Дипломдық ЖҰмыс «Жарақаттар, алғашқы медициналық көмек.»



бет6/7
Дата10.02.2023
өлшемі53,12 Kb.
#66653
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
2 – Сурет
Аяқ басындағы сүйектер сынып, толарсақ буыны зақымданған кезде иммобильдеуге баспалдақты шендеуіш немесе қолда бар құралдар пайдаланылады. Шендеуішті алдымен табанға және қылтаға жететіндей етіп үлгілеп пішеді. Арнайы шұңқыр жасап, өкше сүйегіне батпау үшін оған мақта салады. Шендеуішті аяққа тақап салып балтыр мен аяқ басы арқылы сегіздік тәрізді етіп биитті орнық-тыра орап, соңынан оның ұшын балтырдың толарсаққа тақау бөлігіне айналдыра байлайды. Аяқтың басын балтырға тікбұрыш жасап, орнықтыра байлау керек.
Фанер тілкемі және тілімтақтайшалармен иммобильдегенде оларды қылтаның астынан табанға дейін, аяқтың екі жағынан: біреуін сыртқы жағына, екіншісін ішкі жағына жанастыра салып, аяққа таңып байлайды да, аяқтың басына жақсылап бекітеді. Фанердін, сүйекке тиетін жеріне мақта төсейді.
Балтырдағы сүйектер сынған кезде екі буынды: толарсақ және тізе буындарын қимылдамайтындай етіп, толарсақ буыны зақымданғандай им мобильдейді. Шендеуішпен қолда бар құралдарды аяқтың басынан шапқа жететіндей етіп салады. Егер иммобильдеуге маңайда қолда бар құралдар болмай қалса, аяқты екінші сау аяққа қосып, бинтпен байлауға болады.
Ортан жілік сынғанда, әсіресе ашық сынық болса, жарақат өте ауыр болады және қан кетіп, шок ұстайды. Мұндай жарақатты иммобильдеуге санға арналған (Дитерихстің) арнайы шендеуіші өте қолайлы. Санды иммобильдеген кезде қолда бар құралды (мысалы, тақтайлар) санның екі жағынан: біреуін ішкі жағынан, екіншісін сыртқы жағынан салып, оларды аяққа және денеге жалпақ бинтпен, белбеумен, орамалмен орнықтырып таңады. Толарсақ және тізе буындары маңындағы сүйек қырларына, қолтық пен шапқа мақта төсейді.
Жамбас сүйектері сынғанда зақымданушының халі өте ауыр болады. Оны тегіс нәрсеге (фанерге, тақтайға) шалқасынан жатқызып, аяқтары сәл бүгіліп, алшақтау жатуы үшін қылтасының астына пальто немесе көрпе шиыршықтап тесейді.
Зақымданушының бірнеше сүйектері сынған жағдайда алғашқы медициналық көмекті мынадай ретпен көрсетеді: қан кетуді тоқтатады, жараны стерильді таңғышпен байлайды, ауру басқыш дәрі егеді және емірге қауіпті сынықтарды иммобиль дейді де соңынан қалған сынықтарды емдеуге кіріседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет