Дипломдық ЖҰмыс мамандығы «5В072800 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»



бет11/24
Дата11.11.2022
өлшемі203,81 Kb.
#49387
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
dip -osimdik-tektes-tagamdyq-may-ondirudin-tehnologijalyq-urdisterin-zertteu-2018-54

Қайтаэтерификация. Екі күрделі эфир молекулаларының араласуы кезінде майлы қышқыл радикалдарының алмасу реакциясы – кайтаэтерификация деп аталады. Кайтаэтерификация мүмкіндіктері тәжірибе жүзінде шексіз, өйткені майдың қасиеттері триглицерид молекулаларының майлықышқыл құрамына ғана байланысты емес, сонымен қатар майлы қышқыл қалдықтарының молекулада араласуы мен орналасуына да байланысты. Майлы қоспаның бастапқы компоненттері мен үрдіс жүргізу жағдайын таңдай отырып (мысалы, катализаторларды), қайтаэтерификация нәтижесінде берілген қасиеттері бар жаңа май түрлерін алуға болады, олар бастапқыға қарағанда жоғары сапалы болуы мүмкін. Мысалы, жануар майлары мен олардың өсімдік майлары мен қоспасын қайтаэтерификация нәтижесінде төмен температурада балқитын және жақсартылған органолептикалық қасиеттері бар майлар алуға болады. Жануар майларының балқу температурасын төмендету олардың физиологиялық құндылығын арттырады, өйткені майдың балқу температурасы төмен болған сайын, ол организмге жақсы сіңеді.

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ


2.1 Майлы шикізат сипаттамасы

Өсімдік майларын өндірудің негізгі шикізаты болып майлы өсімдіктердің тұқымы мен дәні саналады.


Дәндері мен тұқымдарында майлылығы жоғары майлар жиналатын, май алу мақсатында оларды өндірістік қайта өңдеуге болатын өсімдіктерді майлы өсімдіктер деп атайды.
Майлы өсімдіктер тобына өсімдіктердің жүзден аса түрі жатады.
Өсімдік майларын өндіруде тамақ өнеркәсібінің майлы қалдықтарын қайта өңдеу қалыпты орын алады. Мысалы, жүгері майын жүгері ұрығынан алады, олар крахмал-сірне мен ұн-жарма өндірісінің қалдықтары болып саналады. Тағамдық өсімдік майлар тағы да дәнді дақылдар ұрығында да (күріш, қара бидай және т.б.), жеміс сүйектерінде (өрік, шие, қара өрік, шабдалы), дәндерде (жүзім, қызанақ, қарбыз, шай, темекі) кездеседі.


2.2 Өсімдік майын алу технологиясы

Өсімдік майларын өндіруде негізгі технологиялық үрдістер қатарында – механикалық, жылулық, диффузионды, химиялық, биохимиялық – басқа да үрдістер жатады.


Өсімдік майларын өндіруде механикалық үрдістер үлкен орын алады. Оларға: тұқымдарды қоспалардан тазарту, жемісті және тұқымды қабықтардан дәндерді ажырату мен ыдырату (жаудыру), дәндер мен тұқымдардан қайта өңделген қосалқы өнімдерін (күнжара) майдалау.
Технологияда біршама орынды диффузиялық және диффузионды-жылулық үрдістері алады. Олар: дәндерді ылғалдылығына қарай кептіру (кептіру немесе сулау арқылы ылғалды белгілі шекке дейін жеткізу), майдаланған дәнді ылғалжылулық өңдеу (мятканы құыру), майлы заттардан органикалық еріткіштер көмегімен майды экстракциялау (алу), мисцелладан (органикалық еріткіштегі майдың ерітіндісі) және күнжарадан еріткіштерді алу.
Гидромеханикалық үрдістер - мезганы шнекті престе езгілеу, май немесе мисцелланы тұндыру және сүзу.
Химиялық және биохимиялық үрдістер мүлдем барлық өсімдік май өндіру кезеңдерінде кездеседі. Бұл гидролиз және липидтер тотығуы, ақуыз-липидті қоспалардың құрылуы мен олардың ыдырауы, дәндердің ақуыз заттарының денатурациялануы.
Сонымен осы үрдістердің кейбірі немесе барлығының жүру барысында өсімдік майын өндірудің негізгі өнімдерінің химиялық құрамы мен сапалық көрсеткіштері қалыптасады: олар тауарлық өсімдік май мен тағамдық немесе жемдік күнжара (майлы шикізаттан май алынғаннан кейін қалатын ақуыз-көмірсулі өнім). Технологияны тиімді ұйымдастыру май шығымын көбейтуге және күнжараның биологиялық активті қоспаларының шығымын азайтуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңдағы майлы дәндерді қайта өңдеу технологиясы көптеген үрдістерді қамтиды. Технологиялық сипаттамаларына қарай оларды төрт топқа бөлуге болады:

  1. майлы дәнді сақтауға дайындық және сақтау;

  2. май алуға дәнді дайындаумен байланысты үрдістер;

  3. майлы заттардан май алу (негізгі үрдістер);

  4. алынған майды рафинациялау (тазалау).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет