Дипломдық ЖҰмыс «Жарақаттар, алғашқы медициналық көмек.»


Қан ағу түрлері, тоқтату тәсілдері



бет3/7
Дата10.02.2023
өлшемі53,12 Kb.
#66653
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Қан ағу түрлері, тоқтату тәсілдері.
Қан кету — жара өте асқынып кеткен жағдайда адам өміріне аса қауіпті құбылыс. Зақымданған кантамырлардан қанның шығуы қанкету деп түсіндіріледі. Қанның қаитамырлардан зақымдана салысымен дереу немесе біраз уақыттан соң кешігіп барып та шығуы мүмкін.
Қантамырлардың зақымдану сипатына қарай қан кетудің артериялық, веналық, капиллярлық және паренхиматоздық түрлері болады.
Ең қауіптісі —артериялық, қан кету,мұнда организм аз уақытта едәуір қанықан айрылады. Артериялық қан кету белгілері — қан түсінің алқызыл болуы, қанның лақылдап, шапшып ағуы, Артериялық қан кетуден веналық қан кетудіңмынадай айырмашылығы бар: қошқыл түсті қан толассыз ағады және оның шапшып атқылауы байқалмайды. Тері, шел клеткасы және бұлшықеттердегі ұсақ қантамырлар бүлінгенде капиллярлық қан кетеді.Капиллярлық қан кету кезінде жараның үсті түгелдей қан болады. Ішкі мүшелер: бауыр: талақ, бүйрек, өкпе зақымданғанда паренхиматоздық қан кетеді (бұл қашан да тіршілік үшін қауіпті).
Қанның сыртқа да, ішке де кетуі мүмкін. Қан сыртқакеткенде терідегі және көзге көрінетін кілегейлі қабықшадағы, қуыстағы жара арқылы ағады.
ішкеқан кеткенде тканьдерге, мүшелерге немесе қуыстарға қан құйылады, сондықтан ол қан құйылу деп аталады. Қан тканьдерге құйылғанда сіңіп, инфильтрат немесе қанталау деп аталатын кішкене ісік пайда болады. Тканьдерге біркелкі сіңбей, жылжып аққан қан қуыстарға толып томпаяды да, олар гематома деп аталады. Қансырап, 1—2 л қаннан айрылғанда, әсіресе дене бірнеше жерден жарақаттанғанда зақымданған адамның өліп кетуі де мүмкін.
Қан тоқтату тәртібі
Бұрау қою - аяқ-қолдың ірі күре тамырлары зақымдалған кезде қанды уақытша тоқтатудың негізгі әдісі. Бұрауды санға, сираккз. иыққа жәке білекке қан аққан жерден жоғары, жараға жақын қояды. Ол киім мен бинттен жасалған жұмсақ төсем немесе қолда бар материал болуы мүмкін. Теріні қыспау үшін оны ортасынан ұстайды, бұраудың келесі орамдары біріншімен қатар орналасуы (алдыңғы орамның шетін аздап баса отыра) және үстіңгі жағын кеңінен басу үшін жарақаттанған аяқ қолды созып байлайды. Бұраудың шетін ілгектің көмегімен бекітеді, олар жоқ болса түйеді. Аяқ-қолға бұрауды дұрыс қойған жағдайда қойылған жердің төменгі бөлігі ағарады, тамыр соғысы қалыпқа түсіп, қанның ағуы тоқтайды. Айы-күні, сағаты мен минуты көрсетіліп, бұрау қойылған уақыты жазылады. Бұрауды 1,5-2 сағаттан артық ал суық уақытта 1 сағаттан артық қоймайды, әйтпесе бұрау қойылған жердің төмен жағындағы аяқ-қолдың бөлігі жансыздануы мүмкін. Бұрау қойылған сәттен бастап екі сағат өткен жағдайда тамырдың соғысын бақылай отырып, тамырды саусақпен ақырындап қысып, бұрауды 5-10 минутке босаңсытып, бұдан кейін оны қойылған жерден аздап жоғарырақ етіп қайтадан қояды. Сырқатқа хирургиялық көмек көрсетілгенше әрбір сағат сайын бұрауды уақытша алып отырады. Бұл жағдайда әрбір алып қойылған сайын оны жазбаша белгілеп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет