Майлы шикізаттан өсімдік майларын шығарудың аса кең таралған екі тәсілі бар, олар тығыздау мен экстракциялау.
Өсімдік май өндіру технологиялық үрдісінің негізінде кейде көрсетілген тәсілдердің бірі (бір рет тығыздау, тікелей экстракциялау) қолданылады, кейде осы тәсілдерді қисындастырып қолданады (екі рет тығыздау, фортығыздау экстракциялау).
Бір рет тығыздау. Бұл үрдіспен негізінде майлылығы жоғары емес дәндерді қайта өңдейді. Мысалы, кейбір зауыттарда соя дәндерін осылай қайта өңдейді (оның майлылығы абсолютті құрғақ затқа шаққанда 20 % шамасында). Бұл үрдіс кең таралмаған және майдың төмен шығымы мен төмен сапасы нәтижесінде келешегі жоқ.
Екі рет тығыздау. Басында сығу арқылы (фортығыздау) алдын ала май алу, содан кейін тағы да сығу арқылы (экспеллирлеу) түпкілікті түрде май алу. Қазіргі кезде тығыздау зауыттарында күнбағыстың, мақтаның және басқа өсімдіктердің үлкен мөлшері қайта өңделеді. Бірақ екі рет тығыздауда май шығыны көбірек.
"Суық" тығыздау. Тығыздаудың "суық" деп анықталуы шартты, өйткені майлы шикізат тығыздайтын шнекте тығыздау кезінде үйкеліс есебінен біршама қызады. Сондықтан "суық" тығыздау термині тек тығыздау алдында майдаланған шикізат арнаулы жылу немесе ылғал жылу әсерімен өңделмейтіндігін білдіреді. "Суық" тығыздау өсімдік майын өндіру тәсілі ретінде аз қолданылады ерекше шикізаттан арнаулы қолданыстағы май алу үшін, мысалы, жеміс сүйектерінен (өрік, шабдалы, шие және с. с.), самырсын жаңғақ дәндерінен.
Фортығыздау экстракция қазіргі кездегі өсімдік майын өндірудің ең озық үрдісі, төмен шығынды жақсы сапалы өнім алуды қамтамасыз етеді. Келешекте барлық зауыттарда өте үнемді экстракциялық тәсілмен өндіруге көшіру жоспарланған.
Бұл үрдіс бойынша майды алдын-ала шығару тығыздаумен (фортығыздау) атқарылады, кейін майды түпкілікті шығару бензинмен экстракциялау арқылы жүргізіледі.
Түзу экстракция майды алдын-ала шығармай майлы өнімді еріткіштің көмегімен экстракциялау. Қазіргі кезде осы әдіспен соя дәндерін қайта өңдейді. Дәнді тек ылғалжылумен өңдейді, кейін ол "жапыраққа" айналдырылады, содан соң оны экстракторға жібереді. Келешекте түзу экстракциялау әдісі мақта дәндерін қайта өңдеуде қолданылатын болады.
Сұлбалардың жеке үрдістерін қарастырамыз: екі рет тығыздау мен фортығыздау экстракция, олар заманауи май өндіретін өндірістерде жиі қолданылады.
Бұл екі сұлба да, жоғарыда айтылғандай, тығыздау фортығыздау әдісімен майды алдын-ала шығаруды пайдаланады.
Фортығыздау экспеллирлеу (екі рет тығыздау) және фортығыздау экстракциялау технологиялық сұлбаларының үрдістерінің реті 1 сұлбада келтірілген.
Егер майдаланған майлы дәнді (мятканы) алдын-ала өңдемей тығыздауға жіберсе, онда майдың жалпы мөлшерінің жобамен 10-15 % шығаруға болады. Бұл құбылысты тығыздағыштың заманауи конструкцияларындағы қысым, майды майдаланған дән бетінде ұстайтын қысымнан әлдеқайда төмен болатынымен түсіндіріледі. Аса тиімді мөлшерде май алу үшін майдың заипен байланыс қуатын азайту қажет. Осы мақсатта мятканы ылғалжылу арқылы өңдейді (қуыру), бұл көп жағдайда майдың шығымын ғана емес, сонымен қатар май мен күнжара сапасын анықтайтын аса маңызды технологиялық операция.
Қуыру. Қуыру арнайы жабдықтарда қуырғышта араластырылумен қатар жүргізіледі.
Өндірісте негізінде "ылғалды" қуыру тәсілі қолданылады, ол екі кезеңде жүргізіледі. Бірінше кезеңде мятканы бір уақытта қыздыра отырып, оны сумен және өткір бумен ылғалдайды, ал екінші кезеңде мезганы кептіреді. Мятканы ылғалды жылу арқылы өңдеу үздіксіз және мұқият араластыру арқылы жүргізіледі, бұл өңдеудің тиімділігіне айтарлықтай ықпал етедi.