Дипломдық ЖҰмыс батырлар жырын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде оқыту әдістемесі



бет5/8
Дата14.09.2022
өлшемі122,11 Kb.
#39050
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
«SWOT талдауы» әдісі арқылы жырдағы басты кейіпкерлердің типтерінің күшті жақтары, әлсіз жақтары, мүмкіндіктер мен қауіптерді ажыратып айтады.
«Серпілген сауал» әдісі
Берілген портреттен кейіпкердің қандай ерекшелігін байқадың?
1.«Жад қыламын, Естеке,
Жеті кәміл бабаны».
Барғысы келіп батырдың
Тоқтамайды табаны.


2.Сонда Қобылан батырдың
Тері тамып и ек тен,
Түгі шығып білектен,
Жаны бір тулап жүректен,
Неше бір құрдас айтса да,
Қараманның бұл сөзі,
Өтіп бір кетті сүйектен.
Батырлар жыры – ауыз әдебиетінің маңызды да күрделі жанры. Оның оқытуға қиындығы – ұзақтығы, тілінің бүгінгі балалар үшін сонылығы, поэтикалық ерекшелігінде. Әсіресе, оны оқыту 5-8-сыныптар арасында мұғалімге көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Батырлар жырын оқытуда мұғалім басты-басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек (5-8-сыныптарда).
Кіріспе жұмыстар «Батырлар жыры» туралы (эпостық жырлар) алғашқы әдеби-теориялық ұғым беру. (Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып).Батырлар жырындағы халық арманы, оның негізіне халық тарихының жататыны. Мазмұнын меңгерту бағытындағы жұмыстар
Жырдың сюжеттік-композициялық жоспарын жасап, оны балалардың көз
алдына іліп қою. Мысалы, 7-сыныптағы «Қамбар батыр» жырын «Айқын мақсат қоя отырып» деген әдіске салып жоспар жасауға болады:
Жыршының баяндауы (Әзімбай туралы).
Қыз Назымның сұлу сипатын суреттеуі.
Қыз Назымның күйеу таңдауы, ешкімді ұнатпауы.
Қамбарға ғашық болуы.
Қамбардың сипаты.
Қамбардың халқы үшін аңшылықпен айналысуы.
Аң аулап жүргенде, жолбарыспен шайқасуы.
Назым аулының үстінен өте шығуы.
Назымның өкпесі, назы.
Қамбардың жолына тор құруы.
Қамбар мен Назымның тілдесуі, бір-біріне мұңшағуы.
Назым ағаларыың ашуға булығуы.
Алшыораздың араша түсуі, ақылы.
Қалмақ ханының Назымға құда түсуі.
Алшыораз бен Келмембеттің соғысы.
Қараман ханның қаһары. Әзімбай аулына жорығы.
Әзімбайдың қысылуы, Қамбарға кісі салуы.
Қамбардың елімен қоштасып, көмекке аттануы.
Қараманды іздеп баруы, сөзбен айқасуы.
Қараманның жекпе-жекке шығуы.
Соғыс сипаты.
Қараманды, қалмақтарды жеңуі.
Қамбардың Назымға үйленуі.
Ұзақ жырға, әрі оқиғалары да күрделі жырға осындай жоспар құру балалардың жырдағы басты оқиғалапды тез қабылдауы, аңғаруы, әрі сол бойыша мазмұнын жүйелі түрде тұжырымды етіп айтып беруіне көмек-нұсқау рөлін атқарады.
2. Жырды күйтабақтан тыңдатып (басқа жырды да оқытуға болады), жырдың оқылу мәнерімен таныстыру.
3. Жырды мәнерлеп оқу. Басты-басты эпизодтарға бөліп оқып, ізінше мазмұндатып отыру. Мазмұндауды сұрақ-жауап әдісімен жүргізу, басты оқиғаларын айтқызу. Аннотация жаздыру.
Мына үлгіде жүргізуге болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет