Дипломдық ЖҰмыс «Жарақаттар, алғашқы медициналық көмек.»


Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек



бет5/7
Дата10.02.2023
өлшемі53,12 Kb.
#66653
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек
Сүйектің сынғанын біле қою оңай емес, сондықтан күдікті жағдайларда сынған кездегідей алғашқы медициналық көмек көрсету керек.
Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмектің, негізгі ережесі мынау — ең алдымен зақымданушының өмірін сақтап қалуға тиісті тәсілдер қолданылады, олар: артериядан қан кетуді тоқтату; жарақатты шок болудан сақтандырып, соңынан жараға стерильді таңғыш байлау және тізімдік немесе қолда бар құралдармен иммобильдеу.
Иммобильдеудің негізгі мақсаты — сынған жердегі сүйектерді қимылдатпау. Сонда жарақаттың ауырғаны білінбей, жарақатты шоктан сақтандырады. Иммобильдеуді абайлап жасау керек. Сынған жердегі сүйектерді қимылдатпау үшін таяу жатқан екі буынды (сынған жерден жоғарырақ немесе төмен) арнайы шендеуішін немесе қолда бар құралдармен орнықтыра таңып байлайды. Мұндай тәсіл тасымалдауға арнап иммобильдеу деп аталады.
Тасымалдауға арналған шендеуіштің негізгі түрлері мыналар: металдан жасалған баспалдақты және торлы, фанерден жасалған, Дитерихстін, ағаштан жасалған арнайы шендеуіші.
Баспалдақты және торлы шендеуішті пайдаланған кезде олардың, біреуін немесе бірнешеуін Қажетті ұзындықта таңдап альш, тиісті (зақымдаибаған!) дене бөлігіне өлшей отырып, үлгісін пішіп, киімнің үстіне салады; оны аяқ-қолға бинтпен орап бекітеді. Фанер шендеуіштердің жеңіл, мөлшерінің әртүрлі болуы мүмкін, үлгі пішуге келмейтіндіктен, оларды пайдаланғанда астынан мақта төсеп, бинтпен аяққолға орап байлайды.
Аяққа арналған (Дитерихстің) тасымалдау шендеуіш ағаштан дайындалады. Оның ұзындығы әртүрлі екі жыл-жымалы жұқа тақтайшасы, фанер ұлтаны және бұрау таяқшасы болады. Сыртқы тақтайша ішкісінен ұзындау. Шендеуішті пайдаланған кезде жұқа тақтайшаларды қажетті ұзындыққа


1 – Сурет
жылжытуға болады, мүнда ішкі тактайша борбайға, ал сыртқысы қолтық шұңқырына тіреліп, аяқ-қолдан 3 см ұзынырақ болады. Аяқтың басына фанер ұлтан салып, бинтпен орайды. Екі тақтайшаның төменгі ұштарын ұлтанға сымтемір құрсаумен бекітеді, содан соң сыртқы тақтайшаның төменгі ұшын ішкі тақтайшамен жалғастырылған көлденең тақтайшаның ойығына
сұғындырады. Шендеуіш тақтайшаларын аяққа және тұлғаға орап байлайды. Аяқты бұрау салып, тартады.
Жақсүйек сынғанда тасымалдауға арналған стандартты таңғыш пайдаланылады.
Фанер тілкемдері, таяқ, жұқа тақтайшалар, әртүрлі тұрмыстық нәрселер иммобильдеуге болатын қолда бар құралдарға жатады, соларды пайдалана отырып, сынған жердегі сүйектерді қимылдамайтын етуге болады.
Сүйек сынғанда алғашқы медициналық көмек көрйету әдісі мен тәсілдерінің орындалу кезегі сынықтың ауыртпалығы және (орны) қан кету немесе шок ұстау, сондай-ақ басқа зақымдау әрекеттеріне байланысты анықталады.
Жараны таңғышпен байлағанда және иммобильдегенде сүйек сынықтары жылжып кетпейтіндей етіп, бітеу жараны ашық жараға айналдырып алмауға тырысу керек.
Әртүрлі сынықтарды шендеуішпен немесе қолда бар құралдармен иммобильдегенде дененің зақымданған жері өз қалпын сақтап, келесі тасымалдауға қолайлы қалыпта болғаны жөн.
Бас сүйек сынған кезде көбінесе ми зақымданады. Зақымданушы есінен айрылуы мүмкін. Алғашқы медициналық көмек көрсеткенде өте сак болу талап етіледі. Зақымданушьшы тексеріп қараған сон, зембілге етпетінен жатқызып, басына (бет жағына) ортасы шұңқырланған жұмсақ төсем төсейді немесе мақта және дәкеден жасалған мұйық пайдаланылады.
Үстіңгі және астыңғы жақсүйектер зақымданғанда сақманша таңғышпен орнықтыра байлап, тілі салбырап түсіп, тамағына тығылып, тұншықтырмау үшін басын бір қырына бұрып жатқызады.
Бұғана сынғанда мақта және дәкеден жасалған екі мұйық салып, оны арқаға асыра таңады. Қолды үшкіл орамалға асып алады.
Қабырға сынған кезде тыныс шығарған қалыпта кекірек сарайын бинтпен қатты таңады немесе орамалмен тартып қысады да, тігіп тастайды.
Көбіне қол-аяқ сүйектері сынғыш келеді. Саусақ пен алақан сүйектері ашық сынғанда жараға стерильді таңғыш байлап, саусақтар мүлде жұмылып, кетпеу үшін жұмарлап, сыртынан дәке (бинт) орап алақанға мақта салады. Білек, алақан сүйектері мен саусақтарға фанер, қатырма қағаз немесе баспалдақты шендеуіш салып байлайды. Қолды үшкіл орамалға асып алады.
Білек сүйектері сынғанда қолды абайлап шынтақ буыннан тікбұрыш жасай бүгіп, алақанды кеудеге қаратып, сол қалпында шендеуішпен немесе қолда бар құралдармен орнықтырып байлау керек. Шендеуішті саусақтардың түбінен қолтыққа дейін жеткізе салып таңады. Содан білезік және шынтақ буындары қимылдамайтын болады. Қолды үшкіл орамалға асып алады.
Иық буыны жарақаттанғанда және тоқпан жілік сынғанда баспаадақты шендеуішпен немесе қолда бар құралдармен иммобильдейді. Мертіккен қолға шендеуішті шынтақ буыннан бүгіп салатындай етіп, өзіне шақтап елшеп алып, сау жауырыннан, зақымданған қолдың иығынан иінге қарай және білектен саусақтар түбіне дейін жеткізіп, таңып байлайды. Қолды үшкіл орамалға асып алады. Егер иммобильдеуге қажетті шендеуіш немесе қолда бар құралдар болмай қалса, онда зақымданған қолды ушкіл орамалға асып, кеудеге бинтпен таңып байлайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет