Дипломдық ЖҰмыс 6В05101 «Биология»


Спираль Валлиснерия – Vallisneria spiralisl



бет17/19
Дата10.05.2023
өлшемі90,43 Kb.
#91665
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Дипломка 3

Спираль Валлиснерия – Vallisneria spiralisl. Өте сирек түр. Оңтүстік суынан таңқаларлық өсімдік. Спираль Валлиснерия табылған. Оның жапырақтары судың жай қозғалысының өзінде тербеліп тұрады. Жапырақтары таспа тәрізді ұзындықтары 1 метр, ені 1,2 см шамасында. Гүлдері екі үйлі. Тамыз, қыркүйек айларында гүлдейді.
Түрлі Жапырақты Тораңғыл – Populus pruinosa. Биіктігі 10 см-ден 18 м-ге дейін жететін ағаш. Діңі қуан, қабығы қисық және кедір-бұдырлау және кезекті бұтақтары жіңішке. Тамыр системасы өте жақсы дамыған. Негізгі тамыры жуан, 10м-ге кетіп, жер асты суларын сорады. Жан-жағындағы жанама тамырлары да өте жиі тармақталып, жайылып жатады. Шөлге бейім келген өсімдік.
Жапырақтары жалпақ, домалақ. Ұзындығы 1,5 - 4 см, гүлдері реңсіз, аналық сырға гүлдерінің ұзындығы – 3,5 см, салбырап тұрады, аталық сырға гүлдерінің ұзындығы 1,5 – 2,5 см.
Сәуір, мамыр айларында гүлдейді. Жемісі жұмыртқа пішіндес, үш шақты қауашақ, ұзындығы 6 – 8 мм. Тұқымдарының сыртында мақта тәрізді үлпілдек, талшықтары бар. Тораңғыл суды буландырып, айналасындағы ауаны ылғалдандырып, құрғақшылықтан сақтайды.
Іле, Қаратал, Шу, Сырдария өзенінң жайылымдарында жыңғыл, ақтікен өсімдіктерімен аласа өсе береді. Сортаң топырақтарда өседі. Қуаншылыққа жақсы бейімделген. Мал жаю, өрт шығару салаларынан көптеген тораңғылды ормандар жойылып кетті. Сондықтан да ұқыптылықпен қарап, қорғауды қажет етеді.
Табиғатты қорғауда және пайдалануда басқару жүйесін жетілдіру.
Басқару әдістері, міндеттері.
Нарық қатынастары табиғат қорғау мәселесін толық шешпейді, сондықтан басқару қажет болады. Басқару қажеттілігі экология саласындағы еңбектің тікелей қоғамдық сипатына байланысты. Табиғат қорғауды басқару механизмі ретінде болжау, бағдарламалар, жоспарлау, лицензия беру, келісімдер, нормалау мен стандарттар белгілеу, ережелер мен тәртіптер бекіту, табиғат қорғау заңдарын қабылдау және олардың орындалуын бақылау қарастырылады.
Негізгі басқару жүйелері: әкімшілік, экономикалық және нарықтық деп шартты бөлінеді. Бірақ олар үйлесімді кешенді қолданылуы тиіс, таза жүйе ешқашан болмайды.
Әкімшілік жүйе заңдар мен нормалар ережелерге сүйеніп жоғарыдан жоспарланады рұқсат беріледі және олардың орындалуы қатаң бақыланады.
Экономикалық жүйе шаруашылық субьектілерін еркіндік беріледі, бірақ табиғат қорғау заңдарының нормалары мен ерекшеліктерінің орындалуы бақыланады.
Нарықтық жүйеде шаруашылық субьектілердің көлденең байланысы дамытылады, табиғат пайдалану, ластау құқықтарын сатуға және сатып алуға рұқсат беріледі, делдалдық құрылымдар дамылады.
Басқару әдістері:
1. Құқықтың заңдарға сәйкес заң актілерін қабылдау, олардың орындалуын бақылау, табиғат пайдаланушылар мен басқарушылардың құзыретін, міндеттерін белгілеу.
2. Ұйымдастырушылық – табиғат қорғауға пайдалануға байланысты шешімдер әзірлеу және оларды іске асыруды ұйымдастыру.
3. Экономикалық – баға, тариф, қаржыландыру, несие, төлемдер, салық т.б. эконо-микалық механизмдер қолдану.
4. Әлеуметтік – психологиялық және адамдарға, ұжымдарға, жалпы халыққа пси-хологиялық әсер ету.
Аталғандардан басқа: оңтайландыру, сараптау, талдау, есеп беру, мониторинг әдістері, т.б. кеңінен қолданылады.
Басқару үшін аса маңызды шаралар:
1.Жоспарлау, болжамдар мен бағдарламалар.
2.Мемлекеттік есеп беру жүйесі, кадастрлар.
3.Мемлекеттік мониторинг.
4.Мемлекеттік сараптамалар және табиғи ортаға әсерлерді бағалау.
5.Лицензия беру, келісімдер жасау, лимитте белгілеу.
6.Нормалар мен стандарттар, ережелер белгілеу. Олар : санитарлық қорғау, санитарлық гигиеналық, экологиялық, өндірістік – шаруашылық, технологиялық, құрылыстық рекреациялық, өнімдердің сапасының нормативтері топтарына бөлінеді.
Басқарудың құқықтың негіздері ҚР қабылданған заңдар мен кодекстер.
Басқару органдары: министрліктер, комитеттер, агеттіктер, ұлттық компаниялар, әкімшіліктер және олардың жергілікті органдары. Бақылаушы органдар парламент, маслихаттар, ҚР бас прокуроры, оның жергілікті органдары және табиғат қорғау прокоротурасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет