Дипломдық ЖҰмыс батырлар жырын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде оқыту әдістемесі



бет3/8
Дата14.09.2022
өлшемі122,11 Kb.
#39050
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
батырлар жыры дипломдык жумыс

1-оқушы: Қобыланды батыр, Қарақыпшақ Қобыланды – аты аңызға айналған халық батыры, қолбасшы. Шамамен XV ғасырда өмір сүрген. Қыпшақ тайпасының қарақыпшақ тармағынан шыққан. Халық жадында сақталған әңгімелерде оны көбіне «Қарақыпшақ Қобыланды» деп атайды. Сондай-ақ, Қобыландының ірі қолбасшысы болып, талай шайқастарға қол бастап барғаны жөнінде де баяндалады.
2-оқушы: Ол жас кезінде Көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі Әбілхайыр ханның жанында жүреді. Ханның арандатуымен Қодан тайшының ұлы Дайырқожаны (Ақжол биді) өлтіреді. Бұл оқиға Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайырдан бөлініп 200 мың адаммен бірге Шу өзені бойына көшуіне, сөйтіп, жаңа мемлекет – Қазақ Хандығының пайда болуына алып келеді. Қобыланды батыр Қазан қаласына жасалған жорыққа қатысқан. Едіге бидің төртінші ұрпағы Әлшағырмен соғысқан. Өзі де Әлшағырдың ұлы Орақ батырдың қолынан қаза табады. Бейті қазіргі Ақтөбе облысы аумағында орналасқан.
3-оқушы: «Қобыланды батыр» жыры – қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны – шетел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған классикалық шығарма. Жырдың ең көне түрі бізге жетпеген. «Қобыланды батыр» жырын жырлаған ақын, жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып, өңдеп, әрлеп отырған. Сондықтан да, «Қобыланды батыр» жыры – көп нұсқалы жыр. Бізге талай ғасыр талқысына түсіп, талай ақын-жыраулардың өңдеуінен өткен кейінгі нұсқасы ғана белгілі.
4-оқушы: «Қобыланды батыр» жырын жинау, хатқа түсіру жайы тек ХІХ ғасырда ғана қолға алынды. «Қобыланды батыр» жырының бізге 29 нұсқасы жеткен. Оның 26 нұсқасы – Қобыланды батырдың ерлігі жайында, қай нұсқа болмасын алғаш хатқа түсіріп, оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен (Мысалы: Мергенбай, Біржан, Нұрпейіс, Қабыл, Нухридин т.б.) аталған.
Тақырыпты өтпес бұрын алдын ала тапсырма беру – оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа, білімдарлыққа тәрбиелейді.
VI сыныпта «Алпамыс батыр» жырын оқытудың бірінші сабағында мұғалім бірлескен топтық жұмыс модулін жүзеге асыру бағытында «Оқы. Талда. Пікіралмас» әдісі арқылы «Алпамыс батыр» жырының халық арасына көп тараған әрі көлемді, әрі көркем жырының мәтінін оқып, талдауға ұсына отырып, негізгі тақырыбы мен нұсқалары туралы айтады.
Жырдың негізгі тақырыбы – өз елін, өз жерін сыртқы жаудан қорғау. Ал жырдың идеясы – ерлікті насихаттаған халық қаһарманының ерлік істерін көрсету. Алпамыс өзінің жеке басының қамы емес, бүкіл елдің амандығын, ешкімге бағынышты емес, тәуелсіздігін ойлайды. Сол халық қамы үшін, елінің, жерінің саулығы үшін қолына қару алады, жауына қарсы шығады.
Жырды оқытудың екінші сағатын аналитикалық әңгіме түрінде өткізуге болады. Өткен сабақта Алпамыс батырдың ерлік істерін саралап, талдау жұмыстары берілген болатын. Мұғалім соған орай, оқушылар назарын мынадай мәселелерге аударады: Алпамысты ерлікке бастаған қандай биік арман? Ал жауының мақсаты не? Жырдағы Алпамыс пен Ұлтанның іс-әрекеттерін салыстырыңдар.
Оқушылар бірінші сұраққа Алпамыстың арманы – халқының қамы үшін, халқының бірлігі, тыныштығы екенін, сол биік арман ерлікке бастап, жаумен айқасқа бел байлағандығын айтады. Оның тілегін бүкіл халқы тілейді, сол халқының жолына батыр да басын өлімге тігеді. Ал Ұлтанның тілегін кім тілейді? Оның іс-әрекетін халық құптай ма? Осы тұста Алпамыс пен Ұлтан мінезін салыстыра талдау ұтымды. Оқушылар осындай жұмыстар арқылы тек Алпамыс батырдың мінезін ғана емес, Ұлтанның да мінезінің жағымсыз жақтарын көрсетеді. Ұлтанда биік арман бар ма? деген сұраққа оқушылар жауап іздейді. Сөз соңында Ұлтанда мұндай асқақ арман жоқ екенін дәлелдеп береді. Ұлтанның Алпамыс жоқ кезде еліне қорған болудың орнына өз құлқыны үшін еткен іс-әрекетін нақты мысалдармен айтып береді.
Мұғалім әңгімелесу барысында оқушыларды мәтінге сүйеніп дәлелді сөйлеуге үйретеді. Шығармаға талдау жасай отырып, оқушы өз пікірін, өз түсінігін айтып берсе, жырды толық меңгергендігі байқалады. Оқушыларды ойландыру, ізденіс жасауға ынталандыру, шәкірттерінің қиялына қанат бітіру ұстаздың оқу үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдануына, шеберлігіне байланысты. Мұғалім дамыта оқытуды тиімді пайдалану жағын қарастырады. Қарапайым сұрақтарды өрбіте отырып, проблемалық сұрақтарға ауысады. Танымдық тапсырмалар беріп, оқушыларының шығармашылық қабілеттерін шыңдайды.
«Алпамыс батыр» жырын оқытудың үшінші сағатында Кубизм стратегиясы бойынша сабақты жүргізуге болады. Кубизм стратегиясы бойынша жүргізілетін тапсырмалар жүйесі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет