Дипломдық ЖҰмыс «Жарақаттар, алғашқы медициналық көмек.»



бет2/7
Дата10.02.2023
өлшемі53,12 Kb.
#66653
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Жаралар, жара инфекциясы
Терінің, кілегейлі қабықшаның, кейде қалын, ткань қабатының бүлінуінен жанға батып ауыртатын қан кететін зақымданған жер жара деп аталады.
Караның түрлері өте көп: оқ тигенде, кесіп алғанда, шауып алғанда, шаншып алғанда, соғып алғанда, мылжаланғанда, жырымдалғанда, бір нәрсе шағып немесе тістеп алғанда жара пайда болуы мүмкіндік тигенде немесе әлде ненің сынығы тигенде оқ жарасыпайда болады. Оқ тесіп өтсе — теспе жара; оқ немесе әртүрлі жарықшақтар тканьде қалып қойса — тұйық жара, ал оқ немесе әртүрлі жарықшақтар тканьде қалып қоймай, тері мен жұмсақ тканьді бүлдіріп, жанап өтсе — жанама жара деп ажыратылады Кесіп алғанда жәнешаншыпалғанда жара онша аумақты болмайды, жараның ішкі жағы мен кенересі тіршілігін сақтап, қан көп кетеді, жараның басқа түрлеріне қарағанда бұл инфекцияға аз шалдығады.Шаншылғанөтпе жараның аумағы өте үлкен болмаса да тері мен кілегейлі қабықшаны тереңірек бүлдіріп, ішкі мүшелерді зақымдайтын және инфекцияға шалдықтыратын мүмкіндіктеріне байланысты өте кауіпті болады, соның салдарынан перитонитке және сепсиске айналуы да мүмкін, Шабылған_жараның тереңдігі біркелкі болмайды, оның жұмсақ тканьдері соғылып, мылжаланады. Соғылған. жырымдалғанжәне мылжаланғанжаралар — жараның өте ауыр түрі; оның жиегі жұлмаланып, қанталайды, жансызданған (некротизацияланған) тканьдері өте көп болғандықтан, инфекцияның дамуына қолайлы жағдай туады. Жырымдалған жара бір нәрсенің күшті жарақаттауынан пайда болады, көбінесе тері сыдырылып, сіңір, бұлшық ет, қантамырлар бүлінеді, лас көп түседі. Тістелгенжараға әрдайым сілекей арқылы инфекция жұғады.
Операциядан басқа жаралардың барлығы инфекцияға ұшырайды. Жарақаттайтын нәрсемен бірге, топырақтан, киім қиқымдарынан, ауадан және қолдың жанасуынан жараға микробтар түседі. Микроб түскен жара іріңдеп, тілме ісікке айналып, асқынады. Ауасыз дамып, анаэробты инфекция (қабарма гангрена) туғызатын микробтар жараға түссе, тіпті қауіпті болады. Бұдан басқа жараға сіреспе қоздырғыштары жұқса, ол асқынып кетеді. Ластанған, әсіресе топырақ түскен жарақаттардың барлығына сондай-ақ мылжаланған тканьдерге сақтандыру шарасын жасау үшін жаралы адамға сіреспеге қарсы тазартылған анатоксин немесе сіреспеден сақтайтын сарысу етеді.
Асептикалық таңғышты неғұрлым жедел салып байлау жараға микробтардың одан әрі түсуінен сақтандыратын алдын ала шара болып табылады.
Жараның дене сыртында болуы немесе бассүйек қуысына, көкірск сарайына, құрсақ қуысына етіп кетуі де мүмкін. Өтпе жаралар өте кауіпті болады.
Кеудедегі етпе жарадан көбінесе өкпе зақымданып, қан қақыру, плевра қуысына қан кету" және шел эмфиземасы туындайды. Кеудедегі өтпе жараларды ашық, бітеу жара және қақпақ пневмотораксы деп ажыратады, мұнда ауа кеңірдектен немесе өкпеден көкірек қабырғасындағы жара арқылы плевра қуысына өтеді. Жаралану кезінде плевра қуысына ене бастаған ауа ікара өзегі жолындағы жұмсақ тканьдердің жылжуы салдарынан дереу тоқтап қалатын кездер жиі байқалады. Міне бітеу пневмоторакс осылай пайда болады. Аздап келген ауа плевра қуысына дереу таралады.
Апық пневмоторакспен ауырған адамның кеудесінде өтпе жара болғанда жара арқылы плевра қуысына ауа тыныс алғанда сорылып, тыныс шығарғанда сыртқа шығарылады. Әдетте ашық пневмотораксты жарақаттанған адамның кеудесінде тыныс алу және жүрек қантамыр қызметінде жетімсіздік құбылысы, жіті гипоксия (оттегі жетімсіздігі) пайда болады. Булығу, жөтел, кеуденің ауыруы зақымданушының халін ауырлата туседі.
Қақпақ пневмотораксы өте қауіпті болып табылады, мұнда тыныс алған кезде плевра қуысына сорылады, ал тыныс шығарғанда сонда сақталып қалады. Ауа плевра куысына кеуде қабырғасындағы жара арқылы келуі ықтимал — мұндай жағдайда сыртқы пневмоторакс деп аталады, сондай-ақ ауа кеңірдек жарасы арқылы да енеді — бұл жағдай ішкі пневмоторакс делінеді. Ауа кеуде қабырғасындағы жара арқылы плевра куысына енгенде шел эмфиземасы пайда болып, шел клеткасына да өте алады.
Қарындағы өтпе жара кезінде ішкі мүшелердің: бауыр, қарын, ішек, бүйрек және басқалардың зақымдануы да, зақымданбауы да, олардың кұрсақ қуысынан түсуі де, түспеуі де мүмкін. Қарындағы өтпе жараның жарақаттан басқа белгілері: ауру ішке таралады, құрсақ қабырғасындағы бұлшықет созылады, іш кеуіп, шөлдейді, ауыз тобарсиды. Іште бітеу жарақат болған жағдайда, құрсақ қуысындағы ішкі мүшелердің жараланбай-ақ зақымдануы да мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет