Дипломдық ЖҰмыс батырлар жырын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде оқыту әдістемесі



бет4/8
Дата14.09.2022
өлшемі122,11 Kb.
#39050
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
1. Суреттеңіз. Алпамыс батырдың әкесі Байбөрі байдың байлығын суреттеп беріңдер.
2. Баяндаңыз. Жырдан мысал келтіре отырып, Алпамыс батырдың ерлік істерін рет-ретімен баяндаңдар.
3. Талдаңыз. Шығарманы композициялық құрылысына талдаңдар.
4. Салыстырыңыз. Венн диаграммасы бойынша Алпамыс пен Ұлтанға мінездеме беріп, салыстырыңдар.
5. Қолданыңыз. Алдыңғы сабақтарда өткен троптар мен фигураларды қолданып, батырдың жары Гүлбаршынның мінез-құлқын, кескін-келбетін, сұлулығын кескіндеп беріңдер.
6. Зерттеңіз. Тайшық ханның елін талқандап, ханның көрген түсін өтірік емес шын қылып, ханда кеткен кегін қайтарып, еліне аман-есен қайтып келе жатса, туыс-туғандарының тоз-тоз боп кеткенін Тортайдан естиді. Алпамыстың туғандары неге осындай халге душар болды? Осы жағдайды зерттеңдер.
Батырлар жырын оқытуда біршама қиындықтар да кездеседі. Ол қиындықтар – жырдың ұзақтығы, поэтикалық тілі. Сонымен қатар жырда қазақ халқының байырғы көне сөздері көп кездеседі. Бұл қиындықтарды жеңудің бір жолы – жырды алдын ала оқуға беру, жырды оқыту барысында лингвистикалық комментарий беріп, әр сөздің мәнін терең түсіндіру. Алдын ала оқыған жырды бөлім-бөлімге бөлгізіп, әр бөлімге қысқаша аннотация жазып келуді үйге тапсыру.
Жырдың мазмұнын меңгерту барысында сюжеттік-композициялық жоспар жасап, оқушыларға ұсыну. Сонда бала алдындағы жоспарға қарап алдын ала оқыған жыры бойынша жырдың мазмұнын есіне түсіреді, әрі мұндай жұмыс жырды жан-жақты талдауға, жырдың басты-басты оқиғаларын тез қабылдауына, жыр мазмұнын жүйелі түрде тұжырымдауға септігін тигізеді.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялармен жұмыс модулін жүзеге асыру бағытында жырды аудиожазбадан тыңдатып, деңгейлік тапсырмалар беру. Мәселен, І деңгей (репродуктивті деңгей) 1. Жырдан берілген үзінділерді мәнерлеп оқу (диктафонға жазып, оқушыларға ұсыну). 2. Жыр мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру. 3. Жырды эпизодтарға бөліп, мазмұндау. 4. Жырдан үзінді жаттау. ІІ деңгей (алгоритмдік деңгей) 1. Эпизодтарға қысқаша аннотация жазу. 2. Бас кейіпкерлеріне дара мінездеме беру немесе басқа батырлар жырының бас кейіпкерлерімен салыстыра отырып салыстырмалы мінездеме беру. 3. Жырға эстетикалық талдау жасау (жырды көркемдік ерекшелігіне талдау). 4. Жырды композициясына талдау. ІІІ деңгей (эвристикалық деңгей) 1. Проблемалық сұрақтарға жауап беру (Қобыланды өз ерлігін дәріптеу үшін соғысты ма? Әлде елін сыртқы жаулардан қорғау үшін соғысты ма?). 2. Жырдан өзіне ұнаған тұстарын жазып алып, өз пікірін білдіру «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы семантикалық карта толтыру). 3. Жыр мазмұнын негізге ала отырып сөзжұмбақ не ребус құрастыру (компьютерде орындау). 4. Өзіне ұнаған бір эпизодына сурет салып (компьютерде орындап), әңгімелеп беру. ІV деңгей (шығармашылық деңгей) 1. Жырдың тәрбиелік мәнін аша отырып, эссе жазу. 2. Өзіне ұнаған эпизод бойынша шағын қойылым дайындау. 3. Ерлік тақырыбында екі-үш шумақты өлең шығару. 4. Жырдың тарихи негізіне тоқталып, баяндама жазу.
IX сыныпта батырлар жырын оқытуда орта буындағыдай мазмұнына талдатудан гөрі толық әдеби талдау жасауға көбірек көңіл бөлген жөн.
2. Әдеби талдау жасау барысында жырдың тарихи негізіне тоқтала отырып, жырдың тарихпен байланысына талдау жасау.
3. Танымдық, іздену бағытындағы жұмыстар жүргізе отырып, пікірталастар ұйымдастыру.
4. Батырлар жырының зерттелуі жайлы ғылыми материалдарды оқыта отырып, жоспар-тезис жасату, конспектілету.
5. Жырдың зерттелуіне байланысты жазылған бірнеше ғылыми еңбектерді оқыта отырып, салыстырмалы түрде талдау жасату, әр зерттеу жұмысқа деген пікірін айтқызу.
6. Образ жүйесіне талдатуда образ түрлеріне талдату, кейіпкердің сомдалу ерекшелігіне көңіл бөлгізу.
7. Жырдағы әйелдер бейнесін аша отырып, әйелдің қоғамдағы орнын, қызметін айқындату.
8. Қазіргі бейбіт замандағы әйелдер рөлін көрсету.
9. Жырдағы әйелдер портретін жасай отырып, ХХІ ғасыр әйелдерінің портретімен салыстыру.
10. Жырдың поэтикалық тіліне назар аудара отырып, жырдың көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
11. Батырлар жырын қазіргі ерлік, батырлық тақырыбына жазылған туындылармен салыстыра талдау жасап, ерекшеліктерін көрсету.
12. Жырда кездесетін фигура, троп түрлеріне анықтама беріп, талдау жүргізу.
13. Сөздік жұмыстарын жүргізіп, мағынасы қиын сөздерге қосымша түсінік беріп, оқу сөздігімен (оқу сөздігі – бірнеше сөздіктің жиынтығы) жұмыс жасау.
14. Бірнеше батырлар жырын оқытып, оқырмандар конференциясын ұйымдастыру.
Кез келген жанрдағы туындыларды оқытуда әдіс-тәсілді алмастырып, тапсырмаларды түрлендіріп отырса, сабақтың сапасы артады.

\\\\\
ІІ.БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ОҚЫТУДАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР


2.1 ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЖЫРЫН СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ




Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың маңызды мәселелердің бірі- олардың ізеттілігін, тапқырлығын, ептілігін, байқағыштық қасиеттерін қалыптастыру қажет екені Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” жолдауында жан-жақты қарастырылған. Мен қазақ тілі маманы ретінде тәжірибемде кездесіп жататын кейбір тұстарға тоқталып өткім келеді. Ұстаз- өз білімін жетілдіріп, толықтыра отырып қана оқушыға білім бере алады. Қазіргі заманғы ұстаз -уақытпен бірге жаңарып, толықсып келе жатқан, озық технологияларды жан-жақты меңгерген білікті ұстаздар. Олардың алдындағы үлкен мақсат- оқушы бойына өзінің бойындағысын сіңіру. Мен оқушылармен жұмыс жасауда шағын топтармен жұмыс жасауды қолдандым. Бұл әдіс оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылар бірі- бірімен қатынас жасау арқылы өз пікірлерін, көзқарастарын айтып үйренеді. Өзінің айтқанын дәлелдеуге тырысады. Олар бір-бірімен кеңесе отырып, ортақ шешімге келеді, бірлесіп талқылайды. Мысалы: 9 сыныпта «Қамбар батыр» жыры берілген. 1-2 сағат аясында бұл шығарманы толық оқушы бойына сіңіру мүмкін емес. Сондықтан да Қанипа Бітібаеваның «Батырлар жырын оқыту» туралы кеңесін басшылыққа алып, кіріспе жұмыс ретінде «Батырлар жыры» туралы алғашқы әдеби –теориялық ұғым бердім.
Оқушылар батырлар жырындағы халықтың арманы, халықтың тарихы туралы мәліметтер алды. «Қамбар батыр» жырының мазмұнын меңгерту үшін жырға шағын сюжеттік- композициялық жоспар жасадық. Бұл жоспар арқылы оқушыларға жырдағы басты оқиғалар туралы мәлімет бердім. Өзім жырды оқып беріп, жырдың оқылу мәнерімен таныстырдым. Жырды оқушыларға тізбектетіп, мәнерлетіп оқыттым. Эпизодтардан сұрақтар қоя отырып, негізгі оқиғаларды мазмұндаттым. Аннотация жаздырттым. Жырмен толық танысып шыққан соң, жетелеу сұрақтарын қою арқылы жырдың толық мазмұнын сұрадым. Ал жетінші сыныптарда «Батырлар жырын» оқытуда топтағы оқушыларды 3 топқа бөлдім. Оларға «Ой шақыру стратегиясы» арқылы «Батырлар жыры» ұғымын ашатын сөздерді жазу арқылы батырлық, ерлік, қаһарман, жекпе-жек, жүйрік ат, ер, намысшыл, батыл елін сүйетін т.б сөздерді жазды. Батырлар жырының мазмұнымен танысып, жаңа сөздермен сөздік жұмыс жасадық. Түсініксіз сөздерді синонимдермен алмастырдық. Жырды үш бөлімге бөліп, әр топ өз бөлімдеріне жоспар құрды. Сабақты бекіту кезеңінде кубизм әдісін пайдалану арқылы 1-ші топ батырлар жырының жанрлық ерекшелігін анықтаса, 2-ші топ батырлар жыры мен лиро эпостық жырларды салыстырды. 3-ші топ зерттеу: «Батырлар жырының» зерттелуі туралы мәліметтермен таныстырды. 1-ші топ қолдану кезеңінде жырдан үзінділер оқыды. 2-ші топ талдау кезеңінде жырдың көркемдік ерекшелігі, тілін талдады. 3-ші топ талқылау кезеңінде батырлар жырының маңызы туралы айтты. Сабақты қорытындылау кезеңінде жырдың тақырыбы мен идеясын аштық. Жырда сөз болған мәселелерді анықтадық.
Батыр бейнесіне топтастыру әдісін қолдану арқылы сөздерді іріктедік. Топта атқарылған жұмыстар бойынша оқушылардың білімдері бағаланды. Үй тапсырмасына жырдан үзінді жаттауға және осы жыр бойынша сызба құру, жобалау жұмыстары берілді. Рефлексия кезеңінде оқушылар топ болып жыр мазмұны туралы ойларымен бөлісті. Осы жұмыстарды орындату арқылы мен оқушыларға қажетті білім бере алдым деп ойлаймын. Өйткені, үй тапсырмасын тексеру кезеңінде оқушылардың сызба жұмыстары, жобалау жұмыстары арқылы оқушылар жыр туралы толық мәлімет алып шыққанын байқадым. Батырлар жырын оқыту арқылы оқушы бойына ерлік, батырлық, намысшылдық елін сүю т.б қасиеттерді меңгертуге болады. Осы сабақтарды өту арқылы мен мұғалім ретінде Қ.Бітібаеваның тәжірибесінен өзіме қажет нәрселерді алдым деп ойлаймын. Енді оқушыларға ақын- жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын, көркем туындыны т.б қалай жеткізу керек екендігін білемін. Батырлар жырын оқытудың қиындығы оның ұзақтығына, тілінің бүгінгі балалар үшін поэтикалық ерекшелігіне байланысты.
Батырлар жырын оқытуда көңіл бөлінетін басты мәселелер мәтінмен жүргізілетін жұмыс кезеңдерінде қарастырылады.Ол кезеңдер кіріспе жұмыстар, жыр мазмұнын меңгерту бағытындағы жұмыстар, қорытынды жұмыстар болып табылады. Кіріспе кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып батырлар жыры туралы алғашқы әдеби-теориялық ұғым беріледі, батырлар жырында халық арманы, халық тарихы жататыны түсіндіріледі. Жыр мазмұнын меңгерту бағытындағы жұмыс жоспар жасаудан басталады.
Жырдың сюжеттік-композициялық жоспары жасалады да, оқушылардың көз алдына қойылады. 6 сынып оқу бағдарламасында «Қобыланды батыр» жырына 3 сағат берілген.
Жырдың төмендегідей сюжеттік-композициялық жоспары ұсынылады.Оны «Ой қозғау» әдісіне салып оқытуға болады. Мысалы:
1)Қобыландының дүниеге келуі.
2)Қобыландының алғашқы күресі.
3)Қобыландының тұлпары - Тайбурыл.
4)Тайбурылдың шабысы.
5) Қобыланды және қазақ хандығы.
6) Қобыландының тұтқынға алынуы.
7) Көбіктінің ащы сөзімен жеңілісі.
8) Алшағыр ханның сарайында.
9)Қобыландының Құртқа сұлуға үйленуі.
10) Қобыланды батырдың ұлы , осы сияқты бірнеше сұрақтар арқылы ой қозғауға болады.
Батырлар туралы не білдің? ыстық орындықәдісі арқылы сұраймын.
Нағыз батыр кім? Қобыланды батыр жырының негізгітақырыбы. Қобыланды
неше жасында атқа мінді? Қобыландыныңсерігі. Жыр нементолықтырылады?
Қобыланды туралы бейне- баян көрсету.
Ашық сұрақ әдіс:. Қобыланды батыр мен ұлы отан соғысындағы батырлардың айырмашылығы қандай? Сол кездегі мен осы замандағы қару жарақтардың айырмашылығы.
 «Қобыланды батыр»жыры «Стоп кадр» әдісі Оқушыларға мәтін таратылып беріледі. Стоп кадр әдісі арқылы мәтінді мұқият оқиды. Кейіпкерлердің іс-әрекетін айтады. 1) «Қобыланды батыр»жырын оқиды 2) Мәтінді оқып отырған кезде белгілі бір сигнал беріледі, белгі берілген кезде «стоп кадр» деп біреуді түртіп қалғанда тоқтаған жерінде кейіпкердің іс-әрекетін айтады. 3) Мәтін аяқталғанша дейін осылай жалғасады.
 «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Кейіпкердің іс-әрекеті неге өзгергенін мәтіннен іздеп тауып, түсіндіреді. Сұрақтарға жауап береді. Көркем сөздерді табады. -Жырдағы оқиға қай батырлар жайында құрылған? -Қобыландының тұлпары қалай аталады? -Жауға аттанған Қобыланды жырда қалай суреттелген? -Қобыланды жекпе – жекке кіммен шығады?
«Суреттер сөйлейді» әдісі Жырға және сұрақ деректерге сүйеніп суреттегі батырларды сипатта. Сипаттауда жырдағы көркем сөздерді қолдану туралы ескертіледі. Мысалы; қабағы тастай түйіліп, ақсұңқар құстай шүйілді, нар түйедей бақырды,түлкідей көзі жайнайды. Кейіпкерге сипаттама береді.
«Әдеби шеңбер» әдісімен жұмыс
1.Жыр мазмұны бойынша бес сұрақ құрастырады
2. Жырдағы ең маңызды оқиғаларды анықтайды, дәлелдейді
3. Кейіпкер өмірін қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, суреттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет