Дипломдық ЖҰмыс «Жарақаттар, алғашқы медициналық көмек.»


Жараланғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек



бет4/7
Дата10.02.2023
өлшемі53,12 Kb.
#66653
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Жараланғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек
Асқынған жараларға жасалатын сақтандыру шарасы. Кез келген, тіпті ең кішкене жара зақымданушының өміріне қауіп туғызады — олар әртүрлі микробтардың көбеюіне қолайлы орын болып табылады, ал кейбіреулерінен қан көп кетеді.
Осы асқынуларға алғашқы медициналық көмек көрсеткенде жасалатын негізгі сақтандыру шаралары — жараны неғұрлым бұрынырақ стерильді таңғышпен байлау, асептика және антисептиканың ережелерін қадағалау, қан кетуді тоқтату. X Асептика және антнсептика туралы ұғым. Асеихииа дегеніміз бұл жараға микробтар түсуден сақтандыруға бағытталған шаралар жиынтығы. Асептика — жара инфекциясына сақтандыру шарасын жасау әдісі. Оны тек негізгі ережені қатаң сақтағанда — жараға жанасатын нәрселердің барлығы стерильді болғанда (микробтар болмау керек) ғана жүзеге асыруға болады. Жараға қол тигізуге, ондағы жарықшақтар мен қиқым сиқымдарды алып тастауға, стерильденбеген материалмен жараны жабуға болмайды.
Жарадағы микробтарды азайтып, жоюға бағытталған шаралар жүйесі антесептика деп аталады. Антисептиканың механикалық, химиялық және биологиялық түрлері болады. Жараны бірінші рет хирургиялық емдеу механикалық антисептикаға жатады. Физикалық антисептика микробтардың жарада өсуіне қолайлы жағдай туғызбайтын — жараны кептіру, оның іріңін түтік арқылы шығару және жара бөліндісін ағызу әдістерін қолдану арқылы жасалады. Күн сәулесі және ультра-күлгін сәулелермен қолдан сәулелендірсе, микробтар өледі. Химиялық антисептика микробқа қарсы әсер ететін әртүрлі дәрі-дәрмектерді қолдануға негізделеді. Бұлар антисептикалық заттар деп аталады. Әсіресе иод тұндырмасы, этил спирті, хлорамин, риванол, калий перманганатының ерітінділері тәрізді, т. б. антисептикалар барынша кең қолданылады. Антисептикалардың, мысалы Вишневский майы сияқты, бірнеше заттардан құралуы мүмкін. Жара инфекциясына сақтандыру шарасын жасауға және емделуге қолданылатын антибиотиктер бкологиялық антисептикаға жатады.
Жараның инфекцияға шалдығуымен күресте асептика және антисептика әдістері бірін-бірі толықтыра түседі.
Таңғыш және таңу туралы ұғым. Таңғыштардың түрлері және оларды байлау әдістері. Таңғыш дегеніміз — жараның үстін басып байлайтын таңу материалы. Жараны таңғышпен байлау таңу деп аталады.
Таңғыштың екі бөлімі болады: жараға жанасатын ішкі және таңғышты жараға орнықтырып, нықтап ұстайтын сыртқы бөлімдерден құралады. Таңғыштың ішкі жағы стерильденген болуы тиіс.
Бірінші рет байлаған таңғышты алғашқы стерильді таңғыш дейді.
Таңғышпен байлаған кезде жараны ауыртып алмауға тырысу керек. Бинтті оң қолмен, ал таңғышты сол қолмен ұстап, бинттін, орам жолын жазбалаған жөн. Бинтті таңғыштан алшақтатпай, солдан оңға қарай тарқатып, әр жолы алдыңғы орамның жартысын бастыра орайды. Таңғышты қанайналымын бұзып алмайтындай етіп (арнайы қысып байлау қажет болған жағдайда болмаса) және жарадан сырғып кетпейтіндей қалыпта ғана байлайды. Таңғышты алғаш байлаудан бұрын, зақымданған жерін ауыртып алмай, лас түспейтіндей етіп жараның бетін жалаңаштап ашады. Жараның сипатына, ауа райы мен жергілікті жағдайға байланысты сыртқы киімді шешеді немесе тіліп алады. Киімді шешкенде алдымен сау жағынан бастап, соңынан зақымданған жағын шешіндіреді. Күн суық болғанда жаурап қалмау үшін, сондай-ақ шұғыл жағдайда халі ауыр зақымданушыға алғашқы медициналык көмек көрсеткенде жараның тұсынан киімді тіледі. Жараға жабысқан киімді жұлқып тартуға болмайды; оны қайшымен абайлап қырқып алып, соңынан таңғышпен байлау керек. Шешкен киімді қайта киіндіргенде алдымен зақымданған жағынан бастап, соңынан сау жағына кигізеді.
Тастағы жарадан қан кеткенде құлақ қалқанының алдыңғы жағынан самай артериясын (1) бас бармақпен самай сүйекке басады.
Беттегі жарадан қан кеткенде төменгі жақсүйек артериясын (2) бас бармақпен шықшытқа қатты қысады.
Кұретамырды (3) мойынның алдыңғы бетінен көмейдің бүйірінен омыртқаға қарай басады. Соңынан бинт, салфетка немесе мақтаны зақымданған артерияға тығыз етіп шиыршықтап салып, қатты қысып таңады.
Иық буыны аймағындағы, кардың иыққа тақау басындағы немесе қолтық астындағы жарадан қан кеткенде бұғана артериясын (4) бұғана үсті шұнқырындағы 1-қабырғаға қысады.
Жара қардың ортаңғы бөлімі немесе шынтаққа таяу орналасса, иық артериясын (5) тоқпан жіліктің басына қысады, ол үшін бас бармақты иықтағы буынға тіреп, қалған саусақтармен артерияны қысады.
Иық артериясын (6) қардың ішкі жағынан екі басты бұлшықет тұсынан тоқпан жілікке қарай қысады.
Қол басындағы артерия зақымданғанда бас бармақ жанындағы білезік сүйектерге садақсүйек артериясын (7) қысып ұстайды.
Сан артериясын (8) шаптың маңынан қасаға сүйекке жұмырықпен қысады (сан артериясының ортаңғы және одан төменірек бөлігі зақымданғанда осылай жасайды). Балтыр немесе аяқ басы маңына орналасқан жарадан артериялық қан кеткенде қылта шұңқырындағы қылта артериясын (9) басады, ол үшін тізенің үстіне бас бармақты тіреп, қалған саусақтармен артерияны сүйекке, қысып ұстайды.
Аяқ басынан қан кетсе, оның сүйектерінің үхтіндегі артерияны (10) батыра ба.сып, одан соң аяқ басын қатты қысып таңады, қан артериядан өте көп кеткенде — балтырға жгут салады.
Қан тамырын саусақпен басып көрген соң дереу жгут немесе бұрау салып, жараны стерильді таңғышпен таңу керек.
Аяқ-қолдың ірі артериялық қан тамырлары зақымданғанда уақытша қан тоқтатудың негізгі әдісі — жгут (бұрау) салу. Жгутты сан, балтыр, қолдың қары және білекке қан кеткен жерден жоғарырақ, жараға тақау, теріні кысып алмайтындай етіп, киімнін, немесе бинттен жасалған жұмсақ төсемнің үстінен байлайды. Жгутті қанның ағуын тоқтататындай етіп қатты бұрайды. Тканьдер өте қатты қысылса аяқ-қолдардағы нерв бағанасы жарақаттанады. Егер жгут айтарлықтай қатты қыса алмаса, аяқ-қолдарда жылжитын тек вена ғана қысылады да артериядан қан көбірек кетеді. Жгуттің дұрыс салынуын қан тамыры соғуының тоқталуынан білуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет