Дипломдық ЖҰмыс 6В01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау Шымкент 2023



бет12/15
Дата14.07.2023
өлшемі162,33 Kb.
#104358
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Абдужалилова Д.У. 1704-19 сонгы вариант

Сөздердің бір-бірімен тіркесуі қабілетін ескеруі. Осы ұстанымы бойынша минимумдарға неғұрлым бірнеше сөздерімен тіркесетін әрі грамматикалық мағынада жиі кездесетін сөздері ұсынылады. Бұл жайында лингвистика ғылымында тіркестің түрлерін (етістікті, есімді), байланысу тәсілдері секілді ұғымдары ескеріледі. Білім алушылардың сөздік қорын дамытуы үшін лексикалық минимумды ұсынуында жиілік ұстанымын басшылыққа алуы аса қажет делінеді. Демек, сөздердің бір-бірімен тіркесуі қабілетін лексикалық минимумдары ұсынудағы сөздердің сұрыпталуы маңызды болмақ.
Жаңа сөз тудыру құндылығы не сөздің туынды сөздерге негіз болу қабілеттері. Бұл ұстанымы неғұрлым көп туынды сөздеріне негіз болатын, соның нәтижесінде жаңа сөздердің мағынасын болжауына, өз бетінше түсінуіне мүмкіндік жасайтын сөздері ұсынылады. Сонымен қатар сөздердің көпмағыналылығын ескеруі және стилистикалық шекті мәндегі сөздерді енгізуі ұстанымдары да бар екендігін ұсынады [9, 103].
Баланың ақыл-ой қызметін белсенді ету және ұйымдастыру нәтижесінде ғана білімді меңгертуге болады. Н.А.Менчинскаяның пікірінше, «таным, танымның қалыптасуы екі үдерістен тұрады: білімді игеру және оны қолдану» [37, 126-128].
Мәтіндердің қай-қайсысы болмасын, оқушыға белгілі бір деңгейде білім беретіні, олардың таным дүниесін кеңейтетіні мәлім. Алайда «мәтінді оқытып, оның мазмұнын айтайық» деген сияқты әдістер бір жақты қателікке соқтырады. Өйткені оқыған мәтіннің мазмұнын қайталап айтқызы тек ес процесі арқылы іске асады да, ес жұмысының деңгейінде қалады. Оқушыны ойлауға жетемелейді, ал біздің қазіргі әрбір пәнді оқытудағы мақсатымыз – ойлау процесін іске асыру арқылы оқушы санасында жеке бейне жасау, яғни оның қиялын іске қосу, шығармашылығын ұштау, дамыта оқыту. Ендеше оқулықтың өзі де, оның ішіндегі материал да осы мақсатқа жету құралы ретінде беріледі. Сондықтан әрбір мәтінді оқыту барысында түрлі жұмыстар ұйымдастырылады [7, 86]. Мысалы, мәтінді бөлімге бөлу, әрбір бөлімдегі басты ойды табу, мәтіндегі кейіпкерлердің сөздерін тауып оқу немесе ондағы суреттелген табиғатты, кейіпкердің оған қатысын, балаларды қызықтыратын тұстарын т.с.с. тауып оқытудың пайдасы мол.
Сөз жеке қолданыла алмайды және олардың қызметі, мағынасы сөйлеу әркетінде немесе сөйлемде анық көрініс береді. Сол себепті білім алушылардың дұрыс сөйлеуі, әрбір сөздерді орынды қолдануы оның сөздік қорындағы сөздерінің аз-көптігіне байланысты болмақ. Балалардың сөздік қорындағы сөздерінің мағыналарын жақсы білген кезде ғана оларды дұрыс қолданады. Ол үшін қазақ тілі сабақтарында білім алушылардың сөздік қорын дамытуға арналған жаттығу жұмыстарын жүргізудің маңызы зор деп білеміз.
Мектеп қабырғасында қазақ тілі сабақтарында сөздік жұмыстары бес бағытта жүргізіледі:
1) білім алушылардың сөздік қорын байыту, яғни жаңа сөздерді меңгерту, яғни олардың мағынасы мен ұғымын түсіндіруі;
2) сөздіктерін анықтау, бұрыннан білетін сөздердің мағынасын, ұғымын, түсініктерін тереңдете түсуі;
3) игерген, меңгерген сөздерді сөйлеу барысында орынды қолдануына мүмкіндік жасауы, яғни әрбір білім алушы сөйлегенде мүмкіндігінше не ыңғайына қарай сөздік қорын дамыту;
4) әдеби тілге енбеген сөздермен де таныстыру және тіл мәдениетін қалыптастыру;
5) меңгеретін сөздерді сан жағынан емес және сапа жағынан дамыту.

Білім алушылардың сөздік қорын дамытуға арналған жұмыстарын кешенді түрде әрі жүйелі түрде жоспарлауы үшін, ең алдымен, мұғалім өзі оқытып жүрген сыныптағы оқушылардың қаншалықты сөздік қоры бар екенін есептейді, сондай-ақ баланың сөздік қорының аздығына, кедейлігіне себеп болған кедергілерді анықтайды. Сонымен қатар, баланың сөздік қорын қалай дамытуға болатындығын, оның тиімді жолдарын ойластырады, жұмыс жоспарын жасайды.


Бұл мәселелердің ерекшеліктерін анықтау үшін баланың сөздік қорын дамыту мақсатында қандай көлемде, қанша қандай сөздер ұсыну керек деген мәселені шешудің қажеттілігі бар. Ол үшін біз 5-6 сынып оқушыларының ауызша, жазбаша сөйлеу әрекеттері мен қазақ тілі оқулығының сөз мөлшерінің сандық және сапалық жағынан игерілуінің ерекшеліктеріне статистикалық зерттеу жүргіздік. Сол арқылы 5-6 сынып оқушыларының қазақ тілін оқыту барысында сөздік қорын байытудың көлемін анықтауды мақсат еттік.
Оқушылардың сөздік қорын дамыта оқыту оқулықтардағы мәтіндердің сапаларына да байланысты болады. Мысалы:1. Оқулықтардың лексикалық материалы мен грамматикалық құрылымын зерттеу нәтижесінде оқулықтаға лексикалық қордың көлемі негізгі алынады; 2. Оқулық мәтіндеріндегі сөз қолданыстарды анықтау әрбір сынып бойынша меңгерілуге тиісті материал көлемінің жаңа қолданыстарымен толығып отыруын реттестіруге мүмкіндік береді.
Осы мақсатпен 5-6 сынып оқулықтарындағы және осы кезеңдегі баспа беттеріндегі мәтіндер зерттеліп, жиілік сөздік жасалды. Өйткені, оқулық мәтіндерінің алфавитті жиілік сөздіктерін алу нәтижесінде жиі не сирек қолданыстағы сөздерінің сипаттамасын, мәтіндердің лексика-грамматикалық құрылымы және олардың лексикалық қоры анықталды. Соның нәтижесінде оқулықтар мәтіндеріндегі сирек кездесетін сөздерді негізге ала отырып, оқушының тіл байлығын арттыруда мағыналық құндылығы жоғары, жаңа мәнге ие болған сөздер мен терминдердің көлемін белгіледік.
Оқушылардың сөздік қорын байыту, сөздік жұмысы – лексикалық басты мәселе. Ол белгілі мақсат, жоспар, жүйемен жүргізіледі. Ол туралы М.Р.Львов бұл мәселені ана тілін оқытуға қолдануға болатындығын атап көрсеткен болатын: «Мектепте оқушының сөздік қорын дамытуы бойынша жұмысының негізі бағытының бірі – балалардың сөйлеу дағдыларын қандай да бір минимумға дейін жеткізу, осы орайда әрбір оқушы шеттен тыс қалмауы тиіс, балалардың сөйлеу мәдениетін мүмкіндігінше арттыру жұмыстары жоспарлы әрі жүйелі түрде жүргізу өте маңызды» [38, 178].
Білім алушылардың тілін, ойын дамытуда синоним сөздерін пайдалану арқылы жаттықтыруға үйретудің маңызы ерекше. Ол үшін шығарманы не мәтінді оқуға даярлау жұмыстарын ұйымдастыру кезінде келесідей жағдайлар назарға алынады:
1. Мәтін мазмұнында синоним сөздерінің бар не жоғына назар аударады, бар болған жағдайда олардың мағыналарын қалай түсіндіруі қажет екенін анықтап және білім алушыларының сөздік қорларына ендіруі үшін қандай әрекеттер жасауы керек екендігін жоспарлауы қажет.
2. Егер де мәтін мазмұнында синоним сөздер кездеспесе, ал мұғалімі балаларына синоним сөздері арқылы түсіндіргісі келсе, ондай жағдайда қалай ұйымдастырған жөн екендігін алдын ала анықтап алғаны дұрыс. Мәселен, оқыту барысында сөздің синонимін ауызша түсіндіре ме, суретін көрсетуі арқылы ма, қорытынды әңгімесінде кірістіре ме, әңгімелесу барысында ма, т.с.с.
Сонымен, мұғалім шығарманы не мәтінді оқуға даярлау кезінде, алдымен, мәтінді дұрыс қабылдауына қажетті сөздерін, екіншіден, оқыту барысында білім алушыларға мағынасын ұғындыратын сөздерін, үшіншіден, білім алушылардың актив сөздік қорына енгізілуіне тиісті сөздерін іріктеп алғаны абзал.
Сөздік жұмысын жүргізу барысында мұғалімнің ескеретін ендігі бір жайты – сөздік жұмысын жүргізуде білім алушылардың өзінің өмірімен әрі нақтылы елестерімен байланыстыру қажеттілігі. Оның үшін оқыту барысында кездескен жаңа сөздеріне қатысты сөзбен байланысатын қандай елестердің бар екенін ашуға тырысуы қажет. Ондай елестері болмаған жағдайда заттың өзін немесе суретін көрсету арқылы ұғындырады және оған сипаттама бере кетеді. Психологтардың пікірінше, сөздік жұмыстарын жүргізудегі басты әдістемелік талап – сөз бен білім алушы оқушылар санасындағы бейнені не елесті түрліше жолдарымен үнемі ұштастыра білу болмақ. Себебі сөзіміз баланың санасында нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды деп біледі [33, 93].
Сөздің мағыналарын ашып түсіндіруде түрлі тәсілдер бар. Солардың ішіндегі бастыларына тоқталсақ:
1. Затты не құбылысты табиғи жағдайда бақылау не оны сыныпта көрсету немесе экскурсия ұйымдастыру.
2. Заттың суретін не өзін көрсету арқылы мағынасын түсіндіру.
3. Синоним сөздерін қолдану: «Қандай сөздер арқылы алмастыруға болады? Басқаша қалай айтуға болады?» секілді сұрақтарды қоюы арқылы да синонимін табу.
4. Сөздерді кейде морфологиялық тұрғыдан құрамына қарай талдау да пайдасын береді. Мысалы, ағайындылар сөзінің түбірін қалай деп ойлайсыңдар? т.б.
5. Әрбір сөзге жеке анықтама беру арқылы да түсіндіруге болады. Мысалы шидем дегеніміз не? Ол қойдың жүнінен тоқылған сырт киім.
6. Абстракциялы ұғымдарды түсіндіруі үшін де мысалдар келтіру, деректер айту, әңгіме жүргізу. Мәселен, қамқорлық, батырлық, адамгершілік, қайғы, т.с.с. сөздерінің мағынасын осындай тәсілмен түсіндіріледі.
7. Сөздің мағынасын түсіндіруде қазіргі уақытта техникалық құралдарды пайдалану тиімді әрі мұғалім үщін жеңіл болмақ. Дегенмен мұндай жағдайда диафильмдерді басынан аяғынан дейін көрсетудің қажеті шамалы, үзінді арқылы ұғындыруға болады.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі сабақтарында түсіндірме сөздіктерін, синонимдер сөздігін, антонимдер сөздігін пайдалану баланың тілін дамытуға, баланың тілін байытуға өз септігін тигізеді деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет