Дипломдық ЖҰмыс 6В01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау Шымкент 2023


Мәтінді қабылдауға арналған жұмыс түрлері



бет10/15
Дата14.07.2023
өлшемі162,33 Kb.
#104358
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Абдужалилова Д.У. 1704-19 сонгы вариант

2.2 Мәтінді қабылдауға арналған жұмыс түрлері

Білім алушылардың мәтін бойынша оқыған материалдарының мазмұнын толық түсініп, дұрыс қабылдауы үшін, мәтіндегі негізгі ойды жақсы түсінуі үшін тілші мамандарға оқу сабақтарын түрліше ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу талап етіледі. «Адамның әрбір даму сатысындағы психологиялық функциялары жүйесіз, автоматты, кездейсоқ түрде емес, ол тұлға бойындағы белгілі бір қызығушылықтарға, белгілі бір бағытқа бағыттап, белгілі бір жүйе арқылы әсер етеді», - деп жазады Л.С.Выготский [31, 6]. Осындай жұмыстар оқылатын материалдарының сипатына, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, білім дегейлеріне, дайындықтарына, қабылдау мен дағдылану ерекшеліктеріне қарай да іріктелініп отырады. М.Мұқанов өз еңбегінде шығармашылықты дамыту интеллектуалды іс-әрекеттің жоғарғы көңіл-күйін талап етеді және олардың сезімдік мотивациялары болады деп тұжырымдаған болатын [32, 98].


Білім алушылар мәтінді дұрыс қабылдауы үшін келесідей жұмыс түрлерін жүргізу ұсынылады:

  • білім алушыларды психологиялық тұрғыдан мәтінді қабылдауға даярлау;

  • мәтінге қатысты сөздік жұмыстарын ұйымдастыру;

  • мәтінді не шығарманы мәнерлеп, түсініп оқу;

  • оқыған мәтіннің не шығарманың мазмұнын айтқызу;

  • мәтіннің не шығарманың жоспарын құру;.

  • мәтіннің не шығарманың мазмұны бойынша шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру.

Білім алушыларды психологиялық тұрғыдан мәтінді қабылдауға даярлау жұмысы жазушының сөзі арқылы қабылданады. Мәтінді не шығарманы оқығанда білім алушыларда елес туады немесе оқиғаны көз алдына елестете алады. Ақыл-ой жұмысын зерттеуде эмоциялы қозғаушы күштің мәнін И.П.Павлов былай түсіндіреді: «Ақыл-ойдың маңызды қасиеті – оның ұзақ уақытқа шоғырлануы»- дейді [33, 122]. Бұл білім алушылардың сезімін де қозғай алады. Білім алушылар қояннан қорыққан қасқыр жайлы әңгімені оқыған сәтте еріксіз күледі. Ал қорқынышты сәтті сипаттайтын сөйлемдерді оқығанда балалардан үрей, шошу сияқты сезімдерін бет-жүздерінен байқауға болады. А.Г.Ковалевтың берген анықтамасына сүйенсек «Қызығушылық - бұл өмірдің маңызды мәні мен эмоционалды тартымдылығынан көрініс беретін тұлғаның нысанаға деген таңдап алған қарым-қатынасының бейнесі»[34, 97]. Осындай ішкі көріністі айқындауы үшін білім алушының санасында осындай бейнелерді анық жасалуын мәтінді не шығарманы оқымай тұрып алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізіледі және мұндай әрекеттер әңгіме түрінде ұйымдастырылып жатады. Дайындық әңгімелесуі оқығалы отырған мәтіннің не шығарманың мазмұнына ұқсас оқиғаға немесе балалардың өздерінің өмірінде орын алған оқиғаларын еске түсіруі секілді тәсілдермен ұйымдастырылады.
Мәселен М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан кішкентай балаларымыздың түсінігіне сәйкес келетіндей қысқартылып алынған Абайдың балалық шағын көрсететін үзінді оқулықта берілген, ол «Бүлдірген тере барғанда» деп аталатын тақырыппен берілген. Осы тұста мәтінді оқуға дайындауда мұғалім білім алушыларға бүлдіргеннің қайда өсетінін, қандай түрлерінің бар екендігі жайлы айтқызып, қалай өсетіні, оқушылардың бүлдіргенді теріп көрген не көрмегендері жайында әңгіме жүргізеді. Осындай тәрізді алдын ала әңгімелесу әдісін жүргізілгеннен кейін «Бүлдірген тере барғанда» деп аталатын үзіндінің мазмұнын білуге балалардың ынтасы артады және тереңірек түсінуіне, мәтін мазмұнын толық ұғынуларына жағдай жасалынады, яғни мәтінді меңгеруі үшін психологиялық дайындық жұмысы жүргізіледі.
Осы секілді алдын ала жүргізілген әңгімелесуде мұғалім оқылатын мәтіннің мазмұнында кездесетін жаңа сөздер мен түсінуге қиын ұғымдарды түсіндіріп кетуі тиіс. Мәтіннің ішіндегі жаңа сөздер мен қиын, түсініксіз сөздердің мағыналарын біліп алмайынша мәтіннің мазмұнын толық ұғуы білім алушыларға қиындық туғызады. Бірақ оқулықтардағы әрбір әңгімедегі кездесетін қиын, түсініксіз болады деген сөздерінің барлығына анықтама беруге не мәтіннің аяғына сөздік есебінде толық беру де дұрыс бола бермейді. Оның да өзіндік шектеуі, нормасы бар екендігін де ұмытпауымыз тиіс.
Шығармашылыққа қызығушылық шығармашылықпен ойлау қабілеті сияқты өзінің дамуында жекелеген ерекшеліктерге ие болады Г.И.Шукинаның жазғанындай балалар шығармашылығының көрінуіне жататын танымдық, қызығушылық нәтижелері, сондай-ақ мектеп оқушыларының шығармашылық әрекетіндегі сипаты оның даму деңгейін бағалайды [35, 54].
Қорыта айтқанда, мәтінде не шығарманы оқуға даярлау жұмысы, алдымен, білім алушылардың оқылатын әңгіменің мазмұнына, ондағы кейіпкерлерінің ісін саналы түрде түсінуіне дайындау болмақ, екіншіден, мәтіннің мазмұнына қызықтыру десек, үшіншіден, мәтіндегі түсініксіз, қиын сөздердің мағынасын түсіндіру мақсатында жүргізіледі. «Мәтін өзін құрайтын бірліктер және оны құру кезінде пайда болған тұлғалардың өзара тығыз байланысы арқылы іштей ерекше ұйымдасқан жүйе ретінде белгілі бір ақпаратты жеткізудегі автор көзқарасын білдіруге бағытталады» -деген пікір бар. Дайындық жұмыстарының да көздеген мақсаты болады, ол – білім алушыларға шығарманың не мәтіннің мазмұнын толық әрі саналы қабылдауына жағдай жасау. Осы тұста дайындық жұмыстарында қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады деген сұрақ туындайды. Ендігі кезекте соларға тоқталайық:
1) Білім алушылардың өздеріне әңгімені айтқызуы. Кейбір мәтіндерді оқуға даярлау барысында білім алушыларға өздерінің басынан өткерген не көрген, естіген, оқып-білген оқиғалары жайлы әңгімелеуге болады. Мұндай іс-әрекеттер білім алушылардың ойын, сезімін қозғауына көмектеседі. Мәселен, Ғ.Мұстафин жазушымыздың «Қырман үстіндегі ту» туындысын оқуға дайындалу барысында астық жинау, егін басына барған-бармағандығы жайлы әңгімелесуге болады. Сол секілді С.Мұқановтың «Сең үстінде» атты әңгімесін оқымай тұрып жазғытұрым мезгілінде таудан аққан өзендерде сең жүруі жайлы әңгімелесуі де оқуға даярлау әрекетіне жатады.
2) Мұғалімнің әңгімесі. Кей жағдайда оқылатын мәтіннің мазмұны түсінуіне қиын деректерден тұратын болса, онда мұғалім мәтін мазмұнын кіріспе түрінде айтып өтуіне туралы келеді. Мәселен, «Тарас Шевченко», «Сырым батыр» мәтіндерін оқымай тұрып осы мәтіндердің оқиғасы жайлы, яғни Сырым батырдың қай кезде болғанын немесе Тарас Шевченко деген кісінің кім екендігіне түсінік беруі тиіс.
Білім алушы балалар мұғалімнің әңгімесін тыңдау арқылы мәтінді не шығарманы оқуға қызығатындай, асығатындай жағдайларда болғанда ғана мәтінді оқуға даярлау талабы өз деңгейінде орындалды деп айтуға болады.
3) Ұжымдасқан немесе ұйымдасқан түрде әңгімені айтуы. Біреуі білмегенді екіншісі білуі мүмкін. Сондықтан да жеке баладан гөрі сыныптағы барша білім алушылардың білетіні көбірек болады. Тіпті кей жағдайларда оқылатын материалымызға қажетті ақпараттар бірлескен түрде айтылатын әңгіме секілді етіп те ұйымдастыруы арқылы анықталып жатады. Бұл жерде білім алушы балалар өз беттерінше әрекет етеді, бірі екіншісін толықтырып отырады, бірінің қатесін екіншісі жөндеп отырады.
4) Экскурсия барысында байқағандарын пайдалануы. Білім алушылардың әңгімесі болсын немесе мұғалімдерінің әңгімесі болсын, кейде тіпті кейіпкердің әңгімесі болсын – бұлардың барлығы оқушы балалардың экскурсия барысында көрген-білгендерімен байланыстыра әрекет ету тиімді әрі нәтижелі болып келеді. Осы айтылғандардың бәрінде үнемі мәтінді не лирикалық шығарманы оқымас бұрын арнайы экскурсияны ұйымдастыру қажет екен деп ойлауға да болмайды. Мұғалімнің жыл бойында өтетін материалдарының мазмұнына, өтілетін тақырыптың экскурсия жасауына сәйкес келетін кездерінде орындалуы немесе ұйымдастырылуы қажет-ақ. Мұндай экскурсиядан кейінгі оқылатын мәтін не шығарманы білім алушы ұзақ есінде сақтайды және жақсы әсерін де береді, яғни пайдасы мол болады деп есептейміз.
5) Суреттермен байланыстыру. Мәтіннің не шығарманың мазмұнына сәйкес келетін суреттер мәтінді оқуға даярлау кезеңінде беріледі. Мәселен, табиғат көріністерін бейнелейтін суреттерді мәтінді не шығарманы оқымай тұрып пайдаланған жөн. А.Құнанбаевтың «Қыс» өлеңі немесе С.Мәуленовтің «Қыс келбеті» өлеңдерін оқымай тұрып тілді дамытуға арналған суреттерінің ішінен «Қысқы ойын», «Қыстағы орман көрінісі», «Қысқы демалыс» секілді тақырыптарына сәйкес келетін суреттерді ұсынуға болады.
6) Сұрақтар қою. Білім алушыларды оқуға даярлау кезінде сұрақ қою әдісі қандай жағдайда ұтымды болатынын алдын ала ойластырған жөн. Егер де білім алушыларға дауыстап оқылатын мәтінді не шығарманы оқымас бұрын сұрақтар берілсе, олар сол сұрақтарға материалды алғашқы оқыған кезде жауаптарын дайындауы қажет болса, мұндай жағдайда оқушылардың көңілдері алаңдап, шығарманың мазмұны оларға ойдағыдай әсерін бермейді. Сол себепті дауыстап оқылатын мәтінді оқуға даярлау кезінде сұрақтарды алдын ала қою нәтижелі, тиімді бола бермейді.
Қазіргі уақытта лингвистиканың сөйлемнен тыс объектілерді зерттеуге бағыт бұрғанына байланысты жеткізейін деген ойдың жалғастығын, мағыналық байланыстығын іске асыратын мәтіншілік синтаксистік көріністер туралы айтылып жүр.Олар синтаксистік тұтастық бірліктерін жеке дара емес, жазушының айтпақшы ойын, оның парадигмалық бағдарын тілдік көрсеткіштердің жұмсалым ыңғайымен байланыстыра қарайды [7, 110].





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет