Дипломдық ЖҰмыс батырлар жырын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде оқыту әдістемесі



бет7/8
Дата14.09.2022
өлшемі122,11 Kb.
#39050
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
батырлар жыры дипломдык жумыс

Оқиға

Тарғынның іс-әрекеті

Қысқаша мінездеме

1. Қуғын
2. Қарт Қожақпен бетпе-бет келуі.

а) Қорықпай қарсы алады
ә) Кішілік жасап, әдеп сақтап, кезгін береді.
б) Қарт Қожақтың керемет батыр, күш иесі екенін түсінеді

Тарғын – үлкенді сыйлай білетін, басқаның артықшылығын мойындай білетін ер. Ол – нағыз батыр, намысты батыр

(2-кесте)
Бұл кесте арқылы оқушылар жырдан түсінбеген жерлерін оқиға желісіне бөле отырып, оңай әрі жылдам ұғып алады.
ә) жалпы жыр туралы ғалымдар, фольклористер пікірін, бағаларын жазып, іліп қою, керегінде пайдалану.
б) «Батырлар жыры - өнерімізде» атты стенд жасауға да болады. Мысалы, артистер ойынынан көрініс жыр кітаптарының суретті безендірулері, т.б.
Әдеби – теориялық ұғым беру (төменгі сыныптардағы ұғымды тереңдету мақсатында теориялық жұмыстарды практикалық жұмыстармен байланыстыру).
Мысалы, мынадай практикалық жұмыстар орындауға болады:
- Қанатты сөздерді теріп жазу, оның маңызын анықтау.
- Архаизм, тарихи сөздерді тауып, қолдану орны, маңызы, мәнін түсіндіру..
-Батырлар жырының ауыз әдебиетінің басқа түрлерінен басты-басты айырмашылық, ерекшеліктерін саралау.
- Аллитерация, ассонанс, гипербола, литота, тропа, фигура түрлеріне поэтикалық талдау жасау, олардың қолдану орны маңызын дәлелдеу.
- Сөздік жұмысын жүргізу.
-Оқушылармен сыныпта атқарылатын, сыныптан тыс орындауға берілетін жұмыстардың барлығында да шығармашылық, іздендірушілік сипат болуы.

Аталмыш әдістемелік еңбектерді пайдалана отырып, "Алпамыс батыр" жырын былайша әдеби талдауға болады.
Ең алдымен жырдың мазмұнын ашу, композициялық құрылысын, көркемдік ерекшелігін талдау. Жырдың мазмұны мен идеясын игерте отырып, «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыс бейнесін сыни тұрғыда талдау арқылы жан-жақты ашу,меңгерту. Ол бейненің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көркі екендігін дәлелдеу.
1. Алпамыс бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, олардың көркем сөйлеу мен көркем жазу шығармашылығын арттыру.
2. Оқушыларды адамгершілікке,батырлыққа тән қасиеттерге баулиды. Өз Отанын, туған елін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелейді.
"Алпамыс батыр" жырын талдау.
Алпамыстың батыр бейнесін аша отырып интерактивті тақтан арқылы жырға кесте арқылы композициялық талдау жасау:



Композициялық талдау жасау

Жырдан үзінді келтіру

Басталуы:



Байбөрінің қайғысы
Алпамыстың, онан соң Қарлығаштың дүниеге келуi.






Шиеленісуі:



Алпамыстың сүйген жары Гүл­баршынды iздеп барып, Гүлбаршынды алып елiне келуi.






Шарықтау шегі:



Елiн шапқан қалмақ ханы Тайшыққа қарсы жорыққа аттануы






Шешімі:



Жетi жылдан соң елiне Ұлтанның көзiн жойып, азып-тозған елiн мақсат-мұратына жеткiзуi.






Жырдың көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.



Теңеу

Эпитет

Гипербола

Аллитерация

Ассонанс

Кепедей,төбедей, ошақтай, пышақтай, зындандай, жыландай, т.б.

Қанды жас. Жас берен. Көк даңғыл

Ауыздықпен алысып,Ұшқан құспен жарысып... Бір күн шапса Шұбар ат Айлық жер алып береді.

Тозып кеткен ел-жұртын
Тегіс жиып алады.
Тентегі мен телісін
Түзетіп жөнге салады.

Алпамыс атты жас берен
Атқа мінген бола ма?!
Алдынан шығып сол ердің
Жылықысын берсем ала ма?



«Сөздікпен жұмыс» әдісі

Тірсек - Жан-жануардың артқы аяғы мен адам аяғының бүгіліп-жазылуына қажетті сіңір; қылтаның жоғарғы тұсы.


Телі -Тентек. Есер, содыр-сотқар.
Әулиеге түнеді - қадірлі, қасиетті, жақсы тілеу тілеп, әулиеге табынды.
Әзірет - дінбасы, молда, ғұлама.
Аса-дәрежелі адамдар /хан,би,қожа т.б./ қолына ұстайтын ерекше таяқ.
Машайық-ақылды адам, абыз.
Саруар - қожа, ие, пір.
Берен-өжет, өткір.
Қабынды-желігу, желпіну.


2. Кейіпкерлер әлемі.

І топ
Дос

Мақал-мәтел

Қандай?

ІІ топ
Жау

Мақал-мәтел

Қандай?

«Алпамыс-досқа берік, жауға мейірімсіз»
Қандай?
Батырға тән ерекше қасиеттер: текті, жаудан сескеніп қорықпайтындық, қалың дұшпанға қарсы шабатын, намыс пен арды жоғары қоя білетіндік, еліне қамқор, отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін батыр.

Гүлбаршын

Жақсы әйел ...

ақылды, мінезі сыпайы, мейірімді.

Ұлтан


өз дәрежесінің үстем болуын көздейтін зорлықшыл, мейірімсіз жан.

Қаракөзайым



Тайшық хан






Мыстан кемпір


 Зұлым.қу, айлакер.




Құлтай

Туыс- жоқ болса бере алмайды,
Бар болса көре алмайды.

 Көреалмайды. Ой жаман, зұлым.



Жырдағы салт-дәстүр белгілерін «Жауап беретін әріптес» әдісі арқылы жауабын табу.
Атастыру-
Әмеңгерлік-
Осы тапсырмалар оқушыларға жырды толық түсініп алуға көмектеседі. Бұл тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. 5-6 сыныптарда жеңіл түрде болса, 7-8-9 сыныптарда күрденелене түседі, бұл оларға өз беттерінше жырды оқып , түсініп, және талдауға үйретеді.

2.3 БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ОҚЫТУДАҒЫ САРАПТАМАЛЫҚ ЖҰМЫС


Батырлар жырын оқыта отырып,8А және 8Б -сынып оқушыларынан «Батырлар жырын қалай түсіндім » деген тақырыпты эссе алып, салыстырып көрдік.


ЭССЕ:
«Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақбатырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады.Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. "Алпамыс батыр”, "Қобыланды батыр”, "Ер Тарғын”, "Қамбар батыр” сықылды қазақбатырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақбатырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады. Әрине батырлар жырындағы оқиғалардың тарихпен жанасымы өзінше болады» 8А сынып оқушысы.
Батырлар жыры -- ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау,елінің,халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр.Батырлар елін сүйген,ата мекенін,намысын қорғау,елдігін сақтау үшін ата жауына қарсы жан қияр ерлікке барған,көзсіз батырлық,ерлік көрсеткен.Ең алдымен оның басты қаһарманы –батыр. Батырлар жырының барлығында ол әдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балаға зар болған ата-анасы оны тәңіріден тілеп алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді. Алғашқы ерлігін өзіне жар таңдау сапарында көрсетеді. 8Б сынып оқушысы.
Шығармашылық жұмыспен қатар екі сыныптын оқушыларынан батырлар жырына байланысты бақылау жұмыстарын алдық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет