Дипломдық ЖҰмыс мамандығы «5В072800 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»



бет8/24
Дата11.11.2022
өлшемі203,81 Kb.
#49387
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
dip -osimdik-tektes-tagamdyq-may-ondirudin-tehnologijalyq-urdisterin-zertteu-2018-54

Стеролдар мен стеридтер [6]. Стеролдар (стериндер) – жоғарымолекулалы циклды спирттер. Стеридтер – стеролдардың және жоғарымолекулалы майлы қышқылдарының күрделі эфирлері.
Стеролдар (стериндер) шығу тегіне қарай мынадай топтарға бөлінеді: жануар майларындағы – зоостеролдар (зоостериндер); өсімдік майларындағы – фитостеролдар (фитостериндер); саңырауқұлақтарда, ашытқыларда – микостеролдар (микостериндер).
Майларда негізінде стериндер мен стеридтердің қоспасы болады. Әртүрлі өсімдік майларында стерин мен стеридтер арасындағы қатынас бірдей емес, жер бетіндегі жануарлар майында стериндеркөбірек болады.
Негізінде стериндер құрамы майларда көп емес, әдеттегідей 0,5 %-дан төмен, кей кезде 1 %-ға дейін жетеді. Өсімдік майларында жер бетіндегі жануарлар майларына қарағанда стериндер көбірек.
Барлық стериндер түссіз, жақсы кристалданады. Олар суда ерімейді, органикалық еріткіштерде ериді.


Бояғыш заттар. Табиғи өсімдік майлары мен жануар майларының бояуы оларда бояғыш заттардың (пигменттердің): каротиноидтардің, хлорофиллдардің, госсиполдің болуымен түсіндіріледі.
Каротиноидтар майға сары түстен қызыл түске дейін әртүрлi аралық реңдер береді. Олар өсімдіктің сары және жасыл бөліктерінде, өсімдік және жануар майларында болады. Олардың құрамы тез өзгереді, мысалы, жануар майларында, жануар жемдері құрамына байланысты өзгереді.
Хлорофилл – жасыл пигмент. Ол майларға жасыл рең береді, ол рең кей кезде каротиноидтардан пайда болатын бояумен жасырынады. Жасыл рең ашық білінеді, мысалы, сора, зығыр, рапс майларында.
Хлорофилл майларда және май еріткіштерінде жақсы ериді. Жарықта немесе қыздырған кезде хлорофилл өсімдік майларының сақталу кезіндегі тотығуын жылдамдатады.
Госсипол – мақта майының ерекше пигменті. Витамин табиғатты биологиялық бағалы зат – каротиноидтер мен хлорофиллдерге – қарағанда, ол – улы. Госсипол – лимон-сары түсті кристалдық зат. Дегенмен ол майларда өзінің туындыларымен қоспа ретінде кездеседі, олар сарыдан қара-көкке дейін әртүрлі түстерге боялған. Бұл бояғыш заттардың қоспасы шикі (тазартылған емес) мақта майына қара түс береді. Госсиполды майдан бөліп алу үшін антранил қышқылын пайдаланады, бұл қышқылмен госсипол майда ерімейтін қосынды құрады, ол госсипол антранилаты деп аталады.


Витаминдер. А тобындағы витаминдер өсімдік объекттерде табылған жоқ. Олар каротиннен мал бауырында пайда болады, олар организмге тамақ арқылы түседі. D тобындағы витаминдер басты жағдайда жануарлар организмдерінде синтезделеді. Олармен жануарлардың сүт майы мен теңіз балықтарының бауырлары бай. Өсімдік майлары, бидай мен басқа дақылдардың ұрықтары, сонымен қатар салат және шпинат Е топтағы витаминдермен (токоферолдармен) бай болып келеді, бірақ жануар майларында олар көп емес. Өсімдіктің жасыл бөліктерінде, шпинатта, сора майында, бауырда К топтағы витаминдер бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет