Оқу сабақтары барысында сөздік жұмысына арнайы кезең берілмейді. Дегенмен де сөздік жұмысы өтілетін сабақтың барысында қажеттілігіне қарай үнемі орындалып отырады. Мәтінді не шығарманы дұрыс қабылдауы үшін сөздік жұмыстарын жүргізбесе сабақ мақсаты толық орындалмайды.
Білім алушыны сөйлеуге үйретуі үшін әрбір сыныптағы балалардың жас ерекшелігіне сай белгілі бір мөлшерде сөздік қорының болуы тиіс және ол үнемі ескеріліп отырады. Сол сөздерді дұрыс айтып, орынды қолданып, сауатты жазуға дағдыландыру әрекеті тіл дамыту материалдарын сұрыптау арқылы жүргізіледі. Мәселен, А.И.Власенков: «Для повышения развивающей функции обучения принципиально важна деятельность самого ученика с изучаемым материалом», - деп анықтайды [36, 118]. Демек, баланың тілін дамыта оқыту тіл материалдарын таңдап, сұрыптауға байланысты болмақ.
Қазіргі уақытта әдістеме саласында пайдаланып жүрген лексикалық құралдарын іріктеу принциптерін үшке бөліп қарастырады. Олар: статистикалық, әдістемелік және лингвистикалық.
1) Сөздердің қолданылу жиілігі, яғни сөздердің көп таралғандығы. Сөздердің қолданылу жиілігі дегеніміз бір мәтінде (шығармада) немесе зерттелетін мәтінде кездесетін сөздердің санын айтады, яғни сөздердің көп таралғандығын зерттеген мәтіндерінде сол сөздің жиі қолданылуын айтады. Білім алушының тілін дамытуы үшін керекті лексикалық минимумын беруде екі ұстаным жеке емес кешенді түрде қолданылады.
2) тіл дамытуды мақсат ететін, яғни көбірек қолданылатын лексикасы мен сирек қолданылатын лексикасын бөлек іріктеуін талап ететін ұстанымдары:
а) Бағдарламадағы тақырыптарына сәйкестік ұстанымы. Осы ұстаным негізінде лексикалық білімді беруде қазақ тілі пәнінің материалдарына, тақырыптық мәселелеріне сай келетін сөздері енгізіледі. Мәселен, 5-сыныптың білім алушыларына арналған сөздерді ұсынылуында сөздердің көп мағыналылығы немесе ауыспалы мағыналарының жасалу жолдары секілді күрделі ұғымды сөздері берілмейді. Себебі мұндай күрделі ұғымдағы сөздердің мән-мағынасын шамалы игергенімен, ол сездерді білім алушы оқушылар сөйлеу әрекетінде қолдану дағдысын игермегендігі байқалып тұрады. Сөздердің ұғымын сөйлемдегі қызметіне, белгілі бір оқиғаға қатысты екендігін жалпылау түрде түсіне алады, бірақ та сол сқздердің стилистикалық рең-мәнін ұғына бермейді екен. Мысалы, «Киген киімі өзіне шақ екен» деген сөйлемнің орнына «Өзіне құйып қойғандай жарасып тұр» дегенді пайдаланса бұл сөйлемді жалпылай ұғынады, бірақ «құйып қойғандай» тіркесінің ұғымын адам мүсінін жасаудағы өнерге қатысты екендігін дұрыс қабылдамайды.
ә) Ұғымды бейнелеу ұстанымы. Мұнда ұғымы бойынша сөздерінің бейнелегіш және көркемдегіш қасиеттеріне орай сөзді таңдап енгізуі ұсынылып отыр. Осы ұстаным өзінің ойын көркемдеп, бейнелеп жеткізуі үшін сөздерді стилистикалық тұрғысынан дұрыс, орынды қолдана білуге үйрету басшылыққа алынады. Мысалы, білім алушы сипаттау мақсатындағы мәтінді құрастыруы үшін алдымен тілдің бейнелегіш әрі көркемдегіш құралдарын қолданылу дағдыларының болуын қажет етеді. Мұндай құралдар жайлы қазақ тілі пәнінің 5-6 сыныптарында қарастырылмаған деп есептейміз. Тек 8, 9-сыныптарында стилистикаға қатысты мәліметтер ұсынылады. Бірақ та 5-сыныптың әдебиеттік оқу сабақтарындағы жаттығуларда сипаттау мазмұндағы мәтіндері енгізілген. Зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде бала тілін дамытуы үшін тілдің бейнелегіш, көркемдегіш құралдарына қатысты лексикалық минимумдар тізбесі ұсынылуы қажет деп есептейміз және ондай сөздерді лексикалық материалы есебінде «бейнелі сөздер» тақырыбымен немесе грамматикалық материалдары барысында әрбір сөз табындағы (сын есім, үстеу т.б.) сөздерінің қолдануы бойынша минимумдық сөздікке ендірілсе деген ұсынысты жасауға болады.
б) Семантикалық ұстанымы негізінде минимумға бағдарлама материалдары бойынша аса қажетті сөздері іріктелініп, таңдалынып алынады. Мәселен, тіл білімін игеруі үшін терминдік ұғымын игертеді. Демек, білім алушыларға әрбір сыныпта оқылатын пәндері бойынша терминдік сөздері таңдаулы керек.
Үшінші тобына жататын ұстанымдары: