Өсімдік майын өндірудегі дайындық үрдістері
Бұл топтың технологиялық үрдістері төмендегідей ретте орындалады: өндіріске жіберер алдында дәнді қоспалардан тазалау; өлшемдеріне қарай дәнді калибрлеу; ылғалдылығына қарай дәнді кептіру; дәнді аршу; аршындыны фракцияға бөлу; дәнді майдалау.
Өндірісте дәнді калибрлеу мен кептірудің басқа да реттері болуы мүмкін: алғашқыда дәнді ылғалдылығына қарай кептіреді, содан соң калибрлейді.
Өндіріске жіберер алдында дәнді ылғалдылығына қарай тазалау және кептіру. Бұл кезеңдер дәнді сақтауға дайындар алдындағы сатыларға ұқсас. Және де ылғалдылығына қарай кептіру негізінде мақтаға тиісілі; мақта дәнін әдетте ылғалдайды.
Дәнді өлшеміне қарай калибрлеу. Бір өсімдіктің дәндерінің әртүрлі сызықтық өлшемдері (ұзындығы, ені, қалыңдығы) болады, ол басқа физико-механикалық көрсеткіштерге байланысты, мысалы, жемiс қабығының берiктiлігiне. Сондықтан дәнді аршу алдында калибрлеу (өлшеміне қарай іріктеу) тиімді. Калибрленген дәнді аршу кезінде оның жемістік (немесе тұқымдық) қабаты аса толық қопарылады, дән бүтін күйінде қалады, шығындар азаяды.
Дәнді аршу. Майлы дәннің қабығын майдалап аршу оған механикалық әсер ету арқылы орындалады; дән аршығыш қондырғыда іске асады. Майлы дәндерді қабығының сипатына қарай екі топқа қабықты және қабықсыз бөлуге болады.
Қабықты дәндерді күнбағыс, мақта қабығын ажыратқаннан соң қайта өңдейді. Қабықсыз дәндерді зығыр, сурепка, рапс, күнжіт қайта өңдеу алдында қабықтарынан бөлмейді.
Дәнді аршу нәтижесінде аршынды деп аталатын дән мен қабық қоспасы алынады (күнбағыс қабығын лузга, мақтаның шелуха деп атайды).
Аршындыны фракцияға бөлу. Аршындыны дән және лузгаға бөледі.
Дәнді аршу арқылы қабықты дәннен бөлу және ары қарай аршындыны бөлшектеудің үлкен мағынасы бар. Бұл жерде майлылығы аз қабықты ажырату арқылы қайта өңдейтін заттың майлылығы артады; майдың сапасы жақсарады, өйткені оған қажетсіз қоспа заттары бар липид қабықтары түспейді; қондырғылардың өнімділігі артады; лузганың "майлануының" арқасында лузгамен (шелухамен) май шығыны азаяды. Күнбағыс дәнін қайта өңдеу кезінде 3 % аспайтын лузгасы бар дән алуға тырысады.
Дәнді майдалау. Бұл үрдістің міндеті дәндердің клеткалық құрылымын ажырату (клеткалық қабырғаларын ыдырату), бұл кейінгі технологиялық операциялар кезінде майды максималды шығаруы үшiн керек. Сонымен қатар, дәнді майдалау кезінде кейінгі қуыру, тығыздау, экстракциялау технологиялық операцияларына тиімді болатын заттың сыртқы қабаты құрылады.
Дәндерді тегіс және бұдырланған бетті валиктері бар бесвальцты қондырғыда майдалайды. Дәндерді немесе тұқымдарды майдалау нәтижесінде нақты өлшемді майда бөлшектерден тұратын сусымалы масса (мятка) алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |