистика ғылымында осы күнге дейін зерттеудің нысаны болған сөз тіркесі, сөз, сөйлем, морфологиялық тұлғалары, лексикалық тұлғалары, фонетикалық құбылыстары – мәтін құрамында болатын тілдік бірліктеріміз. Жоғарыда келтірілген бірнеше пікірді негізге алып, мәтіннің келесідей белгілерін көрсете алады екенбіз. Әр мәтіннің ерекше өзіне ғана тән бірнеше қасиеті болады. Оларға: мәтін мазмұнын, құрылымдық бүтіндігін, мәтінді жасайтын бірлік компоненттерінің бірімен-бірі байланыста болуын, стилистикалық нормасы жағынан өңделуін, мазмұн тұтастығын, хабарлау жүйесінің жазбаша берілуін жатқыза аламыз. Және мәтін жайлы білім беруде келесідей жүйеде болуы керек деп есептейміз. Атап айтар болсақ, алдымен, лингвистикада сөзге, сөз тіркесіне немесе сөйлемге нақты анықтаманың берілуі шарт. Әсіресе, соның ішінде мәтін жайлы білімі алдымен қайырымының түзілуіндегі ерекшелікке байланысты екенін білуі тиіс. Айтылған ойдың, пікірдің, әңгіменің жазу негізінде қағазға түсірілуін мәтін дейміз. Ал мәтінде берілетін ойдың, ақпараттық, мазмұнының көлеміне де қарай көлемде немесе шағын болып келеді. Зерттеуші ғалымдарымыздың басым көпшілігі мәтін композициясын 3-ке бөліп қарастырады. Оларды кіріспе, негізгі бөлім мен қорытынды деп көрсетеді. Ал мәтіндегі бейнеленетін уақыттың да үш түрі бар, олар: осы шақ, өткен шақ пен келер шақ.
Мәтіннің өзіне тән категорияларына Г. Я. Галперин хабар, тұтастық, уақыт бірлігі, модальдық, подтекст категорияларын жатқызады [4, 117]. Бұл категорияның берілу жолы түрліше екенін де айта кетеді.
Мәтінді ғылыми тұрғыдан зерттеу өзге елдерде де да орын алды. Қазақ тіл білімінде де ғалымдарымыздың мәтінге қатысты аз да болса өзіндік пікірлердің болғандығын байқаймыз. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі – А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбановтың еңбектерінен мәтін жайлы алғашқы ой-пікірлерді кездестіріп жатырмыз. Мәселен, А.Байтұрсынов мәтін белгілі бір тақырыптан тұрады және шығарма не мәтіннің мазмұны үш мүшеден: аңдату, мазмұндау мен қорытындылаудан тұратынын атап көрсетеді [5, 98].
Лингвистикада мәтіннің бір ауыздан қолданылып жүрген нақты ережесінің, анықтамасының жоқ екендігінен де көруге болады. Мәселен, З. Я. Тураева: «Мәтін – әр түрлі лексикалық, логикалық, грамматикалық байланыстардан тұратын құрылымдық – мағыналық бірлік ретінде қызмет ететін күрделі тұтастық», - деп анықтайды [6, 85]. Н. И. Жинкиннің тұжырымдамасы негізінде А.И.Новиков мәтінді тіл, сөйлеу, интелект фактордарының бір-бірімен өзара байланысқан біртұтас кешені деп қарастырып, мәтіннің басты белгісіне сыртқы және ішкі факторлардың бірлігін жатқызады. Сондықтан мәтін туралы М. М. Бахтин, И. Р. Гальперин, Б. Шалабаев, әмірова т.б. пікірлері негізге алынды.
Білім алушылардың жазбаша тілін дамытуы үшін, алдымен мәтін жайлы түсінігін, білімін, мәтіннің құрылым ерекшеліктері жөнінде біліктігін қалыптастыруымыз қажет. Білім алушыларға мәтіннің келесідей өзіндік өзгешеліктері жайлы білім берілетін болады:
Мәтін құраушы сөйлемдерінің өзара ойды білдіретін байланыстылығының болуы;
Мәтін құрамындағы қайырымдарының тақырыптық мазмұнына бағыныштылығының болуы;
Мәтіннің түрліше болуы немесе формасының тілі арқылы көрініс беруі;
Мәтіннің мазмұны, формасы мен қатысымдық мақсаты жағынан мынадай түрлермен де ерекшеленеді. Сондай-ақ мәтіннің жанрлық түрлері игертіледі:
ХАБАР (хабарлау) – көп жағдайда басынан кешкен немесе естіген, көрген оқиғаларын есіне түсіріп айту мақсатында жазылады. Мұнда баяндау барысы оқиғаның уақытын, орнын, өту тәртібін көрсетуі жолымен жүзеге асады. Мәтінде хабарлау түрі өткен шақта, белгілі бір кезеңде болған және себеп-салдарлық байланыстарға түскен оқиғалары жайлы баяндалады. Көркем әдеби жанрындағы әңгімене ұқсас сюжеттердің жиынтығынан құралады. Хабарлау мәтінінде кейіпкерлердің, яғни персонаждардың әрекеттері диалог, монолог арқылы беріліп отырады.
СИПАТТАУ – құбылыстың, заттың, табиғаттың, адамдардың қандай да бір қасиеттерін бейнелеп шығу. Мұндай түрдегі мәтіндер көп жағдайда бейнеленетін табиғаттың, заттар мен құбылыстардың ең негізгі ерекше белгілері мен өзіндік қасиеттерін саралап көрсетеді. Сараптаудың мақсатымен берілген мәтінде көп жағдайда алғашқы алған әсері немесе бейнеленген затқа не құбылысқа берілген пікірі мен бағасы байқалып тұрады. Сипаттау мәтінінде сынды, пікірді, белгіні аңғартатын сөздері (есімше, сын есім) жиі кездеседі.
ПІКІР АЙТУ – жазушының немесе айтушының пікірі, ойы мен көзқарасы, байламы мен талғам таразысы болмақ. Пікір білдіру немесе айту басты үш элементтен тұрады: олар: нақтылау, дәлелдеу және қорытындылау. Сол себепті пікірлеудің мәтіні қандай да бір ақпаратты не мәліметті дәлелдеуі мен бекітуі мақсатында салыстырулары мен мысалдарынан, ойын, пікір, көзқарасын білдіру арқылы жаңаша ой қорытындылауларынан тұратын мәтіннің бір түрі деп таниды [7, 27].
Мәтін жайлы білімді беру келесідей жүйеде болуы керек деп есептейміз. Тіл білімінде: сөзді, сөздің тіркесін түсінуінде, сөз тіркестерінен сөйлемнің жасалатындығы, қайырым және одан мәтіннің құралатындығын білуі тиіс. Мәтін жайлы білімі алдымен қайырымнан, оның түзілуі қасиеттеріне де байланысты болады. Сол себепті мәтін құрылымының өзіндік ерекшелігі оны құрай алатын сөйлемдерінің мақсатына қарай ойын жеткізуіне байланысты жасалатындығына, одан кейін қайырымның болатындығына ерекше назарын аудартады. Әсіресе адамдардың өзара қарым-қатынасы барысында жеке, дара сөйлемдерінен емес, тұтастай бір ойын, пікірін білдіретіндігін, сонымен қатар түрліше пікірлерді біріктіретін сөйлемдерінің бір-бірімен байланыста болып жүйеге түсетінін ажырата білуі тиіс.
Мәтіннің лингвистикалық құрылымын зерттеу жұмысын оның құрамдас бөліктерін іріктеп, саралап алудан бастау керек. Қандай болмасын мәтіннің мүшеленуі – санадағы ойдың ірілі-ұсақты бөлшектер ретінде беріліп, автордың эстетика – философиялық ішкі тұжырымдамасын (концепциясын) бейнелейтін өздігінен қыры мен сыры мол да күрделі процесс. Ол ақиқат немесе ой-қиялдағы шындықты бөлшектеу болып табылады. Өйткені кез-келген мәтін – ақиқат шындықтың әйтеуір бір үізігін (фрагментін) бейнелеуші тәсіл. Онымен қатар, мәтіннің мүшеленуі айналамыздағы қоршаған ортаның адам санасындағы көріністерінің ерекшеліктерімен де байланысты.
Ғылымдарымыздың басым көпшілігі мәтіннің композициясын немесе мәтін құрамын үш бөліктен тұрады деген пікірлерін білдіреді. Олар: кіріспе, негізгі бөлім мен қорытынды.
Мәтін келесідей түрлі мағыналық категориялардан құралады: уақыт, кейіпкер, хабар, автор көзі, кеңістік және оқырман бейнесі. Жай мәтіннің түрінде бұлардың барлығы көрініс таппайды.
Мәтін көлбеулік өлшемдері мен көлемдік өлшемдері тұрғысынан жасалады. Мәтіннің көлбеулік құрылымына логикалық және грамматикалық заңдылықтары тұрғысынан әрі әңгімелеу типі мен хабарлау формасынан құрылады. Бұл жерде мәтін мазмұнындағы оқиғалар мен сюжеттердің, эпизодтарының орналасу тәртібі назарға алынады. Нақтырақ айтар болсақ, мәтіннің көлбеулік құрылымы – лексикалық әрі грамматикалық және композициялық, синтаксистік деңгейлері негізінде қалыптасады және олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады.
Мәтін көлемінің құрылымында тілдік құралдарын қолдана отырып, олардың дара мен әмбебап мағыналарының бейнелеуін, мағыналарының қайталанбайтын өзіндік көрінісі болмақ. Б.Шалабаев мәтіндердің әмбебап мағынасына кеңістікті және уақытты кіргізеді. Кеңістікті бейнелеуі үшін мәтіннің негізгі белгі-қасиеттеріне және олардың арнайы тақырыптарының болуын аяқталуын жатқызған [8, 39].
Мәтін мазмұнына қандай да бір мекенді көрсететін, білдіретін немесе бағыттайтын атауыш сөздерінің тобы кездеседі. Оларға географиялық жер-су атаулары немесе терминдер, топонидер, этнонимдер, табиғат құбылыстарын немесе үй-жайының белгілерін көрсететін сөздері; мекендік үстеулері, диалект сөздері, кәсіби сөздер мен кісі аттары, т.б. жатады. Арнайы сөздіктерде бұлар жайлы толық мәлімет берілмеуі де мүмкін, ал мәтінде жоғарыда көрсетілген атаулары жайлы тың ақпараттар кездесіп жатады.
Уақытымыз да материалдық өмір сүруінің формасы деп есептейміз, сондықтан да көркем мәтінінің басты мағыналарының бірі есебінде қаралады. Шығарманың мазмұны белгілі бір уақытқа қатынасты тілдік құралдарынан да көрініс табады. Алдымен ондайларға уақытты білдіретін сөздердің тобын жатқызамыз. Кейде уақытты дәл беретін көрсеткіштері кездесіп жатса, кейде уақытты жанама түрде ғана меңзейтін тұстары да кездесіп те жатады. Ондайларға тарихи болмыс, тарихи тұлғалардың есімдері, қызметтері, жеке тұлғалардың әлеуметтік жағдайының көрінісі, қоғамдық құбылыс, т.б. жатады. Шығарма немесе мәтін мазмұнында кездесетін тарихи оқиғалардан, тарихи тұлғалардың кейбір іс-әрекеттерінен уақыт көрсеткіштері жайлы мағлұматтарда көрініс табады.
Мәтін мазмұнынан уақыттың үш түрлі бейнесін аңғарамыз. Олар өткен шақтық, келер шақтық және осы шақтық нұсқада болады. Осылардың әрқайсысы жеке тұрғыда көркем туындылардың мазмұндау не баяндау жоспарында қаралуы ықтимал. Мәтін мазмұнында сөз болатын оқиға, іс-әрекеттер баяндау барысына сай келуі де немесе кейді баяндау уақытысынан кейін де орындалуы ықтимал тұстары кездесіп жатады. Нақты шығармаларда бейнелейтін уақыттың түрлері кейде біріктірілген кейпінде кездесетін нұсқалары да ұшырасып жатады.
Мәтін қандай да бір шығарманың бүтіндей ұғынылатын мәліметтің, хабарлаудың, суреттеу мен пікірлеудің формасы, қорытындылаудың бөлшегі есебін де де қаралады. Және ол бірнше сөйлемнен құралады. Бір немесе екі құрмалас сөйлемді мәтін дей аламыз. Себебі онда тиянақты ойдың болғанымен, мәтіндік қасиетке ие бола алмайды. Мұнда сөйлемдер құрмалас сөйлем синтаксисінің заңдылықтары бойынша сөйлемдер өзара үйлеседі, бірақ мәтіннің заңдылықтарына түгел жауап бере алмайды. Қысқа көлемді мәтіндер екі немесе бірнеше сөйлемдерден тұра алады, мұндағы сөйлемдер байланысып қайырымды да құрайды деп есептейді [9, 46].
Мәтіннің қайырымын сөз еткенде айтылатын ой-пікірдің тиянақтылығы мәтінінде емес, ойдың салыстырмалы түрдегі аяқталғанын білдіріп, тек сол белгілі бір тақырыптың, пікірдің, ойдың ашылғандығын сөйлемдерден ажырата аламыз. Бірнеше сөйлемдерден тұратын қайырымның бастауы қайырымдық фраза деп аталады. Сонымен қатар мағынасы мен формасы тұрғысынан тізбектеле байланысатын сөйлемдерінің аяқталған интонациясы мен ұзақ кідірісі немесе үзілісі арқылы да беріліп отырады.
Кез-келген мәтін бірнеше сөйлемдерден тұрады және маңызды бөлшектерінен құралады. Әр бөлшегі жаңа жолдан бастау алады, яғни азат жолдан жазылады. Әрбір азат жол мәтіннің композициялық, мағыналық әрі стилистикалық қызметтерін атқарып отырады. Мәтін сөйлеу әрекетінің шешімі. Оның да өзіндік нысаны мен мақсаты бар. Түрткі мен мақсат арқылы сөйлеу құралы анықталады.
Қорыта айтқанда, мәтін өзіндік ерекше белгілері, мазмұны, сипаты, жүйесі, өлшемі, өзіндік формасы мен құрылысы болатын күрделі категорияға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |